Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлiмi КММ || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Zip (24 Kb)

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ
басшысы Е.С.Жанмұханбетовтың
бұйрығымен бекiтiлген
10 наурыз 2017 жыл № 16.15.5-01/19

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ мамандарымен құқықтық оқытуды өткiзу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және профильдi заңнаманы зерделеу 2017 жылға арналған жоспары

№ п/п Тақырыптар атауы Оқыту мерзімі Жауапты
1. «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының новеллалары, 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпан Жарылғапова Б.А.
2. Мемлекеттік кірістер органына кірістер туралы декларацияны тапсыру тәртібі наурыз Нұрдаулетова Л.Е.
3. Мемлекеттік ызметкерлердің еңбек ақысын төлеу факторлы-балды шкаласы сәуір Гаголин В.В.
4. «Ветеринария туралы» ҚР Заңындағы толықтырулар мен өзгертулер мамыр Тараканова Н.Е.
5. «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіндегі толықтырулар мен өзгерістер маусым Сәрсембаева А.Т.
6.  «Терроризмге қарсы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР № 416 Заңы шілде Воробьев В.В.
7.   «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы тамыз Әлімбаев А.Т.
8. Мал шаруашылығындағы ветеринарлы-профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығы қыркүйек Мұқанова Г.Ш.
9.  Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер қазан Сүлейменов Т.С.
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы толықтырулар мен өзгертулер қараша Гаголин В.В
11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу тәртібі, соңғы толықтырулар мен өзгертулерді оқыту желтоқсан Тараканова Н.Е.

«Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-сi қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2016 жылғы 1-шi жарты жылдығына арналған мониторингi

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысының орынбасары Әуесбек Төребекұлы Әлiмбаевпен жүргiзiледi.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау нысаны — «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жасау кезеңi — 2016 жылдың 1-шi жарты жылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жасау үшiн жауапты лауазымдық тұлға — «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысының орынбасары Әуесбек Төребекұлы Әлiмбаев.

Нормативтiк құқықтық актiлерiнде және құқықтық актiлерде, Бөлiмнiң iс әрекетiн қозғайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылық жасауға мүмкiндiк беретiн дискрециялық өкiлеттiк және нормалар анықталған жоқ.

Бөлiмнiң ұйымдастыру-басқару әрекетiнiң сұрақтары:

Бөлiм «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы» Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 14 тамыздағы №1457 Қаулысы негiзiнде «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы» Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы №1197 Қаулысымен бекiтiлген «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже негiзiнде әрекет етедi. Бөлiм «Петропавл қаласының кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта құру жолымен, «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-нiң бөлiну жолымен Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 404 Қаулысына сәйкес құрылды. Бөлiмнiң штаттық саны 11 бiрлiк, Бөлiмде бос орындар жоқ, кадр ауысымы жоқ.

Мүдделер қақтығысы жоқ.

Бөлiм келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  1. мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытындысын беру;
  2. ветеринариялық анықтаманы беру;
  3. ауыл шаруашылық жануарларына паспортын берiп түгендеу жасау;
  4. ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызмет ететiн заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау.

Мемлекеттiк қызметтер 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министiрiнiң бұйрығымен бекiтiлген, ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандартына сай және 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Қауылысымен бекiтiлген ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер регламентiне сәйкес көрсетiледi.

2016 жылғы бiрiншi жарты жылдық iшiнде Бөлiмге — 14 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде — 8 жеке тұлғалардан, 7 өтiнiш қарастырылды, 1-уi аумақтығы бойынша басқа мемлекеттiк органға жiберiлдi. Заңды тұлғалардан 5 өтiнiш түстi, оның iшiнде 4 — өтiнiш, 1 — сұраным, өтiнiштер қарастырылды, сұранымға жазбаша жауап берiлдi. Көрсетiлген қызметтер бойынша шағымдар, терiс пiкiрлер болған жоқ.

Бөлiм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру 2016 жылғы 3, 4 тоқсанында жоспарланып отыр.

Бөлiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Басқармасының қызметкерiмен заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру есебi және тәртiбi туралы заңнамасын қолдануы, сонымен қатар 2015 жылы және 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша «Айқын» жобасын iске асыру бойынша тексерiс өткiзiлдi, тексерiс аяқталған соң анықталған бұзушылықтар бойынша (басшысының қабылдауынан өтiнiштердi АИС ЕУОЛ базасына тiркелмеген) 2016 жылғы 20.06. ақпараттық хат жiберiлдi. Анықталған бұзушылықтар мәлiмет үшiн қабылданды, өткен 2015 жыл және 2016 жылдың 1 тоқсан бойынша «Заңды және жеке жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды статистикалық есебi қалыптасып өзгертуге жатпайды, сондықтан бұзушылықтарды жоюға мүмкiндiк жоқ. Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және есепке алу туралы заңнамамен жұмыс iстеу бойынша шаралар қолданды, бөлiмде ұқсас бұзушылықтарды болдырмау мақсатында семинар-кеңес өткiзiлдi (2016 ж. 22.06. семинар-кеңестiң хаттамасы). Заңнаманы орындау үшiн бақылау күшейтiлдi.

Рұқсат функциялары, бақылау функциялары орынды түрде қолданылады.

Ұсыныстар — Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу, алдағы уақытта осыған ұқсас бұзушылықтарды болдырмау.

Сыбайлас жемқорлық дегенiмiз не?

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес «сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Жемқорлыққа әрдайым пара берушi тұлға мен пара алушы тұлға қатысады.

Пара берушi тұлға — ол өз мақсатында кейбiр пайданы лауазымды тұлғаның уәкiлеттiгiн пайдалану мүмкiндiгiне айырбастаған азамат. Ақша, материалдық құндылықтар, қызмет түрлерi, жеңiлдiктер және басқалар пайда болып саналады. Осы ретте лауазымды тұлғада өкiмшiлдiк немесе әкiмшiлiк функцияларының болуы мiндет шарт болып табылады.

Пара алушы тұлға өзiнiң мiндеттерiн белгiлi бiр тұлға (тұлғалар тобы) үшiн ақылы жүзеге асыратын лауазымды тұлға, мемлекеттiк қызметшi болуы мүмкiн. Ол тұлғадан оның мiндеттерiн орындау, сондай-ақ орындамау, ақпаратты беру және т.б. күтiлуi мүмкiн. Бұл ретте, ол талаптарды өздiгiнен не болмаса өзiнiң дәрежесiн, беделiн және билiгiн пайдалана отырып, талаптарды басқа тұлғаларға орындатуға жағдай жасатуы мүмкiн.

Қазiргi күнi халықтар арасында жемқорлықты әлдебiр нәрсе ретiнде бағалайтын азаматтардың жеткiлiктi үлкен тобы орын алды.

Параны беретiн немесе алатын адам әп-сәттiлiк пайда табады. Олардың бiразы, тiптi өз iс-әрекеттерiнiң сыбайлас жемқорлықпен тиiмдi күресуге жағдай жасамайтынын ойламайды. Азаматтардың елге және жеке тағдырларының сыбайлас жемқорлық ситуацияларына деген селқостығының келесi себептерi:

Сыбайлас жемқорлық iс-әрекетiнiң себептерiне төмендегiнi жатқызуға болады:

  • сыбайлас жемқорлықтың анықталуына халықтың толеранттылығы;
  • оны алу негiзiн тексеру кезiнде болашақта алынған игiлiктi жоғалтып алу қаупiнiң жоқтығы;
  • лауазымды тұлғада алдына қойылған сұрақты дүұрыс және терiс шеше алатын iс-әрекет нұсқасын таңдай алу;
  • азаматтың лауазымды тұлғамен сөйлесу кезiнде психологиялық сенiмсiздiгi;
  • азамат өз құқықтарын, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа мекемедегi басқару функцияларын орындайтын жоғары лауазымды қызметшiлер немесе тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн бiлмеуi;
  • лауазымды тұлғалардың iс-әрекетiне басшылар тарапынан тиiстi бақылаудың болмауы.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең бiрiншi, азаматтардың сыбайлас жемқорлық байланысына қатысуына қаламаушылық бiлдiрумен айқындалуы қажет.

«Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ
басшысының орынбасары А. Алимбаев

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

11.04.2017 15:59


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер

Болашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы