Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік қызметтер || Мемлекеттік қызметтер || Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Мемлекеттік қызметтер

2016 жылға арналған Мемлекеттiк қызметтер көрсету мiседесi бойынша ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ есебiн сiзге бағыттаймыз Doc (23 Kb)

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер механизмi бойынша ақпарат

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 қаулысымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары бекiтiлгендiгiн хабарлайды:

1) «Есепке қою және кезектiлiк, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiм қабылдауы».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет альтернативтi емес болып табылады, жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Қызметтi көрсету мерзiмi — 30 күнтiзбелiк күн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — кезегiнiң реттiк нөмiрiн көрсетумен есепке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру Әуезов к., 157 мекен-жайындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. ХҚКО жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден сенбiге дейiн сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз.

2) «Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрақты пайдалануындағы тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде. Қызметтi көрсету мерзiмi — 10 күнтiзбелiк күн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — Мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрақты пайдалануындағы тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру.

3) «5 МВт және одан кем, 5 МВт артық электр қуаттылығы белгiленген немесе 100 гкал/сағ және одан артық жылу қуаттылығы белгiленген, сондай-ақ өз теңгерiмiнде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ қысымдықтағы электр желiлерi бар энергия өндiретiн және энергия беретiн ұйымдарға күзгi-қысқы жағдайлар жұмысына дайындық паспортын беру».

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  1. қызмет берушiнiң кеңсесi;
  2. www.egov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

Қызмет берушiлерге құжаттар пакетiн тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ веб-порталға жүгiнген кезде — 30 (отыз) күнтiзбелiк күн.

4) «110 кВ және төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн электр беретiн және қосалқы станцияларды қайталайтын (шунтирующий) желiлер құрылысының техникалық мақсатқа сай екендiгi туралы қорытынды беру».

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  1. қызмет берушiнiң кеңсесi;
  2. www.egov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

Қызмет берушiлерге құжаттар пакетiн тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ веб-порталға жүгiнген кезде — 30 (отыз) күнтiзбелiк күн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары Қазақстан Республикасының Өңiрлiк даму министрлiгiмен әзiрленген.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ жүзеге асырылады. Жұмыс кестесi: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Барлық мүдделi сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз:

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ, Қазақстан Конституциясы к., 23, 18-кабинет, телефоны 46-18-59 (сенім тел.), басшы Бәкішев Жоламан Қабдоллаұлы. Бөлiмнiң жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс. Демалыс күндерi — сенбi, жексенбi.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң байланыс телефоны — 50 24 19.

04.08.2017 14:19


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы