Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Ішкі саясат бөлімі || Әлеуметтік бағдарламалар

Әлеуметтік бағдарламалар

Әлеуметтік жұмыс орындары

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жолымен халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік жұмыс орны — нысаналы топтардағы жұмыссыздарды олардың еңбегін төлеуге жұмыс беруші шығындарын ішінара өтеумен, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушімен келісім-шарт негізінде жергілікті атқарушы органмен құрылады. Бұл жұмыс орындары нысаналы топтардағы азаматтарға арналған, олардың саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатқа ие, және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбегін төлеуге жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақыдан 50% мөлшерде жергілікті бюджет қаражатынан алты ай ішінде ішінара қайтарылады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау және қорғау, оларға экономикалық, саяси және өзге құқығы мен бостандықтарды тең іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен кепілденген.

Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындаушы заң «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39-III Заңы болып табылады.

Мүгедектер мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту курстарынан өтеді, арнаулы қозғалыс құралдарымен, санаторлық-курорттық емделумен, сурдотехникалық, тифлотехникалық және басқа оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерге мемлекеттік бюджеттен кепілденген жәрдемақылармен бірге мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі организмді қалпына келтіру және бұзылған немесе жоғалтқан қызметін қалыптастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін ұсынушы оңалту болып табылады.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқыту жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу мекемлерінде жүзеге асыру мүмкін болмағанда, психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультативтік қорытынды негізінде тағайындалады. Әлеуметтік көмек мөлшері тоқсанға 6,5 АЕК құрайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңына және Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес тұрғын үй көмегіне Петропавл қаласында тұрақты тұратын, тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алушы аз қамтамасыз етілген азаматтардың құқығы бар.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға іс жүзіндегі төлем және Ереже нормаларымен бекітілген шектеуде коммуналдық қызметтерді тұтыну мен бұл мақсаттарға аталған отбасы рұқсат етілген шығын-деңгейі шегіндегі арасындағы айырма ретінде анықталады (отбасы табысынан 10%).

Сонымен қатар, «2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ТҮШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, егер үй кондоминиум объектісі ретінде тіркелсе және басқару органы болса, сондай-ақ пәтер меншік иесінің күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге және тұрғын үйді ұстауға шығындары бекітілген Ереже нормаларының шегінде отбасының жиынтық табысынан 10% артық болса, онда көп қабатты үйдегі тұрғын үй иесі тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

Тұрғын үй көмегін тағайындау мәлімдеуші сипатқа ие.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР 2011 жылғы 17.07. № 246-II Заңына, «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР 2005 жылғы 28.06. № 63 Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік-әлжуаз қатары мынадай әлеуметтік қолдау түрлерін алады: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақ¬стан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу ныса¬нында оқитын оқушы¬ларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магис¬транттарды, сондай-ақ І және ІІ топтар¬дағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдар¬ды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жө¬ніндегі уәкілетті органдарда тіркел¬меген жұмыссыздарға тағайындалады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыға жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен ҚР тұрақты тұратын ҚР азаматтары мен оралмандардың құқығы бар. Балаларға жәрдемақы мөлшері айына 1АЕК құрайды.

Балаларға жәрдемақы отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемесе, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмесе тағайындалмайды, тек әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балалар, 80 жастан асқан тұлғалар, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жағдайлардан басқа.

17.05.2012 15:04


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы