Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Пресс-релиз

13.11.2017

2017 жылдың 25 тамызынан 2018 жылдың 06 маусымына дейiнгi аралықта, «MEDIATOR KZ» заңгерлiк компаниясы Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Степногорск қалаларының тұрғындары үшiн кез келген құқықтық мәселелер бойынша «Тегiн заңгерлiк кеңес, құқықтық сауаттылық» респбликалық науқанын өткiзедi.

Әр адамның өмiрiнде заңгерлiк көмек алу қажеттiлiгi туындайтын кезеңдер болады. Заңгер мен адвокаттың қызметтерi қымбатқа түсетiндiгi барлығына мәлiм. Тұрмыс жағдайы орташа азаматтардың өздерi де әдiлеттiлiкке қол жеткiзе алмай жатады, ал халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтары туралы сөз қозғаудың тiптi қажетi жоқ. Бiз халықтың осы тобын (соның iшiнде ардагерлердi, зейнеткерлердi, мүгедектердi) күрделi, шиеленiскен немесе ерекше iстер бойынша қорғаудан бас тартпаймыз, және осындай iстердi шешу бойынша бiздiң өтiлiмiзде оң тәжiрибелер бар. «MEDIATOR KZ» заңгерлiк компаниясына жүгiне отырып, арызданушы азаматтық, жер, тұрғын үй, мұра, банк, сақтандыру, салық, отбасы, еңбек, зияткерлiк, әкiмшiлiк, қылмыстық және корпоративтiк құқықтар салаларындағы қызметтердiң кең спектрiн алуына болады.

Тегiн заңгерлiк кеңеске қабылдау келесi телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады:

8 775 826 48 66, 8 776 702 89 89, 8 702 701 44 29, 8 777 653 50 61.

Сонымен қатар компания сайтында мәселеңiз жайлы хабарлама қалдыру мүмкiндiгi бар: www.ps2014.kz

Азаматтарды қабылдау уақыты мен қабылдайтын орын жеке-жеке белгiленедi. Заңгерлер жазылғандардың барлығына кеңес бередi.

Пресс-релиз

«MEDIATOR KZ» ЗК-ның директоры Нурмагамбетова Е.А.


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы