Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Сырымбет — қасиетті қара қоныс

04.08.2017

Сырымбет — қасиетті қара қонысЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсына келіп: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», — деп атап көрсеткен болатын. Жас ұрпақты туған өлкенің тарихымен, географиясымен, археологиясымен таныстыруда мұражайлардың рөлі орасан.

Бағдарлама шеңберінде дайындалған «Өлкетану» жобасы аясында «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенінің қызметкерлері Айыртау ауданына сапар шекті. Қазақ халқының өз заманынан озып туған ойшыл перзенті, жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың өмірін, қызмет жолын өрендерге таныстыруды көздеген шара «Сырымбет – қасиетті қара қоныс» атты тақырып аясында өрбіді. Жиын ұйымдастырылған Айғаным қонысына жиналғандардың қарасы қалың болды. Тәрбиелік мәні зор шара квест-ойыны әдісімен ұйымдастырылды. Ойын барысында ұлы ғалымның артына қалдырған мол мұралары таныстырылды. Жастар «Уәлиханов жолы», «Туған жер — кіші Отаным», «Өз өлкемнің мәдени мұрасы» тақырыптар жайлы қойылған сауалдарға жауап берді. Қазақ халқының ұлттық келбетін, болмысын айшықтайтын жәдігерлерді сақтау, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру туралы ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар бірнеше адамнан құралған топқа квест тапсырмалары берілді. Қағаздағы Айғаным қонысының картасы ақ пен қара түсте бейнеленген. Картаны Айғаным қонысындағы ғимараттардың суреттері (үлкен үй, медресе, монша, сарай, диірмен, мешіттің түрлі-түсті бейнелері) арқылы толтыру шарт. Ойынның шарттарын мүдірмей орындаған топ мүшелері сайыстың соңында Шоқан Уәлихановтың бейнесіндегі адаммен кездесіп, оның қолынан бағалы сыйлық алды.

Өрендерге жақсы көңіл-күй сыйлауға, білімдерін арттыруға Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай қызметкерлерінің де қосқан үлесі зор.

Ақмарал Елеусізова,
«Абылай ханның резиденциясы»

мұражай кешенінің қор сақтаушысы


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы