Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі || Кітапханалар || И. Шухов атындағы қалалық кітапхана

И. Шухов атындағы қалалық кітапхана

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» ММ

1976 жылы Петропавл қаласында орталандыруды жүзеге асыру кезінде орталық қалалық кітапхана № 10 қалалық жаппай кітапхана базасында ұйымдастырылған. 1977 жылы кітапхана Пролетарская, 65 көшесінде жаңа ғимаратқ көшті, қазіргі кезде Брусиловский көшесі, 65.

1977 жылдың желтоқсан айында Орталық қалалық кітапханасына қазақстандық белгілі жазушысы Иван Петрович Шуховтың аты берілді. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» ММ бағынатын кітапханалар: № 1 кітапханасы, 2005 жылы 30 қыркүйекте ашылды, № 2 кітапхана 2007 жылы І тоқсанында берілді, Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған мамандырылған кітапхана.

Мекен жайы: СҚО, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 65.
Директор: Шалавина Наталия Прокофиевна
Телефон, факс: 33-19-57
Е-mаil: shuhov_lib@mail.kz
Сайт: shuhov.sko.kz

Жұмыс тәртібі:
Сағат 10.00-ден, 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс — 14.00-15.00
Демалыс күні — жұма
Айдың соңғы күні — санитарлық күн

«Мен алақаныма күннiң көзiн аламын»Халықаралық балаларды қорғау күнiне арналған «Мен алақаныма күннiң көзiн аламын» балалар мерекесi 3.06.2017 жылы ҚЗҚ акт залында өттi. Шараның мақсаты: мерекелiк шаттық көңiл-күйдi қалыптастыру, балаларды шаттыққа баулу, мерекеге белсендi қатысуға деген ынтасын ояту.

Мерекенiң тарихымен, мерекенiң пайда болуымен балаларды жүргiзушi таныстырды. Қалалық және облыстық басқарманың төрағалары Е.С. Аманжолов пен А.У.Ташенова құттықтау сөздер айтты. Сосын сахнаға көңiлдi кемпiр Шапокляк шығып, ол балаларға оның «күлкiлi ойындарын» ойнауға шақырды, бiрақ балалар оның «мейiрiмсiз» ойындарын ойнауға келiспедi. Қорытындысында Шапокляк мейiрiмдi болып, түзелуге сөз берiп, балалармен олардың көңiлдi ойындарын ойнады. Шара барысында балалармен келесi ойындар ойналды: «Қатенi тап» ойыны; «Алтын балалық шағыңды еске ал» ойын-әңгiме; көрермендермен ойын, «Шалқан» ойын-ертегi; «Жазда болады» музыкалық ойын. Балалар барлық ойындар мен конкурстарға белсендi қатысып, өлеңдер айтып, әндер шырқады. Мерекенiң қорытындысында балалар сыйлықтар мен тәттiлер алды. Шараға — 54 адам қатысты.

«Ұлы даланың мәңгiлiк құндылықтары»Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнiне №2 қалалық кiтапханамен 2017 жылдың 2 маусымында «Ұлы даланың мәңгiлiк құндылықтары» танымдық саяхат өттi. №20 ОМ бастауыш сынып оқушылары шараға қатысты. Шара барысында мемлекетiмiздiң әрбiр атрибуты туралы өз бiлiмдерiн балалар кеңейттi, геральдиканың тарихы туралы бiлдi. Оқырмандарға ҚР мемлекеттiк рәмiздерi туралы кiтаптар, альбомдар: ту, елтаңбаның түрлi түстi суреттерi, әнұранның мәтiнi және бiздiң республикамыздың мемлекеттiк рәмiздерiнiң авторлары туралы әдебиеттер көрсетiлдi. Оқырмандар кiтаптармен қызығушылықпен танысып, сұрақтар қойды. Шараға қатысушылар ел заңдарын бiздiң республикамыздың әр тұрғыны ұстану қажет және мемлекеттiк рәмiздерге құрметпен қарау керек деген ойға келдi. Қатысқандар — 18 бала.



«Әлемнiң барлық балаларының мерекесi»01.06.2017 жылы «Әлемнiң барлық балаларының мерекесi» мерекелiк бағдарлама өттi. №20 ОМ мектеп алаңындағы балалар Балаларды қорғау күнiне арналған мерекеге қатысты. Кiтапханашы балаларды мерекемен құттықтап, жазды танымды және қызықты етiп өткiзудi тiлеп, мерекенiң пайда болу тарихы туралы әңгiмеледi. Балалар ертегiлер әлемiне саяхатқа аттанып, «Ертегiлiк кейiпкерлер» викторинаға қатысып, бiлген мақал-мәтелдер юойынша сайысты. Өздерiнiң сүйiктi кiтаптары туралы балалар үлкен қызығушылықпен әңгiмеледi. «Ертегiлiк алфавит» үстел ойынын ойнау ұсынылып, кез-келген әрiп секторына тоқтағанда балалар қойылған сұраққа дұрыс жауап бергеннен кейiн ғана әрi қарай жүре алды. Мереке елiктiргiш және қызықты өттi. Кiтапханашы кiшкентай оқырмандарға жазды күнi кiтапхананы ұмытпауды, мiндеттi түрде кiтап оқуды, сонда ғана жазғы демалыс жалықтырмай, елiктiргiш, қызықты және танымды өтетiнiн айтты. Қатысқандар 20 бала.

2017 жылдың 1 маусымында Қалалық мәдениет және демалыс саябағында И. Шухов атындағы ОҚК, кiтапхана-филиалдарының қызметкерлерiмен «Кiтап оқитын балалардың бақшасы» Балаларды қорғау күнiне арналған бағдарлама өткiзiлдi. 

«Кiтап оқитын балалардың бақшасы»«Кiтап оқитын балалардың бақшасы»

Шараның бағдарламасында: «Кiтап ойнауға шықты» әдеби жалғыз аяқ жол. Әр қатысушыға балалар жазушыларының шығармалары бойынша сұрақтар қойылып, оған бала кiтаптан кiтапқа «әдеби жалғыз аяқ жол» бойымен өтiп, жауапты кiтап көрмесiнен табуы тиiс; «Балалар күлулерi тиiс» ойын-пантомима. Қатысушылар балалар авторларының өлеңдерiнен үзiндiлердi қозғалыстармен «дыбыстады»; «Жазғы мозайка» пазл-реслинг. Бұл ойынға бiрнеше пазлдардың жинақтары дайындалды. Жүргiзушi әр ойыншыға пазлдардың жинақтарын берiп, екi (бес) минуттың iшiнде осылардан картинаны құрау керек деп түсiндiрдi. Жүргiзушi ойын уақытын белгiледi. Тапсырма басқа картиналардан алынған элементтердi қосу арқылы күрделендi; «Өзiңе сыйлық жаса» акциясы. Бұнда балалар өз қолдарымен қағаз бен картоннан бұйымдарды сыйға жасай алды. Шара барысында библиографиялық өнiмдер (визиткалар, бет белгiлер, балаларға арналған ұсынылатын әдебиеттердiң тiзiмдерi), сыйлықтар және т.б. таратылды. Бағдарламаға 500 адам қатысты.

«… Ақ тырнаға айналды» ТЖ бойынша департамент қызметкерлерi арасында И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқырман залында 30.05.2017 жылы Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған «… Ақ тырнаға айналды» еске алу және қайғыру сағаты өттi. 20 ғасырдың 30-50 жылдарында бүтiн халықтар қуғынға ұшырады. Адамдарды тұрақты орындарынан қуып, Қазақстан мен Сiбiрге жер аударды. Немiс халқын да солай қылды. Түрлi жерлерден, әр уақытта Германияның немiстерiн Ресейге жер аудару тарихы туралы, осы жер аударудың экономикалық себептерi туралы балаларға жүргiзушi әңгiмеледi. Кеңес немiстерiнiң тағдырын 1941 жыл өзгерттi. Герман фашизмiне астыртын дем берушi ретiнде барлық Поволжья халқы «Поволжья ауданында тұратын немiстердi жер аудару туралы» негiзсiз айыпталған, КСРО Жоғарғы Президиумның 28 тамызындағы Қаулысы шығарылды. Әскери команданың отрядымен немiс ұлтты тұлғалар Сiбiрге, Қазақстан мен Орта Азияға күштеп жер аударылғандығы туралы, сонымен қатар қорғаныс қорына соңғысын тапсыра отырып, соғыс жылдарында кеңес немiстерi жанкештi еңбек еткендiгi жайында және тың жерлердi игеруде немiс ұлтының азаматтары белсендi қатысқандығы туралы балаларға әңгiмелендi. Әрi қарай бiздiң қаламыздағы «Видергебурт» немiс мәдени орталығының қызметi туралы және онда кез-келген қалаушы немiс тiлiн және немiс халқының мәдениетiн зерттей алатындығы жайлы балалар бiлдi. 30 жылдары қуғын-сүргiнге ұшыраған ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерiн қалалық классическалық гимназияның оқушылары Меруерт Ашимова мен Айдана Какенова оқыды. Қатысқандар — 32 адам.

Мүгедек-балалар арасында ОҚК оқырман залында балалар абонементiмен 2017 жылдың 29 мамырында «Әлемдегi ең жақсы өлеңдер мен ертегiлердi жердегi барлық балаларға берсе ғой» әдеби-музыкалық композиция өттi. 

«Әлемдегi ең жақсы өлеңдер мен ертегiлердi жердегi барлық балаларға берсе ғой»«Әлемдегi ең жақсы өлеңдер мен ертегiлердi жердегi барлық балаларға берсе ғой»

Дарынды балалар мектебiнiң оқушылары-қатысушылар ретiнде шақырылды. ДБМ оқушылары бiрнеше музыкалық нөмiрлердi: музыкалық инструменттерде ойнап, өлең айтты.

Өлең мен әндерден, құттықтаулардан, ойындардан, көптеген ертегiлiк конкурстардан шараның бағдарламасы құрылды. И. Шухов атындағы ОҚК кiтапханашыларымен барлық балаларға арналған конкурстар дайындалды. Балалар мен ересектер келесi конкурстарға қатысты: «Сөйлемдi аяқта», «Ертегiнi тап», «Сиқырлы сандық» және басқа. Балалар беттерiмен өлеңдердi жатқа айтты. Сонымен қатар сүйiктi ертегiлер туралы әңгiмеге қатысты. Қатысқандар — 25 адам.

«Әлемдiк тәжiрибеге сай болу» «Жеңiс» ДПК балалармен №2 кiтапханамен 2017 жылдың 16 мамырында «Әлемдiк тәжiрибеге сай болу» ақпараттық сағат өттi. «ЭКСПО-2017» Астана қ. халықаралық көрмеге шара арналды. «Болашақ энергиясы» қазiргi заманғы және өте өзектi тақырыпқа көрме арналғандығы туралы қатысушылар ақпарат алды. ЭКСПО — бұл маңызды уақиға, онда қатысушы-елдер энергияның баламалық қайнар көздерiн қолдану арқылы техника мен ғылым саласында жетiстiктерiн, жаңа зерттемелерiн ұсынады.

Астана қ. көрменiң болашақ павильондарын слайд түрiнде балаларға көрсеттi. Билеттердi қазiрдiң өзiнде сатып алуға болады, кез-келген адам көрмеге келе алады. Қатысқандар 15 адам.

«Болашаққа «Жасыл көпiр»№12 ОМ 6 сынып оқушылары арасында 15.05.2017 жылы «Болашаққа «Жасыл көпiр» интерактивтi танымдық бағдарлама өттi. Жүргiзушi-кiтапханашы Г.С. Мелешкевич.

«Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған ең маңызды халықаралық форумдардың бiрi — ЭКСПО Халықаралық мамандырылған көрмесi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ЭКСПО-ны өткiзу идеясын ұсынды. Ұйымдастырушылар шара жоғары деңгейде өту үшiн не iстеп жатыр? ЭКСПО-2017 көрмесi қандай болады? Ол бiздiң елге және барлық қазақстандықтарға не бередi? Нелiктен ЭКСПО — бұл мәртебелi? Слайдтар мен бейнематериалдарды қолданып өз сөз сөйлеуiнде жүргiзушi осы сұрақтарға жауап бердi. ЭКСПО қалашық, Қызмет көрсетудiң жалғыз орталығы, Конгресс-орталық, халықаралық павильондар, Қазақстанның ұлттық павильоны — Сфера сияқты көрменiң осындай обьектiлерiне виртуалды саяхат жасау оқушыларға ұсынылды. Қатысқандар — 24 адам.

13.06.2017 16:35


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы