Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Ведомствоаралық комиссиялар || Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты дамуының, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандартына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтiң маңызды құрамдас шарттарының бiрi болып табылады.

Осыған байланысты 2017 жылғы 31 наурызда қала әкiмдiгiнiң жанында Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өткiзiлдi.

Комиссия отырысында 2016 жылы Петропавл қаласының аумағындағы қылмыстың жағдайы және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар және азаматтардың қоғамдық тәртiптi сақтауға ерiктi қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Осылайша, 2016 жылғы 12 айда 5394 (5979) қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi, тiркеудiң төмендеуi — 9,8%. Қылмыстарды ашу 49,8% құрады.

Ауыр және ең ауыр қылмыс түрлерiнiң 408-ден 371-ге дейiн немесе 9,1% төмедегенi байқалады. Қылмыстың осы түрiн ашу 86,6% құрады.

Жүргiзiлген жұмыс нәтижесiнде тiркелген ұрлықтар саны — 7,7% (233-тен 215-ке дейiн), бұзақылық — 56,3% (174-тен 76-ға дейiн), алаяқтық — 34,4% (552-ден 362-ге дейiн), қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар — 17,5% (1323-тен 1092-ге дейiн), қала көшелерiндегi қылмыстар — 22,6% (513-тен 397-ге дейiн) төмендедi.

Полиция қызметiнiң негiзгi басымдықтарының бiрi азаматтардың және жалпы қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, қоғамдық тәртiптi сақтауға жүйелi бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, тәулiктiк режимде IIБ Жедел басқару орталығына шығарумен 80 бейне камера, саны 421 адам құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың 69 жасағы жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

2016 жылғы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты дамуының, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандартына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтiң маңызды құрамдас шарттарының бiрi болып табылады.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанында Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды және жұмыс iстейдi.

Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткiзiледi.

Осылайша, 2016 жыл iшiнде Ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi, онда қылмыстың жағдайы және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар; кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу; адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу; кез-келген құқық бұзушылықтарға «нөлдiк төзiмдiлiктi» қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы, тұрғындар арасында маскүнемдiк пен араққұмарлықтың алдын алу; бiлiм беру мекемелерi объектiлерiнiң жанындағы желiлердi өртке қарсы сумен жабдықтау және өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарымен жабдықтау туралы мәселелер қаралды.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

2016 жылғы қорытындылар бойынша қала аумағында жасөспiрiмдiк қылмыстардың 46,2%, ауыр және ең ауыр қылмыс түрлерiнiң 9,1%, тiркелген адам өлтiру жағдайларының 29,4%, ұрлықтың 7,7%, бұзақылықтың 56,3%, алаяқтықтың 34,4%, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 17,5%, көшелердегi 22,6% төмендегенi байқалады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы Zip (6 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысында тәртiпсiздiк пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қамтамасыз ету жөнiндегi 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар жоспары Zip (67 Kb)

Тәртiпсiздiк пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қамтамасыз ету жөнiндегi 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар жоспары Zip (180 Kb)

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтi құрайтын маңызды, қоғамның тұрақты дамуы шарттарының бiрi болып табылады. Әлеуметтiк басқару саласындағы қызметтiң ерекше түрi бола тұра, профилактика қоғамдық қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған Бағдарламаларды орындау үшiн қала әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1797 қаулысымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды.

Комиссия құрамына негiзiнен барлық құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерi кiрдi: iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi, бiлiм, спорт, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстың қылмыстық-атқару жүйесi, iшкi саясат, әдiлет, «Әйелдердi қолдау орталығы» қоғамдық бiрлестiгi, жұмыспен қамту, қаланың қылмыстық-атқару инспекциясының өкiлдерi.

2015 жыл iшiнде Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 3 отырысы өткiзiлiп, онда жоспарда көзделген мәселелер қаралды.

Осылайша, Комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандар мен жастарды спортпен айналысуға тартатын спорт инфрақұрылымы мен бос уақытты өткiзу мекемелерiн дамыту туралы, кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бойынша; жол қозғалысы қауiпсiздiгi бойынша; есiрткiлердiң заңсыз айналымы фактiлерiнiң жолын кесу және оны айқындау және Петропавл қаласы арқылы есiрткi транзитiнiң жолдарын кесу мен есiрткi профилактикасы шаралары бойынша бiлiм мекемелерiнде факультативтiк сабақтар, дәрiстер ұйымдастырудың жай-күйi туралы, наркологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларды медициналық-әлеуметтiк сауықтыру қызметтерiн нығайту туралы; өңiрдегi нашақорлықты таратуға қарсы iс-қимыл мәселелерi туралы; маскүнемдiктi ерте анықтау, Мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы, Қазақстан Конституциясы және Әуезов көшелерiндегi стихиялық сауда фактiлерiн анықтау бойынша өткiзiлген рейдтiк iс-шаралардың қорытындылары бойынша және тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша өткiзiлетiн жұмыс туралы, соның iшiнде қасақана кiсi өлтiру профилактикасы мәселелерi бойынша ҮЕҰ өзара iс-қимыл туралы.

Қала мектептерiнде 2014-2015 оқу жылы 12 мыңнан аса оқушыны қамтумен 627 үйiрме және 205 спорт секциялары ұйымдастырылды, ол мектептерде оқитын балалар мен жеткiншектердiң жалпы санының 65,5%-ын құрайды. Петропавл қаласы IIД кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi бөлiмшесiмен бiрлесiп «Түнгi қаладағы балалар», «Бос уақыт», «Құқықтық тәртiп», «Жеткiншек» оперативтiк-профилактикалық рейдтер жүйелi түрде өткiзiледi.

Петропавл қаласында 300-ден аса спорт имараттары жұмыс iстейдi. Жастарды спортпен айналысуға тарту үшiн 16 спорт ұйымы (12 балалар-жасөспiрiмдер спорт метебi, 2 жоғары спорт шеберлiгi мектебi, олимпиадалық резерв даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат), 21 балалар-жасөспiрiмдер клубы және шығыс жекпе-жегi бойынша қоғамдық бiрлестiк.

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар профилактикасының негiзгi шарасы, олардың тарапынан құқыққа қарсы тым қатал әрекеттi болдырмау мақсатымен құқық бұзушылық жасаған тұлаларды анықтау және есепке қою жұмысы болып табылады. Учаскелiк полиция инспекторларымен тұрақты түрде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлалармен жаппай және жеке жұмыс жүргiзiледi, оларды профилактикалық есепке қоюдың уақытылылығы қамтамасыз етiледi.

Қоғамдық тәртiптi және құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ететiн қызметтер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шаралар тұрақты негiзде қабылданады.

Қылмыспен күрестi күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртiп», «Тiлемсектiк» оперативтiк-профилактикалық iс-шара өткiзiлдi, «Көршiлiк қадағалау» бағдарламасы жұмыс iстейдi, пәтерлер иелерiмен, ПИК қызметкерлерiмен профилактикалық жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiледi.

«Құқық бұзушылық прафилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

21.04.2017 11:26


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы