Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Қалалық әкімдігінің бөлімдері || Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі || Түзету мекемелері аумағында өндіріс ұйымдастыру

Түзету мекемелері аумағында өндіріс ұйымдастыру

«ЕС-164/6 мекемесi» РММ

Кәсiпкерлердi өндiрiс ашу үшiн шақырады

Бұл сiздiң бизнесiңiз үшiн тиiмдi болады
Жалға алу 0%
Толығырақ ақпаратты бiздiң сайтымызда ec164-6.sko.kz ала аласыздар.

Құрметтi бастауыш кәсiпкерлер!

«ЕС-164/6 мекемесi» РММ (әйелдер колоноиясы) өндiрiс ашуға ниет бiлдiрген, орта және шағын бизнес субъектiлерi үшiн ақпарат

«ЕС-164/6 мекемесi» РММ Петропавл қаласының аумағында 3 Кирпичный проездi 1 мекен-жайы бойынша орналасқан. Мекемедi ортақ ұстау режимiне үкiм шығарылған, бас бостандығынан айырылған әйелдер ұсталады. Өндiрiс аймағында бүгiнгi күнi екi жеке кәсiпкер жұмыс жасайды, олар киiм тiгумен, сулықтарды және монша заттарын дайындаумен айналысады. Жалпы алғанда, онда 100-ге жуық сотталғандар жұмыс атқарады.

Мекеменiң өндiрiс аймағында бос орындар бар:

  • Жалпы аумағы 309,58 шаршы метр, жылытуды қажет етпейтiн өндiрiске қолдануға болатын, жылытылмайтын орын.
  • Жалпы аумағы 120,4 шаршы метр, орталық жылу жүйесiмен жылытылатын бөлме. Екi бөлме де орталық сумен жабдықталады.
  • Жалпы аумағы 128.7 шаршы метр, жұмыс жасау үшiн шынылауды қажет ететiн (қазiргi заманға сай материалдарды пайдалану мүмкiн) жылыжай ғимараттың дайын металл қаңқасы.

Барлық бөлмелер сенiмдi басқаруға 1 жылдан 10-ға жылға дейiнгi мерзiмге жалға алудың нөлдiк ставкасымен берiледi. Шарттардың бiрi, сотталған әйелдердi жұмысқа орналастыру болып табылады. Бiрақ мекеме периметрiнен тыс келiп жұмыс жасайтын қызметкерлердi де орналастыру мүмкiн, тек олардың саны, жалпы жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердiң санының 10% ғана құрауы тиiс. Бұл осы өндiрiс процессiн бақылайтын мамандар болуы мүмкiн.

Өндiрiс аймағында, бұдан басқа да, бос жер учаскелерi бар, олар маусымдық жұмыстар үшiн қолданыла алады.

Толығырақ ақпаратты бiздiң мекен-жай бойынша орынға келiп алуға және суреттелген бөлмелердi көзбен қарауға болады.

Бiздiң байланыстарымыз:

Нұғыманов Руслан Қалелұлы — сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру бөлiмшесiнiң бастығы, ұялы телефон: 8-747-493-04-90; жұмыс телефоны: 47-57-26

Балғуженов Бауыржан Борисович — сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру бөлiмшесiнiң инспекторы, ұялы телефон: 8-707-644-11-86; жұмыс телефоны: 47-57-26

ҚР «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңындағы өзгерiстер

Құрметтi кәсiпкерлер!

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына өзерiстердiң еңгiзiлуiне байланысты, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағының 29 тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қылмыстық-атқару жүйесi (пенитенциарлық) мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесi (пенитенциарлық) мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2007 жылығы 29 қазандағы № 1002 Қаулысымен бекiтiледi.

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мемлекеттiк кәсiпорындар мекемелерiнен өнiмдi сатып алу және ынтымақтастық мәселелерi бойынша келесi мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Петропавл қ., Юбилейный 2В к., тел. 337006, 538249, 537675, e-mail: rgp_enbek@mai.ru.

Өз бизнесiңiздi тиiмдi және үнемдi ашқыңыз келедi ме?

Назар аударыңыз!

  • бөлменi тегiн жалға беру;
  •  0% жалға беру мөлшерi
  • Сiздiң өнiмiңiздiң тегiн күзетi.

Құрметтi кәсiпкерлер, облыс мекемелерi Сiздердi ұзақ мерзiмдi өзара тиiмдi қызметтес болуға шақырады. Мекеме аумағында кез-келген өндiрiс түрiн ашуға арналған барлық коммуникация түрлерi қосылған бос орындар бар.

«ЕС-164/3 мекемесi» РММ Петропавл қаласы 1-Заречная 100, мекен-жайында орналасқан, бос және әрекетке енгiзiлмеген аумағы 1 688,5 кв.м. болатын 40 жүздiк бос жер аумағы бар.

«ЕС-164/6 мекемесi» РММ Петропавл қаласы 1 проезд Кирпичный-1 мекен-жайында орналасқан, бос және уақытша әрекетке енгiзiлмеген аумағы 284,4 кв.м. болатын 50 жүздiк бос жер аумағы бар.

Аталмыш бос орындар нөлдiк жалға беру мөлшерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 Бұйрығының 2-бабы 5 тармағының 6 тармақшасына сәйкес сенiм басқармаларына берiледi (теңгерiмдi ұстаушыға бос орындар коммуналдық шығындарды өтеу шартымен берiледi).

Сiзде еңбек тәртiбiмен мәселелi сұрақтар туындамайды, Сiздiң өнiмiңiздiң тегiн күзетi кепiлдендiрiлген.

Ең төменгi еңбекақымен өндiрiс ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес.

Сiздiң уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеуге мүмкiндiк берiңiз!

Түзету мекемелері аумағында өндіріс ұйымдастыру

ЖК және ЖШС облыс мекемелерiнде өндiрiстi ашу ретi

  1. Мекемеге жұмыс берушi, яғни ЖК немесе ЖШС мекеме аумағында (әрi қарай — мекеме) өз өндiрiсiн ұйымдастыру немесе жайғастыру ұсынысымен келедi.
  2. МЕҰБ (әрi қарай — мекеме еңбегiн ұйымдастыру бөлiмi) және «Еңбек-Қызылжар» филиалының қызметкерлерiмен бiрлесiп бос ғимараттар мен орындарды ЖК, ЖШС өзгешелiгiн ескере отырып өндiрiс ашу үшiн тиiстi орын таңдау мақсатында қарайды.
  3. Мекеме, «Еңбек-Қызылжар» филиалының басшылығымен келiскеннен кейiн кәсiпкер мен «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiрудiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Аймақаралық департаментi» ММ арасында объектiнi кейiн тапсыру шартымен сенiм басқармасының шарты жасалады.
  4. «ЖК немесе ЖШС» мекемемен арнайы контингент құрамынан жұмыс күшiн беру үшiн шарт жасалады.
  5. Мекеменiң МЕҰБ қызметкерлерiмен бiрлесiп жұмыс берушi «ЖК немесе ЖШС» өз объектiсiнде жұмыс атқару үшiн арнайы контингент арасынан тиiстi мамандарды таңдайды, олармен ең төменгi немесе келiсiмдi еңбекақының екiжақты еңбек шарты жасалады.
  6. Жұмыс алдында қызметкерлермен тиiстi журналда жазба жүргiзу арқылы нұсқаулық өткiзiледi.
  7. Жұмыс берушi «ЖК немесе ЖШС» арнайы контингетке шартқа сәйкес еңбекақыны мекеме шотына аударады. Мекеме еңбекақыдан дау, алименттердi (егер бар болса) ұстайды және қалған қаражат сотталушының шотына аударылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесi мекен-жайға хабарласуға болады: Тоқсан Би 39, телефон 33-70-06? Ұялы байланыс 8705 633 13 80, k.suleimenov@mvd.gov.kz

Шығарылатын өнiм суретi

Бос орындар суретi

«Бизнестiң 100 идеясы. Пенитенциарлы мекемелерде өндiрiс ашу»

08.08.2017 16:43


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірлікте

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы