Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі || Мемлекеттік тілді дамыту

Мемлекеттік тілді дамыту

20.09.2017 ж.

«Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХIХ фестивалi аясында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында 2017 жылғы 20 қыркүйiгiнде «Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауын өткiздi.

Қалалық байқауының өткiзiлу мақсаты мен мiндеттерi:үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау,тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тiл саясатын жүзеге асыру, тiлдi меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.

Байқауға 18 мен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алды.

Қазылар алқасы үмiткерлерге берiлген тақырыптың мазмұнын толық ашу; берiлген тақырып бойынша эссе жазу; мәтiнге iлеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға бердi.

Тiлдердi меңгеру деңгейiн, жазу сауаттылығын бiлiмдерiн қорытындысын қазылар алқасы бағалады:

  1. тiлдердi меңгеру деңгейi;
  2. жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы;
  3. жауаптың оралымдылығы мен сапасы;
  4. жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгi ескерiлдi;
  5. өзiн-өзi ұстауы;
  6. берiлген уақытын дұрыс пайдалануы ескерiлдi

Бiлiм сынағында келесi жеңiмпаздар анықталды:

I орын Теубаева Гаухар — Ғ. Мүсiрепов атындағы №43 орта мектебiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi;

II орын Асланова Чинара — №32 орта мектебiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi;

III орын Шалабаева Айсара — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi.

Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


19.09.2017 ж.

Орыс жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХIХ фестивалi аясында қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында 2017 жылғы 1 қыркүйекте орыс жастары арасында қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауын өткiздi.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы жастар қатыса алды.

Байқауды өткiзу шарттары:

Бiрiншi аталым: берiлген тақырып бойынша тұсаукесер жасау.

Екiншi аталым жазбаша және ауызша бөлiктен тұрды:

а) жазбаша бөлiгi: қазақ тiлiнде эссе жазу.

б) ауызша бөлiгi: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрастыру

Үшiншi аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнiн орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тiлiндегi қөркем шығарма үзiндiсiнiң қойылымы.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

I орын Мелихова Марина, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжiнiң студентi;

II орын Свинцицкий Данил, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi;

III орын Рывкина Зарина, Ғ. Мүсiрепов атындағы №43 орта мектебiнiң оқушысы иелендi.

Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтар диплом және алғыс хатпен марапатталды.


13.09.2017 ж.

«Мен туған өлкемді нұрға бөлеп, жер бетіне күннің көзі болып шығар едім!» атты ақындық портретінің кеші туралы

«Рухани жаңғыру» және «Бір ел — бір кітап» бағдарламалары аясында СҚУ колледж оқушылары арасында И. Шухов атындағы ОҚК оқырман залында 12.09.17 ж. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Мен туған өлкемді нұрға бөлеп, жер бетіне күннің көзі болып шығар едім!» ақындық портрет өтті.

Кейде барлық күшін сарп етіп жолдағы бөгеттерді жеңе күрес пен ізденістің таңдалған жолымен белгілі қазақ ақыны С. Торайғыров өмір бойы батыл жүріп өтті.

Жүргізуші — оқырман залының кітапханашысы-ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға әңгімеледі.

Жастарды білімге, ғылымға шақырған оның шығармалары ақын шығармашылығында маңызды орын алады. Мәдениет пен өнерді насихаттаушы ретінде С. Торайғыров өзінің өлеңдерінде болды.

Шараға қатысқандар:

  • Алтынай Қожабайқызы Сыздықова Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
  • филология ғылымдарының кандидаты, СҚМУ доценті Сабина Советқызы Ағыбаева.

С. Торайғыров Абайдың әдеби дәстүрлерін дамыта отырып, қазақ поэзиясындағы лирика жанрын байытқандығы туралы толығырақ әңгімеленді. С. Торайғыров ақын ғана емес жазушы да болды. Қазақ әйелінің қайғылы тағдыры туралы әңгімеленген «Қамар сұлу» романын жазды.

«Думы учащегося», «Две мышки», «Синий бык», «Притча», «Прямой человек» және басқада ақынның өлеңдері оқылды.

С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.

«Мен туған өлкемді нұрға бөлеп, жер бетіне күннің көзі болып шығар едім!» атты ақындық портретінің кеші туралы


Қыркүйек айында өтетiн тiлге байланысты байқаулар туралы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2011-2020 жылдарға арналған қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындау мақсатында келесi байқауларды өткiзедi:

  • 2017 жылғы қыркүйектiң 18-i күнi сағат 15.00-де И.Шухов атындағы қалалық кiтапханада (Брусиловский көшесi, 65) қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында «Тiл — парасат»;
  • 2017 жылғы қыркүйектiң 20-i күнi сағат 15.00-де И.Шухов атындағы қалалық кiтапханада (Брусиловский көшесi, 65) мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiл — тұнық ойдың кәусары».

Ережелер қосымша 4 бетте берiлген Zip (54 Kb)

23.08.2017 ж.

2017 ж. 22.08. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ-нiң оқу залында «Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ- мен бiрлескен «Рухани жаңғыру» бағдарламысының аясында, ақын Абайдың шығармашылығына арналған №1 орта мектебiнiң оқушыларының, Бiрiншi гимназия оқушыларының, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметкерлерiнiң, облыстық кеңес ардагерлерiнiң мүшелерi және кiтапхана оқырмандарының арасында «Дала өлең даналығын сiңiрдi» атты поэзия сағаты өттi.

Әр халықта ерекше жарық тұлғалар бар, олар туралы естелiктердi ұрпақтардың саналарында сақталады.

Қазақтар үшiн Абай — осындай тұлға.Оның мағынасы қазақ халқының мәдениетiне өте зор.

Жүргiзушi — кiтапханашылар Ольга Олеговна және Татьяна Юрьевна — қазақ және орыс тiлiнде тыңдаушыларға ақын және философ Абай Құнанбаевтың өмiрiмен шығармашылығы туралы айтты.

Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Алтынай Қожабайқызы Сыздықова Абайдың «Өсиет сөздерi» туралы айтып бердi.

Абайдың «Өсиет сөздерi» қартайған шағында жазылған. Ол барлығының — iстердiң, күндердiң, азғырылудың бағасын бiледi. Барлығы өтiп, даналық қалады.Тек осы «Өсиет сөздердiң» мағынасын құрастырады.

Шараның ағымында қазақ классикалық гимназия оқушыларының орнауымен Абай өлеңдерi қазақ тiлiнде орындалды.

Абайдың өлең жолдары қазақ және орыс тiлдерiнде шара жүргiзушiлермен орындалды.

Абай туралы «Лики истории» атты документалдық фильм көрсетiлдi.

Кiтапханашылар шараның соңында ұлы ақынның өмiрi және шығармашылығына арналған «Абайдың ұлылығына басыңды ие» атты кiтап көрмесiндегi әдебиетке шолу жасады.

«Дала өлең даналығын сiңiрдi» атты поэзия сағаты«Дала өлең даналығын сiңiрдi» атты поэзия сағаты

2017 ж. 14.08.

«Қазтест» жүйесi бойынша өткен тестiлеу нәтижесi

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығы қызметкерлерiнiң қатысуымен маусымның 12-16 күндерi Петропавл қаласының мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң арасында «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiзiлген болатын. Қызметкерлердiң қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау сынағына жалпы саны 57 адам қатысты.

Сертификаттық тестiлеуге қатысқандары жоқ. Диагностикалық тестiлеудiң қорытындысы бойынша А1-қарапайым деңгейiнен — 12 қызметкер (21%), А2-базалық деңгейiнен — 36 (63,1%), В1-орта деңгейiнен — 6 (10,52%), В2-ортадан жоғары деңгейiнен — 3 (5,2%).

2017 жылдан бастап белгiлi деңгейде мемлекеттiк тiлдi меңгеруi тиiс кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi ұсынылған Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттары «Қазақ тiлiн меңгерудiң коммуникативтiк тiлдiк құзыреттiлiктерi» (ҚР СТ 1928-2015) енгiзiлдi.

2017 ж. 29.06.

«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты топтық байқау өткізілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Байқаудың басты мақсаты мен міндеттері:

Мемлекеттік басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тілінің маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрін сақтап көпшілікке жеткізіп насихаттау.

Байқаудың шарты:

«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттік мекеме қызметшілерінен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 9 команда қатысты, олар Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Бірлік», жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар«Патриоттар», білім бөлімі «Ақ көгершін», ветеринария бөлімі«Достар», тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Жас мамандар», кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Болашақ-1», сәулет және қала құрылысы бөлімі «Болашақ-2», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттік жоспарлау қос бөлімдері «Достық» және «2032 Әскери бөлімі» «Алтын қыран» топтары сайысқа қатысты.

Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескеріп, сахналық көріністе 4 тапсырмалардан сүрінбей орындап шықты. Олар сахнада «Сәлемдесу», «Жер-судың аты — тарихтың хаты»: командаларға лэд-экраннан танымал жерлердің суреттерін көрсеткеннен кейін олардың атауыларын анықтап, қысқаша тарихын айтып берулері тиіс болды, «Қазақ сөзі»: мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді командалар аяқтап сондай ақ тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап берді, соңғы кезең «Мәңгілік Ел — Мәртебелі тіл» тақырыбында командалар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды өз өнерлерін, шеберлігін көрсете білді.

Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың дауыс мәнеріне, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, сахналық мәдениетіне назар аудара отырып, қорытынды шығарды. Нәтижесінде:

I орын — «2032 Әскери бөлімі»;

II орын — Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттік жоспарлау қос командасы;

III орын — Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі ие болды.

Жеңімпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаздар 30 маусым күні өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

2017 ж. 16.06.

«Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» тақырыбында өткен қалалық семинар туралы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2017 жылғы 15 маусым күнi сағат 15.00-де қалалық әкiмдiгi ғимаратының 3-i қабатындағы мәжiлiс залында «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» тақырыбына байланысты семинар өткiздi.

Семинарды Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сыздықова Алтынай жүргiздi.

Семинардың мақсаты мен мiндеттерi:

  • Мемлекеттiк тiлде орындалатын құжаттардың сауаттылығын арттыру; аударма және iс жүргiзу құжаттарының жүргiзiлу үрдiсiн жетiлдiру және деңгейiн арттыру; мемлекеттiк тiлдi дамыту және оның қолданылу аясын кеңейту; мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудегi проблемалары мен қиындықтарын ашып көрсету.

Қалалық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, кәсiпорын және ұйым, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдарының iс жүргiзушiлерi, редактор-аудармашылар, тiл мамандары қатысты.

Баяндамашылар:

  • Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы — Сыздықова Алтынай Қожабайқызы;
  • М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң филология гылымдарының кандидаты, доцент — Есматова Мендiқыз Тлеужанқызы;
  • Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi — Темiрбаева Гаухар Жұмабекқызы.

Семинарға қатысқан мамандар көптен берi мазалап жүрген сұрақтарын қойып, пiкiрталас алмасып, жауап алды.

Семинар аяғында көптен берi мемлекеттiк тiлге көп назар аударып, белсендiлiк танытқан мамандарға бөлiм басшысының атынан алғыс хат тапсырылды.


2017 ж. 15.06.

Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау жүйесi бойынша 2017 жылғы 12-14 мамыр аралығы күндерi «Қазтест» сынағы өттi

«Қазтест» жүйесiнiң мақсаты — азаматтардың қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. «Қазтест» еуропалық тiл бiлiмiнiң стандарттарына сәйкес келетiн 5 деңгейден (А1 — қарапайым деңгей, А2 — базалық деңгей, В1 — орта деңгей, В2 — ортадан жоғары деңгей, С1 — жоғары деңгей) тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында «Қазтест» жүйесi арқылы анықталатын мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 25%, 2020 жылға қарай 35%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 15%, мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай 20%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 10% арттыру бойынша нәтижелi көрсеткiштер көзделген.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының қызметкерлерiмен ү.ж.маусым айының 12-14 күндерi «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiздi.

Осыған орай Петропавл қаласы әкiмiдiгi бөлiмдерiнен сынаққа 57 мемлекеттiк қызметшiлер қатысты. Тыңдалым, оқылым, жазылым, көрсеткiштерi бойынша «Казтест» нәтижесi бiр айдың iшiнде анықталады.

16.05.2017 ж.

«Тiл шеберi» жастар арасындағы қалалық байқауының қорытындысы

«Тiл шеберi» жастар арасындағы қалалық байқауының қорытындысы

2017 жылғы 16 мамырда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырған үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау көрсету; мемлекеттiк тiлдiң қолдану мәртебесiн арттыру; Iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi тiлдердi жастардың меңгеру деңгейiн анықтау; қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында «Тiл шеберi» атты 21-29 жастар арасындағы қалалық байқауы өткiзiлдi. Үш турдан құрылған шараға «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» 6 үмiткер қатысып, әр кезең бойынша өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.

Байқауға нәтижесiнде қатысушы үмiткерлердiң бағы анықталды:

1 орын — Жақсылық Қадырбек, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы;

2 орын — Сайлау Айдана , № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң мұғалiмi;

3 орын — Байтемирова Назгүл, Петропавл қаласы әкiм аппаратының бас маманы.

Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом және алғыс хатпен марапатталды.

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» қалалық байқауының ережесi Zip (20 Kb)

«Тiл — парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң қалалық конкурсын өткiзу ережесi Zip (14 Kb)

«Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық олимпиадасын өткiзу ережесi Zip (14 Kb)

20.04.2017

«Тiл мерейi» атты қалалық байқауының қорытындысы

«Тiл мерейi» атты қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2017 жылғы сәуiрдiң 20-ы күнi мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын ересектерге мемлекеттiк қызметкерлерге қазақ тiлi пәнiнен сабақ беретiн оқытушылардың әдiстемелiк сауаттылығын арттыру, қазақ тiлiн оқытудың алгоритмдiк әдiстерiн қалыптастыру, ұлттық педагогика принциптерiн жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiнен сабақ беретiн оқытушылар арасында «Тiл мерейi» атты қалалық байқауын өткiздi.

Байқауға Баекина Назгүл Маратқызы — М.Қозыбаев атындағы СҚМУ; Марал Асқарқызы — «Солтүстiк Қазақстан медицина колледжi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны; Жакешева Бибигүл Қабдоллақызы — Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi, Сыздыкова Анар Орынбайқызы — «№ 23 орта мектеп» КММ; Сайлау Айдана Қанатқызы — №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмдерi қатысып, өз сабақтарын қорғай бiлдi.

Нәтижесiнде 1 орынға Сыздықова Анар Орынбайқызы ие болды. Үмiткерлер ереженiң шарттарын ескере отырып мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызының принциптерiн, педагогикалық қызметтегi инновациялық тәсiлдердi қолдану үлгiлерiн, оқытушының әдiстемелiк шеберлiгiн, тiл үйретудiң озық әдiстемесiн қолдана алды. Сабақтарда мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiн шыңдауы мақсатында сабақ үстiнде тыңдаушылар бiр-бiрiмен сұхбаттасып, еркiн отырып достық туралы мақал-мәтелдер айтып, қазақ халқының бiрлестiгi туралы, байлықтың ең үлкенi — халықтар достығы деп қазақ тiлiнде өз ойларын толығымен жеткiзе бiлдiрдi.

Жалпы мұғалiмдер өз сабақтарында видеоролик, әдiс-тәсiлдер, карточкалар, басқа да көрнекi материалдарды пайдалана бiлдi.

Байқау қорытындысы бойынша умiткерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

13.04.2017

Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауының қорытындысы

Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ 2017 жылғы сәуірдің 12-і күні мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізеді.

Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

  • қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
  • қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

Байқау шарттары:

  • оқылатын мәтін көлемі 5 минуттан аспауы керек;
  • дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
  • талапкерлер таңдап алған мәтіндерді жатқа білулері қажет.

Байқауға 17-29 жас (1 адам) аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

  • көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
  • дауыс мәнері және тіл тазалығына;
  • көркем мәтінді таңдау талғамына;
  • сахна әдебіне;
  • сахналық киім сәніне баса назар аударады.

Қазылар алқасының мүшелерімен бағаланған байқауға қатысушы үміткерлердің қорытындысы анықталды:

I орын — Қайратов Думан, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының қурсанты;

II орын — Қамбар Зарина, кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;

III орын — Файзолла Мадина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті.

Байқау жеңімпаздары, қатысушылар диплом және алғыс хатпен марапатталды.

5.04.2017

Қалалық «Ой сана» атты орыс тілі білгірлері арасында өткен байқаудың қорытындысы

Қалалық «Ой сана» атты орыс тілі білгірлері арасында өткен байқаудың қорытындысы

«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ 2017 жылғы сәуірдің 5-і күні орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау, орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» қалалық байқауының кезеңін өткізді.

Байқауға қатысуға 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты.

 Байқау орыс тілінде болды.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

Бірінші номинация: орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 25 тест тапсырмасы.Тапсырманы орындау уақыты — 20 минут.

Екінші номинация: жазбаша және викторина бөліктерінен тұрды:

1) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты — 30 минут.

2) викторина: қатысушылар орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап беру.

Үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).

Нәтижесінде:

I орын — Бисенова Жанна, С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы;

II орын — Амангельдинова Самал, қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

III орын — Елубаева Меруерт, медициналық колледжінің 3 курс студенті ие болды.

Барлығы 9 қатысушы.

Қазылар алқасы мүшелері жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, оларға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауының ережесі Zip (14 Kb)

«Ой-сана» байқауының ережесi Zip (7 Kb)

Көркемсөз оқу шеберлерiнiң қалалық байқауының ережесi Zip (14 Kb)

Қазақ тiлiнiң үздiк оқытушысы «Тiл мерейi» атты қалалық байқауының ережесi Zip (9 Kb)

24.02.2017

«Ұлтпен бiрге жасайды өнерiмiз» атты қалалық байқауының қорытындысы

Петропавл қаласы әкiмдiгiң ұйымдастыруымен 2017 жылғы 24 ақпанда «Ұлтпен бiрге жасайды өнерiмiз» атты қалалық жас ақындар байқауы өттi.

Байқаудың басты мақсаты:

  • Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;
  • Жас буынды ұлттық мәдени мен рухани құндылықтарды, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберлiктерiн шыңдау, шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.

Байқауға қатысушылар ақындар қазақстандық патриотизiмдi, ана тiлiмiздiң баға жетпес байлығын, сөз құдiретiн, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тiлге тиек етiп, сахнада өз қабiлеттiктерiн бiлдiрдi.

Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылар арасында алғашқы рет өткен жас ақындар байқауында балалар мемлекеттiк тiлдi меңгеруiне, қазақтың тарихы мен мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын бойына сiңiруiне және ақындар туралы шығармаларын айтуға тырысты.

Байқау барысында бiрнеше қатар оқушылар өз шығарған өлеңдерiн көрермен алдында айтып бердi.

Нәтижесiнде сарапшылар үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелiгi мен тереңдiгiне, көркемдiк ерекшелiгiне, шешендiгiне аса назар аударып

I орынды Аяғанов Диас, Әбу Досмұхамбетов атындағы «Дарын» мектебiнiң 8 сынып оқушысы;

II орынды Қоскен Дамира, Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектебiнiң 6 сынып оқушысы;

III орынды Құрметбек Коля, «Жас қаламгер» клубының мүшесi, 7 сынып оқушысы;

III орынды Құлахметова Сара «Жас қаламгер» клубының мүшесi, 10 сынып оқушыларына табыс еттi.

Байқауға 14 үмiткер қатысты.

Байқау жеңiмпаздары және барлық қатысушылар диплом, алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.


«Абай оқулары» қалалық байқауының ережесi Zip (8 Kb)

Көркемсөз оқу шеберлерiнiң Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауының ережесi Zip (14 Kb)

«Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауының ережесi Zip (6 Kb)

«Ой-сана» байқауының ережесi Zip (6 Kb)  

Жас мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы «Тiл шеберi-2017» қалалық байқауының ережесi Zip (13 Kb)

2017 ж. 15.02.

Колледж студенттерi және жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары арасында «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» атты қалалық шығармалар байқауының қорытындысы

Солтүстiк Қазақстан облысындағы географиялық, әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң тарихи атауларын iздестiру әр ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи-географиялық атаулардың пайда болу және шығуын анықтау арқылы оқушыларды туған жердi сүюге тәрбиелеу мақсатында қалалық деңгейде шығарма байқауы өткiзiлдi. Байқауға колледж студенттерi, мектеп, лицей гимназиялардың 8-11 сынып оқушылары қатыса алды.

Шығармалар тақырыбына сай жазылып, тақырыбы толық ашылған. Оқушылар өз туған елiне деген сүйiспеншiлiк пен мақтаныш сезiмiн бiлдiрiп, қазақ хандығының құрылу тарихын қарастырған. Қазақстанның тәуелсiз, егемен ел болып қалыптасуындағы қазақ хандары мен батырларының күш-жiгерлерiн жазған. Iргелi ел болу жолындағы батыр бабаларымыздың жүрiп өткен заманы, тарихы сөз етiлген. Жазба жұмысына мақал-мәтелдер, ақын өлеңдерiнен үзiндiлер, тарихи мәлiметтер қолданған, бабалар рухына тағзым ете отыра, қазақ елiнiң ұлылығы мен өз сезiмiнен туындаған жыр жолдарымен қорытындылаған.

Шығарманың бөлiмдерiнiң логикалық байланысы бар. Шығарма сауатты, орфографиялық және пунктуациялық емлелерге сай жазылған. Қазылар алқасы бағалау критерийлерiне назар қойып үздiк шығармаларды анықтады. Қазақ тiлiндегi шығармалар бойынша

I орын — Амержан Сабира, С.Шаймерденов атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;

II орын — Ермек Iңкәр, Кожаберген Жырау атындағы №6 орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы;

III орын — Молжiгiтова Дария, «Бэст» гимназиясының 8 сынып оқушысы;

III орын — Синягина Полина, №23 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы.

Сондай-ақ, Ибрагим Әйгерiм — қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып, Подлужная Екатерина — №4 орта мектебiнiң 11 сынып, Имантай Айзада мен Ербатыр Әйгерiм — С. Шаймерденов атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларының шығармалары бағаланды.

Орыс тiлiндегi шығармалар бойынша:

I орын — Шатилова Татьяна, № 26 мектебiнiң 9 сынып оқушысы;

II орын — Аганин Даниил, Ю. Гагарин атындағы №14 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы;

III орын — Дюйсенов Данияр, №4 орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы алды.

Сондай-ақ, Ахметова Асель №32 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысының шығармасы бағаланды.

Аталмыш шығармалырының қорытындысы бойынша үмiткерлер диплом және алғыс хатпен марапатталады.

Хабарландыру

Петропавл қаласының әкiмдiгiмен 2017 жылдың 1-i ақпаннан бастап қала тұрғындарына мемлекеттiк тiлдi тегiн оқыту курстары ұйымдастырылады.

Мемлекеттiк тiлдi тегiн үйренгiсi келетiндерге Ы.Алтынсарин көшесi,168 Б, 208 кабинет мекенжайына немесе 8(715-2)-50-04-90 нөмiрiне хабарласуыңыздарға болады.

Сондай-ақ, 2017 жылы қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында анықтамалық — ақпараттық бюро жұмысын қайта бастайды. Кез-келген ниет бiлдiрушi 50-04-90 телефоны арқылы аударма немесе қазақ грамматикасы мәселелерi бойынша тегiн кеңес ала алады.

2016 ж. 09.12.

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.

Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:

Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.

Байқаудың шарты:

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 8 командада 25 адам қатысты, олар «Тәуелсiздiк құрдастары» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi), «Бiрлiк» (Петропавл қаласының қаржы бөлiмi), «Сұңқар» (Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi), «Болашақ» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), «Жас қыран» (Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi), «Достық» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi), «Жалын» (Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты), «Болашақ-2» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң экономика және бюджеттiк жоспарлау және iшкi саясат құрамы бөлiмдерi) топтары.

Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 3 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада өздерiн таныстыру, диалог және ән,би,өлең айту орындауы тиiс болды. Үмiткерлер өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.

Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды.

I орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi алды;

II орын — Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi алды;

III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi ие болды

Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауының қорытындысы

Қалалық «Мәңгiлiк Ел» атты жастар арасында өткен мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы

2016 ж. 24 қараша

Қалалық «Мәңгiлiк Ел» атты жастар арасында өткен мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2016 жылы 24 қарашада сағат 15.00-де И. Шухов атындағы қалалық кiтапханасында дарынды жастарды елге деген ықыласын, ниетiн байқау, қолдау, өз ойын өлең арқылы жеткiзуге жетелеу, өскелең ұрпаққа патриоттық сезiмiн ояту, ақын және жазушылардың шығармаларын дәрiптеу мақсатында «Мәңгiлiк Ел» атты байқау өткiздi. Iс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күндер» аясында өттi.

Байқауда елiмiздiң тарихи жауапты кезеңдерiн, қазақ елiнiң басынан өткен қиыншылықтары, Отанға деген сүйiспеншiлiк туралы тақырыптар ашылып, үмiткерлер атақты және белгiлi жазушылар М. Жұмабаев, Қ. Аманжолов, М. Мақатаевтың, сондай-ақ өз өлеңдерiн оқып, ойларын ұтымды көрсете бiлдi.

Байқауға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және колледж студенттерi қатысты. Творчестволық сайыста:

I орын — Ғалымжанов Серiк — СҚКПК 2 курс студентi;

II орын — Лепес Сымбат — М. Қозыбаев атындағы СҚГУ студентi;

III орын — Штир Кристина — құрылыс-экономикалық колледжiнiң 2 курс студентi ие болды.

Барлығы 7 қатысушы

Жеңiмпаздар және қатысушылар дипломдар, әр түрлi номинация бойынша алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақстандықтар болашағы бiр тұтас ел» дөңгелек үстелiне қатысу туралы

2016 ж. 24 қараша

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасымен ұйымдастырлыған «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» 25 жұлдызды күн аясында 2016 жылғы қарашаның 24-i С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасында (Қазақстан Конституциясы к-сi, 25) облыс әкiмi Е. Сұлтановтың қатысуымен үш тiлдi еркiн меңгерген жастармен «Қазақстандықтар болашағы бiр тұтас ел» кездесуiн өткiздi.

Аталған шараның мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген әр түрлi салада жұмыс iстейтiн жас мамандарға қолдау көрсету, үштiлдiлiктi насихаттау.

Кездесудi облыс әкiмi Ерiк Хамзаұлы Сұлтанов ашты және жүргiздi.

Басқарма басшысы К.Қ. Оспанов жиналғандарға тәуелсiздiк жылдары тiлдердi дамыту саласында қол жеткiзген жетiстiктер туралы баяндап бердi.

Петропавл қаласы атынан ветеринария бөлiмiнiң бас маманы Вадим Воробьев қатысты. «Ұлтым орыс болғанымен, елдiң тiлiн бiлу мен үшiн — мiндет. Тiлдi меңгеру — мен үшiн үлкен бақыт. Мен қазақ тiлiн үйрену арқылы қазақ халқының мәдениетiмен, әдебиетiмен таныстым. Өзiм Шалақын ауданының тумасымын. Шалақындай дара тұлғаның мол мұрасын түп нұсқада оқу мен үшiн мақтаныш», — деп бөлiстi Вадим. Сондай-ақ, басқалары да өз ойларымен бөлiсе бiлдi.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттауға қосқан үлесi үшiн бiрқатар азамат Солтүстiк Қазақстан облысының алғыс хатымен марапатталды. Соның iшiнде Петропавл қаласы ветеринария бөлiмiнiң бас маманы Вадим Воробьев та бар. Шын жүректен құттықтаймыз!

«Қазақстандықтар болашағы бiр тұтас ел» дөңгелек үстелiне қатысу туралы«Қазақстандықтар болашағы бiр тұтас ел» дөңгелек үстелiне қатысу туралы

«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» қалалық байқауының ережесi Zip (5 Kb)

«Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» қалалық семинар туралы

2016 ж. 23 қараша

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2016 жылғы 23 қараша күнi сағат 15.00-де қалалық әкiмдiгi ғимаратының 4-қабатындағы мәжiлiс залында (Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23) «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» тақырыбына байланысты семинар өткiздi.

Семинарды Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Бейсенова Әлия Маратқызы жүргiздi.

Семинардың мақсаты мен мiндеттерi:

  • мемлекеттiк тiлде орындалатын құжаттардың сауаттылығын арттыру;
  • аударма және iс жүргiзу құжаттарының жүргiзiлу үрдiсiн жетiлдiру және деңгейiн арттыру;
  • мемлекеттiк тiлдi дамыту және оның қолданылу аясын кеңейту;
  • мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудегi проблемалары мен қиындықтарын ашып көрсету.

Семинарға СҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының мамандары, қалалық, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, кәсiпорын және ұйым, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдарының iс жүргiзушiлерi, редактор-аудармашылар, тiл мамандары қатысты.

Баяндамашылар:

  1. Петропавл қаласы әкiмiнiң аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы Айтжанова Анаргүл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен ұйымдастырған «Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi» жөнiндегi семинарға қатысқаны туралы ;
  2. Ғазиза Қожағұлова — Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Әскери институты, тiлдiк дайындық кафедрасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент мекемеде «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» ҚР Заңнын және осы салада атқарылып жатқан жұмысы туралы ;
  3. «Демеу» АҚ клиникалық психологi Резеда Баймұхаметова қатысушылармен «Тренинг и командообразование»туралы баяндап бердi.
  4. Сондай-ақ, тiлдi сақтап қалу мақсатындағы ролiнiң өзектi мәселелер бойынша талқылау жүргiзiлдi, iс-шараға қатысқан қауым өкiлдерi осы тақырыпқа өз пiкiрлерiн ортаға салып, ойларын айтып, ұсыныстар қоя бiлдi. Мәселен, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң маманы Гуляйхам Амантурдиева бөлiмде атқарылған жұмысы туралы баяндады, Альфира Қазыбаева «келесi жылы аудармашыларға арналған байқаудың ережесi жоспарланған ба?» деп сұрақ қойды.
  5. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай семинар барысында көптен берi мемлекеттiк тiлге көп назар аударып, белсендiлiк танытқан мамандарға қала әкiмiнiң орынбасарының м.а. атынан алғыс хат тапсырылды.

«Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» қалалық семинар туралы«Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» қалалық семинар туралы

Қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңiмпаздары туралы

25.10.2016

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру мақсатында жоспар бойынша бiрнеше iс-шаралар өткiзiлдi. Бұл бағытта бүгiнгi таңда бiрқатар жетiстiктерiмiз де баршылық.

Қалалық байқаулардың барлық жеңiмпаздары облыстық кезеңде жүлделi орындарға ие. Мәселен, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi Бекболат Зарина облыстық кезеңде «Тәуелсiздiк деп соғады жүрегiмiз…» байқауында III орынға ие болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi 2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII республикалық фестивалi аясында орыс тiлi бiлгiрлерiнiң арасында «Ой сана» байқауын өткiздi. Осы байқауға Әл-фараби атындағы мектеп-лицейдiң оқушысы Қапбасова Дана облыс намысын республикалық кезеңде қорғап, III орынға ие болды.

43 мектептiң мұғалiмi Ғайнуллина Алина Тайынша ауданында өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында III орын алды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы Нұрғалиева Айым мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы Оралхан Бөкейдiң шығармашылығына арналған облыстық байқауға қатысып, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ересек жастағы тұрғындарға қазақ тiлiнен сабақ беретiн мұғалiмдер арасындағы «Тiл мерейi» байқауына Сұнғатова Айжан Нәсиқызы (№ 4 мектептiң мұғалiмi), Шопанова Гүлнұр Дәулетқалиқызы (№ 23 орта мектеп), Әсем Қайырғалиқызы Құлыбекова (№ 23 орта мектеп) белсендi қатысып дипломдарға ие болды.

«Тiл шеберi» атты үш тiлдi меңгерген мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы байқауының қалалық кезең жеңiмпазы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң инспекторлық-ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы Сергей Цеподой облыстық деңгейде лайықты өнер көрсетiп алғыс хатпен марапатталды.

Жастарға патриоттық тәрбие беру, өңiр елдi мекендерiнiң тарихи-географиялық атауларының пайда болуын анықтау мақсатында жыл сайын «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» үш тiлде қалалық шығармалар байқауының үздiк жұмыстары облыстық жеке кiтапшада жарияланады.

Қыркүйек айында Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Тiл — парасат» атты қалалық байқауының қорытындысы бойынша облыста I орынға Жукова Галина, кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң 1 курс студентi ие болды. Қараша айында республикада облыс намысын қорғайтын болады.

Мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау және құрметтеу мақсатында «Тiл — тұнық ойдың кәусары» атты қалалық байқауының қорытындысы бойынша I орынды бiрiншi гимназиясының мұғалiмi Құдабаева Қуаныш облыста жеңiмпаз аталды. Ол қазан айында Борабай қаласында өткен республикалық байқауда облыс намысын қорғап алхыс хат және 20 мың теңгенiң сертификатына ие болды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi заңнама мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларының, iсқағаздарын жүргiзудiң сапасын жақсарту, салалық терминдердi бiрiздендiру мақсатында 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Ш. Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығында тиiстi сала мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруға арналған семинар ұйымдастырды. Негiзгi тақырып «Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi».Осы семинарға Петропавл қаласы әкiмдiгi аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы, редактор Айтжанова Анаргүл Болатқызы қатысып сертификат алды.

«Қазақша сөйлесейік» акциясы (30.09.2016 г.) Doc (10 Mb)

«Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында 2016 жылғы 21 қыркүйеiгiнде «Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауын өткiздi.

Қалалық байқауының өткiзiлу мақсаты мен мiндеттерi:үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау,тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тiл саясатын жүзеге асыру, тiлдi меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.

Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алды.

Қазылар алқасы үмiткерлерге берiлген тақырыптың мазмұнын толық ашу; берiлген тақырып бойынша эссе жазу; мәтiнге iлеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға бердi.

Тiлдердi меңгеру деңгейiн, жазу сауаттылығын бiлiмдерiн қорытындысын қазылар алқасы бағалады:

  1. тiлдердi меңгеру деңгейi;
  2. жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы;
  3. жауаптың оралымдылығы мен сапасы;
  4. жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгi ескерiлдi;
  5. өзiн-өзi ұстауы;
  6. берiлген уақытын дұрыс пайдалануы ескерiлдi

Бiлiм сынағында келесi жеңiмпаздар анықталды:

I орын Кудабаева Қуаныш — бiрiншi гимназия;

II орын Давыдов Богдан — бiрiншi лицей;

III орын Нуртаза Ерлан — М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж;

III орын Лень Кирилл — №32 орта мектеп.

Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Орыс жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауының қорытындысы

«Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында 2016 жылғы 19 қыркүйекте Достық үйiнде орыс жастары арасында қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауын өткiздi.

Байқауға 16-22 жас аралығындағы жастар қатыса алды.

Байқауды өткiзу шарттары:

Бiрiншi аталым: берiлген тақырып бойынша тұсаукесер жасау.

Екiншi аталым жазбаша және ауызша бөлiктен тұрды:

а) жазбаша бөлiгi: қазақ тiлiнде эссе жазу.

б) ауызша бөлiгi: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрастыру

Үшiншi аталым:«Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнiн орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тiлiндегi қөркем шығарма үзiндiсiнiң қойылымы.

Байқаудың қорытындысы бойынша

I орын Жукова Галина, кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң 1 курс студентi

II орын Штир Карина, құрылыс-экономикалық колледжiнiң 1 курс студентi

III орын Назаренко Александра, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң 4 курс студентi

III орын Лень Кирилл, № 32 орта мектебiнiң оқушысы.

Қалалық байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi» жөнiндегi семинар туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi заңнама мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларының, iсқағаздарын жүргiзудiң сапасын жақсарту, салалық терминдердi бiрiздендiру мақсатында 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Ш. Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығында тиiстi сала мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруға арналған семинар ұйымдастырды.

Негiзгi тақырып «Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi».

Сондай-ақ, «Мемлекеттiк тiлде заң жобаларын әзiрлеудегi кейбiр мәселелер», «Заң жобалары және лингвистикалық сараптама жасау мәселелерi», «Мемлекеттiк тiлде iсқағаздарын жүргiзудiң кейбiр мәселелерi» және «Нормативтiк-құқықтық актiлердiң теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету мәселелерi» атты баяндамалар болды.

Семинарға орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ұлттық компаниялар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк тiлде iсқағаздарды жүргiзуге жауапты мамандар қатысты. Аталған семинарға қалалық әкiмдiгiнде заңнама жобалары мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларын әзiрлеуге (редакциялауға) байланысты Петропавл қаласы аппараты әкiмдiгiнiң құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы, редактор Айтжанова Анаргүл Болатқызы қатысты.

«Арманым бас қала Астанада болу едi. Осы жолы сәтi түсiп, арманым орындалды. Бәйтерек, Хан шатыр, басқа да әсем ғимараттарды көрiп бiраз әсер алып қайттым. Республикалық семинарға көптеген мамандар қатысты. Өзiмiзге бiраз мағлұмат, көптен мазалап жүрген сұрақтарға жауап алдық. Бiр-бiрiмiзбен танысып, ой-пiкiрлерiмiзбен бөлiстiк, — дейдi маман.

Ү.ж.қараша айында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған қалалық семинарда Анаргүл Болатқызы республикалық семинардан алған әсерiмен бөлiсетiн болады.

«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» ҚР Заңын және Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы туралы ақпарат

Қоғамдық өмiрде мемлекеттiк тiлдi қолдану бүгiнгi күнiн негiзi мiндетi болып табылады.Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысы мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарламаның негiзгi мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар тiлiн сақтай отырып, мемлекеттiк тiлдiң ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететiн тiл саясатын iске асыру.

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақстандықтар саны 95% жетуi тиiс делiнген болатын.

2014 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 62 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары негiзiнде өңiрлiк iс-шаралар жоспары әзiрлендi.

Барлық iс-шаралар ұлттық бiрлiктi нығайтудың маңызды факторы — мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығына негiзделген және азаматтардың рухани мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.

Аталған жүйе мемлекеттiк тiлдi оқыту методологиясын жетiлдiрудiң және оқыту инфрақұрылымын кеңейтудiң негiзi болып табылады.

Кәсiпкерлiк мекемелерде, қала ұйымдарында, мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудi жақсарту мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде. Мемлекеттiк тiлдi үйрету орталығы қала түрғындарына арналған инфрақұрылымдық база болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына сәйкес «Мемлекеттiк тiлдi үйретудегi бағдарлама» құрастырылған.

Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражатқа қала тұрғындарын мемлекеттiк тiлге тегiн оқыту курстары жүргiзiлуде. Осы курсқа 128-ден астам тыңдаушы қатысуда.

Кәсiбi бойынша тыңдаушылар құрамында жұмыссыздар мен зейнеткерлер, пошташылар, шаштаразшылар, жүргiзушiлер, сатушылар, күзет қызметкерлерi бар. Сонымен қатар, Петропавл қаласының түрлi мекемелерi мен кәсiпорындарында қазақ тiлi үйiрмесiнде 4400 тыңдаушы тiл үйренуде.

Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу — күнделiктi жұмыстың басты бағыты.Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мекемелерде шығыс құжаттар мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуде. Есептi кезеңге шығыс хат алмасу пайызы 98% құрайды, кiрiс хат алмасу — 71%, тұтастай 84 пайызды құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңнын 25 және 10 бабына сәйкес қалада көрнекi ақпарат, яғни маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылатынын «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның баптарын бұзғаны туралы хабардар етiлiп және кемшiлiктердi жою бойынша кәсiпкерлер иелерiне жазбаша ескерту жiберiледi. 2016 жылғы мамыр айында құрылған рейдтiң негiзiнде 14 көше тексерiлдi. Негiзiнен атауларындағы орфографиялық қателер, сондай-ақ атаулары орыс тiлiнде ғана жазылған болады. Бүгiнгi таңда 30 кемшiлiктер жойылған.

Есептi кезеңде тiл заңнамасының орындалуы жөнiндегi отырыс 24.04.2014 ж., 25.09.2015 ж. қарастырылды.

«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабын iске асыру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлер үшiн мемлекеттiк және алғашқы рет ағылшын тiлi сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлер 6 топқа бөлiндi, онда 80-нен астам мемлекеттiк қызметшi оқуда.

Мемлекеттiк тiлдi қаншалықты меңгергендерiң тексеру мақсатында «Қазтест» бағдарламасын қолдану дәстүрге айналып барады.

Елбасы мемлекеттiк бағдарламада «Мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылы 50%, 2020 жылы 100% құрауы» тиiс деген болатын. «Казтест» жүйесi бойынша 2016 жылғы с емтихан нәтижесi бойынша 70 адам сынақтан өттi.

2015-2016 оқу жылы бойынша Петропавл қаласындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны — 20815 баланы құрайды. Оның 6626-ы қазақ ұлтының өкiлдерi. Бүгiнгi күнi қала мектептерiнде 58 өзге ұлт өкiлi қазақша бiлiм алуда. «Мемлекеттiк тiлдi меңгерген халық үлесi» мақсатты индикатор көрсеткiшiне сәйкес 25% пайызды құрады.

Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында мемлекеттiк мекемелерде сауалнама өткiзiледi. Соңғы жүргiзiлген сауалнама нәтижесi бойынша 200 астам адам iшiнде қазақ тiлiн меңгеру деңгейi анықтады. Тiлге байланысты сауалнама тоқсан сайын мекемелер, студенттер, қарапайым тұрғындар арасында жүргiзiледi.

Мемлекеттiк тiлдi насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi зор екенi белгiлi. Осы орайда облыстық «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Казахстан», қалалық «Қызылжар нұры», «Проспект СК» газеттерiнде тiлге байланысты 2016 жылдың 5 айында 70 астам мақала жарық көрдi.

Басты мақсатымыздың бiрi — тiл мәдениетiн жетiлдiру болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмысқа облыстық дебаттар, турнирлер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, мемлекеттiк тiл бойынша өткiзу кiредi. Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру 8 iс-шара өткiзiлдi. Бұл бағытта бүгiнгi таңда бiрқатар жетiстiктерiмiз де баршылық. Ққалалық байқаулардың жеңiмпаздары облысқа жолдама алып жүлделi орындарға ие болды. Барлығы 12 шара жоспарланған.

Үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау бойынша «Тiл — парасат», «Тiл шеберi», «Тiл — тұнық ойдың кәусары» атты байқаулар өткiзiледi.

Өңiрiмiзде басқа этнос өкiлдерiнiң салт-дәстүрiн сақтауға және ана тiлдерiн оқытуға жағдай жасалған. Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығында қазақ тiлiне оқыту үйiрмесi ұйымдастырылды.

Бұл барлық шаралар халқымыздың рухани құндылық негiзiн күшейтерi сөзсiз.

Жастарда Отанға деген сүйiспеншiлiктi арттыру мақсатында, жыл сайын мектептер арасында «Шырайлы аты елiмнiң-қасиетiнде жерiмнiң» атты тақырыпқа шығарма жазудан қалалық байқау өткiзiледi. Таңдаулы жұмыстары «Шырайлы аты елiмнiң-қасиетiнде жерiмнiң» атты облыстық брошюрада жарияланады.

2016 жылы «Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында анықтамалық-ақпараттық бюро құру және күтiп ұстау бойынша жұмысты қайта бастады, оған мемлекеттiк тiлге аудару, телефонның үздiксiз жұмыс iстеуiн және материалдарды жедел аударуды қамтамасыз етуде консультативтiк сипаттағы қызмет көрсету кiредi.

Кез-келген ниет бiлдiрушi 50-47-36 телефоны арқылы аударма немесе қазақ грамматикасы мәселелерi бойынша тегiн кеңес ала алады. Аудармаға және грамматикаға байланысты проблемалар оқушыларда және студенттерде ғана емес, әртүрлi саланың қызметкерлерiнде де туындайды.

Ағымдағы жылғы мамыр айына дейңiн қала тұрғындарынан 200-ден аса қоңырау түстi. Мониторинг өтiнiштердiң негiзгi бөлiгi кәсiби, қиын терминологияға, орыс тiлiнен қазақ тiлiне аудару мәселесiне қатысты болатынын көрсетiп отыр.

Қоғамдық өмiрiнде мемлекеттiк тiлдiң қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесiн нығайту, қазiргi мемлекеттiк тiлдiң ахуалын жариялап, қолдау көрсету мақсатында 2013 жылы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Петропавл қаласының Мемлекеттiк тiл сайты» ашылды. Бүгiнгi таңда сайт жұмысын жалғастырып отыр.

Қоғамдық өмiрде мемлекеттiк тiлдi қолдану бүгiнгi күнiн негiзi мiндетi болып табылады.Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңды және мемлекеттiк бағдарламаны әрi қарай жүзеге асыруға бағытталатын болады.

  • «Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ басшысы Ә.М. Бейсенованың Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң отырысындағы сөзi 26 мамыр 2016 ж. Zip (7 Kb)
  • Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау жүйесi бойынша 2016 жылғы 16-20 мамыр аралығы күндерi «Қазтест» сынағы өттi Zip (4 Kb)
  • «Тiл шеберi» атты жастар арасындағы өткен байқауының қорытындысы Zip (7 Mb)
  • Наурыз мейрамына орайластырылған «Әже отбасындағы алтын қазық» атты қалалық байқауының қорытындысы Zip (20 Mb)
  • Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында қазақ тiлiнен ашық сабақ өттi Zip (10 Mb)
  1. Орыс жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауының ережесi 
  2. «Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауының ережесi
  3. «Абай оқулары» қалалық байқауының ережесi
  4. «Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауының ережесi
  5. Көркемсөз оқу шеберлерiнiң қалалық байқауының ережесi
  6. Қалалық «Ой-сана» атты орыс тiлi бiлгiрлерi байқауының ережесi
  7. Қазақ тiлiнiң үздiк оқытушысы «Тiл мерейi» атты қалалық байқауының ережесi
  8. Жас мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы «Тiл шеберi-2016» байқауының ережесi
  9. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Колледж студенттерi және жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары арасында «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» қалалық шығармалар байқауының ережесi
  10. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Тәуелсiздiк деп соғады жүрегiмiз…» атты қалалық мүшайраның (жас ақындар арасында) ережесi

Бекiтiлген терминдер-2015 Zip (295 Kb)

2014 жылдың 12 айының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды орындалу барысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын» дамыту және жүзеге асыру бойынша жүйелi жұмыстар атқарылуда.

Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу — күнделiктi жұмыстың басты бағыты. Қалалық мемлекеттiк органдар бойынша шығыс құжаттардың пайызы 2014 жылдың 12 айында 98 пайыз, ал кiрiс құжаттарының көрсеткiшi 82 пайыз болды, жалпы ол 90 пайызды көрсетедi.

«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабын iске асыру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлер үшiн.мемлекеттiк тiл сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлер 5 топқа бөлiндi, онда 90 мемлекеттiк қызметшi оқуда.

Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражатқа қала тұрғындарын мемлекеттiк тiлге тегiн оқыту курстары жүргiзiлуде. Осы курсқа 124 тыңдаушы қатысты. Сонымен қатар, Петропавл қаласының түрлi мекемелерi мен кәсiпорындарында жылдың басынан бастап қазақ тiлi үйiрмесiнде 4472-тен астам тыңдаушы тiл үйренуде.

«Қазтест» мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн қолдану жақсы дәстүрге айналып отыр. 2014 жылдың 28 мамырында мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнiң арасында республикалық және облыстық В, В1 сертификатқа қалалық әкiмдiктен 11 мемлекеттiк қызметшiлер ие болды. Ал ү.ж. 2 жартыжылдығының қорытынды бойынша емтиханға 57 мемлекеттiк қызметшi қатысты.

Iс-шаралар жоспарының 12, 13 тармағына сәйкес мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзу бойынша мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мақсатында мемлекеттiк тiл редакторы мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы арқылы курсқа қатысады. Бөлiм тарапынан iс жүргiзушiлерге 19 тамыз және 22 желтоқсан айында «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» бойынша кезектi семинар өткiзiлдi.

Басты мақсатымыздың бiрi — тiл мәдениетiн жетiлдiру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмысқа облыстық дебаттар, турнирлер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, мемлекеттiк тiл бойынша өткiзу кiредi. Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру мақсатында 2014 жылдың 12 айында 18 қалалық байқаулар мен семинарлар өткiзiлдi. Барлық iс-шаралар «МТРК» және «Қазақстан — Петропавл» телеарналарында көрсетiлдi. Үш тiлдi бiлу және насихаттау жөнiнде «Тiлдарын», «Тiл шеберi», «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм!», «Тiл — парасат» атты байқаулары дәстүрге айналып кеттi. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк тiлдi насихаттау, қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында 56 өзге ұлт жастары қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысты.

Жалпы өткен бүкiл байқаулардың 9 жеңiмпаздары, облыстық, республикалық байқауларға жолдама алды. Мәселен, «Тiл — парасат» байқауының жеңiмпазы Завьялов Руслан — «Бэст» гимназиясының 11 сынып оқушысы Алматы қаласында ү.ж. желтоқсан айында өткен республикалық байқауда Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғап, алғыс хат және сыйлыққа ие болып қайтты. «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм!» атты облыста өткен республикалық байқауда Пасечник Нина Ивановна, «Дарын» мектеп-лицейiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi I орын алды. Сондай-ақ, «Тектi сөздiң төресi — терме» атты республикалық байқауға Рамазанов Амангелдi Беқайдарұлы, қазақ мектеп гимназиясы, өнер орталығының ән термешi сыныбының ұстазы қатысқаны үшiн алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар жыл сайын Қазақстан халқы тiлдерi фестивалi аясында бiлiм бөлiмiмен бiрiгiп әртүрлi iс-шаралды өткiзу дәстүрге айналды.

Мемлекеттiк тiлдi насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi зор екенi белгiлi. Осы орайда облыстық «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Казахстан», қалалық «Қызылжар нұры», сондай-ақ «Проспект СК», «Добрый вечер», «Неделя» газеттерiнде тiлге байланысты мониторинг жүргiзiлiп отырады, 2014 жылдың 12 айында тiлге байланысты 208 мақала жарық көрдi.

Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында байланысты мемлекеттiк мекемелерде сауалнама өткiзiледi. 2014 жылдың 2 жартыжылдығында жүргiзiлген сауалнама нәтижесi бойынша 166 респонденттiң iшiнде қазақ тiлiн меңгеру деңгейi 47,5% құрды.

Қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қазақ тiлiнiң тегiн анықтама бюросы жұмыс iстейдi. Кез келген тұрғындар грамматика, аударма және басқа да сұрақтар бойынша тегiн кеңес ала алады. 2014 жылы 12 айдың iшiнде 800 қоңырау келiп түстi.

Қоғамдық өмiрiнде мемлекеттiк тiлдiң қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесiн нығайту, қазiргi мемлекеттiк тiлдiң ахуалын жариялап, қолдау көрсету мақсатында 2013 жылы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Петропавл қаласының мемлекеттiк тiл сайты» ашылды. Сайт 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк тiлдi насихаттаудағы «Ең үздiк интернет-ресурс» деп танылса, 2014 жылы аталған сайт облыстық кезеңде II орынға ие болды. Сайтқа 2014 жылдың 12 айдың iшiнде келушiлердiң саны 4236 құрады.

Елбасының бастамасымен жарияланған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» мемлекеттiк тiлдi дамыту бойынша жүйелi жұмыстың iргетасына және қозғаушы күшiне айналып отыр, алда қойылған мақсаттар жалғасын табады.

22.09.2017 15:28


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы