Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Құрылыс бөлімі || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Құрылыс бөлiмi» КММ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қолданылатын шаралары туралы ақпарат

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Құрылыс бөлiмi» КММ 2017-2019 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ведомстволық жоспар, 2017 жылға арналған құқықтық жалпы оқу өткiзу жоспары әзiрленген, ол бойынша тұрақты, тоқсан сайын, жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған дәрiстер, семинарлар, құқықтық жалпы оқу түрiнде iс-шаралар өткiзiледi, ай сайын әрекеттегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларды бiлуден құқықтық жалпы оқулар өткiзiледi.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» және басқа Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарының орындалуы ерекше бақылауға алынған.

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын алдын алу және қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар аясында мемлекеттiк сатып алулар ресми веб-порталда өткiзiледi, онда мемлекеттiк сатып алулар жоспары да орналасқан.

Сенiм телефоны (46-86-58) және азаматтарды қабылдау кестесi туралы ақпарат бөлiмнiң интернет-ресурсында орналасқан.

Бөлiмде «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерi әдеп кодексiнiң мәтiнi, Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнiң сақталуын бақылау кiтабы бойынша ақпараттық стендiлер бар.

Бөлiмде азаматтардың лауазымдық тұлғалардың заңсыз iс-әрекетiне өтiнiштерi мен арыздары үшiн жәшiк қойылған. Бүгiнгi күнi лауазымдық тұлғалардың заңсыз iс-әрекетiне арыз түскен жоқ.

2017 жылдың 10 айында бөлiмге 151 өтiнiш келiп түстi. Оның 98 өтiнiшi жеке тұлғалардан, 37 өтiнiшi заңды тұлғалардан. Барлық 151 өтiнiшке жауаптар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес берiлдi. Басшының жеке қабылдауында 16 жеке тұлға қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мен ескерту және мемлекеттiк қызметшiлердiң беделiн ұстау бойынша жұмыстар Бөлiмде жалғастырылады.

08.11.2017 14:33


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы