Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесулері || 2016 ж. есептік кездесулері || Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің тұрғындармен кездесудегі есепті баяндамасы

Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің тұрғындармен кездесудегі есепті баяндамасы

Құрметтi қалалықтар!

Алдымен облыс орталығының тұрғындарына қаланың проблемаларына немқұрайды қарамай, көрсетiп отырған құрметi және өткен жылы ойдағыдай нәтижелерге қол жеткiзген ортақ еңбегi үшiн шынайы ризашылығымды бiлдiргiм келедi.

Өткен жыл айтулы оқиғаларға толы болды. Бiз Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының және республикамыздың Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты атап өттiк.

Мемлекет басшысының «Қазақстан нақты жаһандық ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауы бiздiң бүкiл елiмiз үшiн маңызды қоғамдық-саяси оқиға болды. Халыққа арнау дегенiмiз — барынша анық айқындалған бағдарлар, нақты белгiленген мiндеттер мен оларды шешудiң жолдары, дағдарысты жағдайлардың алдын алу және алға қарай баянды қадам жасау үшiн қажеттi шаралар.

Өткен жыл оңай болған жоқ. Алайда, iшкi саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және конфессия-аралық келiсiмнiң арқасында проблемалар жедел шешiлiп отырды. Осының бәрiне бiздiң Президентiмiз Н.Ә. Назарбаевтың нақты ойластырған саяса-тының арқасында қол жеткiзiлдi.

Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшiн айрықша жыл. Бiз Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын атап өтемiз, сондықтан жүктелген мiндеттердi орындаудағы өзiмiздiң зор жауапкершiлiгiмiздi түсiнемiз.

Өткен жылы қалада «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының бағыттарын жүзеге асыру қолға алынды, орта және шағын бизнестi, индустриялық-инновациялық дамуды ынталандыруға, тұрғындарды жұмыспен қамту, бiлiм берудiң және мектепке дейiнгi тәрбиенiң сапасын жақсарту басымдықтарының бiрi болып табылатын әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларды орындау одан әрi жалғастырылды.

Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңғыртуларды шешудiң нақты жолдары белгiленген «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Президент бағдарламасының мiндеттерiн орындау бойынша да көп жұмыстар тындыруымыз керек. Осының бәрi алдағы уақытта тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында елiмiздiң Ұлттық қорының есебiнен бұрынсоңды болмаған шаралар қаржыландырылды. Қаланың тамақ өнеркәсiбiнде, машина жасауда және қызмет көрсету саласында жұмыс iстей-тiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң 16 субъектiсi жылдық 6 пайызбен жеңiлдетiлген кредит алды.

«Сүт одағы» ЖШС-нiң, «Иващенко» жеке кәсiпкерлiгiнiң, «Диқаншы фирмасы» ЖШС-нiң, «Казмясо-продукт» ЖШС-нiң, «Богатырский продукт» ЖШС-нiң, «Петропавл қой жүнiн қайта өңдеу» ЖШС-нiң, «Основание» ЖШС-нiң, «Единство» ЖШС-нiң, «Дорожник Ашық Аспан» ЖШС-нiң, «Металлон» ЖШС-нiң, «ЗМО» ЖШС-нiң, «Фирма Универсал» ЖШС-нiң, «Soltyctik Rubber Recycing» ЖШС-нiң, «Петропавл құрылыс материалдары» ЖШС-нiң, «С.И. Бекқожин» және «Е.А.Ковтун» жеке кәсiпкерлiктерiнiң жобаларына мақсатты қолдау көрсету қамтамасыз етiлдi.

Өңдеушi өнеркәсiп салаларын дамыту елдi индустрияландыру бағдарламасының бағыттары бойынша да орындалуда. Есеп берiлiп отырған жылда Индустрияландыру картасы жобаларының құны 3,6 миллиард теңгенi құрады. Құрылыс индустриясын дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын, тағам өнiмдерiн өндiру бойынша 7 жоба iске қосылды. Жылуы тиiмдi блоктардың өндiрiсiн («Жүнiсов» ЖК) кеңейту, «Полимерлi ком-позиттер зауыты» ЖШС-iнде композиттi материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру, «Фирма Универсал» ЖШС-iнде асфальт-бетон қоспаларын өндiру, «Алаугаз СК» ЖШС-iнде керамикалық кiрпiш шығару, «ҚАЗТЕХМАШ» машина жасау зауыты» ЖШС-iнде ауыл шаруашы-лығы, көлiк және коммуналдық техникалар өндiрiсiн, «Единство» ЖШС-iнде қаңқақабырғалық үй құрылысының құрастырмалы темiр-бетон элементтерiнiң өндiрiсiн, «Радуга» ЖШС-iнде жүгерi үлпектерi мен құрғақ таңғы ас өндiрiсiн ұйымдастыру бойынша бастамаларға мемлекеттiк деңгейде қолдау көрсетiлiп, жүзеге асырылды.

Кәсiпкерлердiң 80 жобасына «Бизнестiң жол картасы — 2020» бiрегей бағдарламасының талаптарымен қолдау көрсетiлдi. 5,1 миллиард теңге сомасындағы заемдар мемлекет тарапынан жеңiлдетiлген кредиттендiрумен қамтылды.

«2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасында белгiленген экономиканың басымдық алған секторлары мен өңдеу өнеркәсiбiнiң салаларында қызмет атқаратын кәсiпкерлерге салалық қолдау көрсету» бағыты бойынша 78 жобаға сомасы 4 миллиард теңгеден асатын қолдау жасалды.

«Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету» бағыты бойынша «Эдельвейс Элит Север» ЖШС-нiң, «DEZ» ЖШС-нiң ұн үктiру кешендерiнiң өндiрiстiк қуаттарын 370 миллион теңге сомасына ұлғайту бойынша жобалары мақұлданды.

Қабылданған шаралар 485 жаңа жұмыс орындарын, соның iшiнде 240-ын «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасымен 245-iн индустриялық-инновациялық даму бойынша ашуға мүмкiндiк жасады. Ал аталған бағдарламаларды жүзеге асыру басталғаннан берi ашылған жаңа жұмыс орындарының жалпы саны 3 мыңнан асты.

Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындары 2015 жылы 70,2 миллиард теңге сомасында өнiм өндiрдi. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемi 109,1 миллиард теңге болды.

Статистика деректерiне қарағанда, машина жасау, металл өнiмдерi, металл емес минералды өнiмдер, мұнай өңдеу өнiмдерiн өндiру, фармацевтикалық тауарлар және металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындары өндiрiс көлемдерiн ұлғайтты.

2015 жылы қаланың өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiнде экономиканың өңдеушi секторының үлесi 64 пайызды құрады. Қазiргi уақытта көрсеткiштердi арттырудың барлық алғышарттары бар. Атап айтқанда, 2016 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 12 жобаны iске қосу көзделуде. Инвестициялық салымдардың көлемi 5,5 миллиард теңге болады, ашылатын орындар саны 500-ден асады. Дезинфекция және тұрмыстық химия заттарының, резеңке ұнтақтарынан жасалатын бұйымдар, энергетикалық жабдықтар, жол саласындағы және дербес жылу технологияларындағы инновациялық материалдар, ұн, тамақ өнiмдерi өндiрiсiн дамытуға, сондай-ақ, қозықұйрық өсiрiп, қайта өңдеу өндiрiсiне iскерлiк белсендiлiк берiлген. Осылайша экономикалық жағынан сенiмдi рентабельдiкке жеткен және менеджмент иеленген технологиялар дамытылуда.

Мемлекеттiк бағдарламалардың тетiктерiн пайдаланудың барысында құрылыс материалдарының өзiндiк рыногын жасау мәселесi шешiлдi. Елiмiздiң маңызды құрылысы «ЭКСПО-2017» мегажобасының жақындығы аталған саланың жергiлiктi тауар өндiрушiлерiне белгiлi бiр артықшылық бередi.

Тұрғын үй құрылысы, инфра-құрылымдық даму саласында «Нұрлы Жол» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асырудың өзiндiк толықтай тиiмдiлiгi де бар. Бұл — қаланың әр тұрғынының, сондай-ақ, қала болашағының экономикалық бiрлiк ретiндегi мәселелерiнiң шешiлуi болып табылады. Бүгiнде қалада 215 мыңнан астам адам тұрады, соның iшiнде экономикалық белсендi тұрғындардың үлесi 56 пайызды құрайды. Тұрғындардың осы санатының саны жыл сайын орта есеппен 3 мың адамға көбейiп келедi. 2015 жылдың 10 айында тұрғындардың оң сальдосы (4113 адам) байқалды, басқаша айтқанда, қалаға көшiп келушiлердiң саны көшiп кетушiлердiң санынан артып отыр. Бұл ретте облыстың аудандарынан ғана емес, республиканың өзге өңiрлерiнен көшiп келгендер (317 адам) есепке алынған.

2015 жылы облыс орталығы бойынша тұрғын үйлердi iске қосу жоспары 100 пайызға орындалды, 89 мың шаршы метрге тарта баспана пайдалануға берiлдi.

Әрқайсысы 100 орындық екi жатақхананың құрылысы бойынша ұшқыр жоба тамамдалып, олардан жұмысшы жастар, балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар баспана алды. Бұлардың бәрiнiң де баспананы 5 жыл бойы пайдалануға құқығы бар.

2016 жылы мемлекеттiк бағдарламалардың аясында жалпы аумағы 78,96 шаршы метр 11 тұрғын үйдi (1011 пәтер) пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Үстiмiздегi жылда 15,8 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлердi iске қосу жоспарланды. Олардың құрылысын «Основание» ЖШС, «Кансам» ЖШС, «Гришанов» жеке кәсiпкерлiгi, «Солтүстiк» әлеу-меттiк кәсiпкерлiк корпорациясы, «Сәрсенбаев» жеке кәсiпкерлiгi, «Казградстрой» ЖШС жүргiзбек.

Жеке тұрғын үй құрылысын белсендi жүргiзу мақсатында қала бюджетiнiң есебiнен «Солнечный» шағынауданының инженерлiк инфрақұрылымының құрылысы үшiн жоба алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларын жасау жоспарланған.

Жылумен, сумен, электр энергиясымен жабдықтаудың, қаланың әлеуметтiк нысандарының инженерлiк инфрақұрылымының құрылысы мен жетiлдiру мәселелерiн қаржыландыру көздерiн кеңейту жолымен шешiлуде. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың қолдауымен бюджеттiк қаржыландырудан тысқары қала елiмiздiң Ұлттық қорынан кредиттер, Еуразия қайта құру және даму банкiнiң заемдарын, концессиялық салымдар алды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қала бюджетiн қаржыландыру көлемi 1,9 миллиардтан аса теңгенi құрады, соның iшiнде Универсальная көшесiндегi сумен жабдықтау желiлерiн, Алтынсарин көшесiндегi су тарату желiсiн қалпына келтiруге 509 миллион теңге, Алтынсарин көшесiндегi және «Жас өркен» шағынауданындағы жылу желiлерiне (2-шi кезегi) 1417,6 миллион теңге бөлiндi.

Табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтерге тарифтердi белгiлеуде жеңiлдiк жасау мақсатында 2015 жылғы қазан айында «Қызылжар су» ЖШС, облыс әкiмдiгi мен Еуразия қайта құру және даму банкiнiң арасында ұзақмерзiмдi қаржыландыру шарты бекiтiлдi. Бұл шарттар халықаралық деңгейдегi заемшыларға 2014 жылдан ғана талаптар қойып, қаланың қаржы қызметтерi рыногында қолданылды, алғаш рет «СевКазЭнерго» АҚ-мен бекiтiлдi.

Көшелердi жарықтандырудың үнемдi, баламалы көздерiн пайдалану үшiн мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шарттарымен жеке концессиялық салымдарды тарту мәселесi қарастырылуда.

Бiздiң қаламызда облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың қолдауының арқасында бюджеттiк қаржыландыруға балама ретiнде мемлекет-тiкжекешелiк әрiптестiк жұмыс iстейдi. Ол мектепке дейiнгi бiлiм беру нысандарының құрылысы мәселелерiн шешуде нәтижелi қолданыс табуда. 2015 жылы 970 жаңа орын пайдалануға берiлдi. Оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қолдау көрсетуi арқасында қол жеткiзiлдi. Тек балабақшалар құрылысы есебiнен 644 орын iске қосылды. Алматы көшесi, 4-үйде 280 орындық «Еркем-ай» («Егоровские склады» ЖШС), Панфилов көшесi, 256-үйде 320 орындық «Ала-қай» («СевКазЭнерго» АҚ), Исмаи-лов көшесi, 9-үйде 44 орындық «Колокольчик» («Самигулина З.» ЖК) балабақшалары ашылды. Қазiргi уақытта 6 жасқа дейiнгi балаларды мектеп алдындағы бiлiммен қамту — 57 пайызды, 3-тен 6 жасқа дейiнгiлердi қамту 87,6 пайызды құрайды.

2016 жылы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк бағдарламасы бойынша әлеуметтiк әрiптестiктi қатыстыру арқылы 370 орындық 3 балабақша салу жоспарланған. «Береке» шағынауданында — 140 орындық, «Орман» шағынауданында — 140 орындық, «Юбилейная» шағынауданында — 90 орын-дық.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Строительный-Мир көшелерiнiң қиылысында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады. «Кошиков» ЖК инвесторы есебiнен Рига-Набережный — Айыртау көшелерi аумағында 200 орындық балабақша салу жоспарланған.

2016 жылы iске қосылатын 975 орынды есепке алғанда 1-ден 6 жасқа дейiнгi балаларды мектеп алдындағы тәрбиемен қамту — 58 пайызды, 3-тен 6-ға дейiнгi балаларды қамту 92,4 пайызды құрайтын болады.

Өткен жылы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi пайдалануға берiлдi. Жаңа нысандар қашанда жолдар салуға, инфрақұрылымдарды жақсартуға түрткi болады.

Белсендi құрылыстарды инвестициялау және сауда үйлерiн жаңғырту, оларда ойынсауық кешендерiн ашу қалалықтардың өмiрiне заманауи өң бере түсуде. 2015 жылы «ТДК», «Олжа» сауда үйлерi, «Семейный», «Мадагаскар» сауда-ойын-сауық орталықтары, элиталық «Green Park» отбасылық парк-отелi ашылды, «Алтын Адал» базарының жекелеген кешендерi жаңғыртылды. Бизнестiң осы бастамалары мемлекеттiк бағдарламалар тарапынан да қолдау тапты.

«Жұмыспен қамту — 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. Меншiктiң барлық түрлерiндегi жұмыс берушiлердiң қатысуымен 2900-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты, 122 әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылды, ЖОО-ның және АОО-ның 65 түлегi — жастар тәжiрибесiне, 123 адам кәсiби қайта даярлауға жiберiлдi, 985 жұмыссыз азамат 25 ұйымда уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылды. Екi мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Статистика департаментiнiң мәлiметi бойынша, орташа айлық ең-бекақы 2 пайызға өсiп, 93922 теңге болды.

Қала бюджетiне 11,4 млрд. теңге кiрiс кiрдi, оның iшiнде сомасы 9,7 млрд. теңгенiң салығы түстi. Салық түсiмi 2,1 млрд. теңгеге өстi. Кiрiс бойынша жоспарды орындау бюджеттiң шығындарын толық көлемде қаржыландыруға мүмкiндiк бердi.

Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау — атқарушы органдар қызметiнiң басым бағыттарының бiрi. Есептi жылда әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыруға 927,6 млн. теңге бюджет қаржысы, оның iшiнде 565,4 млн. теңге қала бюджетiнiң қаржысы бөлiндi.

Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына арналған шараларды өткiзуге 234,5 млн. теңге бөлiндi. 149 соғыс мүгедегi мен қатысушысына, 466 тыл еңбеккерiне, 387 соғыс ардагерiнiң жесiрiне материалдық төлемақы берiлдi.

Мүгедектiгi бар 2740 қалалық әлеуметтiк оңалту шараларымен қамтылды. Осы санаттағы екi мыңнан астам азамат жыл сайын бюджет есебiнен оңалту құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Жетiм және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 305 балаға, тұрғын үй алу кезегiнде тұрған 20 толық емес көпбалалы отбасына тоқсан сайын қолдау көрсетiлдi.

Бұдан басқа мұқтаж азаматтардың жеке санатынан 4134 адам атаулы және мереке күндерi, сол сияқты өмiрде қиын жағдай туған кезде әлеуметтiк көмек алды. Бұл мақсатқа әртүрлi деңгейлi бюджеттерден 169 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды.

Есептi кезеңде 1242 адам (460 отбасы) атаулы әлеуметтiк көмек, мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алды. Бұл мақсатқа 36 млн. теңге жұмсалды. Үйде оқыту шығынын өтеу үшiн 93 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетiлдi. Төлемақы сомасы 4,4 млн. теңгенi құрады. 1750 аз қамтылған отбасыға сомасы 37,8 млн. теңгенiң тұрғын үй көмегi берiлдi.

Барлық iрi және орта шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде жұмыс iстейтiндердiң санын қысқартудың алдын алу мақсатында ұжымдық шарттар жасалды, өзара ынтымақтастық және қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау туралы 441 меморандумға қол қойылды.

Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiнде балалар мен үлкендердiң демалысын ұйымдастыру, олардың спорттық, мәдени және рухани бағыты ерекше маңызға ие болды.

Былтырғы жылы Петропавл қаласында мұз айдыны және жеңiл атлетика манежi бар Спорт сарайының құрылысы аяқталды. Толығымен жергiлiктi бюджеттiң қаражатына тұрғызылған бұл нысан қызылжарлықтар үшiн айтулы оқиға болды.

1200 орынға арналған жабық мұз айдыны, велошабандоздар базасы және жеңiл атлетикалық манежi, шағын футбол, волейбол, баскетбол, жекпежектер, тренажер, ырғақты гимнастика залдары бар әмбебап Спорт сарайы әр уақытта жанкүйерлерге толы. Осы спорттық нысан жаңадан құрылған қалалықтардың сүйiктi «Құлагер» хоккей командасына жаңа серпiн бердi. Бүгiнде команда өзiнiң кәсiби ойындарын көрсетiп, жеңiстерге талпынуда.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың бастамасымен облыс орталығында қолжетiмдi спорттық нысандарды орналастыру бағдарламасы кең етек алды. Көпқабатты тұрғын үйлер мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң аулаларында 14 заманауи көпбейiндi хоккей қорапшасы мен 14 жасанды жамылғысы бар шағын футбол алаңдары орналастырылды. «Қарасай» стадио-нында қала және облыс тұрғындары үшiн хоккей қорапшасы қайта қалпына келтiрiлдi. Бұл бастамаларға қаламыздың бизнес құры-лымдары қолдау бiлдiрдi.

Көшелердегi тренажерлер қалалық Мәдениет және демалыс, «Солтүстiк жұлдызы» саябақтарында және «Қарасай» стадионында орнатылды.

Аулалық бiрiншiлiктердi жандандыру бойынша iс-шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, облыс орталығында аула құрамалары арасында шағын футболдан «Petro Cup» бiрiншiлiгiне бiр мыңнан астам адам бар 72 команда қатысса, футболдан қала бiрiншiлiгiнде 16 команда өнер көрсеттi. Сондай-ақ, 12 жаңа хоккей командасы құрылды.

Халықаралық сайыстарда сынға түскен қала спортшылары Азия бiрiншiлiгiнде суда жүзу, грек-рим күресi, ауыр атлетика, армрестлинг, велосипед спорты, жеңiл атлетика, еркiн күрес және дзюдо, әлем бiрiншiлiгiнде таэквон-до, грек-рим күресi, жазғы президенттiк көпсайыс бойынша жеңiмпаз және жүлдегер атанса, спорттық биден өткен әлем бiрiншiлiгiнде жеңiске жеттi.

Қала тұрғындарының мәдени өмiрiнде өткен жылғы мерейтойлық шаралар жалпыұлттық оқиғаға айналғаны сөзсiз. Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқы бiрлiгi күнi, Астана күнi, Отан қорғаушы күнi, Тұңғыш Президент күнi сияқты мемлекеттiк мерекелер, барлық қалалықтардың сүйiктi мерекелерiнiң бiрi — Петропавл қаласының күнi жоғары деңгейде аталып өтiлдi.

Өткен мерекелi жылы Жеңiс саябағында Даңқ аллеясы ашылды. Онда өңiрiмiзден шыққан 55 Кеңес Одағының Батыры мен 11 «Даңқ» орденiнiң толық иегерлерiнiң есiмдерi жазылған. Мұнда Жеңiс жауынгерiне ескерткiш, салтанатты қақпа, жерлестерiмiз қатысқан соғыстың негiзгi кезеңдерi жазылған пилондар, 2 ақпараттық стенд орнатылған. Сондай-ақ, саябақ абаттандырылып, жасыл көшеттер отырғызылып, өрнектастар төселдi. Мұның барлығы Жеңiс үшiн жанын пида еткен батырларымызға деген қарапайым сыйлығымыз болды.

Аға ұрпақ өкiлдерiнiң мәдени уақыттарын өткiзу мақсатында қалалық Мәдениет және демалыс саябағында жазғы би алаңы ашылып, онда апта сайын би кештерi ұйымдастырылады. Тұрғындардың өтiнiштерi бойынша би кештерiнiң уақыттары ұзартылып, ендi жұма, сенбi және жексенбi күндерi өткiзiлетiн болды.

Петропавлдықтар тұрғын үй-коммуналдық саласының мәселелерiне көп көңiл бөледi.

Бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi — тұрғын үй қорының жағдайы. Бұл мәселелердi талқылап, оны шешу мақсатында қалалық әкiмдiкте ПИК төрағаларының кеңесi құрылып, оның құрамына үздiк 10 жеке пәтер иелерi кооперативтерiнiң жетекшiлерi ендi. Мемлекеттiк орган және коммуналдық қызмет өкiлдерiнiң қатысуымен 9 жиын, соның iшiнде қаланың барлық шағынаудандарын қамтыған 4 көшпелi жиындар өткiзiлдi. Оларда көрсетiлетiн қызмет сапасын арттыру, учаскелiк полиция инспекторларының жұмысы, сот атқарушылары және көппәтерлi тұрғын үйлерге көрсетiлетiн қызмет саласы бойынша ұсыныстар талқыланды.

2015 жылы 14 көппәтерлi тұрғын үйдi бiрiктiрген басқарушы ком-пания құрылды. Тұрғындарға ке-шендi сервистiк қызмет көрсететiн басқарушы компания тағы да 20 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетудi жоспарлап отыр.

2015 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 6 көппәтерлi тұрғын үйге 136 миллион теңгенiң жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ұлттық экономика министрлiгiне 20 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бюджеттен 388 миллион теңгенiң бөлiнетiндiгi хабарланды.

Облыс орталығының көше желiсiне жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жыл сайын қаржы бөлiнедi. Өткен жылы Үкiметтiң резервтiк қорының қаражатына Жамбыл, Мир, М.Жұмабаев, Пушкин, Потанин, Астана, Букетов, Брусиловский, К.Сүтiшев және Парк сияқты қаламыздың 10 магистральды көшесiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, инфрақұрылымы жаңартылды. Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн жақсарту мақсатында электр энергиясын барынша үнемдейтiн, жарықдиодты таблосы бар бағдаршамдар орнатылды. 93 ескi аялдама аяздарға шыдамды және берiк шынымен қапталған, түнде жарықтандырылатын соңғы үлгiде безендiрiлген павильондармен алмастырылды.

«Экосевер» ЖШС-i кәсiпорны екi «Ақылды аялдама» кешенiн орнатты. Олардың басқа аялдамалармен салыстырғанда көп ерекшелiгi бар. Алдымен дизайнын атаған жөн. Қыс мерзiмiнде ол инфрақызыл сәуле арқылы жылытылады. Онда коммуналдық қызмет төлемдерiн төлеуге, ұялы байланыс есебiн толтыруға болады. Барлық периметр бойынша тәулiк бойы бейнебақылау орнатылған. Қызықтыратыны сол, мұнда WI-ҒI сымсыз интернет желiсi тегiн жұмыс iстейдi.

Облыс бюджетi есебiнен 240 миллион теңгеден аса қаражат «Береке» шағынауданындағы 5-шi Сенная көшесiнiң Малая көшесiнен Гагарин көшесiне дейiнгi жолын жөндеуге, 17 километр топырақты жолдарға қиыршықтас төсеуге, 25 көшенiң бойындағы жекелеген учаскелерде шұңқырлы жерлердi тегiстеуге жұмсалды.

Асфальт-бетон жабындысын төсеуге орай аулаiшiлiк орташа жөндеу жұмыстарына 14,9 миллион теңге жұмсалды. Мұндай жұмыстар Мир к., 278, Казахстанская правда к.,120, Ш.Уәлиханов к.,14, Абай к., 94, 96 мекенжайларында тындырылды. Жаңа бағдаршам нысандары Жұмабаев-А.Шәжiм-баев, Парк-Қазақстан Конституциясы, Партизан-Васильев, Потанин-Смирнов көшелерiнiң қиылыстарына орнатылды. Жұмыс iстеп тұрған 32 бағдаршамға қайта құру жұмыстары жүргiзiлдi.

Мүгедектердiң құқықтарын қорғау, олардың өмiр сүру сапасын арттыру мақсатында қаланың мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсететiн түрлi мекемеле-рi орналасқан жерлерге 108 жол белгiлерi орнатылды. Мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет көрсетуге байланысты Мир-Шухов, Кеншiнбаев-Астана, Сәтбаев-Кошуков, Пушкин-Интернационал көшелерiнiң қиылыстарына 4 дыбыс беретiн құралдар және офсеттiк құрылғылар орнатылды.

Қала өмiрiнде сумен және жылумен қамтамасыз ету мәселесi айтарлықтай маңызға ие екенi түсiнiктi жайт. Бұл орайда, қала бойынша сумен жабдықтау желiсi жалпы алғанда 300 километрге жуық екендiгiне тоқталған жөн. Ал олардың 72,8 пайызы тозған. Өткен жылы Петропавл жылу желiлерi кәсiпорны өз қаражатымен 13 километр жүйенi жаңартты, 6 жылу магистралiнiң құрылысы, оның iшiнде 4 магистраль республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

«Қызылжар су» ЖШС-i су құбырлары желiсiнiң ұзындығы — 308 километр, соның 74 пайызы тозған. Осы желiлердiң апаттық учаскеге жататын 9,4 километрi ауыстырылды. Үстiмiздегi жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша қаланың кәрiздiк тазарту ғимаратының техникалық сызбасына жаңғырту жұмыстарын жүргiзудi аяқтау жоспарланып отыр.

Биылғы жылы облыстық бюджеттiң қолдауымен қала көшелерiне орташа жөндеу жүргiзу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Топырақты жолдарға қиыршықтас төсеу, тұрғын үйлердiң аулаларындағы жолдарды орташа жөндеу, өрнектас төсендiлерiн жөндеу және ауыстыру, жаяу жүргiншiлер жолдарын жайғастыру және абаттандыру жұмыстары қатқабат атқарылатын болады.

Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында «Автобустар тоқтайтын орын» екендiгiн бiлдiретiн 92 жол белгiсiн қаламыздың 10 бас көшелерiнде орналасқан аялдамалардың жанына орнату жоспарлануда. Қалаға көгалдандыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде 16 мың шаршы метр жердi алатын гүлзарлар жасалды. Көгал алаңдар, қыштан жасалған ыдыстарға отырғызылған түрлi түстi гүлдер шағын бақтарға, саябақтарға, қаланың көшелерiне, «Мәңгiлiк алау» және Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алаңдарына, көшелер түйiсетiн жерлерге өзiндiк сән бердi. Қала тұрғындарының демалуларына жайлы болатындай жағдай жасау мақсатында гүл өсiретiн алаңдардың дизайндық композициялары жақсартыла отырылып, олардың көлемi барынша ұлғайтыла бермек. Қалалықтардың сүйiктi демалыс орнына айналған Мәдениет және демалыс саябағындағы «Дельфиндер» субұрқағы түрлi түстi және музыкалық жабдықтар орнату арқылы қайтадан жаңғыртудан өткiзiлдi.

Қаланы абаттандыру барысында тұрғын аулаларындағы балалар алаңдары назардан тыс қалған емес. Соған қатысты 2011 жылдан берi мақсаткерлiкпен жүргiзiлiп келе жатқан жұмыстар былтыр жалғасын тапты. Өткен жылы ғана балаларға арналып 46 ойын алаңдары салынды. Оларға әткеншектер, сырғанақтар, гимнастикалық кешендер және тағы басқа да балалардың ойнауына қажеттi құрылғылар орнатылды. Бұл мақсаттарға 32 миллион теңге қаражат бөлiндi.

Қаламыздың инфрақұрылымы жылданжылға дами түсуде, аулалар мен саябақтар абаттандырылуда, қаламыз құлпыра түсуде, оның көшелерiн шағын сәулеткерлiк нысандар сәнге бөлеуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да талапқа сай жалғасын таппақ.

Құрметтi кездесуге қатысушылар!

Басты назар өткен жылғы есептi кездесулер барысында көтерiлген мәселелердi шешуге, ұсыныстар мен арызшағымдарды орындауға аударылды.

Қала әкiмдiгi, қалалық ведомстволар және қызметтер 2015 жылғы есеп беру кездесулерi барысында қалалықтар айтқан ұсыныстар мен ескертулердi iске асыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiздi.

Қала әкiмiнiң аппаратында, қалалық мемлекеттiк органдарда бекiтiлген iсшаралардың орындалуына бақылау және мониторинг жүйесi жасалды. Қала тұрғындарының талаптарын iске асыру барысы әкiмдiк отырыстарында тоқсан сайын талқыланып, материалдар телеарналарда, қалалық «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттерiнде кеңiнен жарияланды, олар ай сайын жаңартылып, қала әкiмiнiң арнайы сайтына орналастырылды, аппарат және жұмыс кеңестерiнде жүйелi қаралды.

Сонымен қатар, қалалықтардың талаптарын мерзiмiнде орындау бойынша жүйелi және сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшiн өткен жылы есеп беру кездесулерiнде талаптар көтерген азаматтардың қала әкiмiмен кездесулер өткiзу арқылы iсшараларға енгiзiлген мәселелердi шешу барысы жеке пысықталды, онда мемлекеттiк органдар мен қызметтердiң басшылары әр талаптың орындалуы туралы есеп бердi. Тiкелей өтiнiш берушiлермен осындай нақты бақылау және жұмыс сапасын бағалау барлық жүргiзiлiп жатқан iсшараларды айтарлықтай жақсартуға мүмкiндiк бердi.

Өткен жылғы мамырдан бастап осындай 14 кездесу өткiзiлiп, оларға 46 өтiнiш берушi шақырылды. Кездесулерде қалалықтардың талаптарын шешу, оларды қаржылық қамтамасыз ету жолдары туралы барлық әкiмдiк бөлiмдерi мен қалалық қызметтердiң басшылары тыңдалды. Көпқабатты тұрғын үйлердегi жылу, ыстық және суық суды беру режiмiнiң бұзылуын, ТКШны жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерге жүргiзiлген жөндеулер барысындағы кемшiлiктердi жою бойынша бекiтiлген 72 негiзгi талаптың орындалу барысына талдау жасалды, үйлердi, лифттердi жөндеу, тұрғын алаңдарында бейнебақылау орнату бойынша мiндеттер анықталды.

Жеке сектордың иесiз құбырларын қаланың коммуналық меншiгiне қабылдау, пәтерлердi жекешелендiру (жария ету), ҰОС мүгедектерiне арналған тұрғын үйде пандус орнату, апаттық ағаштарды кесу, су бөлетiн жаңа қосымша колонка орнату, жолдар мен жаяу жүргiншiлер жолдарын жөндеу, қала ғимараттарын жарықтандыру, бағдаршам нысандары мен жол белгiлерiн жайластыру, жолдарда, қоғамдық орындар мен тұрғын аулаларда қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды шешу жолдары талқыланды.

Қоғамдық жолаушылар көлiгi жұмысының сапасын жақсартуға, жаңа бағыттар ашуға, бар бағыттарды өзгертуге, бағыттар қозғалысын қалыпқа келтiруге, қосымша аялдамалар ұйымдастыруға қатысты қалалықтардың нақты талаптарын шешуге талдау жүргiзiлдi.

Қабылданған шаралардың нәтижесiнде қалалық iсшараларға енгiзiлген 165 тапсырма толық немесе 100% ы орындалды.

Талаптардың жалпы санының 120ы немесе 73% қаланың тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығының жұмысы бойынша айтылды. Бұл ретте қалалықтарды алаңдататын басты проблемалар:

  • абаттандыру — 66 талап немесе 55%;
  • жолдарды жөндеу және салу — 23 талап немесе 19%;
  • қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң жұмысы — 16 талап немесе 13%;
  • жылумен, сумен жабдықтау — 6 талап немесе 5%;
  • тұрғын үйдi жөндеу, тұрғын үй мәселелерi — 9 талап немесе 8%.

Абаттандыру жөнiндегi барлық 66 тапсырма орындалды.

Шағын сәулеттiк нысандарын, балалар аттракциондарын, гимнастикалық кешендердi, орындықтар, қоқыс жәшiктерiн орнату арқылы 20 балалар ойын алаңы жайластырылды, соның iшiнде олардың 18i мына мекенжайлар бойынша жабдықталды: Рига, 104; Я. Гашек, 4 «А»; Юбилейная, 6 «А»;
Мүсiрепов, 9 «В»; Мир, 339339 «А»; Уәлиханов, 1216; Букетов, 9; Батыр Баян, 32; Сүтiшев, 17; 2шi Водосточная, 16 «А»; Пушкин, 114; Букетов, 42; Кошуков, 12; Абай, 120 «А»; Жамбыл, 258; Брусиловский, 74 — Букетов, 77; Жуков, 13; Болатбаев, 2830 және бiлiм ұйымдарының жанынан 2 алаң — №19 бастауыш мектебi және «Алёнушка» балабақшасында ашылды.

Сонымен қатар, Жамбыл к., 290 ауласында жасанды жабынмен шағын футбол алаңы жайластырылды; Интернационал к., 64 футбол қақпасы орнатылды; Егемен Қазақстан к., 40 шығыршықпен баскетбол қалқанын орнатумен алаң жоспарлау жүргiзiлдi; Островский к., 82 хоккей алаңын шөптер мен бұталардан тазарту жұмысы орындалды, құм әкелiндi; Абай к., 45 футбол алаңындағы электр ажыратқыш сөндiруге қолжетiмдi биiктiкке ауыстырылды.

Букетов к., 10; Қазақстан Конституциясы к., 34; Алтынсарин к., 216, 2 Школьный қысқа к. аулаларында жүргiзiлген жөндеу (жер қазу жұмыстарынан кейiн аумақты қалпына келтiру) бойынша 5 талап орындалды. Шухов к., 2 «А» үйдiң кiреберiс учаскесiн асфальттау жүргiзiлдi.

Алты талап бойынша Жамбыл — Букетов көшелерiнiң қиылысында нөсер суды қабылдағышты жайластыру; Уәлиханов, Жұмабаев, Мүсiрепов көшелерiндегi ашық жауын канализациясын тазарту жұмыстары орындалды; Урицкий қысқа көшесiндегi, Әуезов көшесiнiң жүретiн бөлiгiнен тасқын суларды бұру және сорып шығару жүргiзiлдi; Украин к., 205207 мекенжайында канализациялық құдықтар жөнделдi және тазартылды.

Жамбыл к., 141143; 290; Абай к., 102; Букетов к., 10; Айыртау к., 8; Ахременко к., 3 тұрғын аулалардағы; Рыжов көшесiнiң жұп жағындағы апаттық ағаштарды кесу бойынша барлық 8 талап орындалды; Брусиловский к., 74үйдiң жанындағы бұталар кесiлдi.

Крепостная, Iзтөлин, Әуезов (өнеркәсiп аймағы) көшелерi, Борки, Новопавловка (соның iшiнде Дульский бұрылыс к.), Солнечный (соның iшiнде Бульварное кольцо к.), Сенная база, Заречный кенттерi, Береке, Копай шағынаудандары; 2 Школьная қысқа к., Киров өткелi, Шухов көшесiнiң бойындағы жаяу жүргiншiлер жолынан қарды механикаландырылған тазарту және шығару сапасы бойынша барлық 16 ескерту орындалды.

Алты тапсырма бойынша Труд, Космонавтар, Горький-Таштитов, Жамбыл-Таштитов, Юбилейная көшелерiнде, Солнечный кентi мен Береке шағынауданының соңғы аялдамаларында аялдамалық павильондар орнатылды және жөнделдi.

Қалалықтардың ұсыныстарына сәйкес Крепостная к., 119 және Воровский к., 178 мекенжайларында екiекiден қосымша қоқыс контейнерлерi орнатылды, Батыр Баян к., 32 мекен-жайындағы №8 жылу пунктiнiң жанындағы заңсыз төгiлген қоқыс шығарылды.

Қала аумағындағы бұралқы жануарларды аулау жоспарлы жүргiзiлдi, соның iшiнде орындалған жұмыс туралы өтiнiш берушiлерге хабарлаумен Былғары зауыты, Заречный, Сенная база кенттерi тұрғындарының ескертулерi бойынша жұмыстар атқарылды.

Қалалықтардың талаптары бойынша Шухов к., 2 «А» тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында пандус салынды; Алтынсарин к., 165 — Интернационал к., 44 мекенжайындағы жылу құбыры арқылы өтетiн көпiр орнатылды, «Элегия» саябақ серiктестiгiндегi бос жатқан алқап жыртылды.

Жолдарды жөндеу және салу бойынша 23 тапсырманың барлығы орындалды.

Қатты жабынмен жолдарды жөндеу жөнiндегi 3 талап iске асырылды және 20 талап бойынша топырақты жолдар жөнделдi.

Жеңiс саябағына кiреберiстегi, соның iшiнде «Солнечный» шипажайына өтетiн жол болып табылатын Я. Гашек көшесiнiң бойындағы алаңды және Жамбыл к., 290 үйге кiретiн жолды асфальттау жүргiзiлдi, Юбилейная шағынауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдiң жанындағы опырылған жол жабыны қалпына келтiрiлдi.

Ватутин, Чернышевский (Тухачевский, Киев, Малышев көшелерiнiң қиылысында) Урицкий, Калюжная көшелерiндегi жолдың жүретiн бөлiгiне, 2-шi, 3-шi Линия, 2-шi, 3-шi Сенная, 2-шi Перминовтар қысқа к., 4-шi Кiрпiштi қысқа к., «Денсаулық» ЖМЕМ, қалалық балалар емханасына, Рига к., 59 үйлерге, «Гудок», «Эврика», «Каштан» саябақ серiктестiктерiне, қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына баратын жолдарға ұсақ тас төсеу жұмысы орындалды.

Сафронов, Новицкий, Егемен Қазақстан (Бостандық көшесiнен Интернационал көшесiне дейiн), Перминовтар көшелерi, Перминовтар қысқа көшесiндегi топырақты, «Горизонт», «Россиянка», «Целина», «Силикатчик» саябақ серiктестiктерiне баратын жолдар тегiстелдi.

Жолаушылар тасымалын қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту бойынша 16 талаптың барлығы орындалды. Есеп беру кездесулерi барысында түскен ұсыныстарға сәйкес бағыттардың қозғалыс сұлбалары өзгертiлдi. № 25 М бұрынғы бағытқа қайтарылды (Хименко көшесiнен Партизан көшесiне дейiн); № 19 М (таңғы, кешкi уақытта және түсте) қозғалысты Өнеркәсiп аймағынан (Береке шағынауданы арқылы) 20-шы шағын ауданға дейiн жүзеге асырумен; 20шы шағынауданның Жұмысшы кентiмен көлiк байланысын қамтамасыз ететiн № 28 автобус бағытының қозғалысы жаңартылды.

Ведомствоаралық комиссияның шешiмiмен №5Т троллейбус бағытына ұқсас қозғалыс сұлбасымен жаңа бағыт ашу немесе №18 автобус бағытының қозғалысын жаңғыртудан, №4А автобус бағыты қозғалысының сұлбасы осы сұлбаны толықтай қайталайтындықтан; жолаушылар легiнiң болмауына байланысты қаланың Ойқала бөлiгiнен №1 қалалық емхана және онкологиялық диспансерге дейiн №30 бағыт қозғалысын жаңғыртудан, №25 бағыттың қозғалыс сұлбасын бұрынғыша өзгертуге байланысты «ПАМЖЗ» АҚ айналумен №4А автобус бағытының қозғалыс сұлбасын өзгертуден; жолаушылар легiнiң аздығына байланысты №41 саяжай бағытын Вокзал маңы алаңына дейiн ұзартудан бас тартылды.

Тасымалдаушыларды ауыстыру, бағыттардағы көлiк құралының бiрлiк санын қосымша ұлғайту, қозғалыс кестесi мен аралықтарын сақтау есебiнен есеп беру кездесулерiнде шағымдар түскен №№2; 6; 19-М; 21-М; 25-А бағыттар бойынша автобустар қозғалысы қалыпқа келтiрiлдi.

Тұрғындардың талабы бойынша Батыр Баян к., 189 мекенжайында «Қажеттiлiк бойынша» қосымша аялдамасы ұйымдастырылды; Шухов және Жуков көшелерiнiң екi жағынан қоғамдық көлiк аялдамаларына көрсеткiш тақта орнатылды. Қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң жұмыс сапасын арттыру үшiн қала аумағында лауазымды тұлғалар мен жүргiзушiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту арқылы оның жұмысын бұзу фактiлерiн анықтау бойынша рейдтiк iсшаралар өткiзiлдi. Жолаушылар көлiгiнiң санитарлық және техникалық жағдайы тұрақты бақылауға алынды, жүргiзушiлердi бiрыңғай формамен қамтамасыз ету аяқталуда.

Сумен, жылумен жабдықтау бойынша 6 тапсырманың барлығы шешiлдi.

Iргелес аумақтарды жайластырумен 2-шi Сенная қысқа к. және 2-шi Школьная қысқа к. мекенжайларында су бөлетiн колонка орнатылып, су құбырын салу жұмысы орындалды.

Температуралық режимi бұзылған К. Сүтiшев к., 15 тұрғын үйдiң жылумен жабдықтау жүйесiне кешендi комиссиялық тексеру жүргiзiлдi. ПИК төрағасына жүйенi жөндеу және бойлер орнату бойынша қажеттi жұмыстар жүргiзуге ұйғарым берiлдi. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бөлiнген қаражат есебiнен Алтынсарин көшесiнде №1 2Ду 600 мм. жылу магистралiн салу жұмысы орындалды, ол Алтынсарин к., 172 — Интернационал к., 41 мекенжайларында орналасқан тұрғын үйлердiң жылумен қамтылуын айтарлықтай жақсартты. Иесiз жылу құбырларын қаланың коммуналдық меншiгiне алу және оны күтiп ұстау бойынша Совет-Жұмабаев-Шәжiмбаев көшелерi учаскесiндегi тұрғындардың көпжылғы проблемалары шешiлдi.

Интернационал к., 29 тұрғын үйге Ду 1100 мм. құбыр жүйесiнiң учаскесiн ауыстыру жүргiзiлдi, металл тiректерге осы үйдiң төлежайлары арқылы өтетiн гидро және жылу оқшаулауды толық орындаумен транзиттiк құбыр орнатылды.

Мир к., 351 мекенжайындағы тұрғын ауланың көше жарығы қалпына келтiрiлдi, «Ишим» саябақ серiктестiгiндегi тұрғын үйлердi қосу арқылы электрмен жабдықтау желiсiн салу жұмысы орындалды.

Ғимараттарды сәулелi ресiмдеу, көмескi жарықтандыру жалғастырылды, соның iшiнде қалалықтардың талаптары бойынша жұмыстар атқарылды. Жүргiзiлген жөндеуден кейiн Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры, Абылай хан резиденциясы, облыстық мәслихат ғимараттарын, сондайақ, өткен жылы салынған Спорт сарайын және «Еуропа» қонақүй — мейрамхана кешенiн қосымша сәулелi ресiмдеу орындалды.

Тұрғын үйлердi жөндеу және тұрғын үй мәселелерi бойынша қалалықтар көтерген 8 өзектi мәселенiң барлығы орындалды.

ТКШны жаңғырту бағдарламасы аясында Рига к., 7 тұрғын үйдi күрделi жөндеу аяқталды. Рига к.,133 тұрғын үйдiң iргесi жөнделдi.

Интернационал к., 4 тұрғын үйдегi «Юрга» дәмханасының жанынан өтетiн жалпыүйлiк инженерлiк желiлердi жөндеудi оның меншiк иесi орындады. Уәлиханов к., 1216 — Айыртау к., 8 тұрғын үйлердiң аулаларында аулалық аумақты асфальттау, балалар алаңшасын жайластыру орындалды.

ТКШны жаңғырту бағдарламасы аясында Мир к., 225 және Абай к., 40 тұрғын үйлерге жүргiзiлген күрделi жөндеу барысында жiберiлген, барлық айқындалған ақаулар жөнделдi.

Кошуков к., 3 және 7 тұрғын үйлердiң пәтер иелерi 2016 жылғы жоспарға енгiзумен ТКШны жаңғырту бағдарламасы аясында лифттердi ауыстыру туралы шешiм қабылдады.

Мир к., 225 мекенжайындағы жатақхана тұрғындарымен қажеттi құқық белгiлейтiн құжаттар ресiмдеу бойынша барлық мәселелер шешiлдi және кейiннен бөлмелердi жекешелендiру (жария ету) тәртiбi жасалды.

Интернационал к., 4 тұрғын үйдiң пәтер иелерiмен жалпы жиналыс өткiзiлдi, онда ПИКтiң жаңа төрағасы сайланды, кейiннен ПИКтi тiркеу жүргiзiлдi және жұмысы қалыпқа келтiрiлдi.

Жолдар, қоғамдық орындар мен тұрғын аулалардағы қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қалалық iшкi iстер басқармасы мемлекеттiк органдармен бiрлесiп барлық 18 тапсырманы орындады.

Қалалықтардың талаптарына сәйкес Партизан-Васильев; Жұмабаев-Шәжiмбаев көшелерiнiң қиылыстарында бағдаршам нысандары орнатылды. Солнечный кентiндегi «Кокетка» дүкенiнiң жанында; Шухов к., 42 мекенжайындағы медициналық колледждiң жанында; Театр көшесiндегi гуманитарлықтехникалық колледжге кiреберiс алдында; Кеншiнбаев көшесiндегi жиһаз дүкенiне қар сы — «Нептун» аквапаркiне кiреберiстен барынша рұқсат етiлген қашықтықта жол белгiлерiн орнатумен жаяу жүргiншiлер өтетiн жер; К.Сүтiшев — Театр көшелерiнiң қиылысында «Жасанды тегiс емес» және «Жылдамдықты шектеу» жол белгiлерi жабдықталды.

Қазақстан Республикасының стандарттарына және қауiпсiздiк талаптарына сәйкес №8 орта мектепке қарсы Мир көшесi арқылы; «Шолпан» дүкенiне қарсы Интернационал к. жаяу жүргiншiлер өтетiн қосымша жол; «Солнечный» кентiнде қосымша жылдамдықты шектеу жол белгiлерiн орнатудан; Қазақстан Конституциясы к., 3034 үйдiң ауласына кiруге тыйым салудан бас тартылды.

Қалалық iшкi iстер басқармасының учаскелiк инспекторлары белгiленбеген жерлерде (тұрғын үйлердiң аулалары, балалар алаңдары, көгалдар, гүлзарлар, жаяу жүргiншi жолдары және т.б.) автокөлiк құралдарын қоюға жол бермеу туралы пәтер иелерi кооперативтерi төрағаларымен, пәтер және автокөлiк иелерiмен профилактикалық түсiндiру жұмысын жүйелi жүргiзедi, 48 автокөлiк иесi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

ЖамбылЧкалов көшелерiнiң қиылысындағы «СевКазЭнерго» АҚ қызметтiк автомашиналарына арналған тұрақты жайластырудың заңдылығы тексерiлдi; Тоқсан би көшесiнiң бойындағы жаяу жүргiншiлер жолында орнатылған «Тоқтауға тыйым» белгiсi және шлагбаум алынып тасталды.

Полиция қызметкерiнiң заңсыз кәсiпкерлiкпен айналысу фактiсi бойынша кейiннен оны iшкi iстер органдарынан шығарумен тәртiптiк комиссия өткiзiлдi.

Желiлердi дамыту, әлеуметтiк сала нысандарының материалдық базасын нығайту жөнiндегi барлық 19 талап орындалды.

№23 орта мектептiң шатырлы төбесiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi; Кiрпiштi кентiнiң №19 бастауыш мектебi және «Аленушка» балабақшасының аумағында балалар ойын алаңдары жайластырылды.

Қалалықтардың талаптары бойынша №8, №17 орта мектептердiң; қалалық классикалық гимназияның жанындағы және Солнечный кентiндегi футбол алаңының жасанды жабындысын жаңаға ауыстыру жүргiзiлдi.

Ысмайылов к., 9 (ДСР шағын ауданы) және Алматы к., 4 мекенжайларында 2 жаңа балабақша пайдалануға берiлдi.

2015 жылғы 1 қыркүйектен әлеуметтiк қорғалмаған және аз қамтылған отбасыларының балаларын тегiн тамақтандыру мәселесi шешiлдi.

Борки кентiнде көпфункционалды хоккей қорапшасы орналастырылды, тағы бiреуi Жұмысшы кентiндегi мектепинтернаттың аумағына орнату үшiн дайындалды. Болатбаев к., 28 үйдiң тұрғын ауласында жайластырылған жабық хоккей қорабының жанында 2 биодәретхана орнатылды және қызмет көрсетедi. Мәдениет және демалыс саябағында, Пестрое көлiнiң жағажайында және «Қарасай» стадионында дала спорт тренажерлерiнiң жиынтығы орналастырылған. Мұз айдынымен Спорт сарайының құрылысы аяқталып, ол 2015 жылғы 20 қазанда ашылды.

Құрметтi қалалықтар!

Өздерiңiз көрiп отырғандай, есептi кезеңде аз жұмыс атқарылған жоқ. Қаламыз серпiндi дамып келедi, жаңа өндiрiстiк нысандар бой көтердi, инфрақұрылым жақсаруда, абаттандыру мен көгалдандыру бағытында бiршама iстер жүзеге асырылды. Мұның бәрiне ортақ мүддеге бейжай қарамайтын тұрғындардың, бизнес құрылымдар, кәсiпорындар басшыларының көмегiмен, бiздiң бiрлескен жұмыстарымыздың нәтижесiнде қол жеткiздiк.

Елiмiз үшiн биылғы мерекелi жылы бiздiң алдымызда Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жаңа мiндеттер тұр. Елбасының бұдан бұрын жария еткен бағдарламаларын орындау бойынша да ауқымды жұмыстар атқаруға тиiспiз. Бiз осызаманғы әлемдегi күрделi жағдайларға қарамастан, бiрлiк, өзара түсiнiстiк және келiсiм жағдайында қалалықтардың игiлiгi үшiн кез келген проблемаларды шеше алатынымызды бұдан бұрын да дәлелдеген болатынбыз. Ал бұл түптiңтүбiнде бiздiң жұмысымызда басты бағыты болып табылады. Бұл кезде әкiмдiктiң жоспары қалалықтардың ұзақмерзiмдi, сондайақ, күнделiктi өмiрден туындайтын өзектi проблемаларымен байланысты болуы маңызды. Жаңа 2016 жылы бiздiң Отанымыз — Қазақстан Республикасы мен туған қаламыздың игiлiгi жолында бiрлесiп және ынтымақта еңбек ететiнiмiзге сенiмдiмiн.

22.01.2016 11:04


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы