Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қала туралы || Қаланың құрметті азаматтары

Қаланың құрметті азаматтары

Сайдаш Садықұлы Ғайсин

Сайдаш Садықұлы Ғайсин 1933 жылы Батыс Қазақстан облысы Жамбіті ауданы Жамбіті кентінде туған.

1943 жылдан Одесса Қызыл тулы әскери училищесінің тәрбиеленушісі болды.

1945 жылы Орал қаласының музыкалық мектебіне, кейін керней сыныбы бойынша музыкалық училищесіне түсті. Училищені аяқтағаннан кейін оқуын Алматы консерваториясында жалғастырды.

Консерваторияны аяқтағаннан кейін Петропавл қаласына жолданып, музыкалық училищенің ұстазы жұмысына кірісті, онда 2003 жылға дейін оркестр бөлімшесінің меңгерушісі болып істеді. 1961 жылғы мамырда Петропавл музыкалық училищесінің директоры болып тағайындалды. Екі жылдан кейін әкімшілік жұмыстан қайта ұстаздық қызметке оралды.

Музыкалық училищеде істеген кезінде педагогикалық училищенің жанынан үрмелі, симфоникалық, әйелдер үрмелі аспаптар оркестрін құрды. Оның бастамасы бойынша облыстың аудандарында музыкалық мектептер ашылды. Облыс орталығында дарынды балалар мектебін ашуға оның ауылдың талантты балаларының тағдыры, оларға жас таланттардың дамуына мүмкіндік беретін арнайы мектеп-интернат ашу қажеттігі туралы «Жылама, домбыра» деген тамаша мақаласы әсер етті.

Сайдаш Садықұлы барлық ғұмырында қазақ музыкасын насихаттаушы болды және де қазақ музыкалық фольклорының үлгілерін тырнақтап жинады.

Қазіргі уақытта Соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық халық қорының солисі.

Сайдаш Садықұлы «Орта арнайы білім берудегі үздік табысы үшін (1973), «Өнерпаздық өнердегі жетістігі үшін» (1979) белгілерімен, Ұлы қазан революциясына арналған екінші бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты медалімен (1987), «Тың жерлерді игергені үшін» (1967), ҰОС Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылығының лауреаты (1985), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне ерлік еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1985), «ҰОС жеңісінің 65 жылдығы» (2010) медальдарымен марапатталған.

Виктор Григорьевич Шалаев

Шалаев Виктор Григорьевич 1946 жылғы 15 маусымда Ярослав облысы Большесельск ауданы Большое селосында туған.

1968 жылы Горький театр училищесін бітірді. А.П. Чехов атындағы орыс драма театрында, Свердлов драмтеатрында, Волгоград облыстық жылжымалы драма театрында, Самарқан орыс драма театрында, Түмен облыстық драма театрында жұмыс істеген.

1980 жылдан Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында жұмыс істейді.

Театрда істеген уақытта өзін жарқын бейнелер жасауға қабілетті кәсіби әртіс ретінде көрсетті. Сахнада «Шоқан Уәлиханов» қойылымындағы Шоқан Уәлиханов, «Антоний және Клеопатра» қойылымындағы Цезарь, «Арбат балалары» қойылымындағы Сталиннің рөлдерін сомдады, оның қоржынында 100-ден аса рөл бар.

Режиссер-қоюшы ретінде әртіс Виктор Шалаев өзін 80-жылдарда көрсете бастады: Лобозеровтың «Бөгде адаммен отбасылық бейне», Маршактың «Үйшік», Ива Жамиактың «Амилькар мырза» және басқа да спектакльдер қойылды.

Барлық қойылған спектакльдер көрермендерге ұнады, 1994 жылы театрдың көркемдік кеңесімен Виктор Григорьевич Шалаев режиссер – қоюшы ретінде аттестаттауға ұсынылды.

2002 жылы В. Шекспирдің «Король Лир» спектаклінде Король Лирді, 2004 жылы Дарио Фоның «Бос жұп» спектаклінде инженер Мамбреттиді ойнады. Виктор Григорьевичтің шығармашылық қызметтегі биік шыңы ДЖ. Колдменнің шығармасы бойынша қойылған «Арыстан қыста» спектакліндегі Король бейнесі болды.

2004 жылы спектакль қою құқығымен көркемдік жетекші қызметіне бекітілді, 2011 жылы режиссер лауазымына ауыстырылды.

Виктор Григорьевич 1986 жылы Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген әртісі атағына лайық деп танылды;

XIV Республикалық фестивальда «Мордасовтың түстері» спектаклі (режиссері В.Г. Шалаев) «Ең үздік орындалған классика үшін» номинациясында «Лауреат» атағын жеңіп алды;

Орталық Азия елдерінің ІІ-ші Халықаралық фестивалінде (шығарманың авторы және режиссері В.Г. Шалаев) «Мағжан соты» спектаклі «Қазақстанның тарихи тұлғасын сахналық орындағаны үшін» номинациясында «Лауреат» атағын алды;

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған.

Федор Иванович Кашуба

1943 жылғы 18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Чапаев селосында туған.

1968 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген, білімі жоғары.

Және де сол уақыттан бастап үзіліссіз үшінші қалалық ауруханада дәрігер анестезиолог – реаниматолог, ал 1969 жылдан бастап анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Алғашқы мамандануды 1969 жылы Алматы қаласында өтті. Содан кейін Орталық және Республикалық, Белорус және Новокузнецк институттарының негізінде дәрігерлерді жетілдіру институттарында бірнеше рет өтті, клиникалық кардиология бойынша аралас жетілдіруі бар. Соңғы жетілдіру 2006 жылы Алматы Мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының негізінде.

Ауруханада жұмыс істеген уақытында Федор Иванович өзін жоғары білікті дәрігер, шебер басшы ретінде көрсетті. Ауруханада және облыста анестезиология және реанимация қызметін ұйымдастырушы болып табылады. Анестезиология және реанимация, физиология және патофизиология, фармакология және биохимия, терапия, педиатрия және хирургия саласында жоғары теориялық және практикалық дайындығы бар, операцияға қатысқан, диагностика жасаған кезде ауруды сездірмейтін барлық заманауи әдістерді жетік меңгерген.

Федор Иванович Кашуба ауруханада аурулардың қанын плазмаферез және ультракүлгін сәулесі арқылы емдеу әдісін енгізді.

Жоғары кәсіби шеберлік, ұжымның жұмысын ұйымдастыра білу принципшілдік — оның жұмысындағы басты ерекшеліктерінің бірі, ауруханадағы клиникалық - анатомиялық және ғылыми-практикалық конференциялардың төрағасы болып табылады.

Облыстық перинаталдық орталықты ашқанда анестезиология және реанимация бөлімшесінің ашылуын ұйымдастырды.

Санавиация бойынша білікті көмек көрсетеді, облыстың барлық реанимациялық ауруларына кеңес береді.

Ұзақ жылдар бойы штаттан тыс облыстық анестезиолог-реаниматолог болып табылады.

1985 жылы оған жоғары білікті анестезиолог – реаниматолог дәрігер санаты берілді, ол тұрақты жұмыс істейтін сертификат берумен бірнеше қайтара расталды;

1990 жылы «Денсаулық сақтаудың үздігі» атағы берілді.

Шарғия Жұманғалиқызы Мұқышева

Мукушева Шаргия Жумангалиевна1953 жылғы 18 шілдеде Петропавл қаласында туған.

Еңбек жолын 1971 жылы бастауыш сыныптың мұғалімі болып бастады. 1989 жылы оған қазақ тілінде оқытылатын бірінші сыныптың балаларын оқыту сенілді.

1994 жылы қазақ тілінде оқытатын мектептердің ашылуына байланысты Петропавл қаласы білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері лауазымына тағайындалды. Әдіскер ретінде оқушыларды қазақ тіліне оқыту жөнінде оқу-әдістемелік құрал әзірледі. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігімен мектептерде қолдануға рұқсат етілген 3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының бірлескен авторы. Қала тұрғындары арасында қазақ тілінде оқытуды насихаттауға белсенді қатысты, оның басшылығымен ана тілінде оқытатын № 6 орта мектеп және қалалық классикалық гимназия ашылды.

1999 жылы № 18 мектептің (аль-Фараби мектеп-лицейі) ашылуына байланысты директор болып тағайындалды. Кейін Петропавл қаласы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бастығы болып қалалық білім бөліміне ауыстырылды.

2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шарғия Жұманғалиқызы «№20 орта мектеп» КМК директоры болып істейді. Оның басшылығымен ұжымда педагогикалық шеберлік деңгейлерін арттыру бойынша педагогикалық технологиялар іздестіріліп, жұмыста табысты пайдаланылады. 2000 жылдан бастап мектеп М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы жұмыс істеді, 2003-2010 жылдары Оқу процесіне «Өзін - өзі тану» пәнін енгізу бойынша эксперименттік алаң болды. Пәндерді заманауи деңгейде сапалы оқыту мақсатында № 20 орта мектептің ұстаздары «Оқу шексіз» (Канада) Заманауи Педагогика орталығында дистанциялық оқудан өтуде.

«Өзін-өзі тану» пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге байланысты Шарғия Жұманғалиқызы педагогикалық кадрлар даярлау жөніндегі «Өрлеу» АҚ жетекшісі болып табылады.

Ол «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ белсенді мүшесі және Саясаткер әйелдер клубының мүшесі болып табылады.

Шарғия Жұманғалиқызы:

1992 жылы — «Қазақстан Республикасының білім үздігі белгісі,

1996 жылы — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы — «Көп жылдық және ерлік еңбегі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және ұлттық мереке — Тәуелсіздік мерекесіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т. Мансұровтың грамотасы.

2009 жылы мемлекеттік тілді енгізуге сіңірген еңбегі үшін «Мемлекеттік тілді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан айтарлықтай үлесі үшін және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуының 20 жылдығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләловтің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы — Ы. Алтынсарин кеуде белгісі.

2012 жылы — «Ғылым және білім номинациясында «Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық мойындау ұлттық сыйлығы» республикалық конкурсының Бірінші Солтүстік Қазақстан облыстық турының лауреаты.

Маргарита Евгеньевна Мукашева

1986 жылы туған, білімі жоғары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірді, Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері.

Маргарита Евгеньевна орталық спорттық әскерлер клубында қызмет етеді, Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының құрамына кіреді, әлеуеті жоғары, ең беделді заманауи турнирларға қатысуда табысты тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясының, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы болып табылады. Ол Азия Ойындарының екі дүркін чемпионы, төрт Азия чемпионатының жүлдегері, «Азия жұлдыздары» халықаралық жарыстарының чемпионы, қорытындысы бойынша 2012 жылғы әлемнің он үздік атлеттерінің қатарына енген Лондон Олимпиадасы Ойындарының қатысушысы.

М.Е. Мукашеваның Қазан қаласындағы 2013 жылғы XXVII Жазғы Дүние жүзілік Универсиададағы жеңісі ерекше маңызды, онда ол 800 метр қашықтыққа жүгіруден ұлттық рекорд жасады.

М.Е. Мукашева қатты мінезді, қажырлы және жеңіске деген жігері бар, жоғары дене күші жүктемесіне төзімді, өзінің спорттық қалпын жылдан жылға арттыратын қайратты, ер жүрек, мақсатты спортшы.

Маргарита Евгеньевна шынайы, тіл табыса білетін, қайырымды адам. Оның жауапкершілігі, міндетін сезіну, жоғары азаматтық белсенділігі әріптестері, спортшылар, жұртшылық арасында құрмет тудырды.

Леонтьев Сергей Геннадьевич

Леонтьев Сергей Геннадьевич

1965 жылы туған. Темір жол училищесін бітірген соң Петропавл локомотив депосында электровоз машинисінің көмекшісі, әскерден кейін С.М. Киров атындағы зауытта слесарь, инженер-электромонтер болды.

1995 жылдан жеке бизнеспен айналысуда. Осы уақыт ішінде ол көппрофильді кәсіпорынның басшысына дейін өсті. «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің өнімдері еліміздің және Ресейдің тұрғындарына жақсы таныс. Кәсіпорын шығаратын өнімдер сапалығымен ерекшеленеді. Ол өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп отырады. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экономист мамандығы бойынша сырттай оқып жүр.

Сергей Геннадьевич қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Екі шақырылымда Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды. Биыл облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Ол қаланың шет аймақтары — Бензострой, Жұмысшы кенттері тұрғындарының мәселелерін шешуге күш салады. Бензострой кентінде үш қабатты монша — тұрмыстық қызмет кешенін салуда. Онда базар, шаштараз, дәріхана және т.б. қызмет түрлері болады. Бүгіндері «Аквапарк» су спорттық-көңіл көтеру кешенінің құрылысы аяқталуға жуық. Мұндай кешен еліміздің басқа өңірлерінде жоқ. Сайлау науқанында ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сенім көрсетілген тұлғасы болды.

С. Г. Леонтьев «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, республика Президентінің Алғыс хатымен екі рет, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталған.

Бауыржан Ниязұлы Құлжанов

Бауыржан Ниязұлы Құлжанов

1953 жылы туған, Омбы дене тәрбиесі мемлекеттік институтының жаттықтырушылар мектебін, Ресей кеден академиясын бітірген, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы.

1980 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Балалар арасында «Былғары доп», «Алтын шайба» жарыстарын өткізді. Облысымызда «Ақ бидай», «Солтүстік» ауыл-село спортшыларының мерекесін ұйымдастырушылардың бірі. 1990 жылдан «Динамо» ерікті спорт қоғамын басқарды. Бүгіндері облыстық күрес федерациясына жетекшілік етеді. Облыстық спорт ардагерлері кеңесі басқармасының мүшесі, қысқы Азия ойындарының алауын ұстау құрметіне ие болды.

Бауыржан Ниязұлы Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Қажымұқан Мұңайтпасов, Жазылбек Қуанышбаев атындағы жүлделердің иегері. Біздің облысымызда қазақша күрестен тұңғыш спорт шебері. Өңірімізде спортты, саламатты өмір салтын насихаттауға белсене қатысады. Спорт қайраткері және облысымыздағы кеден қызметінің бірінші бастығы ретінде есімі Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясына жазылған.

Кручина Сергей Иванович

Кручина Сергей Иванович

1959 жылы туған. Петропавл педагогика институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. Велоспорттан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Еңбек жолын «Еңбек резервтері» Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамы облыстық кеңесінің велоспорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. Әскердегі қызметтен кейін Бескөл аудандық, облыстық спорт комитеті балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, «Динамо» облыстық кеңесінде велоспорттан жаттықтырушы, велосипед спорты бойынша арнаулы олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, аға жаттықтырушы-оқытушы болды. Қазір облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде велосипед спорты бойынша, аға жаттықтырушы-оқытушы болып істейді.

Сергей Кручина Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, белгілі велошабандоз Александр Винокуровтың бірінші жаттықтырушысы. Ол Қазақстан Республикасының 10 спорт шеберін, 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін даярлады. Оның шәкірттерінің ішінде КСРО біріншілігінің қола жүлдегері В.Сизиков, КСРО оқушылар арасындағы спартакиада чемпионы А.Мартынович, Азия ойындарының күміс жүлдегері А.Надобенко бар. Оның басшылығымен велоспорттан облыстың құрама командасы еліміздегі үздіктердің бірі болуда, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуде. Ол әріптестері, спортшылар арасында үлкен беделге ие. Саламатты өмір салтын ұстайды, балық аулаумен, шаңғы тебумен айналысады.

Равиль Хасанович Рязапов

Равиль Хасанович Рязапов

Равиль Хасанович Рязапов 1948 жылғы 23 сәуірде Петропавл қаласында туған. Ұлты — татар. Білімі жоғары, С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институты, 1974 ж., жеміс-көкөніс шаруашылығының ғалым агрономы.

Жұмыс орны, лауазымы — Мұсылман қауымы басқармасының төрағасы және «Дін-Мұхаммед» мешітінің имамы.

Марапаттары — 1990 ж., еңбек сіңірген агроном, 1997 ж. оқу үздігі, 2000 ж. Қаланың құрметті азаматы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ биология профессоры 2000 ж.

11.1963–01.1965 — Петропавл Ет консервілеу комбинатының жұмысшысы.

02.1965–06.1965 — Петропавл қ. Куйбышев атындағы зауыттың жұмысшысы.

06.1965–11.1971 — Петропавл Ет консервілеу комбинатының көгалдандыру шебері.

11.1973–04.1974 — Петропавл қ. оранжереясының жұмысшысы.

04.1974–01.1983 — Петропавл қ. оранжереясының агрономы.

01.1983–06.1991 — Петропавл қ. оранжереясының аға агрономы.

06.1991–05.1998 — Петропавл қ. «Евразия» АҚ сәулеттендіру жөніндегі учаскесі оранжереясының жетекші агрономы.

05.1998–12.2009 — Петропавл қ. «Табиғат балалары» экологиялық орталығының директоры.

12.2009–2012 — Петропавл қ. «Қызылжар оранжереясы» МКҚК директоры.

Степан Федорович Башкиров

Степан Федорович Башкиров

Степан Федорович Башкиров 1925 жылғы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын атындағы ауданы Новопаловка селосында туған.

Соғыс және еңбек ардагері, ҚазССР еңбек сіңірген машина жасаушысы. ВЦСПС сыйлығының лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Петропавл қаласының құрметті азаматы. 40 жылдан астам Петропавл атқару механизмдері зауытында жұмыс істеген. Өндіріс шебері, жастар тәлімгері, белсенді қоғамшыл. Облыста жыл сайын Ресей мен Қазақстанның ойыншылары қатысатын шахмат-дойбы турнирлері өткізіледі.

2000 жылы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Жеңіс парадына қатысқан. Ленин, Қызыл жұлдыз, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.





Григорий Васильевич Кухарь

Григорий Васильевич Кухарь

1938 жылы туған, Қарағанды политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген соң 1961 жылы Петропавл қаласына комсомолдық жолдамамен келген. Ширек ғасырға жуық «Уралнефтегазстрой» тресі СМУ-4 дәнекерлеушісі, құрылыс комитетінің төрағасы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, одақтық бағыныстағы ірі кәсіпорындар — «Спецводопроводсельстрой», «Союзцелинвод» трестері басқарушысының орынбасары болып істеді.

1984–1993 жылдары Петропавл қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, қала әкімшілігінің басшысы болды. Одан кейінгі екі жылда «СевКазглавснаб» басқармасының бастығы, «Союзцелинвод» тресі басқарушысының бірінші орынбасары, басқарушысы қызметтерін атқарды.

Григорий Васильевич еліміздің солтүстік облыстары тұрғындарын сумен қамтамасыз ету ісіне үлес қосты. Есіл және Булаев топтық су құбырын салуға қатысты. «Союзцелинвод» тресі әлемдегі ең ұзын су құбырын тарту арқылы Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

Ол құрметті демалыста болса да, қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. «Нұр Отан» ХДП облыстық, қалалық филиалдары төрағасының бірінші орынбасары болды. Қазір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Астана» медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.

Анатолий Иванович Мишин

Анатолий Иванович Мишин

Мишин Анотолий Иванович 1940 жылғы 2 тамызда РФ, Белгород облысында дүниеге келген.

Білімі — жоғары, Омбы теміржол көлігі инженерлері институты, 1982–1988 жылдар.

Анотолий Иванович 1962 жылдан бастап Тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндеу кәсіпорнында оқушы, радио-механик, бас инженер болып істеген, ал 1966 жылы «Облбытрадиотехника» кәсіпорнының директоры болды, оны 32 жыл бойы басқарды. Осы жылдар ішінде күшті материалдық-техникалық база құрылып, тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндейтін 700-ден аса радиомеханик дайындалды, олар күні бүгінге дейін жұмыс істеуде.

Халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсы ұйымдастырғаны үшін 1982 жылы Анотолий Иванович басқарған «Облбытрадиотехника» кәсіпорны КСРО Министрлер Кеңесі, КОКП ОК ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.

Анотолий Иванович — ел Президенті Н. Назарбаевтың үш алғыс хатымен, белсенді депутаттық жұмысы үшін Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған, сондай-ақ «Құрмет белгісі» ордені, медальдары бар, «КСРО құрметті радисті» атағын алып жүр. Анотолий Ивановичке Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына шығарылған күміс Естелік белгі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдары тапсырылды және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Арынды жігер, адам сүйгіш және жоғары азаматтық жауапкершілік адамы, ол өмір бойы белсенді қоғамдық жұмыспен айналысады. Сегіз рет әр кезде шақырылған қалалық халық депутаттары кеңесіне депутат және Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды (1–4 шақыру), барлығы 28 жыл.

Әрқашан қала тұрғындарының мүдделерін қорғап, оларға керекті мәселелерді шешуде көмектесті. Өзінің барлық депутаттық қызметінде әрдайым халық денсаулығы және оны әлеуметтік қорғау, экономика және білім бюджеті мәселелері жөніндегі депутаттық комиссияларды басқарды:

  • АРЭМ департаменті сараптау комиссиясының мүшесі бола тұра, қолданыстағы жылу, газ, жарық, суға тарифтердің төмендеуіне қол жеткізді. Нәтиже — Солтүстік өңірде қолданыстағы ең төмен тариф.
  • отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызмет төлемі мен күрделі жөндеу жүргізуге тұрғын үй көмегінің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізу және басқаларға бастамашы болды.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының Бюро мүшесі, 4-ші шақырылған Петропавл қалалық «Нұр Отан» ХДП фракциясының төрағасы. Белсенді депутаттық қызметі үшін наградалары бар.

Бейбіт Мұқышқызы Мұстафина

Бейбіт Мұқышқызы Мұстафина

1947 жылы туған, Қарағанды медицина институтын тамамдаған.

Еңбек жолын Петропавл қаласындағы авиаотрядтың денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі болып бастады. 1981–1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, одан кейінгі бес жылда облыстың бас терапеві болды. Ол үш жыл республикалық міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесін, екі жыл медициналық қызметтерге төлем жөніндегі орталықты басқарды. 2001–2010 жылдары «№ 2 қалалық аурухана» КМҚК-ның бас дәрігері қызметін атқарды.

Іскер ұйымдастырушы, бастамашыл және талап қойғыш басшы ретінде тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға үлес қосты. Оның басшылығымен № 2 қалалық ауруханада жаңа кардиологиялық бөлімше ашылып, облыс орталығында сырқаттардың жүрегіне ота жасау жолға қойылды.

Бейбіт Мұқышқызы облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Ол 2009 жылы «Жыл адамы» атағын алды. «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыс дәрігерлері қауымдастығының төрайымы. «Шапағат» медалімен, «Парламентке 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Александр Егорович Липовой

Александр Егорович Липовой

Александр Егорович Липовой 1928 жылғы 20 мамырда Ресей Брянск облысы Гордеевский ауданы Стругов-Буда селосында туған.

Партия және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. 1949 жылы Читадағы энергетикалық темір жол көлігі техникумын, 1961 жылы Томск темір жол көлігі инженерлерінің электр техникалық институтын аяқтаған. Еңбек жолын 1949 жылы Петропавл қаласында темір жол бөлімінде бастаған. 1969–1976 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл электр желілері кәсіпорынында істеген.

1974–76 Петропавл қалалық атқарушы комитетінде, 1976–1980 — облыстық атқарушы комитетінің 1-ші орынбасары, 1980–1988 — Петропавл қалалық комитетінің 1-ші хатшысы. Үш Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

04.09.2013 09:26


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы