Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі || Бизнес

Бизнес

2013 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде ақпарат

2013 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша қалада шағын және орта бизнестiң 21783 субъектiсi тiркелдi, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiнен 9,5% артық. Оның iшiндегi әрекет жасайтындары тiркелген кәсiпорындардың санынан 12521 немесе 57,5% құрайды.

Бизнестегi әрекет жасайтын 12521 субъектiнiң 10551-i немесе 84,3%-ы — жеке кәсiпкерлер, 1970 (15,7%) — шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi (заңды тұлғалар).

Кәсiпкерлiк саласындағы шағын кәсiпорындарда жұмысқа қабылданғандар саны 2013 жылғы 2-тоқсанда 12936 адамды құрады.

Шағын кәсiпорындардағы орташа айлық жалақы 2013 жылғы 2-тоқсанда ұқсас кезеңмен салыстырғанда 22,6 %-ға артты және 54857 теңгенi құрады.

Шағын кәсiпорындардың шығарған өнiмiнiң көлемi мен көрсеткен қызметтерi 2013 жылғы 1-тоқсанда 12,9 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 1,6 % артық.

Статистика басқармасының мәлiметтерi бойынша 2013 жылғы 2-тоқсанда Петропавл қаласында шағын несие қызметiн 7 ұйым жүзеге асырған. Есептi кезеңде 362,4 млн. теңгеге 191 несие берiлген. Жалпы берiлген несиелердiң 89%-ын ұзақ мерзiмдi және 11%-ын қысқа мерзiмдi несиелер құрайды.

Жеке тұлғаларға 325,2 млн. теңгеге 184 несие берiлдi, оның тұтыну мақсаттарына 80%-ы және кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға 20%-ы бағытталған.

Заңды тұлғаларға 37,2 млн. теңге сомаға 7 несие берiлдi, несиелер айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.

Петропавл қаласында «Бизнестiң жол картасы 2020» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жұмыстары жалғасуда.

2013 жылғы 1 тоқсанда кәсiпкерлерге «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағдарламасының 1-бағыты шеңберiнде қолдау көрсетiлдi:

1) несиенiң жалпы сомасы 717 млн. теңгеге 28 жобаны iске асыру үшiн субсидия берiлдi.

Жобалар мыналарға:

  • модернизацияға, өндiрiстi кеңейтуге («ViZaVi Company» ЖШС, ЖК Сокиро С.Н., ЖК Иващенко Е.А.),
  • жабдықтар, жылжымайтын мүлiктер сатып алуға (ЖК Назырова Т.Н., ЖК Пушкалов Ю.Ю., «Ашық Аспан — 2» ЖШС, «АБВГДЕЙКА» ЖШС),
  • медициналық сауықтыру орталығын ашуға (ЖК Гладкова Ж.В.)
  • автобус паркiн кеңейтуге, жолаушылар және жүк тасу қызметтерiн көрсетуге бағытталған. (ЖК Гриценко В.А., ЖК Рахимжанова Г.И., ЖК Попов С.А., ЖК Комлев В.Е., ЖК Агапова Ю.В., ЖК «Тирус-Авто», ЖК Ковтун Е.А.).

2) жалпы сомасы 157,1 млн.теңгенi құрайтын 7 жобаны iске асыруға кепiлдiк берiлдi. Кепiлдеме беру сомасы 157,1 млн.теңгенi құрады.

Жобалар мыналарға:

  • негiзгi құралдарды модернизациялауға және қайта жаңартуға, шұжық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыруға, жылыжай-питомниктер кешенiн ұйымдастыруға («Мир аттракционов» ЖШС, «АБВГДЕЙКА» ЖШС, ЖК Искаков А.Р., ЖК Омарова А.А.),
  • мектепке дейiнгi бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған жылжымайтын мүлiктердi сатып алуға («Баларман» ЖШС, «АБВГДЕЙКА» ЖШС, «Ашық Аспан» ЖШС),
  • жүк тасу қызметтерiн көрсетудi кеңейтуге бағытталған (ЖК Гриценко В.А.).

3) Қаланың өндiрiстiк (индустриалдық) инфрақұрылымын дамытуға 248 млн. теңге қаржыландыру көлемiмен 2 жобаны РКС мақұлданды:

  • электрмен жабдықтау салу және Кирпичный кентiн электр желiлерiне қосуға (4 кәсiпорынның тапсырыстары бойынша ЖК Яборов Н.Д., ЖК Яборов С.Н, ЖК Симонян Р.А., ЖК Сухарев А.А.),
  • Береке шағын ауданына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым (автожолдар) салуға (4 кәсiпорынның тапсырыстары бойынша «Фрегат» ЖШС, «Петропавловск-Кондитер» ЖШС, ЖК Джокиладзе Р.А., ЖК Гуськов В.В.).

2013 жылғы 1-жартыжылдықта «Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету» мемлекеттiк бағдарламаның 3 бағыты бойынша жалпы несиенiң 375 млн.теңге сомасына 4 жоба бойынша субсидия берiлдi.

Жобалар мыналарға:

  • өндiрiс көлемiн ұлғайту, ұн өнiмi үшiн айналым қаражатын толықтыру («СевЕсильЗерно» ЖШС, «Урал Каз — Пром» ЖШС),
  • электр ажырату материалдарын өндiру үшiн айналым құралдарын сатып алуға («Блок» ЖШС),
  • жүк автокөлiк құралдарын кеңейтуге және жаңартуға бағытталған («MALIMM-Trans» ЖШС).

2013 жылғы 9 айда барлығы экономиканың басым салаларында өз қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлерге жалпы сомасы 1,73 млрд. теңгеге 41 жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетiлдi.

«Петропавл қаласының кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» ММ мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, қаржылық сауаттылыққа оқыту, бизнес, менеджмент және өз iсiн дамыту үшiн маркетинг қызметтерiн жүргiзу саласындағы ой-өрiсiн арттыру мақсатында кәсiпкерлерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, курстар өткiзедi. Аталған iс-шаралар шағын және орта бизнестi дамытуға көмек ретiнде өткiзiледi.

2013 жылғы 20 ақпанда қалалық прокуратурамен бiрлесiп «Шенеулiк-кәсiпкер» акциясы шеңберiнде дөңгелек үстел өткiзiлдi. Акцияға қаланың бизнес-құрылымдарының басшылары, мемлекеттiк орган басшылары қатысты.

2013 жылғы 24 мамырда кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басшылары, мемлекеттiк, қадағалау органдарының, монополист-кәсiпорындар басшылары облыс әкiмi С.С. Ескендiровпен кездестi. Әңгiме «сұрақ-жауап» диалогы нысанында өткiзiлдi. Кездесуде Петропавл қаласында бизнестi дамыту мәселелерi қарастырылды, оны шешу жолдары талқыланды.

«Бизнестiң жол картасы 2020», «Кәсiпкерлiк әлеуетiн күшейту» бағдарламаларының 4 бөлiгiн iске асыру мақсатында қалада екi күндiк тренинг-семинар өтттi. «Кәсiпкерлiктiң экспресс курсы» оқуы жаңа бастағандар үшiн «Бизнес-кеңесшi» бағдарламасы бойынша (2013 жылғы 6, 7 маусым) және әрекет жасап жүрген қаланың кәсiпкерлерi үшiн (2013 жылғы 20, 21 тамыз) өткiзiлдi. Курс нәтижесiнде бизнестi тиiмдi жүргiзудiң бiрыңғай және қолжетiмдi бiлiм жиыны берiлдi.

Қысқа мерзiмдi оқыту үдерiсiнде кәсiпкерлерге кәсiпкерлiк негiздерi жөнiндегi оқу материалдары, құрылтай құжаттары кiретiн стандартты құжаттар пакетi, типтiк бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негiздер, несие алуға құжаттар, салалар бойынша маркетингтiк зерттеу есептерi, сонымен қатар шағын бизнеске арналған идея анықтамалары берiлдi. Тренинг-оқыту тегiн негiзде жүргiзiлдi, «Кәсiпкерлiктiң экспресс курсын» өткеннен кейiн екiншi күнi сертификаттар тапсырылды.

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын Петропавл қалалық мәслихат сессиясы шешімдерінің жобалары

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жерлерін аймақтарға бөлу (сұлбасын) Жобасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, олардың нысаналы мақсаттарын және пайдалану режимін белгілеумен жерлердің аумақтарын белгілеу мақсатында, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жерлерін аймақтарға бөлу (сұлбасы) Жобасы бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
А. Сатин

Қалалық мәслихат хатшысы
Л. Жолмұқанова

Схема

Скачать в полном размере

18.10.2013 16:54


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы