Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы және алдын алу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасы мақсатында «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ (бұдан әрi — Бөлiм) 2017 жылға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды өткiзу жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша ведомстволық жоспары, Мемлекеттiк қызметшiлер мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзiрленген.

Бөлiммен 6 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi жарияланған. Әр тоқсан сайын ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша ақпарат жаңартылып отырады.

Бөлiмде Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерi Әдеп кодексiнiң мәтiнi, мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегi құжаттардың үлгiлерi көрсетiлген, ақпараттық стендтер орналастырылған.

Парақшалар мен плакаттарды тарату жөнiндегi «Есiктен есiкке» акциясы шеңберiнде, бөлiмнiң барлық кабинеттерiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық үндеулер орналастырылды.

Ай сайын Қазақстан Республикасы Заңдарын: «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» және басқа заңдарды зерделеу жөнiндегi жалпыға бiрдей құқықтық оқытулар өткiзледi. Жыл басынан бастап 10 жалпыға бiрдей құқықтық оқытулар өткiзiлдi.

Бөлiмде а.ж. қазан айында мемлекеттiк қызметтер көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлдi. Оның қорытындысы бойынша ақпарат қала әкiмi аппаратының заң бөлiмiнежолданған болатын.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасы және мемлекеттiк қызметшiлердiң имиджiн сақтау жөнiндегi жұмыс Бөлiм iшiнде жүйелi негiзде жүргiзiледi.

06.11.2017 16:48


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы