Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Петропавл қаласында Бәйкен Әшімовке ескерткіш ашылды

04.08.2017

Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысының азаматы, қоғам қайраткерi, Ұлы Отан соғысының ардагерi Байкен Әшiмовтiң құрметiне жасалған ескерткiштiң ашылуы салтанаты өттi. Бұл шара Бәйкен Әшiмовтың 100 жылдығына арнаулы өткiзiлген.

Аталмыш рәсiмге елiмiздiң қоғам қайраткерлерi, ардагерлер, Бәйкен Әшiмовтың туысқандары, сонымен қатар қала колледж бен университеттiң студенттерi қатысты. Шараны ашу мiндетi СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловқа бұйырды.Өңiр басшысы «Ұлы тұлғалардың құрметiне жасалып жатқан ескерткiшткер Президенттiң «Рухани жаңғыру» бағдарламасаның асырылуына өз септiгiн тигiзерi анық» — дедi.

Шара барысында Бәйкен Әшiмовтың ұлы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Оңдасын Әшiмов, ҚР Мәжiлiс Парламенттiң депутаты Кәрiбай Мұсырман, ҚР Сенат Парламенттiң депутаты Анатолий Башмаков және еңбек ардагерi Жақсылық Ысқақов пен Алик Дядин мiнбе алдына сөз сөйледi.

Ескерткiштiң ашылу мiндетi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен СҚМУ ректоры, Байкен Әшiмовтың ұлы Оңдасын Әшiмовқа табысталды.

Рәсiмнiң аяқталасымен, қала тұрғындары ескерткiштiң алдында гүл шоқтарын қойды.



Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы