Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі || Театрлар || С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры

С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры

Мекенжайы: 150010, Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. Жамбыл Жабаев көшесі, 195

факс-телефоны: 8 (7152) 41-25-32

электрондық поштасы: kmdt-smukanov@list.ru

веб-сайты: www.kaztheatre.sko.kz

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып айдар тағылған 2000 жылы, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласынан С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры шаңырақ көтерді. Театр ең алғаш өзінің шымылдығын С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» қойылымымен ашты.

Ш. Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты», М. Байджиевтің «Қылмысты оқиға», А. Кирийдің «Иірім», М. Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», Т. Теменовтың және С. Сматаевтың «Көгілдір такси», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян сұлу», С. Ваннустың «Уа, ұлы мәртебелім» қойылымдарымен көрермен қауымының көңілінен шықты. 2001 жылы IX-Республикалық театр фестивалінде М. Баджиевтің «Қылмысты оқиға» қойылымымен Гран-приді жеңіп алды. Актер Д. Садуов Республикамыздың 10-жылдық мерейтойына арналған, медальмен марапатталды. Сол жылы театр облыстық мәдениет басқармасымен келісіп Алматы қаласынан сыншы, профессор, Мемлекеттік сыйлығының иегері Ә. Сығайды, сыншы М. Омарованы және Қазақстанның халық әртісі, профессор Е. Обаевты шақырды. Театрдың бірнеше қойылымдарын көрген сыншы-профессорлар театрға жоғары баға берді.

2002 жылы Ғ. Мүсіреповтің туындыларына арналған Х-шы Республикалық театр фестивалінде Б. Жалғасбаев пен Н. Мағауина «ең үздік Қозы» және «Ең үздік Баян» номинациясын жеңіп алды. Аталмыш жылы актер Б. Жалғасбаев Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды және сол жылы актрисалар Н. Мағауина және А. Алтыбаева «Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты» атағын алды.

Театр 2003 жылы Каирде өткен XV-Халықаралық театрлар фестивалінде Ғ. Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьесаның желісі бойынша жасалған «Шың басында» атты экспериментті қойылымымен қатысып, үздік ондық қатарынан орын еншілеп, Құрмет грамотасымен марапатталды.

2004 жылы XII-ші Республикалық театрлар фестиваліне М. Ғаппаровтың «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» қойылымымен қатысып Оразәлі, Ақжарқын-Сәрсенбек «Үздік режиссер» номинациясын еншіледі.

Сол жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен, ЮНЕСКОның қолдауымен Астана қаласында өткен VII-ші Халықаралық жастардың шағармашылық «Шабыт» фестивалінде П. Мерименің «Кармен» қойылымымен қатысып, сахнагер Н. Мағауина «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алып, фестиваль лауреаты атанды және «Театр тартуы» номинациясы бойынша театр III-ші орынға ие болды.

2005 жылы Қызылорда қаласында өткен Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітовтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған XIII-ші Республикалық театралдық фестиваліне Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» қойылымымен қатысып, сахнагер Е. Шүкіров «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді. 2006 жылы театр басшысы Қ. Қасымов пен театрдың көркемдік жетекші Б. Жалғасбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және, ақпарат министрлігінің Құрмет белгісі «Мәдениет қайраткері» атағын алды. 2008 жылы, Ақтау қаласында өткен Н. Жантуриннің 80-жылдық мерейтойына арналған XVI-шы Республикалық театралдық фестиваліне А. Володиннің «Қос жебе» қойылымымен қатысып 2-ші орынды еншіледі.

Театр бүгінге дейін «Бір түп алма, ағашы» авторы және режиссері Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Ә. Оразбеков, Абайдың «Қара сөздері», Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне», Т. Ахтанов «Күшік күйеу», Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» (режиссері М. Ақжолов), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы», М. Әуезов «Еңлік -Кебек», Т. Улиямс «Шыны хайуанат» (режиссері Б. Шамбетов), К. Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» (режиссері Ресей мен Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Б. Н. Преображенский), М. Жұмабаев «Батыр- Баян» (режиссері М. Оспанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері), С. Мұқановтың «Балуан Шолақ" повесінің желісімен жазылған Д. Исабековтің «Жау жүрек», режиссері (Ж. Хаджиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері), Ә. Тарази «Жақсы кісі» (режиссері Ғ. Баязитов), Н. Байтеміров «Абайлаңыз қалыңдық" (режиссері Б. Шамбетов), О. Богаевтың «Down-Way» (режиссері Б. Әбдірхманов), А. Богачеваның «Эйр-Балалық», Т. Жүжженоғлының «Тығырық», С. Жүнісовтың «Елім-ай», Ш. Башбековтың «Шойын қатын» осындай қырықтан астам қойылымдармен көрермен көк жиегін кеңейтіп, сырбаз сахна сан қырлы сәулесін шашты. Театр жан-жақты рухани ізденіс үстінде, заманауи құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Облыс пен қалаларға, аудан-аймаққа гастрольдік сапармен өнер сабақтастырып, халықпен тығыз байланыста болып, өнер биігінен өз жолын салып барады.

18.05.2012 15:19


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы