Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдік || Ведомствоаралық комиссиялар || Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң қаулысына өзгеріс енгізу туралы (2017 ж. 22.02. №379)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Қала әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың ең өзектi мәселелерi қаралды.

Осылайша, 2017 жылғы 31 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысы өткiзiлдi, онда Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi басшысының м.а. К.М. Шаймұқановтың қала әкiмдiгi мемлекеттiк мекемелерiнiң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауын жүргiзу туралы ақпараты тыңдалды, «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ басшысы Ж.Қ. Бәкiшев және «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысының м.а. А.Қ. Қасымғожина сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Жыл нәтижесi бойынша қала әкiмдiгi коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауын жүргiзу туралы шешiм қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың алдын алу мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында да қаралады. Осылайша, 2017 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

2016 жылғы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды, оның қызметi туралы ақпарат қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

Қала әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырыстарында ең өзектi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi қаралады.

Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткiзiледi.

Осылайша 2016 жыл iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi, онда қала әкiмi аппаратының басшысы, бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, қаржы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, iшкi саясат, кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауды ескерту мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында бiрнеше рет қаралды. Осылайша, 2016 жылы мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына 12 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Жыл соңында 2017 жылға арналған Комиссия жұмысының жоспары құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат Zip (5 Kb)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды, оның қызметi туралы ақпарат қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

2015 жыл iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 3 отырысы өткiзiлдi, онда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы, экономика және бюджеттiк жоспарлау, мәдениет және тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт, қаржы, құрылыс бөлiмдерiнiң басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Сыбайлас құқық бұзушылықтар жасауды ескерту мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында бiрнеше рет қаралды. Осылайша, 2015 жылы мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына 10 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

«Қызылжар нұры» және «Проспект СК» қалалық газеттер беттерiнде тұрақты түрде «Құқықтық-түсiндiру жұмысы» және «Обратная связь с читателем», «Нет коррупции», «Мы против коррупции», «Жемқорлық — iндет, жою — мiндет» айдарлары жұмыс iстейдi.

Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Қала әкiмiнiң сайтында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй, жер алуға кезекте тұрған азаматтардың тiзiмдерi жарияланған. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекгiнде тұрғандардың тiзiмi қала әкiмдiгiнiң 1 қабатында орналастырылған, онда әрбiр ниет бiлдiрушi осы тiзiмдермен таныса алады.

Орындаушылық тәртiптiң талдауы қала әкiмi аппаратының тұрақты бақылауында. Апта сайын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн орындау мониторингi жүргiзiледi, ол мемлекеттiк мекеме басшыларына және тiкелей орындаушыларға, сондай-ақ, аппарат басшысына және қала әкiмiнiң орынбасарларына жеткiзiледi.

Қала әкiмдiгiнде виртуалды қабылдау жұмыс iстейдi, оған қаланың әр тұрғыны оны қызықтыратын мәселемен жүгiне алады. WEB-сайттың мекенжайы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында petropavl.sko.kz жарияланған.

Қала әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнде Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар намыс кодексi мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң орналастырылған стендтар орнатылған. Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Ведомстволық бағынысты мекеме басшыларының түрлi сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргiзiлуде. Бюджет қаражаттарын нысаналы пайдалануға және мемлекеттiк сатып алудың ашықтығына тұрақты бақылау қамтамасыз етiледi.

Комиссия жұмысы олардың кез-келген көрiнiстерiне уақытылы және мақсатты әрекет ететiндiктен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша оң нәтижесiн бередi, тұтастай мемлекеттiк органдар қызметiндегi жалпы жағдайды бағалайды және көредi.

Заң бөлiмiнiң
басшысы А. Серiкбаева

24.04.2017 16:23


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы