Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттік қызметтер || Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау.
  2. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау.
  3. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрi мiңдетiн атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы №4-1/428 бұйрығымен бекiтiлген.

Регламентi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 маусымда №226 қаулысымен бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi, жеке және заңды тұлғаларға.

2015 жылғы және 2016 жылғы 10 ай iшiндегi қорытынды бойынша 2 өтiнiш келiп түстi.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/423 бұйрығымен бекiтiлген.

Регламентi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 маусымда №225 қаулысымен бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

2015 жылғы және 2016 жылғы 10 ай iшiндегi қорытынды бойынша 2 өтiнiш келiп түстi.

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi №3-2/378 бұйрығымен бекiтiлген.

Регламентi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 мамырда №172 қаулысымен бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

2015 жылғы және 2016 жылғы 10 ай iшiндегi қорытынды бойынша 111 өтiнiш келiп түстi.

Бұдан әрi қызмет алушыларды қызмет көрсетумен қанағаттандыру, тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Бөлiм алдына мынадай мiндеттер қойылған:

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiнiң бұзылуына жол бермеу.

Мемлекеттiк қызметтердiң шағымдарын бақылау (негiзделген шағымдар бойынша шара қолдану).

Халықты стендтер, ресми интернет-ресурстары арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша уақытылы хабардар ету.

Петропал қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында (http://www.petropavl.sko.kz) мемлекеттiк қызметтер бөлiмiнде Орталық атқарушы органдарымен әзiрленiп, бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттерi жарияланған, мемлекеттiк қызмет көрсету тетiгi, тәртiбi және сенiм телефоны бойынша ақпарат жаңартылған.

Бөлiммен көрсетiлген мемлекеттiк қызмет бойынша шағымдар мен бұзушылықтар болмаған.

Барлық сұрақтар бойынша келесi мекен-айға хабарласыңыздар:

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ, Қазақстан Конституциясы к-сi, 23, каб. 312, 201, телефон нөмiрi: 46-23-93, 46-48-32.

Басшы Омаров Азат Боранбайұлы. Бөлiмнiң жұмыс уақыты: дүйсенбi мен жұма күндерi 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Демалыс күндерi сенбi және жексенбi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментi 8(7152)50-24-19.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты ZIP (33 Kb)

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты ZIP (36 Kb)

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты ZIP (46 Kb)

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi ZIP (100 Kb)

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi ZIP (149 Kb)

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi ZIP (149 Kb)

04.11.2016 15:44


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы