Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қаланың мемлекеттік органдары || Әкім аппараты || Жемқорлыққа қарсы әрекет жасау

Жемқорлыққа қарсы әрекет жасау

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (2017 ж. 27.09.)

2016 жылғы қорытынды бойынша қала әкімдігімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Солтүстік Қазақстан облысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (2017 жылғы 13 ақпандағы №11/2 өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шараларды 2016 жылғы 9 айының орындауы

Солтүстiк Қазақстан облысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылының ведомстволық жоспары

2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне
қарсы iс-қимыл жөнiндегi
жаднама

2017 жыл

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың алғашқы белгiлерi пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне телефон шалыңыз.

2. Сыбайлас жемқорлық ол мемлекеттiң экономикасына зиян келтiретiн қылмыс.

3. Барлық азаматтар мен заңды тұлғалар, органдар, мекемелер мен кәсiпорындар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi

366-бап. Пара алу

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жетпiс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса iрi мөлшерде жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртiппен қудаланады.

367-бап. Пара беру

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға не оған теңестiрiлген адамға немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) iрi мөлшерде;

3) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықты бiрiншi рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

368-бап. Парақорлыққа делдал болу

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келiсiмге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол iс-әрекет -

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Сыбайлас жемқорлықты бiрге жеңемiз және болашақты бiрге жасаймыз!

29.09.2017 18:01


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы