Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызмет || Іс-шара жоспарын жузеге асыру жөнінде ақпарат

Іс-шара жоспарын жузеге асыру жөнінде ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1276 қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, ол қала әкімдігі жанындағы әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін ұйымдастыруда атқарушы, құқық қорғау және өзге-де мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия өзінің қызметінде Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілері, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені басшылыққа алады.

Қала әкімі басқарған комиссия құрамына құқық қорғау органдары, жер инспекциясы, салық қызметі, прокуратура, қаржы полициясы, әділет органдарының өкілдері және қалалық мәслихат хатшысы кірді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық ведомстволар мен жұртшылықтың әрекеттерін үйлестіру жөніндегі мәселелерді жүйелі негізде және жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.

Комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарында мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдердің ақпараттық айқындығын қамтамасыз ету, орындау тәртібін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылау бойынша мекеме ұжымдарында жиналыс өткізу, кадр қызметтерін осы бағыт бойынша бақылауды күшейтуге бағдарлау мәселелері қаралады.

Ағымдағы жыл басынан Комиссияның бір отырысы өткізілді, онда мынадай мәселелер қаралды:

  1. Петропавл қаласының автомобиль жолдарының жағдайы туралы;
  2. Қаланың шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша Петропавл қаласының атқарушы органдарының жұмысы туралы;
  3. Қала ведомстволарында мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың қызметтеріндегі қаржы тәртібін нығайту бойынша шаралар туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындылары бойынша комиссия «Петропавл қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары Қ.Т. Ғалеевтің, «Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бастығы Е. С. Сальникованың, «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы Г.Қ. Алтынбекованың ақпараттары — назарға алынсын деп шешті.

«Петропавл қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қала көшелерінің жол төсемі жағдайына талдау жасау ұсынылған болатын, пайдалану барысында қала көшелеріндегі жолдың жүру бөлігінің жағдайына баға беру, қаланың Ішкі істер басқармасы автокөлік инспекциясының қызметкерлерімен, облыстың мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық бақылау басқармасымен бірге айқындалған бұзушылықтарды актілеумен мердігер ұйымдармен орындалған жол төсемдерін жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру бойынша қала аумағын айналып өту, жүргізілген жөндеу жұмысынан кейін қала көшелерінің жол төсемдерін 100% қалпына келтіру бойынша бақылауды күшейту, қаланың жөндеуші жол желілері объектілері барысы мен сапасына тиісті бақылауды жүзеге асыру, жұмыс көлемін толық орындамаған, не жұмыс көлемі қала көшелерінің жол төсемдерін жөндеу саласында көрсетілетін қызметтер сапасына сәйкес келмегенде мердігер ұйымдармен талап ету жұмысын жүргізу ұсынылды (әрдайым).

«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ жеңілдетілген кредит беру үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жоспарына рецензиялау жүргізу, қала аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдау мекемелері бойынша шағын және орта бизнес, халық арасында, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру, өндіретін өнімнің көрме-жәрмеңкесін дайындау және өткізу арқылы қала кәсіпорындарының әртүрлі салалардың тұтынушыларымен өзара әрекетін қамтамасыз ету, қалада ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасын ұйымдастыру және кеңейтуге көмектесу.

«Қаланың қаржы бөлімі» ММ жылдық сомаларды, қаржыландыру жоспарларын ай сайынғы бөлуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін айқындау, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп жасау арқылы бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тіркелмеген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдауды жүзеге асыру, бюджеттік қаражаттарды игеруде пәрменді шаралар қабылдау, оның ішінде 2011 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді, жыл бойына қала әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің және олардың ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарының қаржы қызметкерлерімен тиісті оқу жоспарын әзірлеумен құқықтық және қаржылық сауаттылыққа қатысты құқықтық жаппай оқу өткізу.

Комиссия жұмысынан басқа қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде құқықтық тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларын зерделеу және талқылау, қалалық бөлімдер мен лауазымды тұлғалардың қызметінде тәртіпті нығайту жұмыстары жүргізіледі. Үнемі мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігі түсіндіріліп тұрады.

2011 жылдың ағымдағы мерзімінде «құқықтық жаппай оқу» шеңберінде барлығы 37 құқықтық жаппай оқу өткізіледі.

Заң қызметтерін белсендіру мақсатында, ағымдағы жылдың 29 наурызында қала әкімінің кеңесшісі Ж.С. Жұмабектің төрағалығымен қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде заң қызметтері жұмыстарының жағдайы туралы жұмыс кеңесі өткен болатын.

Қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен жұмыстың айқындылығы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық бюджеттің орындалуы туралы мәліметтер жарияланады.

Қала әкімінің баспасөз қызметімен Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органының қалалық бөлімдері басшыларының халық алдында сөз сөйлеуі бойынша Медиа-жоспар әзірленді және бекітілді.

Қала әкімінің сайтында құрылымдық бөлімшелердің сапалы құрамы, міндеттері мен мақсаттары, телефондары және бірінші басшылардың қабылдау күндері, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімі туралы мәліметтер орналасқан.

«Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бірінші қабаттағы стендтерде жер учаскелеріне құқықтарын ресімдеу кезіндегі құжаттардың өту сұлбасын және өтініш беру тәртібі туралы, ақпараттар, азаматтардың жер учаскелеріне өтініштерін қарау тәртібі туралы Жер кодексінің баптарынан үзінділер орналастырылған.

Қалалық бөлімдердің Ережелеріне мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігін күшейтуді, оның ішінде Ведомство қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, олардың атқаратын лауазымынан босатылуын қарастыратын толықтырулар енгізілді.

Заңнаманың осы талабында, атап айтқанда өз қарамағындағыларды лауазымға тағайындау құқығы басшының үлесіне берілгені және мемлекеттік мекемемен сеніп тапсырылған тәртіп жағдайына жауапты екені жазылған. Мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы мемлекеттік мекеме басшысымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының орындалмағаны туралы куәландырады.

Қызметте заңдылықты сақтау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың болмау кепілі.

Сондай-ақ оның орындалмауы бойынша облыс әкімдігіне тоқсан сайын, ақпарат беру үшін қала әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелеріне Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқарлыққа қарсы күрестің Өңірлік бағдарламасы Іс-шараларының жоспары жолданған болатын.

Қала әкімдігінде осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Заң бөлімінің бастығы 
Э. Сибанов

10.05.2012 11:26


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы