Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі || Кітапханалар || С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Мекенжайы: 150008, Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы көшесі, 25

факс-телефоны: 8 (7152) 46-31-10, 46-98-33

электрондық поштасы: nklib@mail.ru

веб-сайты: www.nklibrary.kz

Құрылған жылы — 1937.

Кітапхана миссиясы — әрбір адамның білім алуы мен дамуы үшін, ақпаратқа еркін қолжеткізуін қамтамасыз ету.

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана — республикамыздың ірі және техникалық жабдықталған кітапханаларының бірі, аса маңызды, ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім орталығы, Солтүстік Қазақстан облысында жарық көрген баспа туындылары мен өлке туралы әдебиеттердің басты қоймасы, облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталық.

Бүгінгі күні С.Мұқанов атындағы ОӘҒК 15 функциялық бөлім мен сектордан тұрады, мұнда 72 адам қызмет етеді, оның ішінде 53 адам — кітапханалық қызметкерлер. Кітапханада оқырмандарға салалық бөлімдер, оқу залдары, ақпараттық орталықтар мен абонементтер жүйесі, оның ішінде Құжаттарды электронды жеткізу қызметі арқылы қызмет көрсетіледі.

Кітапхананың ақпараттық ресурстарының негізі — оның үнемі толықтырылып және дамытылып отыратын қорлары.

Оқырмандарға әмбебап мазмұнды 500 мың кітапхана қоры, Кітапхананың қазіргі заманға сай жабдықталған бөлімдері, интернет орталығы, кітапхананың электрондық каталогы мен құқықтық мәліметтер базаларына қатынау ұсынылады.

Кітапхана жыл сайын 29 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді, күн сайын кітапханаға 1000-ға жуық адам келеді. Кітапхана заманауи компьютер және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Республикалық РАБИС бағдарламасының барлық модулдері пайдаланылады. 76 компьютер ЖЕЖ-ге біріктірілген, ол штрих-кодтау, оқырмандарды электрондық есепке алу және кітап беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жаңақпараттық қызметтер спектрі: Интернет, электрондық пошта, құжаттарды электрондық жеткізу және т.б. қызметтері жақсы дамып келеді.

Негізгі қызмет бағыттары

  • Кітапхананың ақпараттық-ресурстық базасын арттыру, әлемдік, ақпараттық ресурстарға қатынауды ұйымдастыру;
  • Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи мұрасын сақтау;
  • Кітапхана пайдаланушыларына, ақпараттық қызмет көрсету саласын одан ары жетілдіруге бағытталған жобаларды әзірлеу, толық және сапалы, ақпарат ұсынуға, ОӘҒК-ның электрондық ресурстарын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау;
  • Бірыңғай, ақпараттық-кітапханалық жүйе құру;
  • Кітапхананы мәдени орталық ретінде дамыту: әлеуметтік серіктестік шеңберін кеңейту. Жалпы әлеуметтік, мәдени және экономикалық процестерге қатысу.

Қызметтер:

  • таңдау бойынша — өз бетімен немесе консультанттың көмегімен Интернетке қатынау;
  • «Заң» — «Закон», «ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша ашық сандық кітапхана» МБ; «Спецсвязь ФСО «Правовые акты, издаваемые органами государственной власти Российской Федерации"МБ және т.б. мәліметтер базаларына тегін қатынау;
  • қашықтағы мәліметтер базаларына қатынау;
  • ақпараттық қызмет көрсету, о.і. қашықтан қызмет көрсету;
  • виртуалды анықтама қызметі;
  • «ДК негіздері», «Интернетте іздеу», «Қашықтағы мәліметтер базаларынан іздеу», т.б. үйрететін тренингтер;
  • Америкалық Мәдени бұрыш қызметтері;
  • балаларға арналған, ағылшын тілі курстары «English for children»;испан тілі курстары;
  • түрлі пайдаланушылар топтары үшін білімдік-бос уақыт шаралары;
  • түрлі тақырыптарға көпшілікке арналған дәрістер;
  • мерекелер, кездесулер, оның ішінде неміс, ағылшын және француз тілдерінде;
  • заңгердің кеңесі.

18.05.2012 14:33


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы