Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Петропавлда кене мен масаны дәрiлеу жұмыстары басталды

03.05.2017

Биылғы жылы Есiл өзенiнiң жайылуына байланысты аумақтарды дәрiлеу алаңы ұлғайды. Жалпы алғанда, 1600 гектар аумақты залалсыздандырмақ. Бұл iске қалалық қазынадан 7 млн 400 мың теңгеден аса қаржы бөлiнiптi.

Саябақтарды, суға жақын аумақтарды дәрiлеу сәуiрдiң 10-ы күнi басталды. «Северный Кристалл» компаниясының жетекшiсi Константин Ермолинның айтуынша, аумақтарды дәрiлеу жұмыстары қыркүйек айына дейiн жалғасатын болады.

«Бiзде дәрiлеу жұмыстарын жүргiзу үшiн барлық құрал-жабдықтар бар, үлкен аумақтарды дәрiлеуге арналған арнай мотопомпалар да бар. Маса мен кененi тұрғындар шақыртқан жерге барып та дәрiлеймiз. Аталмыш жұмыстар тек қала орталығында ғана емес, шеткi аудандарда да жүргiзiлмек. Цифоксты жеткiлiктi мөлшерде сатып алдық. Дәрi қажет болса тағы Ресейден әкелемiз дейдi» — Константин Ермолин — «Северный Кристалл» компаниясының директоры.

Қазiргi таңда облыс орталығында кене мен масаға қарсы дәрiлеу жұмыстарымен 6 бiрдей компания айналысады.

Петропавлда кене мен масаны дәрiлеу жұмыстары басталды Петропавлда кене мен масаны дәрiлеу жұмыстары басталды


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы