Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі || Бизнестiң жол картасы 2020 бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау Бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс iстейтiн жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
  • Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау;
  • Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету;
  • Төртiншi бағыт: кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары.

Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдi-мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес бастамаларын қолдау.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетудi көздейдi:

  1. кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бөлiгiн субсидиялау (субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен iске асырылады, оның iшiнде 10%-ы мемлекет атынан субсидияланады, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер толықтырады);
  2. кредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру;
  3. мемлекеттiк гранттар беру;
  4. шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн микрокредиттеу;
  5. жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау;
  6. микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде жеке жобаларын ауылдық елдi мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсiз iске асырушы және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған кәсiпкерлер, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер қатысушылар бола алады.

Банктердiң/даму банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру құралы бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде жеке жобаларын елдiң барлық өңiрлерiнде салалық шектеулерсiз iске асырушы және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлер қатысушылар бола алады.

Мемлекеттiк гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде Бағдарлама шеңберiнде экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсiз iске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлер, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.

Моноқалалар мен шағын қалалардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекiтiлген Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасында айқындалған.

Бағдарлама шеңберiнде қолдау шараларын iске асыру мақсаттары үшiн моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елдi мекендер ауылдық елдi мекендер деп танылады.

Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау

Бағдарламаның екiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетудi көздейдi:

  1. кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау;
    • ИИДМБ анықталған қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң басым салаларында жүзеге асырылатын жобалар бойынша субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен, оның iшiнде 10%-ы мемлекет атынан, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi;
    • бағдарлама шеңберiндегi экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын жобалар бойынша субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен, оның iшiнде 7%-ы мемлекет атынан, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi.
  2. кредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру (кепiлдiк мөлшерi кредит сомасынан 85%-ға дейiн);
  3. өндiрiстiк (индустриялдық) инфррақұрылымды дамыту — келесi инфрақұрылымдарды объектi аумағында құру және жөндеу: су тарту, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшiн саңылауларды бұрғылау), газдандыру, су тарату, бу құбыры, өнеркәсiп алаңдарына арналған қазандықтарды жылумен қамтамасыз ету, су құбырлары, темiр жол тұйықтары, темiр жол кiрме жолдары, телефонмен жабдықтау, электрлiк шағын бекеттер, электр тасымалдау жолдары, септиктер, газбу орнату, болжамалы қуат көздерi;
  4. өндiрiстiк объектiлерде орнатылатын индустриялдық аймақтар құру, (өндiрiстiк, қоймалық және әкiмшiлiк жайлар), әлеуметтiк қызметтер көрсету (қоғамдық тамақтану пункттерi, жұмыскерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, тұрмыстық қызмет көрсету), банктiк қызметтердi көрсету объектiлерi.

Меншiктi жобаларды iске асыратын және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған Кәсiпкерлер Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар болып табылады:

  • Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларында;
  • Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетiлген ИИДМБ-да айқындалған өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларында.

Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық деңгейiн төмендету

Сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау тек 14%-дан көп емес номиналды сыйақы мөлшерлемесi бар кредит бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-ы мемлекет атынан, қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi.

Бағдарламаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметiн экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне кәсiпкер өтiнiм берердiң алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде валюталық пайдасы бар кәсiпкерлер Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушы бола алады.

Төртiншi бағыт: кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары

Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттiк қаржылай емес қолдау көрсетудi көздейдi:

  1. кәсiпкерлiктi ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  2. кәсiпкерлердiң құзыреттерiн дамыту;
  3. кәсiпкерлердiң өнiмдiлiгiн арттыру;
  4. iскерлiк байланыстарды кеңейту.

Қолдану Zip (44 Kb)

Құрметтi кәсiпкерлер!

Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту үшiн мемлекеттiк бағдарламалар iске асырылады:

  • 2010 жылдан бастап «Бизнестiң жол картасы 2020»;
  • 2014 жылғы сәуiр айынан бастап өңдеушi өнеркәсiп саласымен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдауға арналған «Даму-Өндiрiс II» бағдарламасы.

«Бизнестiң жол картасы 2020» мемлекеттiк бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты бар өндiрiстердi ашу және кеңейту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және қазiргi бар орындарды сақтау, индустриалды инфрақұрылымды дамыту, кәсiпкерлердiң тәуекелдерiн төмендету және бар кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру болып табылады.

Бағдарламаны iске асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1 бағыт — Жаңа бизнес бастамаларды қолдау;

3 бағыт — Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету;

4 бағыт — Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

Кәсiпкер мынадай мемлекеттiк қолдау ала алады:

  • кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау;
  • кредиттер бойынша кепiлдiк беру;
  • өндiрiстiк (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту — объектiнiң шекараларына мынадай инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту: жолдар, су бөлу, газбен жабдықтау, су өткiзу, бу өткiзу, жылумен жабдықтау, өнеркәсiптiк алаңдар қазандықтары, су құбырлары, темiр жол тұйықтары, телефондау, электр қосалқы станциялары, электр беру желiлерi, құдықтар;
  • жаңа бастап жатқан кәсiпкерлердi гранттық қаржыландыру;
  • бизнестi жүргiзуге сервистiк қолдау.

Бағдарламаның қатысушылары экономиканың басым секторларында жобаларын iске асырып жатқан кәсiпкерлер болуы мүмкiн: агроөнеркәсiптiк кешен, тау кен өндiру өнеркәсiбi, жеңiл өнеркәсiп және жиһаз шығару, көлiк және үю, туризм, бiлiм, денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер мен т.б.

Өңдеушi өнеркәсiп саласымен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдауға арналған «Даму-Өндiрiс II» бағдарламасы

Өңдеушi өнеркәсiптегi жобаларды қаржыландыру бағдарламасы бойынша кәсiпкердiң:

  • жаңадан алуына немесе қолданыстағы кредиттi қайта қаржыландыруға өтiнiммен 13 банктiң бiреуiнен 120 айға дейiнгi мерзiммен 6% кредит;
  • кредит сомасының 20% мөлшерiнде кепiлдiк алуына болады.

«Даму-Өндiрiс II» бағдарламасы

Өңдеушi өнеркәсiп саласымен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн кредиттеудiң негiзгi шарты төменде көрсетiлген тiзiлiм бойынша өңдеушi өнеркәсiп саласына жататындығы болып табылады.

«Даму-Өндiрiс II» бағдарламасы

Осы бағдарламалар туралы толығырақ ақпаратты http://business.gov.kz/ru/, http://www.damu.kz/, http://www.damu.kz/15754 сайттарынан және 50-27-34, 46-92-31 телефондары арқылы алуға болады.

Петропавл қаласында 2013 жылы «Бизнестiң жол картасы 2020» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат

Петропавл қаласында «Бизнестiң жол картасы 2020» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жұмыстары жалғасуда.

2013 жылы кәсiпкерлерге «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағдарламасының 1-бағыты шеңберiнде қолдау көрсетiлдi:

1) кредиттiң жалпы сомасы 1,44 млрд. теңгеге 44 жобаны iске асыру үшiн субсидия берiлдi.

Жобалар мыналарға:

  • өндiрiстi жаңғыртуға, кеңейтуге («Казнефтегазмаш» ЖШС, «ViZaVi Company» ЖШС, ЖК Сокиро С.Н., «ЗМО» ЖШС, «Grits» ЖШС),
  • жабдықтар, жылжымайтын мүлiктер сатып алуға (ЖК Назырова Т.Н., ЖК Пушкалов Ю.Ю., «Ашық Аспан-2» ЖШС, «АБВГДЕЙКА» ЖШС, «Баларман» ЖШС),
  • автобус паркiн кеңейтуге, жолаушылар және жүк тасу қызметтерiн көрсетуге бағытталған (ЖК Гриценко В.А., ЖК Рахимжанова Г.И., ЖК Попов С.А., ЖК Комлев В.Е., ЖК Агапова Ю.В., ЖК «Тирус-Авто», ЖК Ковтун Е.А.).

2) жалпы сомасы 433,6 млн.теңгенi құрайтын 8 жобаны iске асыруға кепiлдiк берiлдi. Кепiлдеме беру сомасы 180,6 млн.теңгенi құрады.

Жобалар мыналарға:

  • негiзгi құралдарды жаңғыртуға және қайта жаңартуға, шұжық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыруға, жылыжай-питомниктер кешенiн ұйымдастыруға («Мир аттракционов» ЖШС, ЖК Искаков А.Р., ЖК Омарова А.А.),
  • мектепке дейiнгi бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған жылжымайтын мүлiктердi сатып алуға («Баларман» ЖШС, «АБВГДЕЙКА» ЖШС, «Ашық Аспан-2» ЖШС, «Добрая сказка» ЖШС),
  • жүк тасу қызметтерiн көрсетудi кеңейтуге бағытталған (ЖК Гриценко В.А.).

3) Қаланың өндiрiстiк (индустриалдық) инфрақұрылымын дамытуға 248 млн. теңге қаржыландыру көлемiмен 2 жобаны ӨҮК-мен мақұлданды:

  • электрмен жабдықтау салу және Кирпичный кентiн электр желiлерiне қосуға (4 кәсiпорынның тапсырыстары бойынша ЖК Яборов Н.Д., ЖК Яборов С.Н, ЖК Симонян Р.А., ЖК Сухарев А.А.),
  • Береке шағын ауданына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым (автожолдар) салуға (4 кәсiпорынның тапсырыстары бойынша «Фрегат» ЖШС, «Петропавловск-Кондитер» ЖШС, ЖК Джокиладзе Р.А., ЖК Гуськов В.В.).

2013 жылғы 12 айда «Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн азайту» мемлекеттiк бағдарламасының 3-бағыты бойынша жалпы несиенiң 1,03 млрд.теңге сомасына 6 жоба бойынша субсидия берiлдi.

Жобалар мыналарға:

  • өндiрiс көлемiн ұлғайту, ұн өнiмi үшiн айналым қаражатын толықтыру («СевЕсильЗерно» ЖШС, «Урал Каз-Пром» ЖШС),
  • электр ажырату материалдарын өндiру үшiн айналым құралдарын сатып алуға («Блок» ЖШС),
  • жүк автокөлiк құралдарын кеңейтуге және жаңартуға («MALIMM-Trans» ЖШС),
  • ұн үктiру өнеркәсiбi саласындағы өндiрiстi кеңейту («СевЕсильЗерно» ЖШС),
  • диiрмен кешенiнiң өндiрiстiк қуаттылығын арттыруға бағытталған («DEZ» ЖШС).

2013 жылғы 12 айда барлығы экономиканың басым салаларында өз қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлерге жалпы сомасы 3,15 млрд. теңгеге 60 жобаны iске асыруға қолдау көрсетiлдi.

«Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту» бағдарламасының 4-бағыты аясында қалада «Бизнес-кеңесшi» бағдарламасы бойынша жаңа бастағандарға (2013 жылғы 6, 7 маусым) және әрекет жасап жүрген қаланың кәсiпкерлерi үшiн (2013 жылғы 20, 21 тамыз) 2 семинар өткiзiлдi. Курс нәтижесiнде бизнестi тиiмдi жүргiзудiң бiрыңғай және қолжетiмдi бiлiм жиыны берiлдi, 54 тыңдаушыға экспресс-оқыту туралы сертификаттар берiлдi.

14.10.2015 11:25


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы