Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Су тасқыны нәтижесiнде үйлерiн су басқан петропавлдықтар гуманитарлық көмек алуда

01.05.2017

Солтүстiк Қазақстан облысына гуманитарлық көмек осы аптада келген болатын. Салмағы жалпы 2,5, тонна жүк автомобилi Астана қалсынан келдi.

Елдордадағы қоғамдық топ «Тасқын көмек» атты акциясын жариялап, зардап шекеендердiң арасында гуманитарлық көмек бөлiнiп берiлдi.

29-30 сәуiр күндерi су басқан Заречный және Былғары зауыты аудандарының тұрғындарына жылы киiмдер, төсек керек-жарақтары, аяқ киiмдер мен ойыншықтар берiлдi. Сонымен қатар, отбасы мүшелерiн есепке ала отырып, жармалар, қант, ұн, консревiлер және тағы басқа да азық-түлiктер берiлдi. Қалалықтар көрстеiлген жәрдемге ризашылықтарын бiлдiруде.

Естерiңiзге сала кетсек, Петропавл қаласында 150-ге жуық үйдi су басып, олар бүгiнгi таңда № 12, 13, 14 ОМ эвакуациялық орталықта орналастырылған. Мұнда ыстық тамақ бар және апаттар медицина орталығының мамандары медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуде. Сонымен бiрге, қаланың коммуналдық қызметтерi тәулiк бойы суды сору бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Су тасқыны нәтижесiнде үйлерiн су басқан петропавлдықтар гуманитарлық көмек алуда Су тасқыны нәтижесiнде үйлерiн су басқан петропавлдықтар гуманитарлық көмек алуда


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы