Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге шағымдану тәртiбi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге шағымдану тәртiбi

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Петропавл қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi ұсынушылардың және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушылардың:

  1. орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағымдануға;
  2. мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделердiқорғау туралы талап арыз бен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

Егер ҚазақстанРеспубликасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар жәнешетелдiк заңды тұлғалар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ҚазақстанРеспубликасының азаматтарымен жәнезаңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

Шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының немесе сәйкес жергiлiктi атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округ басшысының атына, мемлекеттiк органның мекен-жайы бойынша берiледi.

Шағым пошта арқылы жазбашанысанда немесе қолмен жеткiзу арқылы көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының немесе сәйкес жергiлiктi атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң кеңсесi арқылы қабылданады.

Шағымды қабылдаудың растауы болып көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының немесе сәйкесжергiлiктi атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң кеңсесiне тiркелуi (мөртаңба, құжаттың кiрiс нөмiрi мен датасы) табылады.

Тiркелгеннен кейiн шағым көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының немесе сәйкес жергiлiктi атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажеттi шаралар қолдануға бағытталады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану www.con.gov.kz www.con.gov.kz интернет-ресурста көрсетiлген мекен-жай мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына бағытталады.

Мемлекеттiк корпорацияның шағымды қабылдаудың растауы болып оның кеңседе тiркелуi (мөртаңба, құжаттың кiрiс нөмiрi мен датасы шағымның екiншi данасына немесе шағымға сiлтеме хатқа қойылады) табылады. Тiркелгеннен кейiн шағым Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажеттi шаралар қолдануға бағытталады.

Көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының немесе сәйкес жергiлiктi атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң, Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен шағым оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Шағымды қараудың нәтижесi туралы дәйектi жауап пошта байланысы арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң кеңсесi арқылы, сонымен қатар Мемлекеттiк корпорацияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының қолына берiледi.

Портал арқылы берiлген шағым бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi ұсынушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi ұсынушының шағымды өңдеуi кезiнде жаңартылып жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы, қарау немесе қараудан бас тарту жөнiндегi жауап дайындауы жүктелiп отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алу нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi өкiлеттi органға www.kyzmet.gov.kz www.kyzmet.gov.kz шағыммен жүгiне алады, (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне (8-715-2) 50-24-19 телефоны бойынша).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi өкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Көрсетiлетiн қызметтi алу нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекiтiлген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

25.07.2017 17:30


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы