Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттік қызметтер || Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

2013 жылғы 15 сәуiрде «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңы бекiтiлдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi бекiтiлдi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiне сәйкес жетi қалалық мемлекеттiк органмен мемлекеттiк қызметтiң 50 түрi көрсетiледi.

  • жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi — 17;
  • бiлiм бөлiмi — 17;
  • жер қатынастары бөлiмi — 5;
  • сәулет және қала құрылысы бөлiмi — 4;
  • кәсiпкерлiк, а/ш және ветеринария бөлiмi — 4;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ЖК және АЖ бөлiмi — 2;
  • дене тәрбиесi және спорт бөлiмi — 1.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң маңыздылығын арттыру мақсатында қала әкiмi аппараты басшысының, мемлекеттiк органдар басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарына қызметтер көсетуге бақылау және жауапкершiлiк жөнiндегi мiндеттер енгiзiлген, барлық бөлiмдерде қызмет көрсету және дұрыс есеп беруге жауап беретiн мамандар бекiтiлген.

Халыққа қызметтер көрсетуге жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылданған. Барлық мемлекеттiк органдар кабинеттермен, қажеттi компьютерлiк және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған отыратын орындармен, қамтамасыз етiлген, үй-жайлар жақсы жарықталған, қызметтер көрсету рәсiмдерi жөнiндегi көрнекi ақпарат орналастырумен жұмыс стендтерi ресiмделген. Сонымен қатар, 2012 жылы бiлiм және жер қатынастары бөлiмдерiмен «бiр терезе» принципi бойынша қала әкiмдiгiнiң жанынан ХҚКО ашылды. 2013 жылы осы қызмет сәулет және қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерi үшiн кеңейтiлген болатын, ол ресiмдеген уақытта құжаттардың өтуiнiң көпке созылуын жоюды, ашықтықты қамтамасыз еттi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерiнiң қол жетiмдiлiгi және халықты ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпараты бар (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi, мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауаптылардың тегi, аты-жөнi) стендтар орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмi жұмыс iстейдi, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi, стандарттар, «электрондық үкiмет» порталында электрондық қызметтердiң пайдаланушылары үшiн нұсқаулық, мемлекеттiк органмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзбесi орналастырылған.

Қала әкiмi аппаратында жыл сайын қала әкiмiнiң сайтына орналастырылатын Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметтер көрсету жұмысын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспары және мемлекеттiк қызметтер ұсыну туралы басшылардың халық алдында сөйлейтiн сөздерiнiң медиа-жоспары бекiтiледi.

Жоспардың негiзгi iс-шаралары ХҚКО арқылы баламалы негiзде қызметтер көрсету, қызметтердi әкiмдiкте қалай алса, ХҚКО да солай алуға болтындығы туралы анықтамалық ақпаратты ұлғайту, мемлекеттiк қызметтер бойынша жауапты маманды бекiту жұмыстарын жүргiзу және мемлекеттiк қызметтер көрсету жұмысын жақсарту бойынша қызметкерлер арасында түсiндiру жұмысын жүргiзу болып табылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында баламалы және баламасыз негiздерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi аудару бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылуда.

Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сай қала бойынша 2013 жылы баламалы негiзе 17 қызмет көрсету көзделген болатын, яғни ХҚКО және қалалық мемлекеттiк органдар арқылы және 5 қызмет баламасыз негiзе тек қана ХҚКО арқылы. 2011 жылмен салыстырғанда ХҚКО арқылы қызметтер алған тұлғалар санының ұлғаюы байқалады, 2012 жылы 15889 баламалы және баламасыз қызметтен ХҚКО арқылы 4055 қызмет көрсетiлдi немесе 25,5%, 2013 жылы — 15334 баламалы және баламасыз қызметтен ХҚКО арқылы 5410 қызмет немесе 35,3%, 2014 жылы — 13340 баламалы және баламасыз қызметтен ХҚКО арқылы 7729 қызмет немесе 58%.

Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту саласындағы саясат электрондық үкiметтi дамытуға, мемлекеттiк органдардың iшкi бизнес-үдерiстерiн автоматтандыруға, сондай-ақ, мемлекеттiк органдар мен азаматтардың өзара әрекет етуiнiң ең тиiмдi нысаны ретiндегi электрондық мемлекеттiк қызметтi дамытуға бағытталған.

Мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматқа ауыстыру жұмысы жүргiзiлуде. Петропавл қ. әкiмдiгiнде «электрондық үкiмет шлюзiнiң қосалқы жүйесi ретiнде өңiрлiк шлюз» ақпараттық жүйесi енгiзiлдi, ол электрондық түрде қызмет көрстуге мүмкiндiк бередi. Жылдар бойынша динамикада: 2012 жылы — 4 әлеуметтiк-маңызды қызмет, 2013 жылы — 11 қызмет, 2014 жылы — 20 қызмет, олар бойынша 3708 тұтынушы (немесе көрсетiлген электрондық қызметтiң жалпы санының 23,4%) үйден шықпастан Порталға жүгiндi.

Жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiне сәйкес 2011 жылғы сәуiрден бастап мемлекеттiк органдарда көрсетiлген қызмет сапасының деңгейiн бағалауға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бағалау карточкасы енгiзiлдi. 2014 жылы бөлiмдермен көрсетiлген барлық мемлекеттiк қызметтер бойынша өтiнiш бiлдiрушiлер 31788 жақсы бағамен, қанағаттанарлық немесе 98% картокалар толтырды. Бөлiмдермен барлығы 32413 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк органдарда барлық мемлекеттiк қызметке халықтан келiп түскен шағымдар мен қызметтердi есепке алу және тiркеу журналы жасалған. 2014 жылғы кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

Қала әкiмi аппаратымен Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын бақылау ережелерiне сәйкес қаланың жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына жүргiзiлетiн iшкi бақылаудың жағдайына ай сайын мониторинг жүргiзiледi. Қала әкiмi аппараты қалалық мемлекеттiк мекемелермен халыққа мемлекеттiк қызметтер керсету кезiндегi проблемаларды және олармен ұсынылатын есеп ақпаратының дәйектiлiгiн, дұрыстығын айқындау бойынша тексерiстер жүйелi жүргiзiледi.

Осылайша, 2014 жылы мемлекеттiк органдар келесi проблемалар бойынша iшкi бақылаудың тексерiстерiмен қамтылды:

  • ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiмен мемлекеттiк қызметтер көрсеткен кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау мәселелерi бойынша — жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi;
  • ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiмен мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау мәселелерi бойынша — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi.
  • қала әкiмдiгiмен мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша -мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлық жетi бөлiм (одан ары қала әкiмдiгiнiң отырыстарында қараумен);
  • ҚР заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы бойынша — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi;
  • мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiн сақтау бойынша — бiлiм бөлiмi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi;
  • ХҚКО қалай түссе, мемлекеттiк органдарға жүгiнгенде де солай түсетiн мемлекеттiк қызметтердiң «ЭҮӨШ» АЖ уақытылы өңделуi бойынша — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi;
  • есептiлiктi уақытылы және анық көрсетудi қамтамасыз ету бойынша — барлық жетi бөлiм.

Сонымен қатар, қала әкiмi аппаратының кеңестерiнде мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы жөнiндегi негiзгi мәселелер жүйелi түрде қаралды:

  • мемлекеттiк қызметтер көрсетудегi жұмысты жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын және мемлекеттiк органдар басшыларының теледидар арқылы сөйлеуi, баламалы және баламасыз негiздерде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы БАҚ ақпарат жариялау, оларды тұрақты жаңартумен электрондық үкiметтiң веб-порталында орналастыру бойынша — мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлық жетi бөлiм;
  • «Мемлекеттiк қызметтер жүйесiн дамыту» бағыты бойынша 2012-2015 жылдарға арналған Петропавл қаласының даму бағдарламасын орындау барысын талдау бойынша — мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлық жетi бөлiм.

2014 жылы ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi СҚО бойынша басқармасымен өткiзiлген тексерiс нәтижесiнде сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiнiң бұзылғаны анықталды.

«Жер учаскелерiн қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк қызметiн көрсетудiң мерзiмдерiн бұзудың жiберiлген 6 жағдайы үшiн жер қатынастары бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Н.С. Зазулинаға 2014 жылғы 28 мамырда сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды.

2013-2014 жылдардағы кезеңде Сәулет және қала құрылыс бөлiмi бойынша — 74 жағдай анықталды.

Көрсетiлген бұзушылықтар үшiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiмен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 10-тармақшасымен көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн сәулет бөлiмiнiң басшысы Д.Ю. Бредниковқа толық емес қызметтiк сәйкестiк туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды.

Қала әкiмiнiң 2014 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен Д.Ю. Бредниковқа толық емес қызметтiк сәйкестiк туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолданылды.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандардың кәсiптiлiгiн арттыру, олардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында 2014 жылы мемлекеттiк органдарда бөлiмдердiң мамандары үшiн қандай болса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерi үшiн де сондай мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша 38 семинар-кеңес, дөңгелек үстел, құқықтық жаппай оқу ұйымдастырылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрлесiп жыл iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету және ақпараттық жүйелермен жұмыс мәселелерi бойынша жүйелi түрде оқыту семинарлары өткiзiлдi.

Облыс әкiмдiгiнiң ұсынымдарына сәйкес 2014 жылы тоқсан сайын қала әкiмдiгiнiң отырыстарында «Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру туралы» мәселе қаралды. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн барлық жетi мемлекеттiк органдардың жұмысы туралы есептер тыңдалды.

Қоғамдық кеңестiң жұмыс жоспарына, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң 2014 жылғы 17 шiлдедегi тапсырмасына сәйкес кеңес отырысы болып, онда қала әкiмiнiң «2014 жылдың 1 жарты жылдығында Петропавл қаласының атқарушы органдарында мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру және мерзiмдерiн сақтау бойынша қабылданатын шаралар туралы» ақпараты тыңдалды. Сонымен қатар, жыл iшiнде Қоғамдық кеңесте бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, жер қатынастары бөлiмдерi басшыларының есептерi тыңдалды.

2014 жылға бекiтiлген медиа-жоспардың орындалуын халыққа кеңiнен хабарлау мақсатында мемлекеттiк органдар басшыларының теледидар арқылы сөйлеуi болды, қалалық баспа БАҚ-да 12 ақпарат жарияланды, баламалы және баламасыз негiздерде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы, оларды электрондық форматта алу үшiн электрондық Үкiмет Порталы арқылы қол жеткiзу туралы қала әкiмiнiң сайтында орналастырылды.

Сонымен бiрге, бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жер қатынастары, кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмдерiнде 2014 жылғы 26 қыркүйекте жергiлiктi телеарналарды және газеттердi тартумен «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Осы iс-шараның арқасында қалалықтар электрондық Үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтер алу мүмкiндiгi туралы кең ақпарат алды.

Қалалық мемлекеттiк органдар және ұйымдармен мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын және уақытылылығын одан әрi арттыру мәселелерi тұрақты бақылауда, қызмет көрсету тәртiбiнiң бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда, қала әкiмдiгiнiң отырыстарында осы мәселе бойынша мемлекеттiк органдардың жұмыс жағдайын тоқсан сайын талдау жалғасын табатын болады.

Петропавл қаласының
әкiмi М. Тасмағанбетов

29.04.2015 09:48


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы