Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі || Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау

Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау

Құрметтi кәсiпкерлер!

Сiздiң назарыңызға, «Smart POS терминал» инновациялық өнiмнiң өндiрушiсi «Smart Pay» ЖШС отандық өндiрушi болып табылатынын, ол Қазақстан Республикасы аумағында банктердiң төлем карталарынан, сауда нүктелерiнде төлемдердi қабылдайтынын жеткiземiз.

«Smart Pay» ЖШС мiндетi — шағын және орта бизнес субъектiлерiн, олардың жұмыстарының сапасын жақсарту мен табыстың ашықтығы үшiн, POS-терминалдарымен қамтамасыз ету.

Бұл қазақстандық үлестегi өнiмнiң құны төмен, баламалары жоқ, «Smart POS терминал» 3000 артық кәсiпкерлер қолданады.

Сондай-ақ хабарлаймыз, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шiлдедегi «Төлемдер және төлем жүйелерi туралы» Заңының 39 бабының 4 тармағына сәйкес, қолма-қол төлемдердi қабылдайтын, дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдауға мiндеттi.

«Smart Pay» ЖШС толығырақ ақпаратты https://spos.kz сайтында, +7 727 221-94-94, +7 727 299-00-66 телефон нөмiрi бойынша және e-mail: ok@spos.kz.

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі

2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қ. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырылады.

Көрме билетінің құны:

  • Белгіленгенапта күніне билет — 4000 теңге, демалыс күні — 6000 теңге
  • Белгіленбеген апта күніне билет — 6000 теңге, демалыс күні — 8000 теңге және жоғары.

Қазақстан Республикасы азаматтарына жеңілдік билеттері көзделген.

Жеңілдік билеттерді сатып алуға құқығы бар адам санаттары Билет құны
ҰОС қатысушылары мен мүгедектері Тегін  
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар   Тегін
Барлық топтағы мүгедектер   Тегін
Жетім балалар   Тегін
6-жасқа(қоса алғанда) дейінгі балалар   Тегін
Оқушылар   Билет құнынан 50%
Студенттер   Билет құнынан 50%
Зейнеткерлер   Билет құнынан 50%
Көп балалы ата-аналар   Билет құнынан 50%  
4 не одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы отбасылар   Билет құнынан 50%

Шет елдердің азаматтарына жеңілдіктерқолданылмайды. Тек, 6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру еркін.

Толығырақ ақпаратты http://expo2017astana.com ресми сайтынан ала аласыздар.

Хабарландыру

Петропавл қаласының кәсiпорындары басшыларына «Оқу-курстық комбинат» ЖШС мынадай бағыттар бойынша дайындауды жүзеге асырады:

  1. инженерлiк-техникалық қызметкерлердi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережелерiн оқыту және аттестациялау;
  2. «Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау» курсы бойынша оқыту;
  3. қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлердi оқыту;
  4. ұйым қызметкерлерiнiң өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту;
  5. даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру машинистердiң тракторшыларды — оқыту (механизаторларды)
  6. рұқсат беру тобынқоса отырып электр қауiпсiздiгiне оқыту

Сондай-ақ түрлi мамандықтарға оқыту жүргiзiледi, олар туралы барынша жан-жақты ақпаратты ukk@ukk.kz сайтында немесе 8 (7212)49-28-38, 8 (7212) 78-43-24 телефон нөмiрi бойынша ала аласыз.

«Оқу-курстық комбинат» ЖШС өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мамандарды оқытуға, даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiмен берiлген аттестатқа ие.

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» ММ 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша бiлiмдерiн тексеру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссиясын құру туралы» № 3 бұйрығына сәйкес еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қамтамасыз ету үшiн жауапты басшы қызметкерлерi мен өндiрiстiк ұйымдар тұлғаларының бiлiмiн тексеру жөнiндегi емтихан комиссиясының құрамына кiрдi.

«Оқу-курстық комбинат» ЖШС оқытушылардың кәсiпорындар мен ұйымдарға шығумен жүзеге асырылады. Оқыту кезiнде ұйым, слайд-дәрiстер мен техникалық құралдарды пайдаланады.

Байланыс ақпараты: «Оқу-курстық комбинат» ЖШС директоры Синянский Александр Иванович Қарағанды қ., Полтавская к-сi, 9. Жұмыс кестесi: 9.00-16.00 түскi үзiлiссiз. Сенбi, жексенбi демалыс.

Хабарландыру

Астық өнiмдiлiгi мен өсiмдiк шаруашылығының сапасын арттыру үшiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң субсидия алуға қабыдлау бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмыс тәртiбi.

ВАК жұмыс органы — «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ.

2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұйрығымен бекiтiлген (әрi қарай — Ережелер) өнiмдi жоғарылатуға жәрдем берудiң жөн-жобаларымен және өсiмдiк өнiмнiң сапасы, жанар-жағар материалдарының құны және басқа да тауар-материалдарының құндылықтары, көктемдiк-далалық және жинау жұмыстарына қажет? Қажеттi өнiм тауарларына көмек көрсету арқылы және жерде сақаталатын ауылшаруашылық дақылдарды қайта өңдеуге кеткен шығын құнына сәйкес өтiнiмдер Ережелерге сай қабылданады.

Құжаттарды қабылдау демалыс күндерiнен басқа (сенбi және жексенбi) Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылыға бөлiмiнiде жүргiзiледi. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi 23, 312 бөлме.

Құжаттардың тiзiмi Ережелерде көрсетiлдi.

Анықтамалар: 46-23-93, 46-48-32 телефондары «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы iске асырылады.

кредиттердiң сыйақы ставкасын субсидиялау;

кредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру;

өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

мемлекеттiк гранттар беру;

бизнес жүргiзуде сервистiк қолдау.

Бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. Бiрiншi бағыт: моноқалалардың, шағын қалалардың, елдi мекендердiң кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес — бастамаларын қолдау
  2. Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында кызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау
  3. Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету
  4. Төртiншi бағыт: кәсiпкерлердi қолдаудың қаржылық емес шаралары

Қосымша: «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы

Бағдарлама бойынша толығырақ ақпаратты және консультацияны «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ 50-27-34 телефон нөмiрi арқылы немесе email: 31123@inbox.ru арқылы алуыңызға болады.

Об утверждении Единой программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020», внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2010 года № 556 «О некоторых мерах по реализации Программы «Дорожная карта бизнеса 2020» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» (Zip 228 Kb)

Инвестициялық преференциялар

Инвестициялық преференциялар

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетi экономиканы дамыту үшiн және жаңа кәсiпорындарды құру, кеңейту және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшiн қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатында инвестицияларға мемлекеттiк қолдау көрсетудi жүзеге асыруда.

Құрметтi кәсiпкерлер, Сiздердiң назарларыңызға инвестициялық преференцияларды беру тәртiбi мен шарттарын, инвестициялық преференциялар алу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынамыз.

Инвестициялық преференцияларды беру тәртiбi мен шарттары

1. Инвестициялық преференциялар Үкiметтiң 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» қаулысымен бекiтiлген қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы инвестициялық жобаны iске асыру үшiн берiледi.

2. Инвестициялық преференциялар:

  1. инвестициялық жоба бойынша — Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
  2. инвестициялық басым жоба бойынша — Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына берiледi.

Анықтама: Инвестициялық басым жоба — белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлғамен (заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуi инвестицияларды алуға өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма төрт айдан кем емес мерзiмде жүзеге асырылған) iске асыратын және айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион еселенген мөлшерiнен кем емес мөлшердегi инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба.

Инвестициялық басым жобаға арналған инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнiң 286-бабы 2-тармағының қосымша талаптарын орындау шартымен берiледi.

3. Инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетi және инвестициялық жобаны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

Инвестициялық преференциялардың түрлерi

1. Инвестициялық жоба (соның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:

Кедендiк баждарды салудан босату:

  • технологиялық жабдықтар мен оның жинақтаушыларының импорты кезiнде 5 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi;
  • технологиялық жабдықтарға қосалқы бөлшектердiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде 5 жыл мерзiмге дейiн берiледi.
  • Бес жыл бойынша шикiзат және (немесе) материалдарды импорттау кезiнде.

Мемлекеттiк заттай гранттар:

  • Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетiн, не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлiк;
  • Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң 30 пайызынан аспайды.

2. Инвестициялық басым жоба бойынша қосымша реттiнде төмендегiлер ұсыныла алады:

Салық бойынша преференциялар:

  • есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту, 10 жыл;
  • мүлiк салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесi бойынша есептеу, 8 жыл.

Инвестициялық субсидия:

құрылыс-монтаж жұмыстарына сатып алу үшiн фактiлiк шығыстарды 30 пайызға дейiн қайтару.

Инвестициялық преференциялар алу үшiн қажет құжаттар

Инвестициялық преференциялар алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiне инвестициялық преференцияларды беру туралы өтiнiмдi және келесi құжаттарды жолдайды:

  1. заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
  2. заңды тұлға басшысының қолымен және мөрiмен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшiрмесi;
  3. инвестициялық жобаның инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкесжасалған бизнес-жоспары*;
  4. инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрiмен (ол болған кезде) куәландырылған көшiрмелерi;
  5. өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;
  6. салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарының анықтамалары болған кезде инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қабылданады және тiркеледi.

Егер, инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы көрсетiлген құжаттардан басқа инвестициялық басым жобаны iске асыру кезеңi iшiнде заңды тұлға басшысының қолымен, мөрiмен (ол болған кезде) куәландырылған сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бередi.

*Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмнiң нысаны және бизнес жоспарлар жасау бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 «Инвестицияларды қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығымен бекiтiлген.

Қосымша: буклеттер мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде.

Байланыс үшiн ақпарат
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң
Инвестициялар комитетi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы,
31/1 «TRANSPORT TOWER» ғимараты, 23 қабат, тел./факс: 8 (7172)75-45-50, 75-45-85
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi жанындағы
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Call-Center: +7(7172)75-45-40

Венгрияның ұлттық экономика министрiнiң қатысуымен өтетiн бизнес-форум

Венгрияның ұлттық экономика министрiнiң қатысуымен өтетiн бизнес-форум

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлерi, Сiздердi 2016 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында өтетiн бизнес-форумға шақырамыз.

Аралас Венгр-Қазақ Үкiмет аралық Комиссияның 5-шi отырысына байланысты, Қазақстанға үкiметтiк делегация келедi, басшылығында ұлттық экономика министрi Михай Варга мырза болады.

Аталған делегацияны экономиканың түрлi салаларын ұсынатын бiр топ бизнесмендер iлестiредi: медециналық құралдар және технологиялар (77 Elektronika), ақпараттық жүйелер (Clarity Consulting), денсаулық сақтау (Dispomeditor, Pannon Pharma), мобильдiк ақпараттық жүйелер (Fornex), сумен жабдықтау, суды өңдеу және тазалау (ЗАО Будапештiк су арнасы), компрессорлық техника (Ganzair Kompresszortechnika), ауа қолғалысын басқару (Hungaro Control), электрлiк жүйелер (STS Group), агроөнеркәсiп (LAC Holding), сонымен қатар Венгрлiк инновациялық одақ.

Сапар аясында осы компаниялардың өкiлдерiмен бейресми кездесулер мен келiссөздер жүргiзу мүмкiндiгi болатын бизнес-форум өтетiн болады.

Қосымшада делегацияның алдын ала бағдарламасы, сондай-ақ компания қызметiнiң сипаттамасы мен олардың интернет сайттарына сiлтемелерi бар.

Қызығушылық танытқан жағдайда барлық сұрақтар бойынша сыртқы экономика атташасы Дердь Тарға тел. +77272472570, ұялы тел. +77017610460, Email: trade.ala@mfa.gov.hu хабарласыңыз.

Венгрияның бас кеңесшiсiнiң ресми сайты: www.vengria.kz.

Қосымша Doc (26 Kb)

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры «Даму Оптима» жаңа бағдарламасын iске қосты

Құрметтi кәсiпкерлер! «Даму» Қоры бизнестi қолдаудың «Даму Оптима» жаңа бағдарламасын iске қосты.

«Даму Оптима» бағдарламасы «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсатты тобы болып есептелмейтiндерге арналған. Жаңа құрал сауда, қызмет, қоғамдық тамақтану сияқты бизнес салаларына қолжетiмдi болады. Сондай-ақ, «Даму Оптима» бағдарламасы «Даму» Қорының кепiлдiгiн пайдаланып, банктен несие алу үшiн жеткiлiктi көлемде кепiлi жоқ кәсiпкерлерге мүмкiндiк бередi.

Жұмыс iстейтiн кәсiпкерлер үшiн несие бойынша кепiлдiк беру шарттары:

Кепiлдiк мөлшерi — несие соммасының 50% артық емес. Несие соммасы — айналым қаражатын толықтыруға — 60 млн. теңгеге дейiн, кепiлдiк мерзiмi 36 айға дейiн, инвестицияға — 180 млн. теңгеге дейiн, кепiлдiк мерзiмi 60 айға дейiн.

Франшиза бойынша бизнесiн ашуды жоспарлайтын кәсiпкерлерлер үшiн несие бойынша кепiлдiк шарттар:

Кепiлдiк мөлшерi — 20 млн. теңгеге дейiн несие соммасының 70% артық емес, 20 млн. теңгеден асатын несие соммасының 50% артық емес.

Несие соммасының ең жоғарғы соммасы — 80 млн теңгеге дейiн. Кепiлдiк мерзiмi — айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейiн, инвестицияларға 60 айға дейiн.

«Даму Оптима» бағдарламасы аясында бүгiнгi күнi «Даму» Қоры «Евразиялық банк» АҚ, «БанкЦентркредит» АҚ, «AsiaCreditBank» АҚ-мен Келiсiмдерге қол қойылды.

Толық ақпаратты Жабаев к., 191 мекен-жайы бойынша орналасқан «Даму» Қорынан немесе +7 (7152)55-98-10 телефоны арқылы ала аласыз.

Қосымша: «Даму Оптима» билборды, «Даму» Қорының кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының фотосуретi.

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры «Даму Оптима» жаңа бағдарламасын iске қосты«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры «Даму Оптима» жаңа бағдарламасын iске қосты

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлер бiрлестiктерi басшыларының назарына

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлер бiрлестiктерi басшыларының назарына

«Петропавл қаласының кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ жеке кәсiпкерлiктiң мүддесiн қозғайтын, нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының сараптамаларын жүргiзетiн, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң құрамына енгiзу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiне аккредитация жүргiзетiндiгiн хабарлайды.

Аккредитация алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысы бойынша «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiне аккредитация жүргiзу ережелерiн бекiту туралы» өтiнiш берушiлерге Петропавл қаласының кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы бөлiмiне келесi құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1-шi қосымшаға сай үлгi бойынша өтiнiш;
  • құрылтай құжаттарының, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң нотарилды расталған көшiрмелерiн немесе салыстыру үшiн түп нұсқасы ұсынылмаған жағдайда, заңды тұлға ретiнде бiрлестiктiң мемлекеттiк тiркеуi (қайта тiркеу) тұралы анықтамалары;
  • бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн көзделген құжаттарды (өтiнiш), ұсынуы қажет.

Аккредитацияға арналған материалдар осы хабарландыру жарияланғаннан кейiн 10 (он) жұмыс күнi iшiнде мына мекен-жай бойынша: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, 311 каб. қабылданады.

Анықтама алу үшiн +7 7152 50-27-34, 46-23-93 телефондарына хабарласыңыз.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Қазақстан Республикасында 2010 жылдан бастап, «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы iске асырылуда, оның мақсаты аймақтық кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңдестiрiлiп өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы жұмыс орындарына және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға қолдау көрсету болып табылады.

Бағдарламаны iске асыру төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елдi мекендердiң кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.

Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау.

Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету.

Төртiншi бағыт: кәсiпкерлердi қаржылық емес қолдау шаралары.

Кәсiпкер мынадай мемлекеттiк қолдау ала алады:

  • кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау;
  • кредиттер бойынша кепiлдiк беру;
  • өндiрiстiк (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту — объектiнiң шекараларына мынадай инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту: су бұру, сумен жабдықтау, газдандыру, суағарлар, бу өткiзу, өнеркәсiптiк алаңдар қазандықтары үшiн жылумен жабдықтау, су құбырлары, темiр жол тұйықтары, темiржолдың кiрме жолдары, телефондау, электр қосалқы станциялары, электр беру желiлерi, құдықтар, бугаздық қондырғылар, альтернативтi энергия көздерi.
  • индустриялық аймақтар құру;
  • жаңа бастап жатқан кәсiпкерлердi гранттық қаржыландыру;
  • бизнестi жүргiзуге сервистiк қолдау.

Бағдарламаның бiрiншi бағытның қатысушысы ауылдық елдi мекендерде шағын қалаларда моноқалаларда салалық шектеулерсiз өздерiнiң жобаларын iске асырып отырған және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған кәсiпкерлер, бастаушы кәсiпкерлер бола алады.

Бағдарламаның екiншi, үшiншi бағыттарының қатысушылары жеке жобаларын iске асырып отырған және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған кәсiпкерлер бола алады:

  1. экономиканың басым секторларында (1-қосымшада);
  2. өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларда, белгiлi бiр ГПИИР (2-қосымша).

Осы бағдарламалар туралы толығырақ ақпаратты business.gov.kz/ru, www.damu.kz, сайттарынан және 50-27-34, 55-98-10 телефондары арқылы алуға болады.

Құрметтi инвесторлар!

Бүгiнгi таңда инвесторлар үшiн «бiр терезе» форматындағы инвесторлардың қызмет көрсету орталығында (Астана қ., «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр к. 32/1) (әрi қарай — Орталық) Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлiгiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК базасында 19 инвесторлардың қызмет көрсету секторында (әрi қарай — сектор) жұмыс жүргiзiледi. Орталықтың пен секторларының негiзгi мiндетi консультация беру мен мемлекеттiк қызметтердi алуға жәрдем көрсету болып табылады. Сонымен қатар, орталықта инвесторлардың ыңғайлы болу үшiн Call-Centre 8(7172)754540 жұмыс iстейдi.

«Бiр терезе» модулi isc.baseinvest.kz интернет-ресурсында (әрi қарай — Модуль). Модуль online режiмiнде инвесторларға қажеттi анықтамалық ақпаратты алуға, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн қадам сайынғы «жол картасын» қалыптастыруға, сондай-ақ қажеттi мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн бақылауға мүмкiндiк бередi.

Құрметтi инвесторлар!

Құрметтi кәсiпкерлер!

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасы «Деловые связи» компонентiн iске асыру бойынша оқуға өтiнiмдердi қабылдауды жүзеге асырып отыр.

Аталған компонент Бағдарлама аясында экономиканың басым салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады және екi кезеңнен тұрады.

Бiрiншi кезең Қазақстан Республикасының аумағанда жүзеге асырылады. Аталған кезеңде кәсiпкерлiктi жүргiзудiң қазiргi заманға сай әдiстерiн, маркетингтi, бизнес-бапкерлермен iскерлiк байланыстарды орнатуды және т.б. оқытуға бағытталған бизнес-тренингтердi ұйымдастыру арқылы басшылардың бiлiктiлiгi арттырылады. Оқыту процесiнде құрал қатысушылары шетелдiк және отандық бизнес-бапкерлерiнiң басшылығымен өзiнiң кәсiпорынының бизнес-жоспарын әзiрлейдi.

Бизнес-тренингтердiң аяқталысымен, құрал қатысушылары меңгерген сабағаттарына сәйкес бизнес-жоспарларын өздерi пысықтап, ары қарай құралдың «Установление деловых связей с иностранными партнерами» екiншi кезеңiнiң конкурстық iрiктеуiне қатыса алады.

Екiншi кезең құрал қатысушылары үшiн шетелде тематикалық бизнес-тағылымдамаларды ұқсас бейiндегi шетелдiк кәсiпорындарда тағылымдамаларды қоса көздейдi және шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату келесi мәселелерi бойынша:

  1. технологиялар трансфертi және жабдықтар сатып алу;
  2. тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi өзара жеткiзу;
  3. франшизаларды сатып алу;
  4. халықаралық және шетелдiк ұйымдардан гранттар алу;
  5. бiрлескен кәсiпорындар құру.

«Деловые связи» компонентi бойынша қосымша ақпаратты www.damu.kz сайтында немесе 50-35-87 телефон нөмiрi арқылы ала аласыз.

«Water in Aul» Республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы, «Женский луч» Қоғамдық бiрлестiгi, «Қазақстанның ерiктiлер альянсы» Заңды тұлғалар бiрлестiктiгi Қазақстан жастарының арасында «Water in Aul» республикалық конкурс өткiзудi жоспарлап отыр.

Конкурстың мақсаты Қазақстан Республикасының жастарының ауыл аумақтарында сумен жабдықтау бойынша жобалар мен кәсiпкерлiк — идеяларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн беру, жобалардың тәжiрибелiк нәтижелерiн көрсету болып табылады.

Құрметтi (14-тен 29 жасқа дейiнгi) жастар, егер Сiзде кәсiпкерлiк — идея, сумен жабдықтау, судың сапасын арттыру және оны тазалау бойынша жоба болған жағдайда, Сiздi конкурсқа қатысуыңызды сұраймыз.

Конкурсқа қатысу жөнiндегi толығырақ ақпарат Ережеде ұсынылған. Мүдделiк жағдайда, 363420, 502734 телефон нөмiрлерiне хабарласыңыз, материалдарды e-mail: org-sko@mail.ru электронды мекен-жайға жолдаңыз.

2016 ж. 16.03.

Кәсiпкер күнi

СҚО бойынша кәсiпкерлiктi дамыту «Даму» фондында ай сайын СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасымен, кәсiпкерлер палатасымен, Дамумен, екiншi деңгейдегi банктермен бiрлесiп, «День предпринимателя» iс-шарасы өткiзiлiп тұрады.

Iс-шарада кәсiпкерлер екiншi деңгейдегi банктерде қараудағы жобаларды талқылай алады, қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша тегiн консультациялар ала алады.

«День предпринимателя» «В2В» форматында кәсiпкерлiктi дамыту бойынша сұрақтарды талқылау және жедел шешу мақсатында ұйымдастырылады.

Қатысуға өтiнiмдi, iс-шараның өтетiн орны және уақыты жайлы ақпаратты 502734 телефон нөмiрiмен немесе e-mail: 31123@inbox.ru мекен-жайымен хабарласып, бiлуiңiзге болады.

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс iстейтiн жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
  • Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау;
  • Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету;
  • Төртiншi бағыт: кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары.

Бiрiншi бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдi-мекендер кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес бастамаларын қолдау.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетудi көздейдi:

  1. кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бөлiгiн субсидиялау (субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен iске асырылады, оның iшiнде 10%-ы мемлекет атынан субсидияланады, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер толықтырады);
  2. кредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру;
  3. мемлекеттiк гранттар беру;
  4. шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн микрокредиттеу;
  5. жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау;
  6. микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде жеке жобаларын ауылдық елдi мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсiз iске асырушы және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған кәсiпкерлер, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер қатысушылар бола алады.

Банктердiң/даму банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру құралы бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде жеке жобаларын елдiң барлық өңiрлерiнде салалық шектеулерсiз iске асырушы және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлер қатысушылар бола алады.

Мемлекеттiк гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде Бағдарлама шеңберiнде экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсiз iске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлер, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.

Моноқалалар мен шағын қалалардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекiтiлген Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасында айқындалған.

Бағдарлама шеңберiнде қолдау шараларын iске асыру мақсаттары үшiн моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елдi мекендер ауылдық елдi мекендер деп танылады.

Екiншi бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлердi салалық қолдау

Бағдарламаның екiншi бағыты кәсiпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетудi көздейдi:

  1. кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау;
    • ИИДМБ анықталған қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң басым салаларында жүзеге асырылатын жобалар бойынша субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен, оның iшiнде 10%-ы мемлекет атынан, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi;
    • бағдарлама шеңберiндегi экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын жобалар бойынша субсидиялау сыйақының 14%-дан көп емес номиналдық мөлшерлемесiмен, оның iшiнде 7%-ы мемлекет атынан, ал қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi.
  2. кредиттер бойынша iшiнара кепiлдiк беру (кепiлдiк мөлшерi кредит сомасынан 85%-ға дейiн);
  3. өндiрiстiк (индустриялдық) инфррақұрылымды дамыту — келесi инфрақұрылымдарды объектi аумағында құру және жөндеу: су тарту, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшiн саңылауларды бұрғылау), газдандыру, су тарату, бу құбыры, өнеркәсiп алаңдарына арналған қазандықтарды жылумен қамтамасыз ету, су құбырлары, темiр жол тұйықтары, темiр жол кiрме жолдары, телефонмен жабдықтау, электрлiк шағын бекеттер, электр тасымалдау жолдары, септиктер, газбу орнату, болжамалы қуат көздерi;
  4. өндiрiстiк объектiлерде орнатылатын индустриялдық аймақтар құру, (өндiрiстiк, қоймалық және әкiмшiлiк жайлар), әлеуметтiк қызметтер көрсету (қоғамдық тамақтану пункттерi, жұмыскерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, тұрмыстық қызмет көрсету), банктiк қызметтердi көрсету объектiлерi.

Меншiктi жобаларды iске асыратын және (немесе) iске асыруды жоспарлап отырған Кәсiпкерлер Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар болып табылады:

  • Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетiлген экономиканың басым секторларында;
  • Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетiлген ИИДМБ-да айқындалған өңдеушi өнеркәсiптiң басым салаларында.

Үшiншi бағыт: кәсiпкерлердiң валюталық деңгейiн төмендету

Сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау тек 14%-дан көп емес номиналды сыйақы мөлшерлемесi бар кредит бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-ы мемлекет атынан, қалған бөлiгiн кәсiпкер төлейдi.

Бағдарламаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметiн экономиканың басым секторларында және өңдеушi өнеркәсiп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне кәсiпкер өтiнiм берердiң алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде валюталық пайдасы бар кәсiпкерлер Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушы бола алады.

Төртiншi бағыт: кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары

Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттiк қаржылай емес қолдау көрсетудi көздейдi:

  1. кәсiпкерлiктi ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  2. кәсiпкерлердiң құзыреттерiн дамыту;
  3. кәсiпкерлердiң өнiмдiлiгiн арттыру;
  4. iскерлiк байланыстарды кеңейту.

Қолдану Zip (44 Kb)

01.03.2017 14:33


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы