Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Петропавл қаласы әкімінің аппараты туралы ереже

Петропавл қаласы әкімінің аппараты туралы ереже

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «01» 08
№ 1501 қаулысымен
бекiтiлген

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы

1. Жалпы ережелер

1. «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Аппарат) қала әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. Аппарат құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Петропавл қаласының әкiмдiгi болып табылады.

3. «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволық бағынысты мекемесi — «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iстер басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бар.

4. Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Аппарат мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

7. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiлiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Аппарат өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәптiппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлерiмен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. Аппараттың құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

10. Аппараттың орналасқан жерi: 150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23.

11. Аппараттың толық атауы: «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

12. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

13. Аппарат қызметiн қаржыландыру қалалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

14. Аппаратқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Аппарат функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер аппаратқа заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекет бюджетiнiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Аппараттың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. Аппарат миссиясы: қала әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

16. Аппараттың мiндеттерi:

1) қала әкiмi, қала әкiмi аппаратының қызметiн ұйымдастыру, ақпараттық-талдамалық және құжаттамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы қалалық iс-шаралар өткiзу;

2) құжаттармен жұмыс iстеу түрлерi мен әдiстерiн жетiлдiру;

3) iс-жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, олардың орындалуын және ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшiн дайындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

4) электрондық құжат айналымы жүйесiнiң жұмыс iстеуi және құжат айналымының көлемiн қысқарту;

5) бюджеттiк саясат және бюджетаралық қатынастар, экономикалық, қаржылық және салық саясаты мәселелерi бойынша ұсыныстар дайындау;

6) Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi мен қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалауды iске асыру;

7) комиссия және жұмыс тобының қызметiн қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi тапсырмаларының, әкiмнiң және әкiмдiк актiлерiнiң, сондай-ақ әкiм, оның орынбасарларының және қала әкiмi аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылау;

9) қала әкiмi мен әкiмдiгi, қала әкiмi орынбасарлары және аппарат қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

10) құқықтық құралдармен қала әкiмi мен әкiмдiгiнiң, аппаратының мүлiктiк және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсiндiру;

12) қылмыс, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртiп пен заңдылықты қолдау мәселелерi бойынша мемлекеттiк, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестiктi ұйымдастыру;

13) қала әкiмi мен әкiмдiгi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзiрлеу;

14) норма шығармашылық жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

15) қала әкiмi және аппаратының қызметiн қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

16) қызметтiк кабинеттер, мәжiлiс залдарын нормативтiк талаптарға сай техникалық жабдықтау;

17) мекеменiң шаруашылық операцияларды дұрыс жүзеге асыруы мақсатында Аппарат басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету;

18) мүлiк және мiндеттемелердiң болуын және қозғалысын есепке алуды, бекiтiлген нормалар, нормативтер мен сметалар, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануын, субъектiнiң шаруашылық қызметiнiң керi нәтижелерiн болдырмауды қамтамасыз ету;

19) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру бойынша жұмысты үйлестiру;

20) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

21) жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдi және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара әрекетiн үйлестiру;

22) мемлекеттiк қызметке кадрлық әлеует қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Президентi және Үкiметi, облыс және қала әкiмi актiлерiнiң орындалуына тексерiс жүргiзуге, анықталған бұзышылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға құқылы;

23) қала басшылығы тапсырмаларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру жөнiнде сұлбалар, ұсыныстар, әдiстемелiк құралдар әзiрлеу;

24) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау;

25) қала әкiмi және әкiмдiгi, аппаратының қызметiн материалдық-техникалық және көлiктiк қамтамасыз ету.

17. Аппараттың функциялары:

1) қала әкiмiне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына облыс өңiрлерiндегi қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жүйелiк талдау негiзiнде ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, iс-шараларды, нысаналы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу, өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау, жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қызметiне жәрдемдесу;

3) өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамыту стратегиясы, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясаты мәселелерi жөнiнде орталық басқару органдарына ұсыныстар әзiрлеу;

4) облыс әкiмдiгi мәжiлiсiнiң, оның қатысуымен өтетiн консультативтiк-кеңестiк органдар, штабтар, комиссиялар, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және басқа да iс-шаралардың регламентiне сәйкес өткiзiлетiн қала әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;

5) әкiмнiң қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетудi қамтамасыз ету;

6) облыстық атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру, зерделеу және талдау, әкiмге олардың қызметтерiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

7) облыс әкiмi аппаратымен, облыс әкiмдiгiнiң басқармаларымен, аумақтық органдарымен, өкiлдi органдарымен өзара әрекеттi жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкiмет, облыс және қала әкiмдiктерi қаулыларының, қала әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

9) қала әкiмдiгi қаулылары, қала әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларының заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексеру, норма шығармашылықты жетiлдiру, облыс әкiмiнiң, облыс әкiмi орынбасарларының және аппарат басшысының басқару қызметiн заңгерлiк қамтамасыз ету;

10) қала әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;

11) қала әкiмiнiң қалалық мәслихатпен өзара әрекетiн қамтамасыз ету;12) қала әкiмдiгi мен әкiмi актiлерiнiң орындалуын бақылау;

13) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, оны дамытуға орай қабылданған Президент Жарлықтары мен Үкiмет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргiзу. Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi бос қызмет орындарына тағайындауға және ауыстыруға келiсiмге ұсыну мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, қала әкiмiнiң Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшiн тиiстi құжаттар дайындау, марапаттау құжаттарын ресiмдеу, марапатталғандар туралы деректер банкiн қалыптастыру;

15) қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртiптi және заңдылықты қолдау мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара әрекетiн қамтамасыз ету;

16) қала әкiмiнiң қызметiн қаржылық-шаруашылық және материалдық- техникалық қамтамасыз ету;

17) еңбек ету және демалыс үшiн қолайлы әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау, қызметтiк кабинеттердi, мәжiлiс залдарын нормативтiк талаптарға сәйкес техникалық жарақтандыру;

18) мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс жүргiзудi сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;

19) ресми үкiметтiк және шетелдiк делегацияларға, мемлекеттiң жоғары лауазымды тұлғаларына қызмет көрсету, олардың қатысуларымен өтетiн iс-шараларды ұйымдастыру;

20) қаланың атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының мониторингi;

21) Аппарат басшысы бекiтетiн бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес Аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң функцияларын орындау;

22) қызметтiк құжаттар мен азаматтар өтiнiштерiне есеп жүргiзу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтiнiштерi бойынша талдау жүргiзу;

23) қала әкiмдiгi мен әкiмi шығарған актiлердi есептеу және тiркеу;

24) электрондық қызметтердi және электрондық үкiметтi дамыту;

25) қала әкiмдiгiнiң отырысы, Петропавл қаласы халқымен есеп беру кездесуi, селекторлық және жұмыс кеңестерi, жұмыс сапарлары барысында берiлген қала әкiмiнiң тапсырмаларын орындауды бақылауды жүзеге асыру.

26) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу.

18. Аппараттың құқықтары мен мiндеттерi:

1) қала әкiмi аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алысуға;

2) қаланың атқарушы органдарынан олардың қызметтерi, жекелеген лауазымды тұлғалар жөнiнде ақпараттар, түсiнiктемелер сұратуға және алуға, Аппарат құзыретiне жататын тапсырмалар беруге, қаланың атқарушы органдарының қызметкерлерiн тартуға, қала әкiмдiгi мен әкiмiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешуге;

3) облыстық, қалалық әкiмдiк пен мәслихаттың, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға;

4) Аппаратқа жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау.

3. Аппарат қызметiн ұйымдастыру

19. Аппаратты басқару Аппаратқа жүктелген мiндеттердi орындауға және онымен өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауапкершiлiк атқаратын басшымен жүзеге асырылады.

20. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

21. Аппарат басшысының өкiлеттiлiгi мен мiндеттерi:

1) қала әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басқарады және аппаратқа жүктелген қызметтер мен мiндеттердi орындауға дербес жауапкершiлiкке атқарады;

2) аппаратта мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

3) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтығы мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

4) Аппарат қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершiлiк атқарады;

5) Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырып, бағыттайды, олардың өзара әрекеттерiн үйлестiредi;

6) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк қызметтерiне конкурстар ұйымдастырады. Олардың қорытындысы бойынша Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы әкiмнiң қарауына ұсыныстар енгiзедi, Аппарат қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Аппарат кадрларының резервiн қалыптастырады, қала әкiмi аппаратының аттестациялық комиссиясын қалыптастырып, басқарады;

7) қала әкiмдiгiнiң бекiтуiне Аппарат туралы ереженi, штат санының құрылымы мен лимитiн ұсынады, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегiнде мемлекеттiк қызметшiлерге үстемеақы, материалдық көтермелеу (сыйлықақы) белгiлейдi;

8) Аппарат құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;

9) қала әкiмiнiң аппаратында iшкi еңбек тәртiбiн орнатады;

10) штаттық кестенi қала әкiмiне бекiтуге ұсынады;

11) нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын және басқа да құжаттарды келiседi және қала әкiмдiгi мен әкiмiне қарауға ұсынады.

12) қала әкiмiнiң тиiстi орынбасарларымен келiскеннен кейiн Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi.

13) Аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң бақылау iс-шаралары жоспарын бекiтедi.

14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Аппарат қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

15) Аппараттың шығыстар сметасын бекiтедi, бюджетпен көзделген қаржылай қаражатқа билiк жүргiзедi;

16) Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жинағын бекiтедi;

17) қала әкiмiне Аппараттың жұмысын перспективалық жоспарлау және ағымдағы ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

18) жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Аппарат қызметшiлерiн iссапарларға жiбередi;

19) мемлекеттiк қызметшi кадрларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

20) Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығының жұмыс жоспарын бекiтедi;

21) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Аппарат атынан өкiл болады;

22) оған қала әкiмiмен жүктелген өзге де қызметтердi жүзеге асырады.

Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiгiн орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

22. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

23. Аппарат басшысы қала әкiмiне бағынады және оның тiкелей басшылығымен жұмыс iстейдi.

24. Аппарат құрылымын қала әкiмi, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы мен құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер), кеңесшiсi, көмекшiлерi, бас мамандар, Аппараттың өзге де лауазымды тұлғалары құрайды.

25. Құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппарат басшысының ұсынысы бойынша қала әкiмi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын қала әкiмiнiң кеңесшiсi және көмекшiсiмен қатар олардың басшылары басқарады.

26. Аппарат қызметкерлерi қала әкiмi тағайындайтын лауазымды тұлғалардан басқа, Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Аппараттың әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерi болып табылады.

27. Қала әкiмдiгiн, әкiмiн және Аппаратты материалдық-техникалық, шаруашылық-тұрмыстық қамтамасыз етудi Аппараттың құрылымдық бөлiмшесi — қала әкiмдiгiнiң iс басқармасы жүзеге асырады.

28. Аппарат қызметшiлерiнiң еңбегiне, ақы төлеу шарты және еңбекақы мөлшерi Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

29. Зейнет жасына жеткен Аппарат қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттiк қызмет және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Аппарат мүлкi

30. Аппараттың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Аппараттың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен құралады.

31. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Аппарат өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

33. Аппаратты қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, бiрiктiру, бөлiп шығару, өзгерту) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Таратылғаннан кейiн Аппараттың мүлкiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

35. Аппараттың Ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

36. Аппараттың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Аппараттағы жұмыс тәртiбi және өзара қатынас

37. Аппарат пен уәкiлеттi орган арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

38. Аппарат әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамасына сәйкес айқындалады.

39. Аппараттың жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30 дейiн, аптасына бес күн, демалыс күндерi кесте бойынша, түскi үзiлiс — сағат 13.00-ден 14.30 дейiн.

22.08.2016 17:34


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы