Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттік қызметтер || Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету мәселелерi бойынша қызметi туралы есеп

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету мәселелерi бойынша қызметi туралы есеп

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес тоғыз қалалық мемлекеттiк орган мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң 73 түрiн көрсетедi, соның iшiнде:

  • бiлiм бөлiмi — 22, одан қағаз түрiнде — 15 қызмет, ХҚКО арқылы — 8 қызмет, соның iшiнде 2-уi электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi, барлығы тегiн көрсетiледi;
  • жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi — 17, одан қағаз түрiнде — 9 қызмет, ХҚКО арқылы — 8, соның iшiнде 2-уi Электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi, барлығы тегiн көрсетiледi;
  • АХАТ бөлiмi — 9, одан қағаз түрiнде — 3 қызмет, ХҚКО арқылы — 6, сонымен қатар, 1 — Электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi, соның iшiнде — 4 қызмет ақылы негiзде көрсетiледi;
  • жер қатынастары бөлiмi — 6, одан қағаз түрiнде — 1 қызмет, ХҚКО арқылы — 5, соның iшiнде 1-уi электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi, барлығы тегiн көрсетiледi;
  • сәулет және қала құрылысы бөлiмi — 6, барлығы тегiн негiзде ХҚКО арқылы көрсетiледi;
  • кәсiпкерлiк және а/ш бөлiмi — 4, барлығы тегiн негiзде ХҚКО арқылы көрсетiледi;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ЖК және АЖ бөлiмi — 4, одан қағаз түрiнде — 3 қызмет, ХҚКО арқылы — 1, соның iшiнде 2-уi электрондық үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi, барлығы тегiн көрсетiледi;
  • ветеринария бөлiмi — 4, барлығы қағаз түрiнде, одан 2-уi ақылы негiзде;
  • дене тәрбиесi және спорт бөлiмi — 1, тегiн негiзде тек ХҚКО арқылы көрсетiледi;

2015 жылы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға 36081 қызмет көрсетiлдi, олардан ең талап етiлген мемлекеттiк қызметтер:

  • тұрғын үй көмегiн тағайындау — 5472;
  • азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайта куәлiк беру — 5398 қызмет;
  • тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi түрiне қатысуға жолдамалар беру — 3979 қызмет;
  • мектеп жасына дейiнгi балаларды кезекке қою — 3943 қызмет;
  • ветеринариялық анықтама беру — 3916 қызмет;
  • баланың тууын тiркеу — 3359 қызмет;
  • өлiмдi тiркеу — 2437 қызмет;
  • неке қиюды тiркеу — 2187 қызмет;
  • жерге орналастыру жобаларын бекiту — 1881 қызмет;
  • тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектiлiгi — 1772 қызмет;
  • жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекен-жайын анықтау жөнiндегi анықтама беру — 1474 қызмет;
  • қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға) шешiм беру — 1434 қызмет.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудiң маңыздылығын арттыру мақсатында қала әкiмi аппараты басшысының, мемлекеттiк органдар басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарына қызметтер көрсетудiң уақытылылығы мен сапасына бақылау және жауапкершiлiк бойынша мiндеттемелер енгiзiлдi, барлық бөлiмдерде қызметтер көрсетуге және кейiн олар туралы дұрыс есеп беруге жауапты мамандар бекiтiлген.

Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылданды. Барлық мемлекеттiк органдар кабинеттермен, қажеттi компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен, күтуге арналған отырғызу орындарымен қамтылған, үй-жай жақсы жарықтандырылған, қызмет көрсету рәсiмдерi бойынша көрнекi ақпарат орналастырумен жұмыс стендтерi ресiмделген. Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап қала әкiмдiгiнiң жанынан бiлiм, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерiмен «бiр терезе» қағидасы бойынша ХҚКО ашылды және жұмыс iстейдi, ол ашықтықты, рәсiмдеу кезiнде құжаттарды өткiзгенде әуре-сарсаңды жоюды қамтамасыз еттi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету мәселелерi бойынша қол жетiмдiлiк және халыққа ақпарат беру мақсатында барлық мемлекеттiк органдарда көрнекi ақпаратпен (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетуге жауаптылардың Т.А.Ж.) стендтер орналасқан. Қала әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмi жұмыс iстейдi, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi, стандарттары, регламенттерi, «электрондық үкiмет» порталындағы электрондық қызметтердi пайдаланушылар үшiн нұсқаулық, мемлекеттiк органмен көрсетiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтедiң тiзбесi орналаластырылған.

Қала әкiмi аппаратында жыл сайын басшылардың Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету туралы халық алдында сөз сөйлеу медиа-жоспары және қала әкiмiнiң сайтында орналасқан мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудiң сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiледi. Жоспардың негiзгi iс-шаралары ХҚКО арқылы баламалы негiзде көрсетiлетiн қызметтердi, қызметтi мемлекеттiк органда қалай алса, солай ХҚКО алу мүмкiндiгi туралы халыққа анықтамалық ақпаратты көбейту, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бойынша жауапты мамандарды бекiту және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету жөнiндегi жұмысты жақсарту бойынша қызметкерлер арасында түсiндiру жұмысын жүргiзу бойынша жұмыстар жүргiзу болып табылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында баламалы және баламасыз негiздерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi аудару бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес қала бойынша 2015 жылы баламалы негiзде 24 қызмет көрсету көзделген болатын, яғни ХҚКО және мемлекеттiк органдар арқылы және 10 қызмет баламасыз негiзде тек қана ХҚКО арқылы. 2014 жылмен салыстырғанда ХҚКО арқылы қызметтердiң одан әрi ұлғаюы байқалады. Егер 13340 баламалы және баламасыз қызметтен 2014 жылы 7729 қызмет ХҚКО арқылы көрсетiлген болса немесе 58%, 2015 жылы 17213 баламалы және баламасыз қызметтен — 12236 қызмет ХҚКО арқылы көрсетiлдi немесес 71,1%.

Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту саласындағы мемлекет саясаты негiзiнен электрондық үкiметтi дамытуға, мемлекеттiк органдардың iшкi бизнес-процестерiн автоматтандыруға, сондай-ақ электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жүйесiн мемлекеттiк органдар мен азаматтардың өзара әрекеттерiнiң ең тиiмдi түрi ретiнде дамытуға бағытталған.

Осыған байланысты мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электрондық форматқа ауыстыру жұмысы мақсатты жүргiзiлуде. Петропавл қаласы әкiмдiгiнде электрондық түрде қызметтер көрсетуге мүмкiндiк беретiн «электрондық үкiмет шлюзiнiң кiшi жүйесi ретiнде өңiрлiк шлюз» ақпараттық жүйесi енгiзiлдi.

Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық түрде 4905 қызмет көрсетiлдi немесе көрсетiлген электрондық қызметтердiң жалпы санынан 44,3%, ол 2014 жылғыдан екi есе көп.

Жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiне сәйкес 2011 жылғы сәуiрден бастап мемлекеттiк органдарда көрсетiлген қызметтер сапасының деңгейiн бағалауға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бағалау карточкалары енгiзiлдi. 2015 жылы бөлiмдермен көрсетiлген барлық мемлекеттiк қызметтер бойынша өтiнiш берушiлер жақсы және қанағаттанарлық деген бағамен 35398 карточка толтырды немесе 98%.

Мемлекеттiк мекемелерде барлық қызметке қызметтер мен халықтан шағымдарды есепке алу және тiркеу журналы енгiзiлген. 2015 жылғы кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету сапасын бақылау ережелерiне сәйкес қала әкiмi аппаратымен қаланың жергiлiктi атқарушы органдарында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына iшкi бақылау жағдайына ай сайын мониторинг жасалады.

Қалалық мемлекеттiк органдармен халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсеткендегi проблемаларды және олармен ұсынылатын есептiк ақпараттың өзектiлiгiн, дұрыстығын анықтау бойынша тексерiстер жүйелi жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен 2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы ақпанды қоса екi кезеңде мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзiлдi.

2015 жылғы қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету сапасы — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасының бiр түрi ретiнде» мәселесi тыңдалған болатын.

Қоғамдық кеңес жұмысының жоспарына, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң тапсырмасына сәйкес 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесiнде және тұрғын үй комиссиясының жұмысында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудiң өзектi мәселелерi туралы» қала әкiмiнiң орынбасары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi басшысының ақпараты тыңдалды.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнде 2015 жылғы қарашада Тәртiптiк кеңестiң 10 айдағы жұмыс нәтижелерi, халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсеткенде талдау жасау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердi анықтау қаралды.

2015 жылғы қарашадағы «Нұр Отан» париясы СҚОФ отырысында Партиялық бақылау комиссиясы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қоғамдық кеңестiң бiрлескен отырысы болды, онда «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын және қол жетiмдiлiгiн қамтасаыз ету» мәселесi бойынша қала әкiмi аппаратының басшысы тыңдалды.

2015 жыл iшiнде iшкi бақылау тексерiстерiмен мынадай проблемалар бойынша мемлекеттiк органдар қамтылды:

  • кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi — ХҚКО ИАЖ сапалы және уақытылы мониторинг жүргiзу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгiмен;
  • жер қмтынастары, сәулет және қала құрылысы, бiлiм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмдерi Солтүстiк Қазақстан облысы прокуратурасының жанындағы Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi қоғамдық кеңестiң жұмыс жоспарына сәйкес 1-шi басқармамен 2015 жылғы 9 айдағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету кезiнде заңның сақталуына талдау жасалды;
  • АХАТ бөлiмi — 2015 жылғы қарашада қала прокуратурасымен;
  • мемлекеттiк қызмет көрсететiн сегiз бөлiм — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша қала әкiмi аппаратымен (кейiннен қала әкiмдiгiнiң отырысында қараумен).

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгiмен және прокуратура органдарымен жүргiзiлген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, бiлiм, сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен мемлекеттiк қызметтер көрсеткен кездегi бұзушылықтар анықталды, оларға жол берген жауапты қызметкерлерге тәртiптiк iс-қимыл шаралары қабылданды.

Осылайша, 2015 жылғы наурызда — «Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерлерiнде сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетудi бұзғаны үшiн сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң бас маманы Р.А. Сүйiндiковке ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды (2015 жылғы 11 мамырдағы № 14 бұйрық);

2015 жылғы мамырда «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудi бұзғаны үшiн сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi А.А. Қожановқа толық емес қызметтiк сәйкестiк түрiнде тәртiптiк жаза қолданылған болатын (2015 жылғы 4 маусымдағы № 41 бұйрық);

2015 жылғы 11 тамызда «Солнышко» бөбекжай-бақша» МКҚК заңсыз орын бергенi үшiн Бiлiм бөлiмiнiң мектепке дейiнгi тәрбие және оқу секторының әдiскерiне сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды (2015 жылғы 18 тамыздағы № 42 бұйрық);

2015 жылғы 6 қазанда есту қабiлетi бұзылған мүгедектерге ыммен сөйлеу тiлi мамандарының қызметiн сатып алуға мемлекеттiк сатып алу ұйымдастырғанда және өткiзгенде айқындалған сыбайлас құқық бұзушылық жасау фактiлерi үшiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының орынбасары О.В. Букинаға және бөлiмнiң сектор меңгерушiсi А.Д. Бекназароваға толық емес қызметтiк сәйкестiк түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды (2015 жылғы 06.10. № 83-ЛС бұйрық).

Халыққа мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсететiн мамандардың кәсiбилiгiн, олардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында 2015 жылы мемлекеттiк органдарда бөлiмдердiң мамандары, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары үшiн семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық жаппай оқулар ұйымдастырылды, бiлiм бөлiмiнiң 4 маманы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын басқару» тақырыбы бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өттi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрге жыл бойы электрондық көрсетiлетiн қызметтер бойынша мерзiмдерiнiң бұзылуын болдырмау, iшкi бақылау шеңберiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi автоматтандыратын ақпараттық жүйе жұмысына уақытылы, дұрыс және толық ақпарат беру мәселелерi бойынша оқыту семинарларын жүйелi өткiздi.

Облыс әкiмдiгiнiң ұсынысына сәйкес 2015 жылы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру туралы» мәселе қала әкiмдiгiнiң отырыстарыда тоқсан сайын қаралады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсететiн сегiз мемлекеттiк органның жұмысы туралы есеп тыңдалды.

2015 жылға бекiтiлген Меиа-жоспарды орындау үшiн, халыққа кең ақпарат беру мақсатында мемлекеттiк органдар басшылары телеарналарда сөз сөйледi, ақпараттар қалалық баспа БАҚ-та ақпараттар жарияланды, баламалы және баламасыз негiзде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету тәртiбi туралы, оларды электрондық форматта алу үшiн Электрондық үкiмет порталы арқылы қол жеткiзу туралы қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

Қазiргi уақытта алты мемлекеттiк органмен ҚР Ұлттық экономика министрлiгiмен ұсынылған 8 функцияның тiзбесiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер ретiнде кейiн оларды Тiзiлiмге қосу мүмкiндiгi қарастырылуда.

Мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудiң сапасы мен уақытылылығын одан әрi арттыру мәселесi тұрақты бақылауда, қызмет көрсету тәртiбiнiң бұзылуын болдырмау жөнiнде шаралар қабылданады, осы мәселе бойынша мемлекеттiк органдардың жұмыс жағдайын қала әкiмдiгiнiң отырыстарында тосан сайын талдау жалғасатын болады.

Петропавл қаласының
әкiмi М. Тасмағанбетов

31.03.2016 15:27


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы