Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Ведомствоаралық комиссиялар || Петропавл қаласында қылмыстық жазаны атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысы туралы ақпарат

Петропавл қаласында қылмыстық жазаны атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысы туралы ақпарат

Консультативтiк-кеңесшi органның жұмысы туралы

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамы

Глотов Евгений Сергеевич Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Протопопова Татьяна Николаевна «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Тілеубаева Рашида Пауатқызы Петропавл қаласы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Ахметова Баян Нұрғалиқызы «Петропавл қаласының әділет басқармасы» ММ басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Дәуенова Әсемгүл Нұрланқызы «Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» ММ ЖПҚ бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша)
Зейнуллин Бауыржан Жанатұлы «Солтүстік Қазақстан Білім басқармасының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері (келісім бойынша)
Қазбекова Индира Бейбітқызы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Петропавл қаласы пробация қызметінің инспекторы (келісім бойынша)
Лапшина Ирина Владимировна «Нұр Отан» ХДП мүшесі (келісім бойынша)
Орлова Алина Геннадьевна «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Пакетова Наталья Петровна «Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ана мен бала денсаулығын сақтау және алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің басшысы (келісім бойынша)
Сәбитова Ғалия Кеңесқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ жұмыспен қамту секторының меңгерушісі
Сыздықова Алтынай Қожабайқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ бас маманы
Трусова Зинаида Михайловна еңбек ардагері (келісім бойынша)
Тұяқова Альфия Көшімқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ҚММ қорғаншы — әдіскері
Уәлиев Данияр Серікұлы Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Шарабар Елена Александровна «Облыстық наркологиялық орталық» КМҚК нарколог дәрігері (келісім бойынша)

2016 жылғы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия жұмысының қорытындылары туралы ақпарат

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия алдын алу, кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және ұстау бойынша ата-аналық мiндеттерiн орындамайтын ата-аналарды анықтау жүйесiнiң мүдделi органдарының қызметiн үйлестiредi.

Қиын өмiрлiк жағдайда, балалардың өмiрлерi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және ұстау бойынша ата-аналық мiндеттерiн орындамайтын ата-аналарды анықтау мақсатында Комиссия ҚIIБ ювеналды полиция қызметкерлерiмен, қаланың бiлiм беру мекемелерiнiң (мектептер, колледждер) өкiлдерiмен, қоғамдық бiрлестiктермен бiрлесiп жағдайы нашар отбасыларға тұрақты барып тұрады, олардың нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк-қауiптi жағдайда қалу себептерi анықталады. Бару нәтижелерi бойынша материалдар комиссия отырысында қаралады. 2016 жылғы 12 айда ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып жүрген ата-аналарға қатысты 70-тен аса материал қаралды.

2016 жылдың қорытындылары бойынша 23 комиссия отырысы өткiзiлдi, 155 материал қаралды (2015 жылы 174 материал қаралды), мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi 12 есебi тыңдалды. оң өзгерiстердi анықтау, отбасыларды әлеуметтiк оңалту бойынша қабылданатын шаралардың тиiмдiлiгiн зерделеу мақсатында 22 заңды өкiлге қатысты материалдар қайта қаралды.

Мысалы, «№ 32 орта мектеп» КММ комиссияның қарауына 16 материал ұсынды, оның 3 материалы қайта қаралды. Нәтижесiнде оқудан жалтару себебiмен 2 жасөспiрiм арнайы бiлiм мекемелерiне жiберiлдi, 2 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды, бiр кәмелетке толмағанға қатысты алдын алу iс-шаралары тиiстi нәтиже бермедi, ақырында кәмелетке толмаған сотталды.

Сабаққа қатысу, сабаққа 10 және одан да көп күн бармайтын балалар туралы мәлiметтердi қамтитын күн сайынғы мониторинг жүргiзедi.

2016-2017 оқу жылының басында сабаққа бармайтын 5 бала анықталды, нәтижесiнде оқуға төрт бала қайтарылды. Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттiк органдардың тұрақты бақылауында.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың оқудан жүйелi жалтару, қаңғыбастық себептерiне байланысты комиссия ұсынысы бойынша арнайы бiлiм мекемелерiне орналастыру үшiн 4 материал ювеналды сотқа жолданды. Нәтижесiнде 3 жасөспiрiм Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қ., 1 жасөспiрiм Алматы қаласының арнайы бiлiм мекемесiне жiберiлдi. Өз кезегiнде 2016 жылы арнайы бiлiм мекемелерiнен 6 жасөспiрiм қайта оралды, барлығы бұрыңғы оқу орындарына орналастырылды.

Қараусыз және бақылаусыз балаларды, оқуға бармайтын, жағдайы нашар отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, бала еңбегiнiң ең жаман түрлерiн пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында мүдделi ведомстволар тұрақты негiзде «Түнгi қаладағы бала», «Жасөспiрiм», «Жаппай оқыту», «Жұмыспен қамту», «Балалар еңбегiн пайдалануға қарсы 12 күн» акциясы секiлдi республикалық және өңiрлiк жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзедi. Нәтижесiнде 105 кәмелетке толмаған анықталды және есепке қойылды.

Сонымен қатар, заңнамамен белгiленген жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекi өнiмдерiн сату фактiлерiнiң жолын кесу мақсатында рейдтiк iс-шаралар өткiзiлдi.

Рейдтер барысында Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк кодексiнiң 200-бабы (21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнiмдерiн сату) бойынша 82 сатушы және дүкендер мен ойын-сауық орындарының иелерi тартылды, Кодекстiң 133-бабы (кәмелетке толмағандарға темекi және темекi өнiмдерiн сату) бойынша 25 адам тартылды.

Ата-аналық мiндеттерiн тиiстi түрде орындамайтын ата-аналарға қатысты 147 заңды өкiл әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Өткен кезеңде мүдделi органдардың қатысуымен ювеналды сотта 52 кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-аналар құқығынан айыру бойынша 39 талап арыз қаралды. Көбiнесе материалдар кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссия отырыстарында қаралды.

Қамқоршылық және қорғаншылық органымен интернат түрiндегi бiлiм ұйымына 30 бала, Балалар үйiне 10 бала орналастырылды, 68 бала қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алынды.

Қиын өмiрлiк жағдайда қалған кәмелетке толмағандардың дербес базасына 128 балаға мәлiмет енгiзiлдi, әлеуметтiк оңалу және кәмелетке жету нәтижелерi бойынша 101 бала (2015 жылы 84 бала есепке қойылды, 85 бала есептен алынды) есептен алынды.

Тұрғылықты жағдайды бақылау, комиссия ұсыныстарын орындау мақсатында 30 отбасына барылды. Осылайша, комиссия мүшелерi 2016 жылғы жаз бойы ата-аналары кәмелетке толмаған балаға қарапайым жағдайлар жасамай, оған қатал мiнез танытқандықтан К., отбасына 4 рет барды. Профилактикалық жұмыс нәтижелерi бойынша ата-аналар жартылай жөндеу жүргiзiп, жұмысқа орналасты, отбасы оқу орнының бақылауында.

Әкесiнiң әрекетсiздiгi салдарынан жеке құжаттары болмаған кәмелетке толмаған Ж., көмек көрсетiлдi, ол Петропавл қаласының аумағында тiркелдi, қамқоршылық және қорғаншылық органының қолдаухаты бойынша анасының қайтыс болуы туралы куәлiгi қалпына келтiрiлдi, асыраушысынан айырылу бойынша берiлетiн жәрдемақы ресiмделдi. Бала колледждегi оқуын жалғастырды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қараусыздық және бақылаусыздық профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жүйесi мүдделi органдарының бiрлескен қызметiн үйлестiру нәтижесi Петропавл қаласының аумағындағы жасөспiрiмдiк қылмыстың төмендеуi болып табылады, 2015 жылы 39 қылмыс, 2016 жылы 21 қылмыс жасалды.

Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның қызметi алдағы уақытта өз құзыретi шеңберiнде қолданыстағы заңнама талаптарын айқын орындауға негiзделе отыра, ведомствоаралық бақылауды күшейтуге, отбасындағы нашар жағдайды ерте анықтауға, балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық, медициналық, құқықтық қолдау және оңалту үшiн жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның 2015 жылдағы қызметiнiң қорытындысы туралы ақпарат

«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Петропавл қаласының аумағында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) өз қызметiн жүзеге асырады.

Комиссия құрамына қалалық мәслихат депутаттары, iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдары, қоғамдық бiрлестiктер және т.б. өкiлдерi кiредi.

Комиссия жұмысының негiзгi мақсаты отырыстар өткiзу арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу саласында мемлекеттiк органдар мен мекемелер қызметiнiң үйлестуiн қамтамасыз ету болып табылады. Комиссия отырыстары «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексi, сондай-ақ Комиссия туралы үлгi ереже негiзiнде әзiрленген жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия отырыстары қажетi бойынша, бiрақ айына 2 реттен кем емес қала әкiмiнiң аппаратында кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкiлдерiнiң, бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен iшкi iстер органдары өкiлдерiнiң мiндеттi қатысуымен, сондай-ақ прокурордың шақырылуымен өктiзiледi.

Өмiрдiң қиын жағдайына душар болған, балалар өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды айқындау және әлеуметтiк бейiмдеу, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және асырау бойынша ата-ана мiндеттерiн орындамайтын ата-аналарды анықтау мақсатында Комиссия ҚIIБ ювеналды полициясының қызметкерлерi, қаланың бiлiм беру мекемелерi, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiмен бiрге жағдайы нашар отбасыларға апта сайын баруды жүзеге асырады, нәтижелерi бойынша кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтiк қауiптi жағдайда болу себептерi анықталады. Бару нәтижелерi бойынша материалдар комиссия отырыстарында қаралады. 2015 жылдың 12 айында ата-ана мiндеттерiн атқарудан бұлтарып жүрген ата-аналарға қатысты 80-нен астам материал қаралды.

2015 жылы Комиссияның 25 отырысы өткiзiлдi (2014 жылы — 25), оның 3-i кәмелетке томлағандардың оқу және тұру орындарына барумен өткiзiлдi. 208 кәмелетке толмаған бала мен олардың заңды өкiлдерiне қатысты 176 материал қаралды.

Мүдде танытқан мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша өткiзiлетiн жұмыс жайлы 28 есеп тыңдалды.

Комиссия туралы Ережеге сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына мемлекет тарапынан көмек көрсетудi қажет ететiн кәмелетке толмағандарды қолдау жөнiнде 47 ұсыныс енгiзiлдi: 8 бала ата-анасынан тартып алынды, Балалар үйiне 23 бала, жетiмханаға 24, кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына 7 бала орналастырылды. Балалар үйлерiне 10 бала орналастырылды, ата-анасының қамқорынсыз қалған 70 балаға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiлендi. Кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотқа заңды өкiлдерiн ата-ана құқығынан айыру мәселесi жөнiнде 30 талап арыз жолданды.

Комиссия мүдде танытқан мемлекеттiк органдармен бiрге сабаққа 10 және одан көп күн қатыспаған балалар мен жасөспiрiмдер туралы ақпараты бар сабаққа қатысу жөнiнде ай сайын мониторинг жүргiзедi. 2015-2016 оқу жылы басында сабаққа қатысудан бұлтарып жүрген 14 қала мектебi оқушысы айқындалды, барлығы парта басына қайтарылды. Сонымен қатар, жиi түрде сабақтан бұлтару, қаңғыбастық себебiнен ювеналды сот шешiмi бойынша арнаулы бiлiм беру мекемелерiне қаланың мектептерi мен колледждерiнен 5 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Өз алдына, 2015 жылы арнаулы бiлiм мекемелерiнен оралған 6 жасөспiрiм Комиссия шешiмi бойынша бұрынғы оқу орындарына орналастырылды. Петропавл қаласының прокуратурасы жанындағы өмiрдiң қиын жағдайына душар болған кәмелетке толмағандарға жәрдемдесу жөнiндегi мобильдi топпен бiрге Комиссия кәмелетке толмағандар мен олар отбасыларының тұру мекенжайына шығумен 5 материал қарады. Балаларды орналастыру шаралары қабылданды: қорғаншылық және қамқоршылық органы 3 баланы ата-анасынан айырып алды, бiр қыз психоневрологиялық диспансер қорытындысы бойынша үйде оқытылады, тағы бiр бала оқу орны бойынша әлеуметтiк-психологиялық қызмет бақылауына алынды.

Комиссия кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтi мiнез-құлықтарын болдырмау, өз-өзiне қол жұмсаудың, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылыққа қастандық жасау қылмыстарының алдын алу бойынша жұмысты тұрақты негiзде жүргiзедi. Солай, 2015 жылғы ақпанның 25-сi және маусымның 26-сы Комиссия кәмелетке толмағандардың өз-өзiне қол жұмсаудың алдын алу, жыныстық қол сұқпаушылыққа қастандық жасау қылмыстарын болдырмау мәселелерiнде ведомствоаралық ықпалдасу бойынша қала прокуратурасы, қалалық мәслихат, ҚIIБ, облыстық психоневрологиялық диспансер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, үкiметтiк емес бiрлестiктер, қала мектептерi, колледждерi директорларының қатысуымен кеңейтiлген орынға шығу отырыстары өттi.

Қадағалаусыз және панасыз калған балаларды дәлелдi себепсiз жалпы бiлiм беретiн оқу орындарындағы сабаққа қатыспайтын кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасы балаларын, балалар еңбегiн пайдалану жағдайы нашар фактiлерiн айқындау мақсатында «Түнгi қаладағы балалар», «Жасөспiрiм», «Заң және тәртiп», «Топ», «Жаппай оқыту» және басқа республикадық және өңiрлiк жедел-алдын алу iс-шаралары тұрақты өткiзiледi. 2015 жылғы қорытындысы бойынша жедел-алдын алу iс-шаралары аясында қала аумағында 205 рейд өткiзiлдi. 336 бала, ата-ана құқығын орындамайтын 225 ата-ана айқындалып, есепке алынды. Дәлелдi себепсiз кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, асырау мiндеттерiн орындамайтын ата-аналарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк кодексiнiң (бұдан әрi Кодекс) 127-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 140 ата-ана тартылды. Кәмелетке толмағандардың алкоголь iшiмдiктерiн және басқа да зиянды заттар қабылдауының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкогольдiк мас күйiнде қылмыс жасауын боладырмау мақсатында ойын-сауық орындары бойынша рейд iс-шаралары өткiзiледi, олар барысында ҚIIБ ювеналды полициясы 2289 құқық бұзушыны әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартты, оның iшiнде Кодекстiң 2-бөлiгi 442-бабы бойынша (кәмелетке толмағанның тәулiктiң түнгi уақытында үйден тыс болуы) — 782 заңды өкiл жауапқа тартылды (2014 жылы — 779).

Рейд iс-шаралары заңмен белгiленген жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекi өнiмдерiн сату фактiлерiн болдырмау мақсатымен өктiзiледi. Осы iс-шаралар барысында Кодекстiң 200-бабы бойынша (21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнiмiн сату) 72 сатушы мен дүкендер, ойын-сауық орындарының иесi (2014 жылы — 28), Кодекстiң 133-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарға темекi және темекi өнiмдерiн сату) 22 құқық бұзушы (2014 жылы — 14) жауапкершiлiкке тартылды. Кәмелетке толмағандарды алкогольдiк мас күйге жеткiзудiң 3 фактiсi айқындалды, нәтижесiнде құқық бұзушылар ҚР Кодексiнiң 131-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, айыппұл салынды.

Рейд кезеңiнде IIБ 1715 кәмелетке толмаған жеткiзiлдi, кәмелетке толмағандарды бейiмдеу оратлығы мен жетiмханаға 142 жасөсiпiрiм орналастырылды.

Осы күнде есепте 412 жағдайы нашар отбасы тұр (2014 жылы 410 отбасы). Кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторлары қылмыстық тәртiпсiздiктердiң жасалуын айқындау жұмысын өткiздi. Өткен 2015 жылы ювеналды полициямен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 1-бөлiгi 296-бабы бойынша жасалған 4 тәртiпсiздiк айқындалды. Аталған фактiлер бойынша қылмыстық iстер қозғалды, сотқа дейiнгi тексеру алдын ала тергеу түрiнде жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторлары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша мiндеттерiн орындамау фактiсi бойынша Қылмыстық кодекстiң 140-бабы бойынша қозғалған 23 қылмыстық iстi аяқтады.

Сонымен қатар, балалардың тұрғылықты орындарын белгiлеу және тәрбиелеуден бұлтарып жүрген ата-аналарға қатысты шаралар қабылдау бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың ведомствоаралық ықпалдасуын үйлестiру мақсатында Комиссия кәмелетке толмағандардың құқықтары, заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, сондай-ақ аталған отбасылардың тұру жағдайына бақылау жүргiзу жөнiнде ұйғарым енгiзедi. 2015 жылы Комиссия 4 ұйғарым жолдады (Бiлiм басқармасы, қалалық бiлiм бөлiмi, ҚIIБ, Дене шынықтыру және спорт басқармасы).

Жасөспiрiмдердiң құқық бұзушылығының алдын алу және болдырмау мақсатында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысы уақытында олардың бос уақытын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшiн қажеттi жағдай жасау жұмысы ұйымдастырылады. Қала мектептерiнiң 20 776 оқушысының 1335-i аз қамтылған және жағдайы нашар отбасылардан шыққан бала, оның 997-сi жазғы сауықтыру лагерьлерiнде демалу мүмкiндiгiне ие болды.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу мен болдырмау жұмысындағы басты бағыттардың бiрi — балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақытын ұйымдастыру. Қала аумағында жасөспiрiмдер клубтары өз жұмысын жүзеге асырады, олар қаланың түрлi аудандарында: Заречный кентi, Черемушки, Жұмысшы кентi, Борки кентi, «Береке» ауданы және т.б. орналасқан. 21 аула клубының түрлi үйiрме, секцияларына 3310 кәмелетке толмаған бала қатысады, оның iшiнде 87-сi «тәуекелдiлер тобынан».

Облыс орталығы аумағында кәмелетке толмағандар арасында 2014 жылы жасалған қылмыстар 48% құраған, 2015 жылы 39% дейiн түстi, яғни қылмыс жасау 18,8% түстi, бұның бәрi кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жүйесiнiң мүдде танытқан органдарының бiрлескен iс-әрекеттерiн үйлестiру нәтижесi болып табылады.

Петропавл қаласында қалыптасқан алдын алу жүйесi кәмелетке толмағандар мүддесiн қорғау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жағдайына ықпал жасай алады. Комиссия қызметi одар әрi өз құзыретi шегiнде қолданыстағы заңнама талаптарын айқын орындауға негiзделiп, ведомствоаралық бақылауды нығайтуға, отбасындағы қолайсыз жағдайды ерте айқындау, балалар мен олар ата-аналарын психологиялық-педагогикалық, медициналық, құқықтық қолдау және бейiмдеу үшiн жағдай жасауға бағытталатын болады.

07.02.2017 09:44


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы