Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Қала әкiмi Марат Тасмағанбетов Былғары зауыты және Заречный кентiндегi тұрғындармен кездестi

28.04.2017

Күн тәртiбiнде — материалдық шығынды өтеу.

Сонымен бiрге, Петропавлда ТЖ режимi жалғасуда. Қазiргi уақытта қалада штаб жұмыс жасауда. №12, 13, 14 мектеп базаларындағы эвапункттерде аудан тұрғындары ычтық тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыздандырылған.

Бүгiнгi күнi Есiл өзенi жайылмасы 9 км құрап отыр. Мамандардың айтуынша, су тасқынынң екiншi кезеңi 1-2 мамырда жоспарланып отыр.

Биылғы жылы көлемi бойынша iрi су тасқыны Былғары зауыты кентiнде болды. Аталған ауданда 245 жеке үйде екi мыңға жуық адам тұрады. Су тасқыны салдарынан 115 үйдi су басты.

Қала басшылығы аталмыш аудандағы тұрғындармен жиналыс өткiзу туралы шешiм қабылдаған болатын. Шығынды есептеу бойынша комиссия Былғары зауыты мен Заречный аудандардағы орта мектептерде сағат таңғы тоғыздан бастап жұмыс iстейдi. Өтiнiш берген кезде мiндеттi түрде жеке куәлiктiң көшiрмесi мен қалыпқа келтiру керек құжаттардың тiзiмiн жазу керек. Егерде баспаналар сақтандырылған болса, онда сол компанияларға жүгiну қажет. Яғни, ол үйлердiң шығыны сақтандыру компанияларының есебiнен өтеледi.

Халыққа ыңғайлы болу үшiн комиссия жергiлiктi №12-шi орта мектепте жұмыс iстемек. Сәтiн пайдаланып тұрғындар тасқын астында қалған үйлерге ұрылардың түсiп жатқандығын айтты.

Анатолий Мұрзықанов — Петропавл қаласы IIБ бастығы:

— Қосымша тағы жасақ жiберемiз. Учаскелiк инспекторларда түнгi кезекшiлiкке тартылады. Оның үстiне жол-патрульдiк қызметкерлер де болады. Егер де қандай да бiр ұрлық фактiлерiн байқасаңыздар 102 нөмiрiне хабарласыңыздар.

Сонымен қатар Заречный кентiнде де кездесу өттi. Мұнда тасқын су 250 баспананың 40-қа жуығын шайып кеткен. Оның арасында адамдар тұратын саяжайлар да бар. Қала әкiмi Марат Тасмағанбетов халыққа ең бiрiншi кезекте жеке тұрғын үй иелерiнiң шығыны өтелетiндiгiн жеткiздi. Мұнда 3700 адам тұрады.

Жалпы Заречный кентiндегi №13-шi орта мектепте 22 адам тұрып жатыр, мұнда ыстық тамақпен және медициналық қызмет қамтылған. Ауданмен қатынасу үшiн «Урал-Вахтовка» машинасы бар.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы