Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Облыс орталығында «Петропавл Барысы-2017» қалалық турнирi өттi

03.05.2017

Облыс орталығында қазақша күрестен «Петропавл Барысы-2017» өттi.

Қалалық турнирдi Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары Е. Глотов салтанатты ашты.

Евгений Глотов — Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары

«Сiздердi «Петропавл барысы» турнирiнiң салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақ күресi — бiздiң халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Бұл спорт түрi барлық елде жыл сайын кең тарап келедi. Бүгiн Сiздер елдiң мықты палуаны атағы үшiн күресе аласыздар.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында экономика, әлеуметтiк саласы дамып келедi. Саламатты өмiр салтын насихаттап, халықты спортқа тарту — басты мiндетiмiз. Спорт саласының дамуына облысымызда барлық жағдай жасалып отыр».

Биылғы жылы аталмыш турнир жетiншi рет ұйымдастырылып отыр. Әр палуанның арманы — турнирге өту және өздерiнiң барлық шеберлiктерiн көрсету. Додаға 16 палуан қатысып, боз кiлемде иық тiрестi. Оның 4-уi облыстық турға жолдама алды.

Дәурен Нұрғожин «Петропавл Барысы-2017» жеңiмпазы атанып, алтынмен апталған белдiк және 50 мың теңге берiлдi. Ал екiншi орынды Алпысов Дулат иеленсе (30 мың теңге), үшiншi орынға Ғабдуллин Абзал табан тiредi (20 мың теңге).


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы