Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Петропавл қаласында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

26.04.2017

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 2 шiлдедегi № 756 қаулысына сәйкес, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия отырысының 2017 жылғы 25 сәуiрдегi № 3 хаттамасы негiзiнде, Петропавл қаласының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты Петропавл қаласының әкiмi ШЕШТI:

  1. Петропавл қаласының аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесi қалалық аумақтық кiшi жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң төтенше жағдай режимi енгiзiлсiн.
  3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
  4. Осы шешiм оны бiрiншi ресми жариялаған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2017 жылғы 25 сәуiрден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қала әкiмi М. Тасмағанбетов


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы