Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Қала басшылары

Қала басшылары

Әкiм

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы 1971 жылғы 20 тамызда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Андреевка селосында туған.

Көкшетау ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылдан Көкшетау облысы Рузаев ауданы «Привольный» совхозында бригада есепшiсi болып бастаған.

1995–1998 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Целинный ауданының «Западное Қазақстан» ЖШС бас агрономы.

1998–2000 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Целинный ауданының «Западное Қазақстан» ЖШС директоры.

2000–2006 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданының «Вест» ЖШС директоры.

2006 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданының әкiмi болып қызмет атқарды.

2014 жылғы 11 қазаннан Петропавл қаласының әкiмi болып тағайындалды.

Марапаттаулар:

ҚР Президентiнiң алғыс хаты 2001 ж.

«Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалi 2004 ж.

«Құрмет» орденi 2007 ж.

«Парасат» орденi 2011 ж.

«Ұлы Жеңiске 70 жыл» естелiк медалi 2015 жыл.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалi 2015 жыл.

«Қазақстан полициясына 20 жыл» омырау белгiсi 2015 жыл.

Қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

Қайролла Төлейұлы Ғалеев

Қайролла Төлейұлы ҒалеевҚайролла Төлейұлы Ғалеев 1967 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Чистовский совхозында туған.

1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры дипломын алды.

Еңбек жолын 1989 жылы «Отделстрой» ҚМБ 3 дәрежелі электриктен бастады. 1990 жылы Булаев ауданы «Авангард» кеңшарындағы мал шаруашылығында аға дәнекерші болып істеді.

1994–1998 жылдары — Булаев ауданы «Дәурен» ҚШ инженер-механик болып жұмыс істеді.

1998–1999 жылдары — Булаев минципальдық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының конкурстық басқарушысы лауазымында болды.

2000–2002 жылдары — Булаев «Сельхозмеханизация» МКК астық қозғалысы жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.

2006–2009 жылдары — «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2009–2011 жылдары «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2011–2012 жылдары «Коммунхоз» МКК директоры болып жұмыс істеді. 5-ші шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды.

2012 жылғы қазаннан бастап қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарының міндеттерін атқарды.

Қала әкiмiнiң экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары

Смаилова Сания Николаевна

Смаилова Сания НиколаевнаСмаилова Сания Николаевна 1969 жылдың 17 маусымында СҚО Возвышен ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Омбы ауылшаруашылығы институтын жерге орналастыру-инженерi, 2001 жылы Кокшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Возвышен аудандық қаржы бөлiмiнiң аға маманы, болып бастаған.

1997-1998 жылдар аралығында Булаев аудандық қаржы бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еткен.

1998-2013 жылдар аралығындан СҚО қаржы басқармасының бiлiм мекемелерiн қаржыландыру бөлiмiнде жетекшi маман, бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарған.

2013 жылдан осы тағайындауға дейiн СҚО бiлiм басқармасы жетекшiсiнiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары лауазымында болды.

Қала әкiмiнiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары

Глотов Евгений Сергеевич

Глотов Евгений Сергеевич Глотов Евгений Сергеевич 1987 жылы 28 желтоқсанда Қарағанды облысында туған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң заң факультетiн «халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурасында бiлiм алған, Ұлыбритания, 2013 жыл.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастары конгресiнде менеджер болып бастаған.

2007-2008 жылдар аралығында «Есiрткiсiз болашақ» корпоративтiк қорында атқарушы директор қызметiн атқарды.

2008-2009 жылдары «Қазақстан ауыл жастары» одағының төрағасы болды.

2011-2014 жылдары «Стилсофт-Астана» ЖШС директоры қызметiн атқарды.

2015 жылы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бас инспекторы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарған. 

Осы тағайындауға дейiн 2015 жылдың қазан айынан  «Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы»  КММ басшысы лауазымында қызмет еттi.

21.12.2016 14:22


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы