Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қала туралы || Құрылу тарихы

Құрылу тарихы

Петропавл қаласының картада пайда болуының өз тарихы бар және қазақ пен орыс халықтары достатығының тарихымен тығыз байланысты.

1710, 1711, 1713, 1723 жылдардағы жонғарлардың Қазақстан аумағына басып кіруі адамдардың өліміне, малдың басым бөлігінің айдап әкетілуіне, қыстаулардың жойылуына, халықтың солтүстік пен батысқа жаппай көшуіне әкелді. Көрнекті, ағартушы Шоқан Уәлиханов 1723 жылды «ұлы жұт» жылы деп, ал XVIII ғасырдың басын — қазақ халқының өміріндегі қорқынышты кезең деп атады.

Саурық, Бөгенбай, Тайлан, Жәнібек батырлар құрған қазақ халық жасағы Жоңғарларға қарсылығын көрсетіп, басқыншыларға бірқатар елеулі соққылар берді, алайда шапқыншылық қаупі жойылған жоқ. Жонғарларға қарсы күресте Бухара мен Хива хандықтары сенімді одақтас бола алмады. Осылайша тарих жолдары қазақ халқын Ресейге біршама жақындата түсті.

1730 жылы Сейітқұл Қайдағұлов батыр және Құтлұмбет Қоштаев би бастаған қазақ елшілігі Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың патшайымға жазған жеке өтінішін Петербургке жеткізді. «Ұлы мәртебелім, біздің өтінеріміз -қарапайым халықпен бірге Сіздің қамқорлыққа алуыңызды тілеп, Сізден көмек күтеміз…», — деп хатта айтылған.

1731 жылғы 19, ақпанда Анна Иоанновна ханым Әбілқайыр ханға қазақ халқын ресейдің қоластына өз еркімен қабылдау туралы грамотаға қол қойды. 1732 жылы Орта жүздің жаңа ханы Семеке орыс азаматтығын қабылдады. 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан да дәл осылай жасады. 1738 жылы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс Ресей құрамына қабылдау туралы патшайымға өтініш білдірді, және-де ол дереу қанағаттандырылды.

Кіші жүз қазақтарының басшысы Әбілқайыр ханның тактикасы ерекше назарға алуға тұрарлық. Сөзсіз, ол — ерекше қолбасшы, дарынды стратег, алғыр дипломат. Патшайымның алдында қолдау туралы өтіне тұра, ол бірінші кезекте жонғарлармен ұзаққа созылған соғыстан шаршаған халықтың жағдайын, құлдыраған экономиканы ескерді.

Осы саяси актілердің нәтижелері халқы мен жерін қорғау мақсатында Жоңғария мен Қазақстанның арасындағы қатынасқа Ресейдің белсенді араласуы болды. 1742 жылы жоңғарлардың кезекті шапқыншылығы барысында Абылай сұлтан тұтқынға алынды. Жоңғарияға майор Миллердің елшілігі жіберіліп, олар сұлтанның босатылуына қол жеткізді. Сол уақытта Ресей «қырғыз-қайсақтарды» «өз азаматтары» ретінде қорғайтыны туралы мәлімдеді және 1742 жылғы 2 мамырда Сенат жоңғар басқыншылығы жағдайында қазақ халқы мен бекіністер қорғанысын қорғау бойынша шаралар туралы жарлық қабылдады.

1746 жылғы күзде Ресей Сенаты шешім қабылдады:

  • әскерлерді күшейту үшін жаңа бекініс желісі салу
  • Зауральеде бес әскери полк пен 1000 жайық казактарын қайта орналастыру
  • Жігерлі әскери генерал-майор Христиан Теофил фон Киндерманды топ қолбасшысына тағайындау.

Алдағы бекіністер бойының жолын тартқанда «қазіргі және сібір, қажетті және пайдалы жерлердің шептен тыс қалмауы, олардың наразылығына, оның үстіне жоңғарлармен бүгінгі жағдайда ашу кернеу себептерді болдырмас үшін қырғыз жерлерінің ішіне кіріп тұрмау да» қарастырылды.

Жаңа бекініс шебі Омбы қамалынан Тобылдағы, Аң бас шатқалына дейін өтті. Ол орманнан таза биік жотада жобаланды. Екі терең сай едәуір аумақты шектеді. Үшінші жағынан осы мекенде ені 18 сажынға жететін Есілдің құлама жарлы жағасы. Құрылыс мүмкін 1752 жылғы маусымның аяғында болған болар. Бекіністің ағаш құрылыстарын салу 1755 жылы аяқталды. Әскери басшылыққа жоңғарлардың қазақ даласына басып кіруге дайындалып жатқаны белгілі болды. «Қырғыздар үлкен қорқынышта және барлығы күндіз-түні бекініске көшіп жатыр және әр алыс жерлерде болғандардың барлығы жақынырақ көшіп келді», — деп жеткізді орта жүз қоныстарынан келген тыңшылар.

Салынған бекініс бастапқыда қасиетті Петр бекінісі деп аталды. 1766 жылдан бастап оны Петропавл бекінісі деп атай бастады. Сібірді басқару бойынша реформа жүргізу кезінде Омбы облысының ішкі аймақтарының орталықтарын анықтай бастады. Сол кезде құжаттарда алғаш рет Петропавл қаласы пайда бола бастады. Бұл атау заңды күшін 1822 жылы алды.

Қазақ және орыс халықтарының достық, ынтымақтастық пен өзара силастық дәстүрі сонау көне заманнан бастау алады. Тарих біздің достығымызды беріктікке, адалдыққа, төзімділікке бірнеше қайтара тексерді және қызығарлық бірлік сезімі әрдайым барлық сынақтарға шыдап шықты.

Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.

Мұнда таң қаларлықтай ештеңе жоқ, себебі тарихи мұра — ол халықтар достығын нығайтудың, қоғамның бірігуін толық жетілдірудің, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі дамытудың рухани негізі. Бұл бізге саяси, экономикалық және әлеуметтік даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін басты жетістіктердің бірі болып табылатынына сенімдіміз.

06.02.2013 11:07


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы