Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Аналарға тағзым

06.03.2017

Шұғылалы көктемнiң ерекше мерекесi қарсаңында ақ жаулықты әжелерiмiз бен аяулы аналарымызды құттықтап, көпжылғы ерен еңбектерi үшiн алғыс айтуға арналған кезектi жиын «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында өттi. Облыс орталығының басшысы Марат Тасмағанбетов пен мерекелiк жиынға арнайы шақырылған тыл майданына қатысқан апаларымыз мен көпбалалы аналар жайылған дастарқаннан дәм татты.

Марат Иманбайұлы осынау ардақты жандарды шын жүректен мерекелерiмен құттықтай отырып, әсем гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады. Бүгiнгi күнi Петропавл қаласында он екi ардагер әйел, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген жиырма жетi азаматша, екi социалистiк еңбек ерi, тыл майданына қатысқан екi жүз жетi нәзiкжанды, бес жүз тоқсан жетi көпбалалы ана күн кешуде. Марат Иманбайұлы бүгiнгi күнi бiздiң басты бағытымыз отбасы құндылықтарын арттыру, ана мен баланы қолдау болып табылатындығын айтты. Тәуелсiз елiмiздiң дамуына өз еңбектерi мен мол үлес қосқаны үшiн алғысын бiлдiрдi.

Туған Отанына, сүйiктi елiне адал еңбек етiп, жеке тұлғалық қызметiмен адамзат өркениетiне үлес қосып, адамгершiлiк қасиетiмен құрметке бөленген апаларымыздың қатарында педагогика саласының ардагерi Оразбике Сақтағанованың еңбегi атап өтерлiк. Оразбике Жанғожақызы қалалық атқарушы комитет төрағасының әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары лауазымын атқара жүрiп, күрделi мәселелердiң шешiмiн тапқан. Сол жылдары республика бойынша аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы лауазымын атқарған жалғыз әйел болғандығы оның еңбек ғұмырнамасының ерекшелiгi деп бiлемiз. Оразбике Жанғожақызы ақ жаулықты аналар мен апаларымыздың атынан Марат Иманбайұлына ризашылықтарын жеткiздi.

— Бiзге уақытыңызды бөлiп, бiр дастарқан басына жинап отырғаныңызға көп рахмет. Жыл сайын бiр-бiрiмiздi көргенде мерекеден мерекеге аман жеткенiмiз үшiн қуанамыз. Жақында елiмiздiң азаттыққа қол жеткiзiп, Тәуелсiздiк алғанына ширек ғасыр толғанын атап өттiк. Бейбiт аспан астында тыныш өмiр сүрiп жүргенiмiз үшiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексiз, — дедi апамыз.

Құттықтаулар мен тiлектер дастарқан басында жалғасып, ақ жаулықты ардақтылар әзiрленген дәмнен ауыз татып, әңгiмелерiн жалғастырды.

Орынбасар Төлепбергенқызы

Аналарға тағзым


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы