Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

«Ашық есiк күнi» және «Бос орындар жәрмеңкесiн» өткiзу қорытындылары

26.07.2017

Өткiзу күнi мен орны: 2017 жылғы 26 шiлде, қалалық Мәдениет үйi.

Iс-шараның мақсаты — халыққа ақпарат беру:

  • бөлiм арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы;
  • аз қамтылған азаматтарды «Өрлеу» жобасына тарту бойынша атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа форматы туралы;
  • мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру шеңберiнде қала тұрғындарының санаттарын анықтау;
  • халыққа «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы баламалы қызметтер көрсету, электрондық цифрлық қолтаңбаны ресiмдеу бойынша түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ барлығы 18 мемлекетiк қызмет көрсетедi, оның iшiнде:

  • баламасы жоқ негiзде ХҚКО арқылы — 2 қызмет,

1) «Тұрғын үй көмегiн тағайындау»;

2) «Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау».

  • баламалы түрде, «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Бөлiм арқылы — 4;
  1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»;
  2. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру»;
  3. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
  4. «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру».
  • тек Бөлiм бойынша — 9 кызмет;
  1. «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттар ресiмдеу»;
  2. «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу»;
  3. «Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi мен есту қабiлетi кем мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн құжаттар ресiмдеу»;
  4. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшiн құжаттарды ресiмдеу»;
  5. «Мүгедектердi санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу»;
  6. «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу»;
  7. «Үйде күтiм көрсету жағдайында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу»;
  8. «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»;
  9. «Ақталған тұлғаларға куәлiк беру».
  • тек Жұмыспен қамту орталығы бойынша — 3 қызмет;
  1. «Жұмыс iздеген тұлғаларды тiркеу»;
  2. «Жұмыс iздеген тұлғаларды,жұмыссыз санатында тiркеу»;
  3. «Жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына қатысу үшiн адамдарға жолдамалар беру».

Сонымен қатар, Бөлiмнiң жоғарыда аталған қызметтерiнен басқа, оның құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық ұйымдары 2 арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

Аталған iс-шара барысында, бас бостандығынан айыру орындарын шыққан, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, алимент төлемдерi бойынша қарызы бар азаматтар, ЖОО-ның түлектерi, ТиПО, «Серпiн» бағдарламасының түлектерi, кәсiби оқу орындарының түлектерi, Белсендi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша сертификат алғандар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, АӘК алушылар, «Өрлеу» жобасының қатысушылары, қызмет алушылар, қаланың аз қамтылған азаматтары кеңес алды.

1960-1963 жылдары туған әйел адамдарға мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Сондай-ақ, «Бос орындар жәрмеңкесi» өткiзiлдi.

Атаулы шараға қаланың бос орындары бар ұйымдары мен мекемелерi, Мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң департаментi, Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (пробация), Жастар бастамалары орталығы, Алимент төлемдерiн өндiрiп алу бөлiмiнiң өкiлдерi қатысты.Бұқаралық ақпарат құралдары — Проспект СК, телеарналар: Қазақстан-Петропавл, МТРК, Первый Северный.

Барлығы 370 адам қатысты, 243 — адам қажет сұрақтарына түсiнiктемелер мен кеңестер алды, оның iшiнде:

  • әлеуметтiк көмек көрсету — 17 адам;
  • «Өрлеу» жобасына қатысу — 16 адам;
  • тұрғын үй көмегi — 30 адам;
  • жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — 87 адам;
  • мүгедектердi оңалту — 23 адам;
  • арнайы әлеуметтiк көмек көрсету — 15 адам;
  • «Бос орындар жәрмеңкесi» нәтижесiнде 35 адам жұмысқа орналасу үшiн жолдама алды.

«Қатысушыларды техникалық және кәсiби бiлiммен қамтамасыз ету» бiрiншi бағытының 20 түлегiне кеңестер берiлдi. Оқып шыққандардың жалпы санынан 15 адам жұмыспен қамтудың белсендi iс-шараларымен қамтылды, оның iшiнде 5 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етiлдi.

Iс-шара барысында барлық қатысушыларға үлестiрмелi материалдар, буклеттер таратылды, әрбiр мемлекеттiк қызметтер бойынша, бос орындар бойынша, МӘМС бойынша, Белсендi жұмыспен қамту мен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша стендтер ресiмделдi.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы