Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Жаңалықтар

Тiршiлiктiң тiрегi

06.03.2017

Жыл сайын шырайлы көктеммен бiрге келiп жететiн Халықаралық әйелдер күнi баршамыз үшiн ерекше мереке. Асыл анасын сыйлайтын, қамқор әпкесiн құрметтейтiн, тiлеулес қарындасын қадiрлеп, сүйiктi жары мен қызын жанындай жақсы көретiн жандардың барлығы бұл күндi асыға күтетiнi сөзсiз. Бұрнағы күнi облыс орталығының басшысы Марат Тасмағанбетов қалалық әкiмдiкте өткен мерекелiк жиында балалары ерекше жетiстiктерге жеткен көпбалалы аналарды, отбасылық еңбек әулетiнiң әйелдерi мен аналарын, нәзiкжанды кәсiпкерлер мен өңiрiмiздiң құрметтi азаматшаларын құттықтады.

— Мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен балаларға баса назар аударып келедi. Сiздердiң бойларыңызда ақыл мен парасат, сабырлық пен шыдамдық сияқты қасиеттер әрқашан қатар жүредi. Сiздер бала тәрбиесi мен қоғамдық маңызды жұмыстарды қатар атқара жүрiп, елiмiздегi тұрақтылық пен ел бiрлiгiн сақтау мәселесiнде еңбек етiп келесiздер. Сiздердiң өмiрлiк даналықтарыңызбен алдағы уақытта да үлкен жетiстiктерге жететiнiмiзге сенiмдiмiн. Туған Отанымыздың әрбiр шаңырағы берiк болып, елiмiздегi бiрлiк пен берекенi сақтауда, мемлекетiмiздiң болашақ азаматтарын тәрбиелеудегi Сiздердiң қосқан үлестерiңiз көп, — деген Марат Иманбайұлы жиылған нәзiкжандыларды мерекелерiмен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.

Марат Тасмағанбетов құттықтап, ерен еңбегiн бағалаған нәзiкжандылардың арасында облыстық iскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Сара Тасеменова, жуырда елiмiзге үлкен жеңiс сыйлап, көк туымызды желбiреткен боксшы Жанат Жақияновтың анасы Нұржәмиля Төкенқызы, алты бала тәрбиелеп отырған ана Сәуле Мырзағұлова бастаған өңiрiмiздiң гүлденуiне өзiнше үлес қосып жүрген арулар болды.

Көктемдей құлпырған аруларды осынау айтулы мерекемен Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы Арман Бердағұлов та құттықтады.

Орынбасар Төлепбергенқызы

Тiршiлiктiң тiрегiТiршiлiктiң тiрегi


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы