Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесулері || 2015 ж. есептік кездесулері || Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің тұрғындармен кездесудегі есепті баяндамасы

Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің тұрғындармен кездесудегі есепті баяндамасы

Құрметті петропавлдықтар!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы өткен жылы маңызды қоғамдық-саяси оқиға болды.

Елбасы өзінің Жолдауында жаңа экономикалық саясатты жария етті, ол Қазақстанның экономикасының инфрақұрылымын дамытуда басымдыққа ие болады. Бұл мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінің толық көлемде орындалуына мүмкіндік береді. Әңгіме тұтастай алғанда экономикалық стратегияны қайта қарау, экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті салаларды қолдау туралы болып отыр.

Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» мен «Нұрлы жол» идеялары — біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі, халқымыздың сарқылмас күш-жігерінің қайнар көзі.

2015 жыл — ұлттық тарихы-мызды ұлықтау мен бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы — ең басты назарда», — деп атап көрсетті Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында.

Бүгіндері атқаратын жұмыстарымыздың нақты бағыттары мен басымдықтары анықталған жаңа ауқымды міндеттер біздің барлығымыздың алдымызға қойылып отыр. Құрметті қалалықтар!

Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайын тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу біздің пікір алмасу алаңымызға айналды. Оған сіздердің тікелей қатысуларыңыз бір жыл ішінде атқарылған істерді бағалауға және алдағы жоспарларға түзету енгізуге мүмкіндік береді.

Туындаған мәселелерді уақтылы және сапалы шешу нәтижесінде қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға болады.

Қаламыздың дамуы мен көркеюіне әрбір петропавлдықтың жалпы мүдделілігі, немқұрайды қарамауы және жеке үлес қосуы біздің алдымызда тұрған қысқамерзімді және стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін.

Өткен 2014 жылды біздің қаламыздың жоспарлы және үдемелі әлеуметтік-экономикалық даму жылы деп сипаттауға болады.

Біздің күнделікті қызметіміздің негізгі міндеті қаланы өзінің кіріс көздерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Есепті жыл ішінде қала бюджетіне 8,9 млрд. теңге өзіндік кіріс түсті. Бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың күрделілігі акциздік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысына тәуелді болды. Осыған байланысты қала бюджетіне кірістің түсу мәселесі ерекше назарда ұсталды.

Бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі оң нәтижелерге кәсіпорындарға салықтық жүктемені күшейту жолымен емес, салық салынатын базаны ұлғайту есебінен қол жеткізілді. Біз өз жұмысымызды әрбір кіріс көзінен жиналымды көбейту бойынша барынша нәтижені қамтамасыз етуге бағыттадық.

Былтыр Петропавл қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 101,1 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді, жұмыстарын орындады және қызметтерін көрсетті. Екінші жартыжылдықты кездескен күрделі жағдайға қарамастан, біз даму серпінін сақтап қалдық.

Экономиканы дамытудың басым бағыт-тарының бірі инновациялық индустрияландыруды күшейту болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қала экономикасына құйылған инвестиция көлемі — 31,9 млрд. теңге. Жыл қорытындысы бойынша физикалық индекс көлемі 100,6 пайызға жетті.

ҮИИД бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Петропавл қаласында Индустрияландыру картасы шеңберінде сомасы 9,4 млрд. теңге болатын 9 жоба іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру барысында өңдеу өнеркәсібінде 328 жаңа жұмыс орны ашылды.

ҮИИД бағдарламасының екінші кезеңінде Индустрияландыру картасына енгізілген, сомасы 4,6 млрд. теңге болатын 8 инвестициялық жоба пайдалануға берілмек, бұл тағы 355 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызады. Олар мынадай жобалар:

«Керамикалық кірпіш өндіру жөніндегі зауыттың құрылысы» — «Алаугаз СК» ЖШС.

«Жер өңдейтін тораптардың жұмыс қабаттарын плазмалық реттеу технологиясын енгізу» — «Ремплазма» ЖШС.

«Дәнді дақылдарды кейіннен терең өңдеумен диірмен цехының құрылысы» — «Торговый дом Богатырский продукт», «Север» ЖШС.

«Полиэтилен құбырларының өндірісін ұйымдастыру» — «Радуга» ЖШС.

«Темір-бетон бұйымдарын өндіру жөніндегі зауытты қайта жарақтандыру» — «Единство» ЖШС.

«Жүгері үлпегі мен құрғақ таңғы ас өндірісін ұйымдастыру» — «Радуга» ЖШС.

«Ауыл шаруашылығы, тасымалдау және коммуналдық техникаларының өндірісін ұйымдастыру» — «ҚАЗТЕХМАШ машина жасау зауыты» ЖШС.

«Таблеткаланған дезинфекциялайтын заттар өндірісі» — «Фармсептика» ЖШС.

Жұмыс істеп тұрған және жоспарланған жобалар қала экономикасының одан әрі интенсивті дамуына мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнесті дамыту индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы болып табылады. Облыс орталығында 5960 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейді. Оларда 73,3 мың адам, оның ішінде шағын кәсіпкерлікте 13,6 мың адам еңбек етеді.

Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша қаламыздың ірі және орта кәсіпорындарында орташа айлық еңбекақы 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға өсті және 94410 теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлікте бұл көрсеткіш — 60442 теңге.

Бүгінгі үдемелі экономикалық даму жағдайында біз айлық еңбекақының уақтылы және толық төленуіне бақылауды бәсеңсітпейміз. Бұл қазір маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Алайда, бұрынғысынша Қазақстан қалалары арасында орташа айлық жалақы — бізде ең төменгілердің бірі. Осызаманғы жағдайда негізгі міндет жұмыс орындарын сақтау ғана емес, оның санын ұлғайту, сондай-ақ, тұрғындарды жұмыспен қамтуды ынталандыру болып табылады.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 пайызға азайды. Былтыр жаңа 2548 жұмыс орны ашылды, бос және әлеуметтік жұмыс орындарына 4720 адам орналастырылды.

Қаламызда инфляция деңгейін сақтау бойынша шаралар жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру мәселесі жөнінде меморандумға қол қойылды.

Делдалдар санын қысқарту мақсатында тұрақты негізде апта сайын Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Ол қала тұрғындарына мал өнімдерін базарлармен салыстырғанда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. Былтыр қаламызда 145 жәрмеңке өткізіліп, 470,3 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Өткен жылы трансферттерді есепке алғанда қала бюджетінің шығысы 17,9 млрд. теңге болды. Қала өмірі үшін маңызды болып саналатын әлеуметтік саланы дамытуға 6,9 млрд. теңге жұмсалды.

Жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге, жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді, бұл қала магистраліндегі жағдайды біршама жақсартуға мүмкіндік берді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қаланың тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге бюджеттің 646 млн. теңге қаржысы жұмсалды. Тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы 2,1 млрд. теңге болды. Әлеуметтік-мәдени сала нысандарын күрделі жөндеуге бюджеттен 186 млн. теңге бөлінді.

Қымбатты қалалықтар! Әлемдік қаржы дағдарысы тудырған бүгінгі өмірдің шындығы үнемді қаржы саясатын жүргізуді талап етеді. Біз бюджеттің қорғалған баптарын қаржыландыру көлемін сөзсіз сақтауға және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге тиіспіз, сонымен қатар қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін одан әрі жақсартуға арналған жоспарлы жобаларды жүзеге асыруға міндеттіміз.

Енді қала шаруашылығының әрбір нақты салаларының жыл қорытындысына жан-жақты тоқталайын.

Тұрғын үй құрылысынан бастайық. Тұрғын үй мәселесін шешу әкімдіктің ерекше жауапкершілігіне жатады. Жайлы баспанасының болуы адамның әлеуметтік көңіл күйінің ең басты индикаторларының бірі болып саналады.

Бүгіндері Петропавл қаласында пәтер алу кезегінде 10116 адам тұр, ал жер телімінің иесі атануға 5828 адам үмітті. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында былтыр петропавлдық 228 отбасы қоныстойын атап өтті.

Қазір «Береке» шағынауданында тұрғын үй құрылысы кең қанат жаю үстінде. Бұл шағынауданды көркейту мәселесі ерекше назарға алынған. Мұнда жол, жаяужол, демалыс аймағын, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу бойынша 6 жоба жасалған және жүзеге асырылуда.

Қаламыздағы тұрғын үй құрылысының басты векторы мынадай бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда:

Бірінші. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша биылғы бірінші тоқсанда 93 және 45 пәтерлік 2 үй пайдалануға беріледі. Ал 90 және 55 пәтерлі 2 нысанның құрылысын үстіміздегі жылы аяқтау жоспарланған.

Бұл жүйеге «Жас отбасы» бағдарламасы да қосылған. 2014 жылы 84 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. 42 пәтері бар 2 нысан биылғы жыл соңына дейін іске қосылмақ. Келесі жылдары бұл бағдарлама бойынша нысандар салу тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы пәтер алуға тілек білдіргендер санына байланысты болмақ.

Былтыр қаламызда тұңғыш рет «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін 2 жатақхана салу жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл жұмыс берушілердің сұранысы шеңберінде еңбек ресурстары проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Екінші. Азаматтардың әлеуметтік қорғалған санаты және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салу. Бұл бағытта былтыр 144 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге, аға ұрпақ өкілдері де назардан тыс қалмайды. Бүгіндері кезекте тұрған ҰОС ардагерлерінің барлығы жайлы пәтерлермен қамтамасыз етілді.

Үшінші. Қазақстандық ипотекалық компания жүйесі бойынша тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу. Бүгіндері 126 және 75 пәтерлік 2 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды.

Сондай-ақ, бүгіндері инвестор — «Казградстрой» ЖШС-і аумағы 11,162 шаршы метр болатын «Қызылжар» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Былтыр 200 пәтері бар «Мечта» тұрғын үй кешені толық пайдалануға берілді.

Қаламызда жүргізіліп жатқан тұрғын үй қорының құрылысы мен жаңғыртылуына қарамастан, бұл салада жүйелік проблема бар. Ол — бұрынғы есепті кездесулер барысында жиі көтерілген тозығы жеткен және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзып алу мәселесі. Жүргізілген сараптама нәтижесінде 10 көпқабатты тұрғын үй апаттық жағдайда деп танылды.

Мәселе шын мәнінде өте күрделі, сондықтан тозған және апаттық күйдегі үйлерді сырып тастауды жүзеге асыру бағдарламасын бекіту қажеттілігі өткір туындап отыр. Бұл бағдарлама бүгіндері жасалып та қойды.

Бағдарламада қаланың тарихи қалыптасқан бөлігінде жаңа құрылыс алаңдарын қалыптастыру жолымен тұрғын үй қорын жаңғырту және жаңа осызаманғы көпқабатты үйлерді салу мақсатында тозған азқабатты және барак түріндегі үйлерді зерттеу мен сырып тастау жоспарланған.

Оны Жамбыл көшесінің мысалынан айқын көруге болады. Біз осы көше бойында 1000 орынға арналған мұз айдыны мен жеңіл атлетика манежі бар Спорт сарайының құрылысы жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асырудамыз және М.Жұмабаев көшесінде жолдың жалғасы салынуда. Бұл жобаларға қатысқан қалалықтардың разы болғандықтарын айта кеткен жөн.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қала құрылысын одан әрі дамыту, қала құрылысы кадастры мен 2050 жылға дейінгі қаланың бас жоспарын орындау жөніндегі тұжырымдаманы жасау міндеттерін айқындап берді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған алаңдар жоқтығы мәселесін шешу жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Солнечный» кенті жеке тұрғын үй салу үшін перспективалы аудан болып саналады, оны инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету қажет. Қызылжар ауданының қаланың солтүстік бөлігіне жапсарлас орналасқан 359 гектар жерін қаланың қарамағына алу жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын. Бұл мәселе оң шешімін тапса, жер телімін алуға берілген 2 мыңға жуық өтініш қанағаттандырылуы мүмкін.

Былтыр жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрған тұлғалардың тізіміне түгендеу жүргізілді. Жаңартылған тізім қала әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Қала аумағында пайдаланылмайтын жер телімдерін анықтау және оларды әділет органдарында есепке қою жұмысы күшейтілді. Кейін оларды иесіз жылжымайтын мүлік ретінде тану туралы сотқа талап арыз жолданатын болады.

Атап айтқанда, 2014 жылы жалпы аумағы 82,2 га құраған 281 жер телімі иесіз мүлік ретінде есепке алынды. Сот шешімімен бұған дейін бау-бақшада пайдаланылып келген жалпы көлемі 12 гектарлық 294 жер телімі коммуналдық иелікке өтті.

Коммерциялық мақсатта беріліп, бірақ тиісті мақсатта пайдаланылмай келген жер телімдерін қайтару жұмыстары жандандырыла түсті.

Құрметті петропавлдықтар!

Баршамыз баспананың әр отбасының өзекті мәселесі екендігін білеміз. Дегенмен, толыққанды қала өмірі үшін әлеуметтік нысандар да аса қажет. Сондықтан әлеуметтік нысандар салу қала басшылығының басым міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Облыс әкімінің тапсырмасына орай бүгінде өңірде бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарын спортпен қамту мақсатында қала аумағында мұз айдыны мен жеңіл атлетика манежі бар Спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. 2015 жылы аталмыш спорттық нысанның құрылысын жалғастыруға облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінбек.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту мәселесі облыс орталығында әлі де өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі күні қалада балабақша жасындағы 23140 бүлдіршін бар болса, олардың 7560-ы ғана мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Ал балабақшаға кезекке тұрған балалардың саны 10957-ге жеткен. Олар үшін 280-320 орындық жобалық қуаты бар 20 типтік мектепке дейінгі мекеме салу қажет. Қазіргі уақытта бұл мәселені түпкілікті шешу мүмкін емес.

Сондықтан бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын қайтарып алу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің меншігінде болған Пионер көшесіндегі балабақшаның ғимараты қаланың балансына қайтарылды. Оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Ивушка» балабақшасына 219 бала қабылданды.

Облыс орталығында 4 балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда. Жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қаланың әр аумағында 4 балабақшаның құрылысын бастау жоспарланған. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасына сәйкес 2015 жылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1580 орын ашылмақ.

Мектеп жасындағы балаларды жазғы демалыспен қамту мақсатында «Достық» сауықтыру лагерінде 30 орындық жылдам тұрғызылмалы жатын корпусы салынды. Бұл мақсатқа 15 млн. теңге бөлінді.

Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға 4,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл — облыс бюджетінің 21 пайызы.

Былтыр есепті кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің басым бөлігі осы салаға қатысты болғандығын айтқан жөн.

Қалаға көптеп көшу жағдайында жол-көлік стратегиясын жүзеге асыру айрықша рөл атқарады. Сіздердің өтініштеріңізге сай қаланың жолдары мен жаяужолдары бөлігіне жоспарлы және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы Караванная көшесіндегі көпірдің апаттық жағдайына байланысты оған 514 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

М.Жұмабаев көшесінің құрылысы аяқталды. Оған жұмсалған қаржы 287 млн. теңгені құрады. 120,6 млн. теңге қаражатқа қалада 1,8 км. жол салынды. Сондай-ақ, 12 км. жолға 347,4 млн. теңгенің орта жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жаяужолдарға 25 млн. теңгенің асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмысшы және Сенная база кенттеріндегі жолдардың ойыс жерлері тегістелді. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына асфальт төселді. Бұл жұмысқа 20,9 млн. теңге қаражат жұмсалды. Шаһардың орталық көшелеріндегі автокөлік қозғалысын жеңілдету мақсатында жол қиылыстарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.

Бүгінде Петропавл қаласының инженерлік-коммуникациялық жүйелеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу өте қажет. Петропавл қаласындағы жылу жүйелерінің 72,5 пайызы, сумен қамтамасыз ету және суды шығару жүйелерінің 70 пайызы тозған. Біз оған қатысты шараларды атқарудамыз, өткен жылы ғана облыс орталығында 21 км. жылу жүйелері, 9 км. су шығару және 15 км. сумен қамтамасыз ету жүйелері ауыстырылды.

Қаланың шет аудандары тұрғындарының мәселелерін шешу мақсатында 2014 жылы Куйбышев орман шаруашылығына орталық-тандырылған таза ауызсу жеткізу үшін арнайы желінің құрылысына қажетті қаражат көзін табу мәселесі шешімін тапты. Сондай-ақ, «Южный» канализациялық коллекторын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып, КОС-ты жаңғырту жалғастырылуда. «Орман» шағынауданына электр жүйесін тарту үшін трансформаторлық станциялар мен КНС іске қосылып, Солнечный кентін қаланың жылыту жүйесіне қосу жұмыстары атқарылуда.

Былтырғы жылы облыс орталығын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, саябақтар мен қала көшелеріне көшеттер отырғызылды. Атап айтқанда, М.Жұмабаев пен Ш.Уәлиханов атындағы скверлер қайта қалпына келтіріліп, 1 мыңнан астам көшеттер мен бұталар отырғызылды. 10 мың шаршы метрден астам гүлзар, 3,8 мың шаршы метр көгал алаң көркейтілді.

Сенбіліктер мен «Таза жағажай» шаралары барысында Есіл өзенінің жағалауы, Борки және Солнечный кенттерінің маңайы күл-қоқыстан тазартылып, заңсыз қоқыс төгілген орындары жойылды. Жергілікті тұрғындардың ескертпелеріне сәйкес қалалық зиратқа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қатты тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару жұмысы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жоспарлы түрде және тұрғындардың өтініштерімен қаңғыбас иттерді аулау ісі қолға алынды.

Өткен жылы қала көшелерін жарықтандыруды қайта жаңғыртуға 48 млн. теңге қаражат бөлінді.

Соңғы есептік кездесулерде жол белгілері туралы айтылған барлық ескертпелер шешімін тауып, «Жаяу жүргінші жолы» белгісі шағынаудандардың төрт жерінде орналастырылды.

Былтырғы кездесулерде айтылған мәселелер ұмыт қалмай, бүгінде қала көшелерін қардан тазалау жұмыстары қолға алынғандығын атап айтқым келеді. Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен қалалық коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 104 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 10 «МТЗ» тракторы, 4 МКСМ шағын жүкартқышы, қоқыс тасымалдаушы «КамАЗ» автомашинасы, бульдозер және құм лақтырушы 2 технологиялық көлік сатып алынды.

Бұған қоса, өткен жылы көпқабатты тұрғын үйлерде шатырларды, қасбеттерді, инженерлiк желiлер мен лифтілердi жөндеу, аулаларды жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстарды жүргізуге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының көмегі көп болды.

Бүгінде облыс орталығының тұрғын үй қорында 1041 көпқабатты тұрғын үй бар, олардың «орта жасы» — 40-50 жыл.

Қазіргі таңда үйлерде 254 пәтер иелерінің кооперативі, 310 өндірістік кооператив, 16 тұрғын-құрылыс және 9 тұрғын үй кооперативі сияқты басқару формасымен 841 көпқабатты тұрғын үй қамтылған. 2014 жылы 14 көпқабатты тұрғын үйді қамтитын 11 пәтер иелері кооперативі құрылды.

Өткен жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы аясында үйге жөндеу жұмыстарын жүргізудің тетіктері мен барысы жайын түсіндіру мақсатында көпқабатты үйлердің тұрғындарымен 250 кездесу өткізілді. Нәтижесінде былтыр 45 көпқабатты тұрғын үйге 776,6 млн. теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес облыс орталығының 206 көпқабатты тұрғын үйі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр.

2015 жылы 19 үйдің тұрғындары ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына қатысуға 343 млн. теңгені құрайтын өтініш жазған. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитеті бұл мақсатқа 136 млн. теңге бөлді.

Құрметті қалалықтар!

Баршамызға ортақ мереке — Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақын қалды.

Өткенді есінен шығармайтын елдің болашағы бар. Елбасы ардагерлерімізді ардақ тұтуды әрдайым еске салады. Біз өз жұмысымызда ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерімен тұрақты байланыста жұмыс істейміз, аға ұрпақ өкілдерінің пікірлерін тыңдаймыз, олардың ақыл-кеңестері мен тілектерін бағалаймыз.

Соғыс өрті шарпымаған отбасы жоқ шығар. Облыс орталығында 163 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегі және Жеңіс үшін аянбай еңбек еткен 6 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.

Қантөгіс жылдары олардың көрсеткен ерліктері ескеріліп, қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бюджеттен бөлінетін бір реттік әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайтылып, Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектеріне — 100 АЕК-ті, тыл еңбеккерлеріне 25 АЕК-ті құрады.

Сонымен қатар, санаторийлік-курорттық емдеуге, тісті протездеуге, Қазақстан Республикасы аумағындағы емделу орнына барып-келуге көмек түрлері сақталады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен толық қаржыландыруға 214 миллион теңге қарастырылған.

Қала әкімдігінің кедейлікті еңсеру және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп жұмыс істеуде. Тек өткен жылы зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 70 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастама-сымен және ардагерлер кеңесінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жеңіс саябағын қайта қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. Жерлес 53 Кеңес Одағының Батыры және «Даңқ» орденінің 11 толық иегерінің есімдерін ұлықтап, ұрпақ жадында сақтау мақсатында Жеңіс саябағында арнайы аллея салу ұйғарылған болатын. Онда солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың Жеңіске қосқан үлесі мен тарихи даталар жазылмақ.

Елбасы тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыты ретінде азаматтарды қайта оқыту мен жаңа мамандықты игеруге бар жағдай жасауы қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Бюджет есебінен өткен жылы 224 адам жаңа мамандықтарға оқытылып, жұмысқа орналасты.

Алпыстан астам жергілікті кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама-сының қатысушылары атанды. Әлеуметтік келісімшарттардың арқасында 816 жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың 556-сы мемлекеттік қолдауға ие болып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 350-ге дейін азайды. Бұл — қаламыздың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,3 пайызы.

Есепті жылы аз қамтылған отбасыларға жоспарлы түрде әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қалалық бюджеттің есебінен 7 мыңнан астам отбасыға 238,6 миллион теңгенің төлемдері төленді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 14,4 миллион теңгеге көп.

Өтініш берген көмекке зәру отбасыларға коммуналды қызмет шығындарына өтемақыға тұрғын үй көмегі, материалдық көмек, 18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы және басқа жәрдемақылар төленген. Бұл мақсатқа бюджеттен 2015 жылы 118 миллион теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, облыс орталығына жұмысқа келген жоғары медициналық оқу орындарын бітірген түлектерге, жас мамандарға, дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері 110 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылды немесе 400 мың теңгені құрады.

Туберкулезге қарсы күрестің кешенді жоспарына сай өткен жылы Петропавл қаласында жаңа әлеуметтік төлем түрі қолданысқа енгізілді. Амбулаториялық емделуде жүрген бұл аурудың белсенді түрімен ауыратын тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жалпы 2015 жылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға 580 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.

2014 жылы біз қаламызда білім саласының дамуы үшін біраз жұмыс атқардық. Өткен жылғы салаға бөлінген қаражат қала бюджетінің 31 пайызын, яғни 6 млрд. теңгені құрады. Бұл қаржының 210,7 млн. теңгесі білім беру саласының 38 нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Ал білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 78,1 млн. теңге бөлінді.

Бастауыш сыныптарының оқушылары мен әлеуметтік қорғалған отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамту үшін 2014 жылы 297 млн. теңге жұмсалған.

Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту, сабақтан тыс спортпен шұғылдану және дене шынықтыру секция-лары ауқымын кеңейту мақсатында 50 жұп коньки, 8 жаттығу құрылғылары сатып алынған. Оған 7 миллион теңге қаражат жұмсалған. Үстіміздегі жылы 6,1 миллион теңгеге 4 жиынтық хоккей формасын сатып алу жоспарланып отыр. Балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынған.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбие және білім берумен қамту өткен жылы — 83,5 пайыз, ал 1 жастан 6 жас аралығында 51,2 пайыз болды.

2014 жылы қаламызда 407 орындық мектепке дейінгі мекемелер ашылды. Бұған жекеменшік мектеп жасына дейінгі мекемелер — «ТайРам» ЖШС-нің 30 орынға, «Ашық-Аспан-2» ЖШС-нің 122 орынға және №26 мектеп-балабақшаның 21 орынға кеңейтілуі есебінен қол жеткізілді. Сондай-ақ, қаланың Пионер көшесінде 219 орындық «Ивушка» балабақшасы және 15 орындық «Вундеркинд» жекеменшік даму орталығы жұмыс істеуде.

Біз білім беру нысандарын тиісті қондырғылармен, жаңа технологиялық құралдармен, мамандандырылған сыныптармен, спорт жабдықтарымен қамтамасыз етуге алдағы уақыттарда да қолдау жасай бермекпіз. Мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін көтеруді ынталандыру және соған сәйкес оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында деңгейлік курстардан өткен ұстаздардың айлық жалақысына 30 пайыздан 100 пайызға дейін қосымша ақы төлеу белгіленген.

Біз бүгінде қаламыздың білім жүйесінде бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға ұмтылудамыз. Сондықтан да мектептердің арасында конкурстық белсенділік арта түсуде. Былтыр біздің оқушыларымыз ха-лықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жеңімпаз атанды.

Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытын-дысы бойынша орташа көрсеткіш 80, 25 балды құраса, ол облыс бойынша орташа көрсеткіштен (77, 8 балл) 3,15 балға жоғары болды. Дегенмен, ол 2013 жылғымен салыстырғанда 3,38 балға төмен. Мектептің жоғары марапаты саналатын «Алтын белгіні» қала мектептерінің 5 түлегі және үздік аттестатты 8 оқушысы иеленді.

Жаз айлары кезінде балалардың демалысына және олардың уақыттарын босқа өткізбеулеріне баса назар аударылады. Өткен жылы 5 маусымдық жазғы демалыспен 2130 бала қамтылып, олар Қарғалы аралындағы «Достық» және «Березка» лагерьлерінде демалды.

Мәдениетті дамыту мен қолдау қоғамның толыққанды дамуын қамтамасыз етуде аса маңызды саналады.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту барысында олардың қызметін тиімді ету, сапасын жақсарту үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңге бөлініп, оған жиһаздар, ұйымдастыру ісінің техникалары және Петропавл қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне әдебиеттер сатып алынды.

Мәдениет үйінде 23 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Олардың 8-і «Халықтық» деген атаққа ие. Бұл ұжымдардың жұмысына 567 адам қатысады. Олардың жұмыстары әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Халық әндерін орындайтын «Звонница» казактар хоры, «Звонница-Наследие» фольклорлық ансамблі, «Околица» орыс музыка ансамблі, «Шабыт» этнофольклорлық ансамблі, соғыс және еңбек ардагерлерінің академиялық халық хоры, «Забияки» шоу-тобынан тұратын балалар ансамблі, «Экспромт» би халық театры, «Движение» хореографиялық миниатюра халық ансамблі өз өнерлерімен көпшілікке танымал. Вокал жанры бойынша көрермен-дерін «Арт-Думан КZ», «Шестое чувство», «Серілер» және «Самғау» топтары баурап алып жүр.

Жалпыхалықтық, мемлекеттік мерекелерді өз деңгейінде өткізу қоғамдық санасезімді бір арнаға тоғыстырып, сол бағытта мақтаныш, абырой биігіне көтеріп, отансүйгіштік қасиет қалыптастыруға септігін тигізетіні белгілі. Өткен есепті мерзімде 600-ден аса мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 150 мың адам қатысты. Бұл орайда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға және 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес елімізде тіл саясатын дамытуда мақсаткерлікпен жұмыс істеп келеді.

Қаламызда халықты дене шынықтырумен қамтуға байланысты жұмыстар жоспарлы әрі нәтижелі атқарылуда. Бұл ретте спорттық инфрақұрылымды дамытуда нақтылы бағыт ұсталынуда.

2014 жылдың соңғы 6 айында ғана Петропавл қаласында 20-дан аса спорт нысандары пайдалануға берілген. Олар — 15 футбол алаңы және 7 хоккей қорапшасы. Бүгінде Спорт сарайының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Дене шынықтыру және спортпен 50 мыңға жуық адам, яғни облыс орталығының әрбір төртінші тұрғыны жүйелі түрде айналысады.

Қаламызда бұл күндері 379 спорт ғимараттары, 16 спорт ұйымдары, 12 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернат, 21 балалар-жасөспірімдер клубтары жұмыс істейді. Өткен жылы 30 мың адам қамтылған 185 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілген. Қазіргі уақытта көпфункционалдық спорттық корттар орнату жұмысы жалғастырылуда. 19-шы шағынауданда алғашқы жабық хоккей корты орнатылды.

Қыс мерзімінде қалалықтар үшін 16 мұз айдыны жалпы білім беретін мекемелерде және 12 хоккей қорапшалары мектептердің жанында, тұрғын үйлердің аулаларында ашылды. Конькиді жалға беретін 5 орынның жұмысы ұйымдастырылған.

Өткен жылы біздің спортшыларымыз халықаралық спорт жарыстарында биік көрсеткіштерге қол жеткізді. Коньки жарысынан Жапонияның Тамокамай қаласында өткен Азия чемпионатында Дмитрий Бабенко 500, 1500 және 10 000 метр қашықтықта сырғанауда алтын медальға ие болды. Кәсіпқой бокстан Англияның Шеффилд қаласында өткен Еуропа чемпионатында Жанат Жақиянов чемпион атанды. Венгрияның Сегед қаласында кикбоксингтен әлем кубогы үшін өткен жарыста Нұрсұлтан Жақыпов жеңімпаз атанды. Непалдағы Катманду қаласынан таэквон-додан өткен Азия чемпионатынан Илья Хван чемпион болып оралды. Жеңіл атлетшіміз Татьяна Юрченко Қытайдың Нанджоу қаласында өткен Азия чемпионатында 800 метр қашықтықта және 4х400 метр эстафетада сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Венгрияның Петч қаласында грек-рим күресінен студенттер арасында өткен әлем чемпионатында Ақан Баймағамбетов күміс жүлдені жеңіп алды.

Қаламызда жыл сайын республикалық жарыстар, ашық қалалық чемпионаттар, спорттың әр түрінен облыс аудандарының қатысуымен оқушылар, студенттер, ересектер, мүгедектер және спорт ардагерлері арасындағы турнирлер жүйелі өткізіледі. Өткен жылы қалада хоккейден ашық біріншілікте 50-ден аса кездесу ойналды. Бұл жерде мұндай жарыстардың соңғы 10 жыл бойына өткізілмегенін айта кету керек. Өндірістік ұжымдар арасында «Денсаулық» спартакиадасы спорттың 13 түрінен өткізілді. Жастар бірлестіктері арасында 8 спорт түрінен бірінші рет спартакиада мәре алды.

Әр адамның өмір сапасына ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету кепіл болатындығы маңызды саналады. Мониторинг қорытындысы қаламызда қоғамдық-саяси ахуал қалыпты жағдайда екендігін, еңбек шиеленістері, наразылық акциялары, әлеуметтік алаңдаушылық ошақтары байқалмағандығын көрсетеді. Қаламызда 24 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Жастар арасында дінге сенушілер қатары көбейіп келеді. Тұтастай алғанда, қалада конфессиялық жағдай қалыпты. Діни бірлестіктермен тікелей байланыс жасалған, өзара қарым-қатынас тілектестікпен және ынтымақтастықпен сипатталады.

Бүгінгі күні қала аумағында 230-дан аса үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстарын жалғастыруда. Олардың 22 пайызы жастар ұйымдарынан тұрады. 2014 жылы жастардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлескен 7 жоба жүзеге асырылды. 20 мыңнан аса адам қамтылған 80 іс-шара өткізілген. Петропавл қаласында облыс орталығының қоғамдық-саяси өмірін көрсетумен 10 басылым айналысады, 3 телеарна хабар таратады, «Есіл КТВ» және «СоюзМедиаГрупп» кабельдік теледидардың 2 операторы жұмыс істейді. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттері қала әкімдігінің ресми басылымы болып саналды.

Қаламыздағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды көрсету барысында ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыруға қатысты жүйелік негізде медиажоспарлау жүргізілуде. Республикалық арналардың редакцияларымен, тәуелсіз басылымдармен және ақпараттық порталдармен тығыз байланыс орнатылған.

Жалпы алғанда өткен жылы оперативтік жағдай қалыпты күйде болды, криминалдық ахуал алаңдаушылық тудырмайды.

Тіркелген барлық қылмыс саны — 2,2 пайызға, оның ішінде қылмыстың ауыр түрі — 26,3 пайызға, қала көшелеріндегі қылмыс 27 пайызға азайтылды. Жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстың санын өткен жылы 5,9 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.

Жол қозғалысы Ережесін бұзудың 43407 фактісі анықталды. Сот органдарының шешімімен 590 жүргізуші көлік құралын басқару құқынан айрылды. 139 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Облыс орталығындағы оперативтік жағдай ескеріле отырып, қиын учаскелер анықталады, жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылып, ондай жерлерді полицияның жеке құрамы назарда ұстайды.

2014 жылғы ақпандағы қала әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Петропавл қаласының әкімдігімен, қалалық ведомстволар және қызметтермен жыл бойы 2014 жылғы ақпандағы есеп беру кездесулерінде қалалықтардың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.

Әкім аппаратында, қалалық мемлекеттік органдарда бекітілген іс-шаралардың орындалуын бақылау және мониторингілеу жүйесі жасалған. Қала тұрғындарының талаптарын іске асыру барысы әкімдік отырыстарында тоқсан сайын талданып, аппарат және жұмыс кеңестерінде жүйелі қаралды, материалдар қалалық «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттерінде, ай сайын жаңартумен әкімдіктің ресми сайтында жүйелі жарияланды.

Жыл қорытындысы бойынша қалалық іс-шараларға енгізілген 271 тапсырманың 242 орындалды немесе 89,3%.

Талаптардың басым көпшілігі — олардың жалпы санының 209 немесе 77%-ы қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысы бойынша айтылған болатын. Сонымен қатар, қалалықтарды толғандыратын басты мәселе мыналар болып қалуда:

  • абаттандыру — 63 талап немесе 30%;
  • жолдарды жөндеу және салу — 52 немесе 25%;
  • жолаушылар көлігінің жұмысы — 29 немесе 14%;
  • көшелер мен тұрғын аулаларды жарықтандыру — 26 немесе 12%;
  • жылу, - сумен қамтамасыз ету — 21 немесе 10%;
  • тұрғын үйді жөндеу — 18 немесе 9%;

Абаттандыру. 63 тапсырманың 53 немесе 84% орындалды.

2-ші Сенная көшесіндегі балалар ойын алаңы жайластырылды.

Аулалар комиссиялық тексерілді, бірақ ағымдағы жылы осы жұмыс түрлерінің қаржыландырылмауына байланысты, ПИК үлестік қатысуы жағдайында конкурстық негізде Батыр Баян., 58; Мир к., 159-161 — Алтынсарин к., 240; Абай к., 120А; Островский к., 82; «Әлия-Сервис» ПИК аулалық және балалар аулаларын жайластыру жұмысы келесі жылғы жұмыс жоспарына енгізілді.

Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Сәтбаев к., 28; Абай к., 94-98; Абай к., 59 мекен-жайларындағы аулаішілік аумақтарды асфальттау, Театральная к., 47 мекен-жайындағы аулада пневматикалық бүрку әдісімен шұқырлы жөндеу жұмысы орындалды.

Жуков к., 1,3; Гашек к., 4А; Бөкетов к., 61; Володарский қ.к., 47; Жамбыл к., 141; Мир к., 264; Партизанская к., 185 мекен-жайларындағы 7 үйдің тұрғындары мен ПИК өкілдері конкурсқа қатысқан жоқ.

Маяковский к.; Халтурин к.; Қазақстан Конституциясы к., 34; Абай к., 66; Алтынсарин к.; Партизанская к., 185; Театральная көшесіндегі үйлердің арасында жүргізілген жер жұмыстарынан кейін аумақтарды қалпына келтіру бойынша 7 талап орындалды.

«Юбилейный» шағын ауданының нөсер канализациясын қайта жаңарту аяқталды, «Алматы-Петропавл» базарының жанындағы суағар тазартылды. Досмұхамбетов к. бойындағы нөсер канализациясы мен Дәрігерлер үйінің жанындағы су бұру жүйесі комиссиялық тексеріліп, оны жайластыру келесі жылғы жұмыс жоспарына енгізілді.

Партизанская к., 185 үйден коллектор құбырына дейінгі канализация құбырын ауыстыру; Абай к., 59 мекен-жайындағы канализациялық құдықты жөндеу жүргізілді. Рыжов к.,110-122 үйлердің тұрғындарына канализациялық қызметке төлемнің шарттары түсіндірілді.

«Кеңес Одағының батырлары — Солтүстікқзақстандықтар аллеясы» мемориалдық кешенін салумен Жеңіс саябағын қайта жаңарту және абаттандыру бойынша бірінші кезеңнің жұмысы орындалды. Салтанатты қақпа, 9 пилон салынып, 12 жаңа үш лампалы шам орнатылды, Стелла мен кіре беріс топтарды ағымдағы жөндеу жүргізілді, аумақты санитарлық тазарту және абаттандыру, ағаштар отырғызу жұмыстары тұрақты жүргізілді.

Н. Прокопичева саябағы тазартылып, абаттандырылды; Жұмабаев және Сүтішев көшелерінің қиылысындағы аумақ абаттандырылды; қалалық зираттарды санитарлық тазарту жүйелі жүзеге асырылды, оларға кірме жолдар төмен жерлерін толтырумен грейдирленді.

Жаяу жүргіншілер жолын жайластырумен Ухабов көшесін салу және Шәжімбаев көшесінің жүретін бөлігін орташа жөндеу барысында іргелес аумақты тазарту және абаттандыру жұмысы орындалды.

Радищев к., Сафронов — Дульский көшелері; Гоголь к., 25; Жұмысшы кентінің көшелерінен қарды механикаландырып жинау және шығару сапасы бойынша барлық 4 ескерту жойылды.

Жамбыл-Интернациональная көшелерінің қиылысындағы апаттық ағаштарды кесу, зақымданғандардың орнына ағаштар отырғызу бойынша талаптар орындалды.

Ружейников к., 95; Батыр Баян к., 220-255; Қазақстан Конституциясы к., 34; Петров көшелеріндегі үйлердің ауласынан ҚТҚ шығару қалыпқа келтірілді, борки кентіндегі контейнерлік алаңдарды қоршау жүргізілді, Кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартумен жиі жүргізілетін рейдтер және саяжай қоғамдарының өкілдерімен түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы өзенге қоқыс лақтыру бойынша Есіл өзенінің жағасында орналасқан бақ өсіру серіктестіктерінің мүшелерімен бұзушылықтарды жою және болдырмау жөнінде шаралар қабылданды.

Бұралқы итттерді аулау жоспарлы жүргізілді, соның ішінде Кірпіш кенті тұрғындарының ескертуі бойынша

Жолдарды жөндеу және салу .

52 тапсыпманың 46-ы немесе 89% орындалды. Қатты жабынмен жол жөндеу бойынша 13 тілектің 12-і іске асырылды.

Жұмабаев көшесін Чкалов көшесінен Мүсірепов көшесіне дейін салу, Шухов к. (Набережная к-нен Уәлиханов к-іне дейін); Абай к., (Пушкин к-нен Әуезов к-іне дейін); Шәжімбаев к.; Айыртау к., учаскелерін орташа жөндеу жұмысы орындалды.

314 Атқыштар дивизиясы к.; Труд к.; Ульянов к.; Ысмайылов к.; Победа к.; 2-ші Заречная к.; Рыжов көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу жүргізілді.

27-ден 25 қара жол жөнделді. 

Халтурин к.; Ломоносов к.; Пугачев к.; Зайцев к.; Садовый қ.к.; Шмидт қ.к.; Кошевой к.; Волочаевская к.; 1-ші Перминовтар қ.к.; Новая к.; Алтынсарин к.; Чернышевский к.; Ленинградская к. бойындағы, Солнечный кентіндегі жолдарға (қоғамдық көлік қозғалысының маршруты бойынша); №12 ОМ және «Баларман» мектепке дейінгі шағын орталығына кірме жолдарға ұсақ тас төселді.

Новая к.; Дульский к.; Сафронов к.; Новицкий к.; Суворов к.; 1-ші Линия к.; Целинная к., Сенная база кентінің 2 және 3-ші Сенная көшелерінің бойындағы жолдар грейдирленді.

Жуков; Әуезов к; (Өнеркәсіп аймағы); Қазақ мектеп-гимназиясын айнала тротуар жайластыру, Семашко к.; Мүсірепов к.; Рыжов к.; Мир көшесіндегі учаскелердің тротуарларын жөндеу жүргізілді. Юбилейная көшесінен Солнечный кентінің соңғы аялдамасына дейінгі учаскеде автомобиль жолының бойымен тротуар жайластыру мүмкін емес.

Жолаушы көлігінің жұмысы.

Жолаушылар тасымалдауды сапалы қамтамасыз ету мәселелері бойынша 29 талаптың барлығы орындалды.

Есеп беру кездесулерінде келіп түскен ұсыныстарға сәйкес маршруттар қозғалысының схемасы өзгертілді: №2-20-шы шағын ауданды Өнеркәсіп аймағымен; №4М «Қазмұнайгаз» ЖҚС-ға дейін; №4А «ПАМЖЗ» АҚ дейін қосқан, таңғы және кешкі уақытта; №8М Борки кентіне кірумен; №19М №12 мектепке дейін, жазғы кезеңде. №10М маршрутының қозғалыс сұлбасын жаңарту туралы шешім қабылданды. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен жолаушылар тасқынының аздығына байланысты ДСР шағын ауданынан «Черемушки» шағын ауданына дейін; Сенная базасынан Пошта ауданына дейін жаңа маршрут ашудан бас тартылды.

Вокзал маңы алаңында маршруттардың көп жиналуына байланысты №41 саяжай маршрутын ұзартпау туралы шешім қабылданды. Тиімсіздігіне байланысты №19М маршруттың қысқы уақытта Былғары зауытына дейінгі; №11М қалалық жұмыспен қамту бөліміне дейінгі; №20М ДСР-ге дейінгі; жол төсемінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және енінің жеткіліксіздігінен №4М және №16 маршруттардың ПМС-175 және 24М-нің Сенная базасына дейінгі қозғалыстары тоқтатылды.

Есеп беру кездесулерінде шағым түскен №№2; 4; 4М; 6; 11; 16; 28; 30 маршруттар бойынша автобус қозғалысы қалпына келтірілді. №33 және №45 саяжай маршруттары қалыпты қалалық маршруттарға ауыстырылды, №7 маршрут қозғалысының уақыты тұрғындардың өтініші бойынша 22:05 сағатқа дейін ұзартылды.

Тілектер бойынша ДСР шағын ауданындағы «Бақыт» ЖҚС жанынан және Рыжов көшесінің бойындағы «Пчелка» дүкенінің жанынан қосымша аялдамалар ұйымдастырылды.

СНжЕ нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты Украинская к. мен Садовый бұрылыс к. қиылысында «Қажеттілік бойынша» аялдама ұйымдастырудан және Украинская к. «Малыш» балабақшасына аялдаманы көшіруден бас тартылды.

Вокзал маңы алаңында автобус маршруттарының сілтемелері, көруі нашар адамдарға арналған ашық маңдайшалар орнатылды.

Жарықтандыру. Барлық 26 тапсырма орындалды.

Свердлов қысқа көшесінің бойында көшені жарықтандыру желілерін салу орындалды; Жуков көшесінде Юбилейный к-нен Набережная к-не дейін жұмыс жүргізілуде. Мир к., 339, 339А, 341, 349 үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмысы жүргізілді.

6 бақ өсіру серіктестігін қоректендіретін Заречный кенті ауданындағы ӘЖ-10 электр желісін күрделі жөндеу жұмысын «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасына енгізу туралы мәселе шешілді.

Комиссиялық тексерілді, ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Чайковский көшесі (Тоқсан би к-н Астана к-не дейін); Семашко к. (Семашко — Жуков к.-рі мен Юбилейная к. — Балалар ауылының арасы); Новая к. («Айгөлек» балабақшасы шағын ауданы); Индустриальный қ. к. (Әуезов к-н Мүсірепов к-не дейін); Н. Прокопичеваға ескерткіштен Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне; «Лада» бақ өсіру серіктестігіне дейінгі учаскелердегі желілерді жөндеу, салу жұмыстары Жоспарға енгізілді.

«Россиянка» бақ өсіру серіктестігіне электр қуатын қосу туралы мәселе шешілу үстінде, бірақ саяжай қоғамынан техникалық жағдайларды алуға құжаттар түскен жоқ.

Интернациональная к., 30 — Жұмабаев к., 105 үйлердің арасындағы учаскелерде электрмен жабдықтауды беру мәселесі реттелген.

1-ші Жастық қысқа к., 1-3 мекен-жайында орналасқан №806-П КТП меншік иелерінің арасында сот талқылауы жүріп жатыр.

Жылумен жабдықтау.

11 талаптың барлығы орындалды.

Жылумен жабдықтауы бұзылған барлық үйлердің жылумен жабдықтау жүйелері комиссиялық, кешенді тексерілді, ПИК төрағаларына қажетті жұмыстар жүргізуге ұйғарым акті берілді.

Жиілік реттеуіштері бар басқылайтын сорғы орнатумен Қазақстан Конституциясы к., 50; Астана к., 17; запорлық арматурасын тексеру және жөндеу жүргізумен Абай к., 66; Абай к., 102; 120А тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау қалыпқа келтірілді.

Өткізу қабілеттілігін ұлғайту үшін Абай к., 120А және Бөкетов к., 36 мекен-жайындағы жылу магитралын жөндеу және оқшаулау жүргізілді; Гоголь к., 36 үйге енгізуде.

Мир к., 127 тұрғын үйдің жертөлесі арқылы өтетін жылу трассасы оқшауланды.

Гагарин к., 4А мекен-жайындағы үй тұрғындарының өтініші бойынша жылумен жабдықтауға төлем қайта есептелді.

Сумен жабдықтау.

10 тапсырмадан 9-ы орындалды.

Ысырма мен транзиттік құбырын ауыстырумен Абай к., 120А; жаңа шусыз басқылайтын сорғы орнатумен Мир к., 158 үйлердің сумен жабдықтауы жөнделді.

Л. Чайкина к-нің бойындағы су құбырын қайта жаңарту орындалды.

Васильев к., 2-16 мекен-жайындағы тұрғын үйлерге су беру; Кірпіш кентіндегі су колонкаларының жұмысы қалпына келтірілді.

Куйбышев орман шаруашылығына су желілерін салу аяқталды.

2-ші Школьный қ.к. 1-19 мекен-жайында жаңа су бөлетін колонка орнатумен су құбырын салу жұмысы комиссиялық тексеріліп, жоба жасалды және «Қызыжар су» ЖШС жоспарына енгізілді.

Украинская к., 234А, Б үйлерінің тұрғындарына сумен жабдықтау және канализация қызметтері үшін төлемді есептеу әдісі түсіндірілді.

Тұрғын үйді жөндеу және тұрғын үй мәселелері.

18 талаптың барлығы орындалды.

ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде Шухов к., 30; 42; «Юбилейная к., 3» ПИК; Абай к., 120А (ағымдағы жылғы қазаннан бастап қайтару қаражаты есебінен қосымша 1-ден 10-подъезді қоса) төбені жөндеу жүргізіледі; Батыр Баян к., 67 (жөндеу жұмыстарының құнын қайта есептеу және төлем кестесін қайта қараумен) тұрғын үйлердегі жөндеу жұмысы аяқталды.

ПИК тіркегеннен, кондоминумды ресімдегеннен кейін Студенческая к., 6 жатақхананы жөндеуге ЖСҚ әзірленді, жөндеу жұмыстарына, оны 2015 жылғы наурызда аяқтаумен 20 қарашада кірісті.

Парковая к., 161 үйде сорғы агрегаттарын ауыстыру және технологиялық құбыр жүргізумен сорғы станцияларын қайта жаңарту орындалды.

Мир к., 127 және Сәтбаев к., 38 үйлердің пәтер иелері ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысусыз нысаналы жинау есебінен жөндеу жүргізуге шешім қабылдады.

Үйішілік газ тарату жнлілерін жөндеу механизмін түсіндіру бойынша Бензострой кентінің көп қабатты тұрғын үйлері тұрғындарының бірнеше қайтара өткізген жалпы жиналысынан кейін пәтер иелерінің көпшілігі орталық газбен жабдықтауға қосылудан бас тартты.

Островский к., 56, 58, 60, 62, 64 үйлердің тұрғындарына үйлердің апаттылығы туралы техникалық қорытынды алу механизмі түсіндірілді, алайда алынған қорытынды негізінде үйлер апаттық деп танылған жоқ.

Парковая к., 117 үйдің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, онда компания басқарушысының қызметінен бас тарту және ПИК жаңа төрағасын сайлау туралы шешім қабылданды.

Коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері үшін бірыңғай әмбебап домофон кілттерін жасауды қарағаннан кейін мақсатқа сай еместігі туралы шешім қабылданды.

Болатбаев к., 36 және Уәлиханов к., 27А үйлердің тұрғындарына жалдау шарттарына қол қою және кейіннен жекешелендіру механизмі жөнінде; Кошуков к., 18 жатақхананың тұрғындарына құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу және бөлмелерді жекешелендіру жөнінде түсініктеме берілді.

Жолдардағы, қоғамдық орындар мен тұрғын аулалардағы қауіпсіздік.

Қалалық ішкі істер басқармасы мемлекеттік органдармен бірлесіп 24 тапсырманың барлығын орындады.

Қосымша бағдаршам объектілерін және жол белгілерін орнату жөніндегі 20 талап бойынша шешім қабылданды.

Әуезов к. — Индустриальный қысқа к.; Уәлиханов — Мүсірепов; Юбилейная — Семашко көшелерінің қиылысында бағдаршам объектілері орнатылды.

Бөкетов — Егемен Қазақстан; Караванная — Украинская; Чайковский — Астана көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өтетін жер; Набережная — Гашек көшелерінің қиылысында жасанды тегіссіздік жабдықталды.

ҚР Мемстандарттарына сәйкес Хименко к. №9 ОМ жанында (осы учаскеде жасанды тегіссіздік орнатылға), Васиьев-Партизан көшелерінің қиылысында (жаяу жүргіншілер өтетін жол орнатылған) бағдаршам орнатудан, Болатбаев к., өрт сөндіру бөлімінің жанындағы қазіргі бар «жаяу жүргіншілер өткелі» белгісін ауыстырудан бас тартылды.

ҚР Стандарттарына және қауіпсіздік талаптарына сәйкес диагоналы бойынша жаяу жүргішілер фазасын бөлумен реттелетін көше қиылысы өткелі көзделмеген.

Мүсірепов к., 6 үйдің ауласынан өтуге тыйым салудан бас тартылды; санитарлық жағдайды бұзу бойынша Алматы к. бойындағы автотұрақтың иесімен профилактикалық жұмыс жүргізілді; үйлену көліктерінің жүргізушілерімен үйлену рәсімдерін өткізген күндері дыбыс дабылдарын беру және жол қозғалысын ұйымдастыру ережелерінің сақталуын бақылау үшін Әуезов к., 168 үйдің жанына жол-патруль полициясы батальонының күзеті қойылды.

Сәтбаев к., 42 тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша учаскелік полиция инспекторының жұмысына ескерту жойылды; қоғамдық тәртіпті және салық заңнамасын бұзғаны үшін пәтерлерді жалға тапсыратын меншік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмысы жүйелі жүргізіледі; жұмысында бұзушылық анықталған «Вулкан» компьютер клубы жабылды; «Қауіпсіз аула» бағдарламасы шеңберінде «Березка» ПИК ауласында бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.

Әлеуметтік сала объектілері желілерін дамыту, материалдық базасын нығайту.

Барлық 16 талап орындалды.

Заречный кентіндегі денсаулық сақау пунктінде учаскелік балалар дәрігерімен балаларды қабылдау жүргізу туралы мәселе шешілді, оның жұмыс уақыты белгіленіп, ғимаратты жылыту жұмысы орындалды.

№ 2 орта мектептегі спорт және мәжіліс залдарының төбелеріне жөндеу жүргізілді, №13 және №32 орта мектептердің аулаларында жасанды жабынмен шағын футбол алаңдары жабдықталды. «Аль-Фараби» мектеп лицейінің аумағына 8 көше спорт тренажеры сатып алынды және орнатылды.

Денсаулық сақтау басқармасымен қала емханаларының жұмысын қалыпқа келтіру, аурулардың қабылдануын ұйымдастыруды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Қалалық Мәдениет және демалыс саябағын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілді, жануарларды қыдыртуға тыйым салу туралы аншлаг орнатылды, саябақ аумағында алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға тыйым салу туралы, бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартумен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету туралы ҚР заңнамасының орындалуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Жұмабаев к. (ҚІІБ ғимаратының жанында) орналасқан LED-экранындағы дыбыс режимі 40%-ға төмендетілді және сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қаланың үш қоғамдық моншасында мүгедектерге қызмет көрсетуге жеңілдікті билеттер енгізілді. Борки кентінде №13 пошта байланысы бөлімшесінің жұмысы бұрынғы режимде сақталды.

Заң базасының жоқтығына байланысты бекітілген Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету тізбесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс өтілінің белгіленуімен тыл еңбеккерлерінің санатына енгізу және ең аз зейнетақы мөлшерімен зейнеткерлерге саяжай учаскелеріне баруға әлеуметтік көмек төлемін жүргізу мүмкін емес.

Осы жер учаскесінің 320 орындық балабақша салу үшін берілуіне байланысты №№5 және 43 мектептердің арасында орналасқан спорт алаңын жайластыру мүмкін емес.

Экономикалық пайдасыз болуына байланысты бұрынғы «Теремок» балабақшасының ғимаратын мемлекеттік меншікке қайтару мүмкін емес.

Жер мәселелері бойынша 12 талаптың барлығы орындалды.

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған екі жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша ескертулер берілді, жылжымайтын мүлікті иесіз мүлік ретінде есепке қоюмен, тұрғын үйлердің аулаларында өздігінен орнатылған автотұрақтардың, гараждардың иелерін анықтау жұмысы жүргізілуде.

Орман шағын ауданының ТҚС-6 және КТПМ-9 қалпына келтірілді, таратушы қалқандарға кабельдер жөнделді, үйлерді электрмен жабдықтау қалпына келтірілді; бас мердігермен Интернациональная к., 4Г тұрғын үйді салу кезінде жіберілген бұзушылық жойылды.

«Океан» СҮ өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жөніндегі ҚР заңнымасының сақталуына тексеру жүргізілді, оларды бұзғаны үшін меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тартумен. Нәтижесінде шатырлы төбе орнату және ғимаратты антисептикалық өңдеу бойынша құрылыс жұмысы орындалды.

«Айналайын» асханасының жұмысындағы көрсетілген бұзушылықтарға, кейіннен оларды жоюмен кешенді комиссиялық тексеру жүргізілді. «Мереке» супермаркетінің жұмысына ескертулер жойылды, қаланың барлық базарларында саяжай маусымында өсірген өнімдерін сату үшін зейнеткер-саяжайшыларға тегін орындар берілді.

Тиімсіздікке байланысты, Солнечный кентінде дәріхана және ДСР шағын ауданында қосымша дәріхана ашу мүмкін емес.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша орындалмаған 29 талап қалды немесе олардың жалпы санының 10,7%.

Абаттандыру бойынша 10 тапсырма орындалған жоқ.

Мир көшесіндегі № 183; Пионерская — Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы үйлердің артындағы; 2-ші Школьный қ.к. бойындағы жолдар «Рүстем КЭК» ЖШС жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін қалпына келтірілген жоқ.

«Әлия-Сервис» ПИК (Мир к., 339, 341, 351) және Мир — Абай көшелерінің қиылысындағы шағын аудандағы үйлердің жанынан жауын су канализациясын; Дульский к. мен Бөкетов к., 61 су бұрғыш жайластыру; Жамбыл — Бөкетов көшелерінің қиылысында нөсер қабылдағыш құдық орнату жұмыстары орындалған жоқ.

Солнечный кентінен ҚТҚ шығару ұйымдастырылмады, тиімсіздігіне байланысты арнайы кәсіпорындар кент аумағында жұмыс істеуден бас тартты.

Жарықтандыру бойынша 12 талап орындалған жоқ.

Ысмайылов к. (Жамбыл к-нен Парковая к-не дейін); Заовражная көшесі, Кірпіш кентіне шығатын жол (Юбилейная к-нен 4-ші Кірпіш, Майская к-леріне дейін); қалаға (Омбы айналма жолынан Юбилейная к-гі айналма жолға дейін); айналма жолдың (Набережная к-гі айналма жолдан Юбилейная к-гі айналма жолға дейін) жарықтандыру желілерін салу және қалпына келтіру жүргізілген, ЖСҚ әзірленген жоқ.

Батыр Баян к., 220-225 мекен-жайында су таратқыш өткізілмеді және су бөлетін колонка орнатылған жоқ.

Жол жөндеу бойынша 6 талап орындалмай қалды.

Островский к.-гі учаске Союзная к-нен Мичурин к-не дейін жөнделген жоқ. «Электрон» бақ өсіру серіктестігіне кіре беріс жолға ұсақ тас төсеу, Ватутин к-н грейдирлеу орындалған жоқ.

Тоқсан би к. (Кеншінбаев к-нен Чайковский к-не дейін); 1-ші және 2-ші Заречная к.; Патизанская және Васильев к-рінің жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жүргізілген жоқ.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда халыққа есеп беру кездесулерін өткізгеннен кейін олардың барлығы орындау үшін 2015 жылғы Іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады.

Құрметті қала тұрғындары!

Өткен жылдың қорытындысы қаламыздың серпінді дамып келе жатқандығын көрсетеді. Бұл — барлығымыздың бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесі. Қысқамерзімді және стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі алдағы жұмысымызға жақсы негіз қалануда деп айта аламыз.

Жоғарыда аталған мәселелер және алға қойған міндеттер әлеуметтік-экономикалық орнықтылығымызды нығайтуға, қаламыздың дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілуіне бағытталатынына сенімдімін.

26.01.2015 11:19


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы