Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Электрондық үкіметті жүзеге асыру || Электрондық сандық қол қою

Электрондық сандық қол қою

ЭСҚ деген не?

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Басқару саласындағы маңызды теминдердің бірі — электрондық сандық қол қою болып табылады. (ЭСҚ). Оны құжаттардың заңдық маңыздылығын растау үшін қолданады.

Электрондық сандық қол қою — бұл электрондық құжаттың оны жасанды құжаттан сақтауға арналған реквизиті. ЭСҚ қойылған қойдың иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ, электрондық құжаттағы, ақпараттың қатесін анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық санды қол қою — бұл маңызды құжаттармен алмасуға арналған өте ыңғайлы замануи құрылғы, электрондық қол қою механизімін енгізудің арқасында, Қазақстан өңірлерінің шекаралары енді экономикалық қарым-қатынас жасауға кедергі болмайды.

ЭСҚ қалай пайдалануға болады?

Қол қоюды пайдалану өте оңай. Ол арнайы қабілет пен ептілікті, білімді қажет етпейді. Электронды құжаттармен алмасатын әр пайдаланушыға бірегей ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.

Маңыздысы құпия (жабық) кілт болып табылады, ол арқылы электронды құжаттарды шифрлау жүзеге асырылады және электронды сандық қол қою жасалынады. Сонымен қатар, кілт пайдаланушыда қалдырылады және оған жеке тасымалдауышта тапсырылады. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа жүйе пайдаланушыдан құпияда сақтау қажет.

ЭСҚ дұрыстығын тексеру үшін ашық кілт пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Куәландыратын орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған. Куәландыратын Орталық кілттердің сенімді сақталуын және тіркелуін қамтамасыз етеді.

Ашық кілт жабық кілтпен бірге жүреді.

Электрондық қол қоюдың артықшылығы неде?

Сандық қол қоюды пайдалана отырып Сіз:

  • Тек облыстың мемлекеттік органдарының виртуалды қабылдауларына ғана емес, республиканың виртуалды қабылдауларына өтініштер білдіре аласыз. (Осы сервис Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдарға өз өтініштерін білдіруге және мемлекеттік органнан жауап алуға мүмкіндік береді, және өз өтініштерінің мемлекеттік органға жеткізілгенін немесе орындауға тапсырылғанын біле алады.)
  • Үйден шықпай тәулігіне 24 сағат бойы және жұмасына 7 күн бойы мемлекеттік қызметтер аласыз.
  • Электрондық саудаларда, аукциондарда және тендерлерде тауарлардың және қызметтердің ең қолайлы ұсыныстарын таңдайсыз және ұсына аласыз.
  • Заманауи тұрғыда ұйымдар және құрылымдық бөлімшелерімен интернет арқылы өзара қарым-қатынас жасай аласыз.
  • Қазақстанның кез-келген облысының, қаласының әріптестерімен алыс ара-ара қашықтықта экономикалық операциялар жасап өз бизнесіңіздің аймағын кеңейте аласыз.

ЭСҚ кілтін қалай иеленуге болады?

2008 жылғы 20 қыркүйектен бастап ҰКО ұсынған электронды сандық қол қоюдың кілттері мен сертификаттарын Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан Ұлттық Куәландыратын орталықтың тіркеу орталықтарынан немесе www.pki.gov.kz мекен жайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыратын орталығының сайтында on-line мәлімдемесін рәсімдеп алуға болады.

Электрондық құжаттарды жасау және қолдану кезіндегі қарым-қатынастар «Электрондық құжат және электронды сандық қол қою туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңымен реттеледі.

08.05.2012 14:51


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы