Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Әкім аппараты || Петропавл қаласы әкімдігінің регламенті

Петропавл қаласы әкімдігінің регламенті

1. Жалпы ережелер

1. Петропавл қаласы әкімдігінің осы Регламенті (бұдан әрі — Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президенті актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына және басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Регламент мына тәртіптерді реттейді:

  1. Петропавл қаласы әкімдігінің (бұдан әрі — әкімдік) қызметі;
  2. әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу;
  3. әкімдік және Петропавл қаласы әкімінің (бұдан әрі — қала әкімі) актілері жобаларын дайындау және ресімдеу;

3. Әкімдік Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енеді, даму мүддесі мен сұраныстарын астастыра отырып, жалпы мемлекеттік атқарушы билік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

4. Әкімдікті қала әкімі басқарады. Әкімдік құрамын, қала әкімі қала әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі-атқарушы органдар) бірінші басшыларынан қалыптастырады.

Әкімдік мүшелерінің саны қала әкімімен айқындалады.

Әкімдіктің дербес құрамы қала әкімінің ұсынымы бойынша қалалық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.

5. Қала әкімдігінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге-де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

6. Қала әкімінің аппараты (бұдан әрі — аппарат) әкімдіктің қызметін, ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады.

7. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және әкім (бұдан әрі — әкім) бекітетін тәртіппен іске асырылады. Кіріс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесі, сондай-ақ өзге-де тәсілдер арқылы іске асырылады.

8. Белгіленген үлгідегі бланкілер тек мемлекеттік тілдегі хат-хабарларды ресімдеген кезде ғана қолданылады. Қажет болған жағдайда, ақпараттың орыс тіліндегі нұсқасы бланкілерді қолданусыз қоса беріледі.

2. Жұмысты жоспарлау

9. Қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдікке және қала әкімінің қарастыруына енгізілген осы Регламентпен белгіленген нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобалары өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

10. Жоспарлы әкімдік отырысында қаралатын мәселелердің жыл сайынғы тізбесін ұйымдастыру-бақылау бөлімі жасайды, әкімдіктің шұғыл отырысына тізбені апта сайын әкімдік мүшелері және қала әкімдігі құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынысы бойынша құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жасайды.

Жоспарлы әкімдік отырысына тізбені әкім бекітеді, әкімдіктің шұғыл отырысына тізбені қала әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

Қала әкімімен бекітілген шұғыл мәселелер бойынша тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдар басшыларына, және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не қала әкімі аппаратының басшысы ұсынатын анықтама негізінде жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

3. Әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

11. Жоспарлы әкімдіктің отырыстары айына бір реттен кем өткізілмейді, ағымдағы мәселелер бойынша әкімдіктің шұғыл отырысы жұмасына екі рет өткізіледі және әкім шақырады, қажет болған жағдайда қала әкімі әкімдіктің шұғыл отырысын шақырады.

12. Әкімдік отырыстарына дайындық және өткізу қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімімен және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліммен жүзеге асырылады.

13. Әкімдіктің отырыстарында қала әкімі, ал ол болмаған жағдайда, қала әкімінің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.

14. Әкімдіктің отырысы, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерінде қаралуы мүмкін.

15. Әкімдік отырысы, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды саналады.

16. Әкімдік отырысында мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.

Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

17. Әкімдік отырыстарына қала әкімімен келісілген тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ облыстық мемлекеттік атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

18. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік отырыстарында қаралуға тиісті мәселелер дайындау мынадай талаптарды сақтай отырып іске асырылады:

  1. қолы осы органның ресми орнын растайтын, құжатты енгізетін органның бірінші басшысы, болмаса оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі — бірінші басшы) әкімдік отырысына енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;
  2. әдетте, қаулы жобасы мен анықтама мәтіні 5 парақтан аспауы тиіс;
  3. күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша жоба және анықтама тақырыптары бірдей болуы тиіс;
  4. әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша, ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
  5. талқыланатын мәселелер бойынша әкімдік отырысына шақырылғандардың тізімін айқындауды және нақтылауды қаулы жобасын әзірлеушілер жүзеге асырады. Әкімдік мүшелерінің келуін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, шақырылғандарды мәселені енгізуші орган қамтамасыз етеді.

19. Қала әкімі аппаратының басшысы әр айдың бесі күніне дейінгі мерзімде құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі ұсынған жоспарлы қала әкімдігі отырысының күн тәртібін қала әкіміне бекітуге ұсынады. Әкімдік отырысының күн тәртібін қала әкімі бекіткеннен кейін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі ай сайын құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес күн тәртібін әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.

Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

Шұғыл түрде әкімдік отырысын өткізген кезде қаралатын мәселелер жөніндегі материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін, не үштен екі бөлігі қағидатын сақтай отырып, әкімдік мүшелеріне сауалдама жүргізу жолымен қабылданады.

20. Әкімдік отырысына қатысатын лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер (қажет болған жағдайда — олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны) және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетілетін хаттама жүргізіледі. Отырыстарда қарастырылатын мәселелерді талқылау электронды, ақпарат тасымалдаушыларына жазылады.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі әкімдіктің мәжілісі аяқталған күннен бастап бес күндік мерзімде хаттама ресімдейді, оған аппарат басшысы, әкімдікте мәселелерді қарау құзыретіне енетін қала әкімінің орынбасары бұрыштама қояды және отырыста төрағалық етуші қол қояды.

Әкімдік отырыстарының хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қаулыларда көрсетілген және қала әкімдігі отырысының барысында берілген тапсырмалар тікелей орындаушыларға, басқа да мүдделі органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Тарату тізбесін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бекітеді.

Әкімдік отырыстарының хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.

Әкімдік отырысынң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.

4. Қала әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі, шығарылған актілер мониторингі

21. Тиісті қаулы қабылдау үшін әкімдік атына жіберілетін ұсыныстар әкімдік құзыретіне енетін мәселелер бойынша атқарушы органдармен енгізіледі.

22. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына, өзгерістерімен, осы Регламентке сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі — жобалар) дайындауды іске асырады.

Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлы әкімдік отырысына дейін 5 күн бұрын ұсынылады.

Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған жағдайда, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылған келіспеушіліктер туралы қажетті түсіндірмелермен анықтама қоса беріледі.

Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысымен кеңес шақырылуы мүмкін.

Келіспеушіліктер жойылған жағдайда сәйкес орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, ақтық шешім қабылдау үшін қала әкімінің орынбасары, аппарат басшысы ол туралы қала әкіміне не оны алмастыратын тұлғаға хабарлайды.

23. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірегейлігіне оны әзірлеуді іске асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапкершілік тартады.

24. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:

  1. құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып, атқарушы органдармен;
  2. жергілікті бюджеттен қаржыландыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаны іске асыру, тауарларды, жұмысты және қызметті, коммуналдық меншікті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша — «Қаржы бөлімі» ММ;
  3. бюджеттік жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына және бағдарламасына сәйкестігі, қаржыландыру жобасының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша — «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ.

25. Жобаны әзірлеуші жобаның барлық мүдделі атқарушы органдармен келісілуін ұйымдастырады.

Әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегі (отырыстағы) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаға өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.

Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келісуден бас тартуға тиісті емес.

26. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша әзірлеушіге бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуы тиіс:

  1. жоба ескертулерсіз келісілген (жобада бұрыштама бар);
  2. жоба ескертулермен келісілген (жобадағы қоса берілуге тиіс ескертулермен бұрыштама);
  3. жобаны келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).

27. Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұсқасына мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау үдерісінде әзірлеуші өзі келіскен, атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.

Қажет болған жағдайда, әкімнің, әкім орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.

28. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, әлеуметтік экономикалық салдарын, ол қабылданған жағдайда, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.

Мемлекеттік органның басшысы-жобаны әзірлеуші екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиіс.

29. Жобаны әзірлеуші жобада бұрын бір мезгілде қабылданған актілерді қабылданатын актілерге сәйкес келтіру бойынша норма көздейді және нақты орындалу мерзімімен тапсырмалар тұжырымдайды.

Аппаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға хақылы.

Жоба тіркелгеннен кейін аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде оның мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірегейлігі тексеріледі және құрылымдық бөлімшелерде тексерістен өтеді. Аппаратта жобаға тексеріс жүргізу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

30. Аппарат оның мәтіндерінің сәйкестігін тексеру, тексеріс жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны төмендегі негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға хақылы:

  1. жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірегейлігінің болмауы;
  2. оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкеспейтіндігі;
  3. осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ұсынылуы.

Басқа желеулер бойынша теріс қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.

31. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес іске асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.

Жоба әкім орынбасарларының келісуін өткеннен кейін қала әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығымен келісіледі.

32. Қала әкімі әкімдік қаулыларына, әкім шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Оларға қол қойғаннан кейін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгізуге жол берілмейді.

33. Қала әкімі қол қойған әкімдіктің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімдері оларды есепке алуды және тіркеуді іске асыратын құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне түседі.

34. Қол қойылған әкімдік қаулыларына, қала әкімнің шешімдері мен өкімдеріне мыналардан тұратын тіркеу нөмірлері беріледі:

  1. қаулылар мен шешімдер үшін — күнтізбелік жылдың басынан реттік нөмір, өкімдер үшін — сызықша арқылы «ө" әрпі көрсетіле отырып, күнтізбелік жылдың басынан реттік нөмір;
  2. құпия немесе өте құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін — сызықша арқылы құпия үшін «қ" әрпін және өте құпия қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін «өқ" әріптерін, құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік нөмір қоя отырып, құпия емес қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік нөмір.

35. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы бекіткен тарату парағына сәйкес аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін таратады.

Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдіктің және қала әкімінің актілері тіркелгеннен кейін алушыларға жөнелтіледі.

Әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.

Құжаттардың уақытылы шығарылуына және алушыларға жөнелтілуіне құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапкершілік атқарады.

36. Техникалық қателер табылған жағдайда, әкімдік қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиіс.

37. Әкімдікпен және қала әкімімен қабылданған актілердің бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргізу құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен жүзеге асырылады.

38. Әкімдіктің және қала әкімінің жалпы міндетті мәні бар, ведомсвоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты барлық актілер әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуге және заңмен белгіленген тәртіпте газеттерде міндетті жариялануға жатады.

Актілерді мемлекеттік тіркеуге таңдау және оларды (ZIP) мұрағаттық нысанын сақтаумен электронды пошта арқылы баспалық және электрондық түрде әділет органдарына жіберуді заңнамалық белгіленген тәртіпте аппараттың заң бөлімі жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген актілерді жариялауға жіберуді заңнамада белгіленген тәртіпте аппараттың заң бөлімі жүзеге асырады. Нормативтік құқытық актілерді ресми жариялау кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен датасын көрсету міндетті болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылған жағдайларда заң бөліммен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде әділет департаментіне және актіні растайтын көшірмесінің қосымшасымен жариялау үшін ресми баспалық баспасөздерге хабарланады.

39. Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін заң бөлімі әділет органдарына заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде әкімдік қаулылары мен әкім шешімдерінің тізбесін ұсынады.

40. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

5. Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен қала әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеріс ұйымдастыру тәртібі

41. Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің орындалуын ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

42. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі, әкімінің, әкімдік пен қала әкімінің, олардың орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге-де тапсырмалары бақылауға қойылады.

43. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен облыс әкімінің, әкімдік пен қала әкімінің, олардың орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген, атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

44. Әкімдіктің және қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары, белгіленген атқарылу мерзімін ескере отырып, төмендегі бақылау түрлеріне қойылады:

  1. шұғыл — «аса шұғыл» белгісі барлары — үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» — он жұмыс күніне дейін;
  2. қысқа мерзімді — он жұмыс күнінен бір айға дейін;
  3. ортамерзімдік — бірден алты айға дейін;
  4. ұзақ мерзімді — алты айдан астам.

Мерзімдері белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бірайлық мерзімі белгіленеді.

Атына тапсырма берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өкілдері отырысқа қатысқан, тапсырманы орындауға мәжілістен кейін дереу, отырыс хаттамасы немесе қала әкімі қол қойған тапсырмасын күтпестен кірісуге міндетті.

45. Бірнеше атқарушыға берілген тапсырмаларды орындауды, тапсырмада бірінші тұрған немесе оның қасында «(шақыру)» деген белгі тұрған лауазымды тұлға үйлестіреді.

46. Егер, тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (болмаса оның міндетін атқарушы тұлға) дер уақытында, алайда белгіленген мерзіміне дейін үш күннен кешіктірмей кідірудің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиіс.

47. Әкімдіктің, қала әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту, соның ішінде оларды ортамерзімдік және ұзақмерзімдік бақылауға ауыстыруға қала әкімінің немесе аппарат басшысының шешімі бойынша бір реттен артық жол берілмейді.

48. Әкімдіктің, қала әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін екінші қайтара ұзартуға, қала әкімінің немесе аппарат басшысының шешімімен айырықша жағдайларда, жергілікті атқарушы орган басшыларының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарай отырып, жол беріледі.

49. Актілер мен тапсырмалар тармақтарын бақылаудан алу үшін мыналар негіз болып табылады:

  1. толық және сапалы орындалуы;
  2. туындаған объективті жағдайға қарай атқарудың мүмкін болмауы.

50. Аппаратпен, қала әкімі айқындаған тәртіппен заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен облыс әкімінің, әкімдік пен қала әкімінің, олардың орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

51. Қала әкімі аппаратының бақылау-ұйымдастыру бөлімі қала әкімін әкімдік пен облыс әкімінің, әкімдік пен қала әкімінің заңнамалық актілерінің орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының заң актілерін, актілері мен тапсырмаларын белгіленген тәртіпте орындауда өрескел бұзушылық жіберу фактілері бойынша қала әкімі орынбасарлары және аппарат басшысының кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізуі мүмкін.

Қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерді, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және қала әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

03.05.2012 15:24


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы