Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Ведомствоаралық комиссиялар || Қылмыстық жазаны атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі

Қылмыстық жазаны атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі

2016 жылғы 28 қыркүйекте Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтiк және өзге де көмек ұйымдастыру жөнiндегi консультутивтiк-кеңесшi органның кезектi отырысы болып өттi.

Отырыста бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеп жүрген сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы; амбулаторлық емдеу кезеңiндегi бас бостандығынан айыру орындарын босатылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы, емдеу аяқталған соң оларды жұмысқа орналастыру, құжаттауда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуда көмек көрсету бойынша; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру туралы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды есепке алу және тiркеу жағдайы туралы мәселелер қаралды.

Консультутивтiк-кеңесшi органның жұмысына Петропавл қаласы Пробация қызметiнiң бастығы Ж.С. Мейрамғалиев, «ЕС 164/6 мекемесiнiң» бастығы Е.Е. Бексұлтанов, «ЕС 164/3 мекемесi», «ЕС 164/1 мекемесi» бастығының орынбасарлары А.К. Бәженов және А.М. Ысмағұлов, Петропавл қаласы Iшкi iстер басқармасы Жергiлiктi полиция қызметi бастығының м.а. Қ.М. Мусин, «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ басшысы Г. Жәкенқызы, «Петропавл қаласының кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ басшысының орынбасары Е.С. Сальникова, сондай-ақ басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.

Барлық мәселелер қаралды және осы мәселелер бойынша туындаған проблемаларды шешу жолдары анықталды.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Қылмыстық жазалар және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер қызметіне жәрдемдесу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ Петропавл қаласында қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөнінде консультутивтік-кеңесші орган жұмысы туралы ақпарат

Қылмыстық жазалар және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі мекемелер қызметіне жәрдемдесу мақсатында Петропавл қаласы әкімдігінің жанынан консультутивтік-кеңесші орган құрылды (бұдан әрі-Комиссия).

Комиссия құрамына қаланың прокуратура, денсаулық сақтау, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі, әділет, жұмыспен қамту, ішкі саясат, білім, мәдениет, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария, дене шынықтыру және спорт, ішкі істер және жер қатынастарының өкілдері, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты енді.

Комиссияның ай сайынғы отырыстарында қылмыстық жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйелері мекемелері мен бөлімшелерінің қызметіне жәрдем көрсету, қылмыстық-атқару жүйелері кәсіпорындарында тауарларды (жұмыс, қызметтер) сатып алуға тапсырыстар орналастыруға, шартты босатылғандардың жұмысын ұйымдастыру, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды жұмысқа орналастыру және есепке алу, сотталғандарға қайырымдылық концерттер, кездесулер, лекциялар, заңды консультациялар және өзге де құқықтық көмектер көрсету, спорт, ағартушылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, мекемелердің кітапхана қорын толтыруға көмек көрсету.

Жыл басынан Комиссиямен мына мәселелер қаралды:

Ағымдағы жылы амнистиямен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалардың тұрғылықты орындары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу, полиция учаскелік инспекторларының қатысуымен аулалық тексеру жүргізу үшін құрылған тез әрекет етуші топтардың жұмысы туралы

(Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының ақпараты)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және шығу мекен-жайы жоқ тұлғаларға тұрғын үй белгілеу бойынша шаралар қолдану туралы

(«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ секторы меңгерушісінің ақпараты)

Белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғаларды жұмысқа орналастыру, кәсіби қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жіберу, уақытша оқшаулару және бейімделу орталығына орналастыру, сондай-ақ амнистиямен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, шартты сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыруға жәрдем көрсету туралы

(«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараты, қосымша баяндаушы Белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының директоры)

Комиссия Қаланың ішкі істер басқармасына бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және емделуден қасақана бас тартатын тұлғаларды анықтау және әкелу, амнистиямен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалардың тұрғылықты орны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұтқыр топтардың (құрамында полицияның учаскелік инспекторлары, «Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, қаланың әділет басқармасы, «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» ММ өкілдері) жұмыстарын қамтамасыз ету, амнистияланған тұлғалардың тұрғылықты орны бойынша аулалық тексерулер жүргізу бөлігіндегі жұмысты күшейтуге, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару инспекциясы департаментіне Қаланың ішкі істер басқармасымен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалармен профилактикалық әңгіме өткізу, қалалық бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп әзірленген жадынамалармен міндетті түрде қамтамасыз етілуіне, қаланың әділет басқарамасы, «Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалардың жұмысқа орналасуын есепке алу жөнінде мониторинг жүргізуге ұсыныс берді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған барлық азаматтарға жұмысқа орналасу және кәсіби оқуға жәрдем көрсетуге жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға жүгіну үшін шақырулар жіберіледі.

2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған 46 адам жұмысқа орналасу үшін көмекке жүгінді. Олардың 34 адамы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 10 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 2 адам кәсіби оқу курстарын аяқтады.

2011 жылы «Белгілі тұрғылықты орны жоқ адамдарға арналған Петропавл қалалық бейімделу орталығы» ММ бұрын сотталған 43 адам, 2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған 7 адам түсті. 9 адамға интернат үйіне, 7 адамға мүгедектікке құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетілді, 20 адам құжаттандырылды. 2 адам жасы бойынша зейтнетақыға ресімделді. 15 адам ауруханада емделініп, 4 адам жұмысқа орналастырылды.

2012 жыл басынан белгілі тұрғылықты орны жоқ 16 адам түсті. Олардың 5 адамы бұрын сотталған. 2 адам стационарларға емдеуге жіберілді, 1 адам жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті және Петропавл қаласының Әділет басқармасымен бірлесіп қала аумағындағы бас бостандығынан айыру орындарында отырған тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету үшін жоспарлы шығу іс-шараларын жүргізеді.

Мекеме сотталғандары және тәрбиеленушілерімен осындай кездесулер жиі өткізіледі және сотталғандардың құқықтық сауаттылығын, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарындағы жасөспірімдердің жаңа замандағы қоғамға бейімделуін және құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға бағытталады.

Түзету мекемесінің әкімшілігімен кемінде алты айда босатылуға тиісті әрбір сотталғанға босату туралы мәселені қарауға дейін оның көрсетілген мекен-жайда тұру және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы шығу орны бойынша ішкі істер органдарына хабарлама жіберіледі.

Таңдаулы тұрғылықты орынға келуін бақылау және аумақтық ішкі істер органдарында профилактикалық есепке қоюды қамтамасыз ету мақсатында Облыстың қылмыстық-атқару жүйелері департаменті мен Облыстың Ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқарамасы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, Солтүстік Қазақстан облысына тұруға кеткен және тиісті есепке қойылған тұлғалар бойынша ай сайын салыстыру жүргізеді. Салыстырулар тиісті актілермен ресімделеді және жоғарыда аталған ведомстволар басшылығымен бекітіледі.

Әр шартты-мерзімінен бұрын босатылған тұлғаға бақылау ісі құрылады және барлық есеп кезінде жеке профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты нақты міндеттер белгіленеді, міндетті бұзғаны үшін олар әкімшілік және қылмыстық жауапты атқарады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар тарапынан қылмысты болдырмау мақсатында отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын зерделеумен есептегілердің тұрғылықты орны бойынша кешкі және түнгі уақытта жүйелі тексеріледі.

Амнистиямен босаған тұлғалардың тұрғылықты орны бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу үшін ұтқыр топтар құрылды.

Амнистияланған тұлғаларды анықтау, сондай-ақ осы тұлғаларға тұрғылықты орны бойынша облыстық орталықтың кәсіпорындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы жадынама шақырулар тапсырумен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Әділет басқармасы, қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен бірлесіп аулалық аралау ұйымдастырды.

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ тұрақты қызмет ететін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары пункті құрылған.

Ақпараттық-түсіндіру пункті «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимараты, Казахстанская правда көшесі, 35, 17 кабинет, телефоны 53-29-25 мекен-жайында орналасқан. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған барлық азаматтарға жұмысқа орналасу және кәсіби оқуға жәрдем көрсету үшін жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға шақырулар жолданады.

Барлық қалаушылар бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету мәселелері бойынша жеке консультация ала алады.

Қала аумағындағы адамдардың көп шоғырланатын орындарында адамдардың жұмысқа орналасуы, тегін біліктілік, жұмыс мамандығын алуына жәрдемдесу туралы ақпараты бар пилондар орнатылған.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты амнистия туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Петропавл қ. ІІБ учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамына арналған жұмысқа орналастыру, әлеуметтік, тұрғын үй және өзге де көмек көрсету мәселелері жөнінде бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға түсіндіру ақпараты бар жадынамалар әзірленді.

Іс-шаралар Жоспарының орындалу мониторингі ай сайын жүзеге асырылатын болады. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ішкі істер басқармасының атына тұратын мекен-жайларын анықтау үшін амнистияланған тұлғалардың тізімі жолданады.

Бар кәсіптері мен мамандықтары бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған кәсіпорындар тұрғысындағы жұмыс орындарының саны анықталуда.

Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына сай Петропавл қаласының аумағында азаматтардың жеке санаттарына арналған жұмыс орындарына квота белгіленген 8 жұмыс берушінің тізбесі белгіленді.

2012 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша амнистияланған тұлғалардың 10-ы жұмысқа орналастырылды.

2012 жылы қоғамдық төленетін жұмыстарды ұйымдастыру үшін 180 жұмыс орнын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

2012 жылы 115 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға кәсіби даярлау және қайта даярлауға 225 адам жіберу жоспарланып отыр.

Оларды кәсіби даярлыққа жіберу үшін амнистиямен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, кәсібі (мамандығы) жоқ адамдар саны 43 адамды құрайды.

Біліктілік курстарына 6 адам жіберілді, 2 адам ауруханада карантинде.

Қоғамнан оқшаулау, сондай-ақ жазаны өтеуді кейінге қалдырумен байланысты емес сотталған тұлғаларды бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 ж. 21.10 № 522 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, оған сәйкес тұтқындағылар арасында, соның ішінде жұмысқа орналасу, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау, концерттік бағдарлама, кітап қорын толтыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша құқықтық оқыту жүргізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Қаланың кәсіпкерлік бөлімі» ММ көмегімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалармен өндірілетін өнімдерді сату бойынша жәрмеңке өткізілді.

2010 жылдың бірінші жартысында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалармен өндірілетін өнімдерді сату үшін қала әкімдігімен «Қызылжар-Ақбастау» коммуналдық базарының жайы берілді.

Бірақ 2 ай ішінде тек бір пластикалық сапты аяқ сатылған. Бүгінгі күні бұл проблемалық мәселе комиссиямен қаралды, одан кейін «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Еңбек-Қызылжар» филиалының атына «Осы өнімдерді қазіргі заманғы нарықта пайдаланушыларға бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалармен өндірілетін өнімдердің бәскеге қабілеттілігіне сараптама жүргізу туралы» ұсыныс берілді.

Кәсіпорынмен жүргізілген сараптама бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалармен өндірілетін жиһаз және тігін өнімінің басқа фирмалардың сәйкес өнімінің құнынан 5-тен 10 % артық екендігін көрсетті, бұл Кәсіпорынның қосымша құн салығына төлем жасау себебімен түсіндіріледі, өндіріске арналған материалдар өндірушілердің өздерінен сатып алынбайды, өйткені олар біздің облыста жоқ.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғаларды 100 % жұмысқа орналастыру олар жасайтын өнімнің сұранымға ие болмауына байланысты оның жарты шегіне де жетпейді. Кәсіпорын 2012 жыл ішінде Кәсіпорынның осы қырындағы өнім бағасының құрылуына әсер ететін заңдылыққа өзгерістер енгізу бөлігінде шара қолдану туралы өтінішімен материал жинайтын болады.

Комиссия қылмыстық жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекеме қызметіне жәрдем көрсету, сондай-ақ Петропавл қаласында қылмыстық жазаларын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша барлық шаралар қолданылатын болады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлімінің бастығы
Е. Сибанов

06.10.2016 16:24


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы