Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызмет || Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджін қалыптастыру

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.

Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:

Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.

Байқаудың шарты:

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 8 командада 25 адам қатысты, олар «Тәуелсiздiк құрдастары» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi), «Бiрлiк» (Петропавл қаласының қаржы бөлiмi), «Сұңқар» (Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi), «Болашақ»( Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), «Жас қыран» (Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi), «Достық» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi), «Жалын» (Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты), «Болашақ-2» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Экономика және бюджеттiк жоспарлау және iшкi саясат құрамы бөлiмдерi) топтары.

Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 3 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада өздерiн таныстыру, диалог және ән, би, өлең айту орындауы тиiс болды. Үмiткерлер өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.

Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды.

I орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi алды;

II орын — Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi алды;

III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi ие болды

Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау жүйесi бойынша 2016 жылғы 16-20 мамыр аралығы күндерi «Қазтест» сынағы өттi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:

  • «Қазтест» жүйесi арқылы анықталатын мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 25%, 2020 жылға қарай 35%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 15%, мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай 20%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 10% арттыру бойынша нәтижелi көрсеткiштер көзделген.

Мемлекеттiк тiл саясатын iске асырудың тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн өңiрiмiз нысаналы индикаторлардың нәтижелi көрсеткiштерiн бағындыруы тиiс. Көрсеткiштердi анықтау нәтижесi «Казтест» сертификаты болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ү.ж. мамырдың 16-20 аралығы күндерi «Қазтест» жүйесi бойынша Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығы қызметкерлерiнiң қатысуымен диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiзiлдi. Республикалық сертификатқа өтiнiм түскен жоқ.

Әкiм аппаратына бағынышты мемлекеттiк мекеме басшылары мен бас мамандар тестке қатысты. Оның iшiнде А1 қарапайым деңгей — 12 адам, А2 базалық деңгей — 37 адам, В1 орта деңгей — 10 адам, В2 ортадан жоғары деңгей— 3 адам ала алды.

Жалпы қала бойынша 2304 адам «Қазтест» сынағынан өттi. Оның iшiнде 38-i республикалық сертификатқа ие болды.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында қазақ тiлiнен ашық сабақ өттi (29.04.2016 ж.)

«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығыменн бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында iске асыру мақсатында қала әкiмдiгiне бағынышты мемлекеттiк мекемерiнiң қызметшiлерi үшiн тiл сабақтары ұйымдастырылған. Мемлекеттiк қызметшiлер 6 топқа бөлiнген, онда 90 астам мемлекеттiк қызметшiлер оқуда.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жыл сайын ашық сабақ, емтихан өткiзiлiп отырады.

Осы сабақта, сынақта тыңдаушылар өз бетiнше үйрену мен тiлдiк және сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, қоғамда қарым — қатынас жасау бiлiктiлiгiн «Қазтест» жүйесi арқылы арттыруда озық дидактикалық ұстанымдарды тиiмдi қолдана бiлу тиiс. Онда аудирование, мәтiн, сөздiктер,сөз тiркестердi рет-ретiмен тиiстi пайдалану қажет,себебi сөздiк қорын байыту, пайдалану күнделiктi әдет болуы тиiс. Негiзгi мақсаты — мемлекеттiк тiлде еркiн ресми түрде сөйлеп, құжаттарды құрастыра бiлуге үйрету. Бұнда «Қазтест» жүйесi арқылы емтиханға да дайындық жасалады.

Тыңдаушылар қазақ тiлiнiң құрылымы мен жүйесiн, қарым — қатынас, танымдық құрал ретiндегi ерекшелiгiн, фонетика, лексика, сөзжасам, стилистика салалары арқылы тереңдетiп, танымдық қабiлетiн бiлдiру, тыңдаушыға өз бетiнше үйрену мен тiлдiк және сөйлеу дағдыларын қалыптастыра бiлу керек. Сонымен қатар тыңдалым, жазылым, оқылым бөлiктердiң тапсырмалары арқылы сабаққа қызығушылық таныта бiлу қажет.

Ашық сабақтың тақырыбы Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнiне орайластырылған. Грамматика сын есiм алынңан.

Тыңдаушылар сабақта белсендi қатысып, жаңа сөздiктермен, диалог, сұрақ-жауаптарға бiрден айта бiлдi. Өз ой-пiкiiрлерiн, тақырыптың мағынасын көрсетiлген видео арқылы таба да бiлдi. Сабақ өте тартымды өттi.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында қазақ тiлiнен ашық сабақ өттi

15.12.2016 12:58


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы